1. Абай ақындығының алғашқы кезеңдерін көрсетіңіз


Алла, дін, мұсылманшылық тақырыбына жазылған өлеңдерінің ерекшелігін көрсетіңіз



бет19/58
Дата02.03.2023
өлшемі317,29 Kb.
#71070
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   58
18. Алла, дін, мұсылманшылық тақырыбына жазылған өлеңдерінің ерекшелігін көрсетіңіз
Абай – кәміл, жан-жақты үйлесімді жетілген толық мұсылман. Десек те, Абайдың дінге деген көзқарасы өте күрделі. Оны жүрдім-бардым бір-екі ауыз сөзбен түйіндеп өту мүмкін емес. Мұсылманның бес парызының ең бастысы – жаратушы бір Алланың бар екендігіне, оның бірлігі мен ақиқатына сену болса:
Алланың өзі де рас, сөзі де рас
Рас сөз еш уақытта жалған болмас.
Көп кітап келді алладан, оның төрті
Алланы танытуға сөзі айырылмас, -деген Абай, Аллаға да оның «сөзі» «Құран-Кәрімге»-де бар болмысы, жан-тәнімен сенген – кәміл мұсылман. Сөз Алланың бір сипаты болғанда, көптеген кітап Алладан келді дей отырып, Абайдың бөліп алып, оқушысына «оның төрті»-деп жеке түсіндіріп отырғаны – көктен түскен қасиетті төрт кітап – Тәурат, Забур, Інжіл, Құран. Өзі мұсылман бола тұра, әлемдік басты діндердің қағидалары мен канондары жазылған бұл төрт кітаптан Абай Құранды жеке бөліп, оқушысына ерекше түсіндірмейді. Ол «Алланың сөзі»-деп, осы аталған төрт кітапқа бірдей тең көзбен қарайды. Адамзат тарихындағы діннің рөлін жетік білген ғұлама Абайдың түрлі діндерге тең дәрежедегі бір көзбен қарауы – оны Әлемдік деңгейдегі ұлы ойшыл-гуманист дәрежесіне көтеріп отыр.
Абай иман туралы: «Иман дегеніміз бір ғана инанмақ емес, сен алла тағаланың бірлігіне, уа құранның аның сөзі екендігіне, уа пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа с.ғ.у. оның тарапынан елші екендігіне инандық. Жә, не бітті? Сен алла тағалаға алла тағала үшін иман келтіремісің? Сен иман келтірмесең де алла тағалаға келер еш кемшілік жоқ еді. ...Ол инанмақтығың құр ғана инанмақтықбірлән қалса саған пайда бермейді. ...Пайдаланамын десең, пайда береді, кәміл иман болады. Пайданы қалайша алуды білмек керек»,-деп жазады өзінің «Тасдиқ» деп аталатын ғылыми трактатында (38-қара сөз).
Абайдың түсінігіндегі иман – жай әшейін сенім емес. Мұсылманның бес парызы бар. Сол бес парыздың ең бастысы әрі ең негізгісі, ол – Алланың бар екендігіне, Құран оның сөзі, ал Мұхаммед пайғамбар оның елшісі екендігіне иман келтіріп, сенуі шарт. Абайдың ойынша Аллаға иман келтіруімізбен ғана іс бітпейді. Себебі, біздің оған сеніп, иман келтіруімізге Алла тағала мұқтаж емес. Құрғақ бір ғана сенім ешқандай пайда бермейді. Аллаға жан-тәніңмен, бар-болмысыңмен, оның өзіне ғана лайық ұлы сипаттарына шын беріле отырып, ақиқатыңмен, бар махаббатыңмен сенуің керек. Сол кездегі иман шын мәніндегі – кәміл иман болмақ. Әлемдік діндердің барлығында хұзыры мен билігі шексіз жаратушы Хақ тағаладан пендесі қорқу керек десе, «Махаббат пен қорқыныш – от пен су секілді, бірі бар жерде екіншісіне орын жоқ»,-деген Абай: «Алла тағала адамзатты махаббатпен жаратты. Кім өзіңе махаббат қылса, сен де оған махаббат қылмағың қарыз іс емес пе?»-дейді (38-қара сөз).
Абайдың ойынша, Алланың махаббатымен жаратылған біз, яғни адамдар, жаратушы бір Алланы шын жүрегімізбен, бар болмысымызбен, жанымыздан артық сүюіміз керек. Тек махаббатпен! Еш қорқынышсыз! Өйткені, қорқыныш бар жерде махаббатқа орын жоқ. Сондықтан да бір Аллаға сеніп, иман келтіріп, біз оны тек қана махаббатымызбен шын сүюіміз қажет. Бұл – әрбір пенденің өмірлік ұстанымы, иманы болуы шарт.
Ойшыл, ғұлама Абай мен ақын Абайдың арасында пікір қайшылығы болған емес. Ғұлама ойшыл, философ Абай өзінің «Тасдиқ» деп аталатын 38-қарасөзіндегі айтқан ойларын «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» өлеңінде поэзия тілінде жалғастырады.
... Махаббат жаратқан адамзатты
Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті.
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп
Және хақ жолы осы деп әділетті.
Осы үш сүю болады имани гүл
Иманның асылы тахкиқ біл.
Ойлан дағы, үшеуін таратып бақ,
Басты байла жолына малың түгіл.
Дін де осы, шын ойласаң, тағат та осы
Екі дүние бұл тасдиқ – хақтың досы.
Осыларды бұзатын және үш іс бар:
Пайда, мақтан, әуесқой – онан шошы, -деген Абай «Алланы сүй», «Адамзатты сүй», «Хақ жолы әділетті сүй» - міне осы үш сүю иманның, сенімнің тірегі – кәміл иман яғни «Иманигүл»,-дейді. «Дін де осы, шын ойласаң тағат та осы»,-деп «Иманигүл» мен дінді бірнәрсе деп түсіндіретін ақын, осыларды бұзатын – пайда, мақтан, әуесқойлық,-деп, пайдакүнем, мақтаншақ және көңілінің байлаулы тұрағы жоқ әрдемеге әуесшіл адамдарды «Иманигүлді» иманды адамдарға қарама-қарсы суреттейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет