1. Жүректің қабырғасының құрылысын жазып беріңіз? Жүректің құрылысы


Қалқанша , қалқаншамаңы бездерінің анотомиясын жазыңыз



бет46/143
Дата15.04.2022
өлшемі0,74 Mb.
#31096
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   143
30. Қалқанша , қалқаншамаңы бездерінің анотомиясын жазыңыз

1. Қалқанша без, glandula thyroidea, ішкі секрециялық бездердің ішіндегі ең ірі так без. Ол мойыннын алдыңғы аймағында, көмей мен кеңірдектің жоғарғы бөлімдерінің аралығында орналасқан. Бездің оң және сол үлестері, lobus dexter et sinister, және қылтасы, isthmus glandulae thyroidea, ажыратылады

Ересек адамдарда қалқанша бездін көлденең мөлшері 50-60 мм-ге жетеді. Қалқанша без қылтасының вертикалді мөлшері 5-15 мм-ге жуық, қалыңдығы 6-8 мм. Қалканша бездің максималді салмағы 30 жаста 25-30 г., 50-55 жастан соң бездің мөлшері мен салмағы азаяды. Әйелдердің калқанша безінін мөлшері мен салмағы ерлерге қарағанда үлкен.

2. Қалқанша жанындагы бездер. Жұп жоғарғы қалканш а жанындағы без, glandula parathyroidea superior, және төменгі қалканш а жанындағы без, glandula parathyroidea inferior, дөңгелек немесе сопакша пішінді денеш іктер, қалканша безі үлесінің арткы беткейінде орналасқан. Әр бездің мөлшері: ұзындығы — 4-8 мм, ені - 3- 4 мм, қалыңдығы — 2-3 мм.

Бұл денешіктердің саны тұрақты емес және 2-ден 7-8-ге дейін өзгере алады, орташасында — 4, қалқанша бездің әрбір үлестерінің артқы жағында екеуден: бір без үстінде, екіншісі астында. Бездердің жалпы салмағы 0,13-0,36 г-нан көп емес. Қалканша жанындағы бездердін гормоны паратиреокрин (паратгормон) фосфор мен кальцийдін алмасуын реттеуге катысады.

Қалқанша жанындағы бездердің қанмен қамтамасыз етілуі жоғарғы және төменгі қалқанша артерияларымен, сонымен қатар өңеш және кеңірдек тармактарымен жүзеге асады. Веналық қан аттас веналар бойымен кетеді. Қалқанша жанындағы бездердің жүйкеленуі калқанша безінің жүйкеленуі сияқты.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет