1 билет қР мектепте химия білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы оқу-тәрбие үрдісінің ерекшеліктері


Сілтілік металдармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы



бет85/101
Дата31.12.2021
өлшемі8,76 Mb.
#23537
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   101
Сілтілік металдармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы.

Сілтілік металдар активті болғандықтан, олар сумен оңай әрекеттеседі және ауада тез тотығып кетеді, сондықтан оларды керосин астында сақтайды. Мектепте қолданылатын металдар арасында аса ұқыптылықты қажет ететін натрий металы. Литийдің химиялық белсенділігі сәл төмендеу. Калий мектепте қолданылмау керек!

Сілтілік металдармен судан, сулы ерітінділерден қашық жерде жұмыс жасап, аталған шарттарда сақтау қажет. Метал бөлшектерін зауыттық қораптарында сақтау керек. Қораптың сыртына қызыл және жасыл түсті жазулар жабыстырылады. Металдың беткі қабатындағы оқшаулаушы сұйықтықтың (керосиннің) мөлшері 10-15 мм кем болмау керек.

Сілтілік металдармен жүргізілетін тәжірибенің кезінде, олардың беткі қабаты алдын ала пероксидтерден тазартылады. Қысқышпен қораптан металды алып, керосин толтырылған түбі тегіс ыдысқа салып, соның ішінде тазартып, мөлшерлеп бөлшектейді. Тазартылған бөлшектерді қысқышпен алып, арнайы қағазбен құрғатып, дәл тәжірибе алдында ғана қолданады. Егер тәжірибеден кейін металл қиықтары қалатын болса, оларды этил спиртінде толықтай ерітіп, залалсыздандырады. Сілтілік металдармен жұмыс жасаған кезде қорғаныс құралдарын қолдану қажет.

Алғашқы көмек. Ен алдымен металл бөлшектерін тері қабатынан тез арада алып тастау қажет. Содан кейін 10-15 мин аралығында зақымданған жерді ағып тұрған сумен шайып, 5% сірке қышқылы жағылған дәкемен орау қажет. 10 минуттан соң дәкені алып, жараны құрғатып, глицерин жағу керек.

Сілтілік металдарды тасымалы сейфте сақтайды. Өрт кезінде ол алғашқы кезекте шығарылуы тиіс. Сілтілік металдар қолданылатын тәжірибені мұғалім ғана өткізеді. 


Хаттама №2 22.10.2021

ББ жетекшісі Р.Ж. Мұқанова


Қазақсан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Павлодар педагогикалық университеті

Жаратылыстану жоғары мектебі
«Мектеп химия эксперименттерін жүргізу әдістемесі» пәні
26 БИЛЕТ




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет