1.Дамуында ауытқулары бар тұлғаларға басты еуропалық қоғам мен мемлекеттердің қатынасының даму тарихы. ХІІ ғ. мен ХVІІІ ғ. аралығында Батыс Еуропа мемлекеттерінде кеміс тұлғаларға арналған зиялы мекемелер мен үйлер (мемлекеттік және жекеменшік) жүйесі құрылды.Реннесанс мәдениеті(қайта өрлеу дәуірі) мен Ұлы Реформация (Ұлы шіркеу төңкерілісі) ақыл-ойымен дене кемістігі бар тұлғаларға деген мемлекетпен қоғам қатынасын күрт өзгертті. Реннесанс данышпандарынан туған гуманистік және орталандыру туралы ой-пікірлері еуропалықтардың санасына еніп, адам және адам өмірінің мәні туралы түсініктерін өзгертті, мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың дәрежесіне деген көзқарасты өзгертуіне әсер етті. Христиан дінінің тағы бір бағытын тудырған реформация қайырымдылықтың жаңа үлгілерін дүниеге әкелді. Орта ғасырлар кезінде батыс еуропалық шіркеулерде кереңдікті және басқа да кемістікті ата-аналарының кінәләрі үшін жіберілген деген. Олармен қарым-қатынасқа түсе алмағандықтан, оларды есі дұрыс емес сиқыршылар деп ойлаған. Біраз уақыттар өте келе дамуында ауытқуы бар тұлғаларға деген немқұрайлық біртіндеп жойыла бастады. Оларға деген жанашырлық пайда болып, мұндай адамдарды тәрбиелеуге болатыны жайлы да көзқарастар қалыптасты. Мысалға, Ян Амос Коменский өзінің «Ұлы дидактика» атты еңбегінде былай деп жазған: «Кімде-кім осындай ақылсыз адамдарға табиғи ақылсыздығынан құтылу үшін тәрбие беру» екендігіне күмән келтіре алады. Ары қарай: «Кім жаратылысынан өзі баяу және ашуланшақ болса, сол адам өзіне көмекті көп қажет етеді, өйткені өз бойындағы пайдасыз ақылсыздықпен жындылықтан құтылу үшін». Ян Амос Коменский бұл сөздерінен аномальды балаларға білім беру мүмкін екеніне кәміл сенгенін көреміз. ХІІ ғасырдан ХVІІ ғасырларда Батыс Еуропа елдерінде кеміс балалар мен ересектерге деген көзқарас алдыңғы ғасырларға қарағанда айтарлықтай жақсарды. Бірақ бұл үрдіс баяу және күрделі жолмен дамыды. Дамуында ауытқуы бар адамдарды «азаматтық» тұрғыда ақтауға ғана емес, сонымен қатар олардың кейбіреулерін оқытуға тырысу жағдайлары да жасалды. Алғашында әр түрлі кемістігі бар балаларды жеке дара оқыту тәжірибесі, арнайы оқу мекемелерін өзіне қарай тартқан жоқ. Естімейтін және көрмейтін балаларды жеке дара оқытудың алғашқы талпыныстары, олардың іс-әрекетке жарамды екенін заңды түрде дәлелдегісі келген, ауқатты жанұядағы ата-аналар тарапынан қолдау тапты. Міне, осындай қолдау 1578 жылы Испанияда, 1648 жылы Англияда, 1670 жылы Францияда іске асырыла бастады. Ағарту дәуірінде дамуында кемістігі бар тұлғаларды оқытуға алғашқы қадам жасалды. Алғашында түрлі мемлекеттерден жинақталған балаларды жеке дар оқыту тәжірибесі арнайы оқу мекемелерін ұйымдастыру қажеттігін тудырмады. Сенсорикалық кемістігі бар балаларды оқытудан білім алуға құқықтарын мойындауға дейінгі кезең. Бұл кезеңнің басында естімейтіндермен көрмейтіндер үшін арнайы мекемелер ашылып, соңында Батыс Еуропа мемлекеттерінде жалпыға бірдей міндетті білім беру туралы, кейіннен сенсорикалық кемістіктері бар және ақыл-ойы кеміс балаларға таралған, заңды актілер қабылданды.