Валенттi орбитальдардың электрондық жұптарын тебу (ВОЭЖТ) теориясы - молекулалардың геометриясын болжау және түсiндiру үшiн қажеттi химиядағы жолдардың бiреуі болып табылады. Бұл теорияға сәйкес молекула әрдайым сыртқы электрондық жұптарды тебуі минималды (энергияның минимумының қағидасы) болатын форманы қабылдайды.
Негізгі күйдегі кез-келген молекула толық энергияның минимумына және сәйкесінше барлық химиялық байланыстардың жалпы энергиясының максимумына сәйкес келетін геометриялық пішінге ие
1940 жылы Дж. Пауэлл және Н.Сиджвик электрондық жұптардың тебу үлгiсін ұсынды, кейiнірек Р.Гиллеспи оны ары қарай дамытты. Ауыспалы емес элементердің қосылыстарына ғана қолданатын бұл жолдың негiзгi идеялары келесiлерге апарады:
Көпвалентті атомдардың (немесе иондардың) байланыстарының конфигурациясы орталық атомның валенттік қабатындағы тек қана байланыстырылған және байланыстырылмаған электрондық жұптарының сандарымен түсіндіріледі.
Валенттік орбитальдардың электрондық жұптарының қабаттарының орналасу бағыттары оларды толтыратын электродардың максималды өзара тебілуімен анықталады.