№2 дәріс ферменттер



бет1/7
Дата06.10.2023
өлшемі0,64 Mb.
#113102
  1   2   3   4   5   6   7

№ 2 дәріс

ФЕРМЕНТТЕР.

Ферментативті катализдің механизмі. Ферменттердің жіктелуі. Гидролазалар, лиазалар, трансферазалар және окисдоредуктазалар класының негізгі өкілдеріне жалпы сипаттама

Дәріс жоспары:

  • Ферменттер, жалпы қасиеттері.
  • Ферментативті катализдің механизмі.
  • Ферменттердің номенклатурасы және жіктелуі.
  • Гидролазалар.
  • Лиазалар.
  • Трансферазалар.
  • Оксидоредуктазалар.

Фермент

  • Ферменттер – арнайылығы бар нәруыздар, жасушаларда түзіліп, химиялық үрдістерді тездетуге қабілетті биологиялық катализаторлар.
  • «Фермент» термині «fermentum» - ашытқы латын сөзінен шыққан. Ағылшын тіліндегі әдебиеттерде «энзим» сөзі пайдаланылады, грек тілінінен «en zyme» – ашытқыда деген мағына береді.

Ферменттердің жалпы қасиеттері:

  • 1. құрылысының күрделілігі (ферменттер химиялық табиғаты нәруыз болғандықтан, нәруыздарға тән барлық қасиеттерді көрсетеді, алайда олардың құрылысы күрделірек болады);
  • 2. әсер ету қуаттылығы жоғары;
  • 3.жоғары арнайылығы;
  • 4. ағзада жайлы жағдайда әсер етеді ( tо 37-45о, қысым 1 атм.);
  • 5. активтілігін реттеуге болатын заттар (фермент пен субстрат концентрациясы, орта рН-ы, температура, эффекторлар).

Ферменттің нәруыздан айырмашылығы активті орталығының болуында, активті орталығы арқылы фермент өз субстратын танып, онымен байланысып, реакцияны тездетеді.
Активті орталық – ферменттердің беткі жағына орналасқан амин қышқылдарының функционалды топтарының белгілі бір шектелген кеңістікке шоғырлануы.
Субстрат – фермент әсер ететін зат.
Құрылысының күрделілігі

Активті орталықта функциясы жағынан ерекшеленетін 2 аймақ бар:

Активті орталықта функциясы жағынан ерекшеленетін 2 аймақ бар:


Активті орталық
Субстраттық аймақ (фермент өз субстратын тани алады, байланысады)
Катализдік аймақ (химиялық реакцияның сипатын анықтайды)


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет