1. Жұлын. Жұлын құрылысының сегменттік принциптері. Жұлынның нейрондары



бет17/169
Дата31.12.2021
өлшемі231,89 Kb.
#22584
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   169
Аш ішек бөлімінің микрофлорасы.

Он екі елі ішек саңылауына өт өзегі ашылады. Түскен өт организмдегі микробтарға кері әсерін тигізетіндіктен, он екі елі ішек ішіндегі 1 мл сұйықтықтағы микробтар саны бірнеше мыңнан аспайды. Ішектің тұрақты мекендеушілеріне ішек таяқшасы, энторококтар және кейбір топырақ бациллары жатады.



Тоқ ішек бөлімінің және тік ішек микрофлорасы.

Тоқ ішек бөлімі:

Тоқ ішек микробтарға өте бай, олар сондағы құрғақ заттардың 40% -ға дейінгі мөлшерін құрайды. 1 г құрғақ затта 3 млрд-тан астам микроб жасушалары болады. Тоқ ішек бөлімінің тұрақты мекендеушілеріне ішек таяқшасы, энтерококкалар, сүт қышқылды таяқшалар, целлюлоза ыдыратқыш микробтар және бациллалар жатады. Актиномицеттер, ашытқы және  зең саңырауқұлақтары сирек кездеседі.

Тоқ  ішек бөлімінде азықтың құрамдас бөліктерінің одан әрі ыдырауы жүзеге асады. Мұнда микроорганизмдердің көптеген физиологиялық топтары үшін қолайлы орта туындайды. Бірақ, осыған қарамастан, микробтар санының артуына кедергі келтіретін көптеген факторлар бар: сүт қышқылды және шіру микробтарының арасындағы антогонизм, өсімдік тектес азықтардағы фитонцидтер әсері және т.б. Сау жануарлардың тоқ  ішек бөлімінде кейде сіреспе, бруцеллез, сальмонеллез және басқа да аурулардың қоздырғыштары табылады. Бұны білу мал шаруашылығы қызметкерлері үшін өте маңызды, өйткені көң инфекция көзі болуы әбден ықтимал. 

Асқазан-ішек жолының микрофлорасы сан алуан түрлі, тұрақсыз, бірақ жануарлардың тіршілігі барысында үлкен   маңызға ие амин қышқылдарын, дәрумендерді, биологиялық белсенді заттарды түзіп, жалпы ағза мен мүшелердің қызмет етуіне қолайлы әсерін тигізеді. Асқазандағы қалыпты микрофлора қорғаныс функциясын  атқарады, табиғи иммунитетті қалыптастырады, өзінің тіршілік әрекеті өнімдерімен бірқатар аурулардың қоздырушыларының дамуын тежейді.

Макроорганизмдегі микробтар популяциясы арасындағы экологиялық тепе-теңдікті бұзу, антибиотиктік препараттарды дұрыс қолданбау, биоценоздағы организмдер құрамын реттейтін микроб антогонистердің белсенділігін тежеу сияқты әрекеттердің салдарынан асқазанда шартты патогенді микрофлора үшін қолайлы жағдай туындап, нәтижесінде дисбактериоз пайда болады. Жануарлардың резистенттілігі төмендеп, асқазан-ішек жолы аурулары байқала бастайды. Стерильді жағдайда өсірілген микробсыз жануарлардың әдетте ішкі органдарының массасы мен қан сарысуындығы антидене мөлшері төмен және лимфоидтық ұлпасы толық дамымайды, ал бұл өз кезінде организмнің қорғаныс қабілетінің әлсіреп, жұқпалы аураларға ұшырауына әкеледі.

Макроорганизмдегі қалыпты микрофлораның атқаратын рөлі өте зор.

Олар тек қорғаныс күшін арттырып қана қоймай, жануарларды әсіресе күйіс қайырушыларды алмастырмайтын амн  қышқылдарымен, дәрумендермен, яғни азық құрамында жеткіліксіз болып табылатын өзге де қоректік заттармен қамтамасыз етеді. 

Қалыпты микрофлора – сау адам мен жануарларда кездесетін микроорганизмдердің ашық биоценозы  Аутомикрофлора құрамына макроорганизмге кездейсоқ енген патогенді микроорганизмдер де қосылуы мүмкін.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет