1-деңгей Сібір жарасы ауруының эпизоотологиялық мәліметтері, өту кезеңдері



бет1/131
Дата21.03.2022
өлшемі136,33 Kb.
#28521
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   131

1-деңгей

1.Сібір жарасы ауруының эпизоотологиялық мәліметтері, өту кезеңдері. Топалаңмен – қой (топалаң), ешкі (шөкшек), ірі қара (қараталақ), жылқы (жамандат), түйе (ақшелек) және шошқа ауырады. Ол тез дамып, негізінен жіті өтетін аса жұқпалы ауру. Топалаңмен жабайы жануарлар да, адам да ауырады (адамда түйнеме, күйдіргі деп аталады). Қоздырғышы жер қыртысында ұзақ уақыт (жылдар) сақталады.

Аурудың қоздырғышы. Бұл ауруды бациллус антрацис деп аталатын, ұзындығы 5-8, ені 1-1,5 микрон, қозғалу қабілеті жоқ, таяқша тәріздес микроб тудырады. Бациллус антрацис микробы малдың қанында, етінде жақсы өмір сүреді. Ал сыртқы ортаға түскенде бұл микроб аса төзімді, қалып қабықта спора түзбейді. Спора түрінде микроб сыртқы ортада ұзақ уақыт сақталады, ал жер қыртысында, топырақта ондаған жыл бойы өсіп-өну қабілетін жоймайды. Мал денесінде оттегі жетіспеуі салдарынан микроб спора түзбейді. Егер өлген малдың терісін сыпырып, ішін жарса, ауамен бірге кірген оттегі микробтың спора түріне айналуына жағдай жасайды. Сол себептен де топалаңнан өлген малдың ішін жарып, сойып көруге болмайды, сол сияқты малды сойған адамға жұғуы да мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет