1. Бақылау түрлері, формалары мен әдісін айтып беріңіз


Оқыту нәтижесін бақылау мен бағалау  жүйесінің  рейтингтік  жүйесін  жазыңыз



бет25/94
Дата31.12.2021
өлшемі2,77 Mb.
#23620
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   94
7. Оқыту нәтижесін бақылау мен бағалау  жүйесінің  рейтингтік  жүйесін  жазыңыз.

Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесін енгізу «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына (ҚР БҒМ 28.08.2020 ж. №373 бұйрығына сәйкес өзгерістермен) сәйкес жүргізіледі.

Балдық-рейтингтік әріптік жүйесі:

– оқытушыға оқу жетістіктерінің әр деңгейіндегі білім алушылар  санатын объективті бағалауға және сенімді түрде саралауға мүмкіндік береді;

–жаңа шешімдер іздеуге және ғылыми-шығармашылық белсенділікті (креативті құзыреттілікті) дамыта отырып, оқу және оқудан тыс уақытта білім алушылардың жүйелі түрде өзіндік белсенді қажеттілігін ынталандырады;

–оқу мен жеке жетістіктерін өзіндік бағалау рефлексияға әсер етеді. Рефлексия мінез-құлықты және өзін-өзі дамытуды реттеудің негізгі факторына айналады және білім алушының болашақтағы жетістіктерін алдын-ала анықтайды.

Бұл нұсқаулықта келесі ұғымдар қолданылады:

1) білім жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесі – халықаралық тәжірибеде қабылданған және білім алушылардың рейтингін орнатуға мүмкіндік беретін әріптік жүйеге сәйкес келетін балдық білім деңгейінің жүйесі;

2) қорытынды аттестаттау–білім алушының ТжКБ мамандықтары бойынша типтік оқу жоспарлары мен бағдарламаларында көзделген оқу пәндерінің / модульдерінің көлемін меңгеру дәрежесін анықтау мақсатында жүргізілетін рәсім;

3) аралық аттестаттау–білім алушылардың бір оқу пәнінің / модулінің бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын оқып біткеннен кейін игеру сапасын бағалау үшін жүргізілетін рәсім;

4) ағымдық бақылау– оқытушы оқу жоспарына сәйкес ағымдағы сабақтарда академиялық кезең ішінде өткізетін білім алушылардың білімін жүйелі түрде тексеру;

5)  кредит– білім беру бағдарламасының модулін игеру шеңберінде білім алушылардыңқол жеткізген оқыту нәтижелерін өлшеудің бірыңғай бірлігі;

6) оқыту нәтижесі– модульдің бір бөлігін бекітілген бағамен игеру кезінде білім алушы білетін, түсінетін және орындай алатын мәлімдеме;

7) бағалау критерийлері– оқыту нәтижелерін құзыреттілікке қойылатын талаптарға сәйкестігін бағалау бойынша шешім қабылдау.

3. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау рәсімі

Оқу пәні/модулі бойынша білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау теориялық және практикалық сабақтардың, өндірістік оқыту мен практиканың әрбір тақырыбы бойынша жүргізіледі.

Ағымдағы білімді бақылаудың мақсаты білім алушылардың оқу процесі барысында оқытылатын пәндер / Модульдер мазмұнын меңгеру сапасын тексеру болып табылады. Ағымдағы бақылау топтық сабақтар (семинарлар, практикалық сабақтар және т.б.) барысында оқытушы таңдаған нысанда жүзеге асырылады.

Үлгерімді ағымдағы бақылаудың түпкілікті нәтижесі бағалау өлшемшарттары үшін барлық бағалардың орташа арифметикалық сомасын есептеу арқылы жүргізіледі және оқу нәтижесі бойынша білім алушының рейтингі ретінде ресімделеді

Транскрипт

 

Транскрипт-оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесі бойынша кредиттер (сағаттар) мен бағаларды көрсете отырып, тиісті оқу кезеңінде өткен Модульдер/пәндер тізбесін қамтитын құжат



Алынған бағалардан басқа, кестенің соңында білім алушының жалпы академиялық деңгейін көрнекі көрсететін үлгерімнің орташа балын (GPA) шығару ұсынылады.

Транскрипт үш тілде жасалады, білім беру ұйымының басшысы қол қояды және мөрмен расталады.

Транскриптті оқу бөлімі (тіркеуші кеңсесі) білім алушының сұратуы бойынша оны оқытудың кез келген кезеңінде береді.

Оқудың толық курсы аяқталғаннан кейін транскрипт бітірушіге білім туралы құжатпен бірге беріледі.

Транскрипт дипломсыз жарамсыз, сондай-ақ диплом транскриптсіз жарамсыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет