1. Жаһандық перспективадағы білім беру


Құқықтық гармонизация мен унификацияның арақатынасы



бет26/27
Дата27.02.2023
өлшемі60,69 Kb.
#70089
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27

Құқықтық гармонизация мен унификацияның арақатынасы



Қазіргі жаһандану, интеграциялану кезеңінде мемлекеттердің құқықтық жүйелерін жақындастыру, олардың өзара әрекеттесуі мен ықпалдасуы – қазәргә құқықтық жүйелердің интернационализациялануының мазмұнын құрайды. Оған мысал ретінде Еуропалық одақтың құрылуын, посткеңестік мемлекеттердің интеграциялануы, ортақ нарықты қалыптастыруға ұмтылыс жасап жатқан ДСҰ мен ЕурАзЭҚ секілді халықаралық ұйымдарды, сонымен қатар олардың ұлттық құқық жүйені жақындастырудағы қадамдарын атап өткеніміз жөн.



Ұлттық құқықтық жүйелерді жақындастыру, олардың арасындағы айырмашылықтарды қысқарту және жою бір бірімен тығыз байланысты «гармонизациялау», «унификациялау» үрдістері арқылы көрініс табады.



Унификиацияны сипаттай отырып көптеген зерттеушілер оның жолдары, нысандары, тәсілдері туралы көп мәселе қозғаған.



Г.К.Дмитриеваның пікірінше құқықтың унификациясы – бұл белгілі бір мемлекеттердің ішкі құқығында бірдей құқықтық нормаларды құру, өзгерту немесе жоюға бағытталған мемлекеттердің ынтымақтастығы болып табылады және осындай түсініктегі унификация құқықшығару үдерістерінің бір түрі, ал оның негізгі ерекшелігі – құқық унификациясының екі құқықтық жүйеде, яғни халықаралық құқық пен мемлекеттің ішкі құқығында, халықаралыққұқықтық және ұлттық-құқықтық нысандар мен механизидер арқылы бірден жүргізілетіні .



Ал Ю.А.Тихомировтың пікірі бойынша әдебиеттерде «унификация» ұғымы жалпыға міндетті бірыңғай құқықтық нормаларды даярлау және күшіне енгізу түрінде қарастырылса, «гармонизация» ұғымы ортақ көзқарастарды, ұлттық заңнамалар дамуының тұжырымдарын үйлесімге келтіру, сондай-ақ ортақ құқықтық қағидалар мен жекелеген шешімдерді дайындау үдерісі ретінде көрініс табады .



Еуропалықғалымдар Р.Давид пен К. ЖоффреСпинозидің көзқарастары қызығушылық туғызады. Олардың айтуы бойынша «құқықты халықаралық унификациялау кезінде ұлттық құқықтық жүйелерді әлемдік деңгейде қабылданған біркелкі ұлттық құқықпен алмастыру жөнінде айтудың қажеті жоқ. Соншалықты алысқа барудың керегі жоқ... Халықаралық құқықтың белгілі бір унификациясы мен гармонизациясы бүгінгі күннің өзінде орын алып отыр, ал ертеңгі күні олардың қажеттілігі арта түседі... Бұл жерде унификацияның әртүрлі елдерде қолданылатын ерекшеліктерін ескере отырып оның біркелкі техникасын даярлау қажет және унификацияға жұмсалған күштің барлығы неғұрлым табысты болуы үшін жағдай жасау маңызды» .



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет