1 глоссарий бөлім пән бойынша глоссарий этностық дискриминация


Кросс - мәдени этнопсихологиялық зерттеу



бет2/24
Дата08.11.2022
өлшемі435,5 Kb.
#48556
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Кросс - мәдени этнопсихологиялық зерттеу - түрлі ұлттарға этностық
қауымдар өнімдерінің тұлға аралық байланысында және өзара әрекетінде
көрінетін көрініс.
Халықтық психология - белгілі бір ұлтқа жататын жеке тұлғаның
психологиялық ерекше тұйық білім
2 ДӘРІСТЕР


БӨЛІМ 2. ДӘРІС ТАҚЫРЫПТАРЫ ЖӘНЕ ОНЫ ЖАЗУҒА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Мақсаты: студенттерді курс бойынша тиісті теориялық білімдерін қамтамасыз ету
Міндеттері:

  • Әр тақырыпты меңгерту барысында жүйелі білім беру;

  • Әр тақырып бойынша негізгі ұғымдармен таныстыру және меңгерту;

  • Пәнге қызығушылығын арттыру және өздігінен жұмыс істей білуге үйрету.

Дәріс -жоғары оқу орындарындағы оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы.
Ол студенттерге олар үшін жаңа ақпараттарды беруге тиімді.
Дәріс студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттырады, алынған білімді практикалық міндеттерді шешуде қолдануға көмектеседі.
Дәріс - студенттерге өздігінен терең білім алуға ізденіс туғызады.
Дәріс сабағын тыңдау және жазуға даярлық:

  • Сабаққа кешікпеңіз;

  • Дәріс дәптеріңізді және қаламыңызды ұмытпаңыз.

  • Дәріс барысында мәтінді қалмай жазып отыруға талпыныңыз.

2.1 Дәріс тақырыптары және оның қысқаша мазмұны.
1-тақырып. Отбасымен әлеуметтік жұмыс -ғылым ретінде

  1. «Неке» және «Отбасы» анықтамасы.

  2. Отбасы және неке инстиутын зерттеудің методологиялық негізі.

  3. Отбасының түрлері және құрылымы.

  4. Отбасының өмірлік циклі.

Неке және отбасы ұғымы. Отбасылық қатынастар ұғымы


Заңдык мағынасында отбасы дегеніміз — бұл некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың өзгеде нысандарынан туындайтын және отбасылық қатынастарды нығайту мен дамытуға септігін тигізетін, мүліктік және мүлікке катысты емес жекебастың құқықтарымен байланыскан адамдар тобы. Отбасылық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы отбасылық құқық деп аталады. Отбасы-неке қатынасын реттейтін негізгі нормативтік құқықтық акт Қазақстан Республикасының "Неке және отбасы туралы" Заңы болып табылады.
Неке — отбасын құрудың негізгі болып табылады. Ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туындататын отбасын кұру мақсатымен, заңда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толык келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақты — неке деп түсінуіміз кажет.
Егер неке тіркелмесе де, бірак еркек пен әйел бірге тұрып, балаларын тәрбиелеумен айналысып жатса, мұны да отбасы деп айтуға болады.Егер кәмелетке толған балалары ата-анасымен бірге тұрып, оларға қамқорлык жасап, материалдык көмек көрсетсе — бұл да отбасы. Егер кәмелетке толған ағалары мен қарындастары ата-анасыз бірге тұрып, бір-біріне қамқорлық жасайтын болса — бұл да отбасы.
Адамдар арасында некеден, туыстықтан, бала асырап алудан, отбасына тәрбиелеу үшін бала алудан туындайтын қатынастаротбасылық қатынастар деп аталады. Бірақ отбасындағы қатынастардың бәрі бірдей құқық жөнімен реттеле бермейді. Отбасындағы қатынастар, негізінен, адамгершілікигілік-өнегелік нормалары негізінде реттеледі. Бұл өзара кұрмет, сүйіспеншілік, қамқорлық және имандылық қолдаудың көрінісі. Отбасылык өмір қалыбы, көбінесе ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарға сүйенеді (үлкендерді қадірлеу, отбасын қамтамасыз ету оның басшысы ретінде толықтай ер адамға жүктеледі, туысқандарды қадірлеп, құрметтеу).
Отбасының ішкі мәселелері отбасы мүшелерінің өзара келісімі бойынша шешіледі. Егер ол мәселелер кәмелетке толмағандардың мүдделеріне қатысты болса, оны шешуге балалар да қатыстырылады. Құқықтық нормаларга араласу отбасылық қатынастар бұзылганда қажет. Жеке басындық қатынастармен салыстырғанда отбасылық мүліктік қатынастар құқық арқылы егжей-тегжейлі реттеледі, өйткені бұл қатынастардың объектісі материалдық игілік болып табылады. Отбасылық құқық азаматтық құқықпен тығыз байланысты. Мәселен, отбасылык құқықпен реттелмеген отбасы мүшелерінің арасындағы мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарды реттеуге азаматтық заңнама қолданылады, өйткені ол отбасылык-некелік қатынастардың мәніне қайшы келмейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет