1. Мәдениеттанудың пәні мен нысаны Мәдениеттанудың функциялары



Pdf көрінісі
Дата01.06.2023
өлшемі113,56 Kb.
#97684




Жоспар. 
Кіріспе. 
1. Мәдениеттанудың пәні мен нысаны 
2. Мәдениеттанудың функциялары 
.Мәдениет тану пәнінің қоғамдағы рөлі
.Қазақ халқының бай мәдени мұрасы 
.Рухани ізденістер 
.Мәдениет семиотикасы
.Мәдениет белгі жүйесі ретінде 
Мәдениеттану жеке пән ретінде ХІХ ғасырдың 
соңғы ширегінде қалыптаса бастады, сондықтан да 
оны әлі де болса буыны бекімеген жас ғылымдар 
саласына жатқызамыз. 
Мәдениеттану –мәдениет туралы ғылым, сонымен 
қатар философиялық ілім, өйткені ол философияның 
басты саласы, мәдениет философиясын қамтиды. 
Мәдениет қоғамда болып жатқан түрлі процестерді 
(материалдық, әлеуметтік, саяси, адамгершілік, 
көркемдік т.б.) барынша қамтып, мәдениет дамуының 
жалпы заңдылықтарын, оның өмір сүруінің 
принциптерін және бір-біріне этно-әлеуметтік, саяси-
моральдық, ғылыми, көркемдік және тарихи 
сипаттамаларымен, жағдайларымен ерекшеленетін 


түрлі мәдениет түрлерінің өзара байланыстарымен, 
тәуелділіктерімен зерттейді. 
Мәдениеттану пәні сонымен қатар жергілікті және 
аймақтық мәдениеттердің сапалы ерекшеліктерін, 
олардың өзара байланыстары мен мәдениеттің басқа 
түрлерімен мирасқорлығын, қарым-қатынасын 
зерттей отырып, адамзат баласының біртұтас мәдени 
даму процесінің жалпы заңдылықтарын анықтайды. 
Яғни, мәдениеттану пәні түрлі қоғамдар барысындағы 
мәдени өмірді жан-жақты қамти отырып, ондағы 
басты мәдени процестерге ғылыми тұрғыдан талдау 
жасайды. 
Мәдениеттану туралы түсінік беру үшін алдымен осы 
мәдениет сөзінің этимологиясын, яғни шығу тегін 
түсіну керек. 
Қазақ тіліне бұл термин арабтың “маданият” – қала, 
қалалық, деген сөзінен енген. 
Осы “мәдениет” термині мен мағыналас “культура” 
термині де кең қолданысқа ие. 


“Культура” термині латын тілінде көне заманда жерді 
өңдеу деген мағынаны білдірген. Кейінірек, дәлірек 
айтқанда, Цициронның еңбектерінде (б.ғ.д. 45 ж.) бұл 
сөздің мағынасы тереңдеп “жанды жетілдіру” деген 
ұғымды білдіреді. Бірте-бірте еуропалық тілдерде 
культура сөзі “білім беру”, “даму”, “қабілеттілік” , 
“құрметтеу”, деген сияқты мағыналарға ие бола 
бастады. 
Қазіргі заманғы сөздіктерде мәдениетке (культураға) 
төмендегідей анықтамалар берілген: 
а) мәдениет – белгілі бір халықтың қол жеткен 
табыстары мен шығармашылығының жиынтығы; 
ә) мәдениет – адамзат қауымының белгілі бір тарихи 
кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері 
(палеолит мәдениеті, критмекен мәдениеті, қазақ 
мәдениеті және т.б.); 
б) мәдениет – адамдық әрекеттің белгілі бір 
саласының жетілу деңгейі (сөйлеу мәдениеті, еңбек 
мәдениеті, құқық мәдениеті және т.б.); 


в) агромәдениет (дәнді өсімдіктер мәдениеті, 
цитрустық мәдениет және т.б.). 
Мәдениет ұғымы тарихи қалыптасудың ұзақ даму 
жолынан өтті, оны алғашқы рет ғылыми тұрғыдан 
анықтауға ұмтылған философтар болды. 
XVIII ғасырға дейін, яғни ағартушылық дәуіріне дейін, 
басты құндылық-адам мен оның ақыл-ойы деген 
қағида жүзеге асқанға дейін “мәдениет” сөзі белгілі 
бір мойындалған термин ретінде қолданылмады, бар 
болғаны жаңа ұғымдардың синонимі ретінде ғана 
пйдаланылды. 
Жаңа заманда (XVII – XIX ғ.) мәдениеттің көптеген 
теориялары өмірге келді. Жаңа заман 
философиясында көне заман мен ортағасырлар 
мәдениетін нақты түсіну және оны шындық 
тұрғысынан қарастырғанда, ең озық идеялар 
Ағартушылық дәуірі – буржуазиялық қайта құруларға , 
терең саяси әлеуметтік өзгерістерге толы ерекше 
тарихи және ең рационалды кезең болып саналады. 
Бұл дәуірдің мәдениет теориясына ерекше үлес 
қосқан өз ойшыл ғалымдары болды. 


Олар (Англияда-Толанд, Францияда-Вольтер мен 
Монтескье, Германияда-Лессинг, Гете, Шиллер және 
т.б.) дүние мен адамзат жөніндегі ақиқатты айту 
құқығын діннен тартып алып, адамзаттың ақыл-
ойының тәуелсіздігін батыл қорғады. 
Адам өзінің табиғи жаратылысынан-ақ мүмкіндіктері 
мол, ақылды жан және соны тиімді пайдаланудың 
нәтижесінде адам игілігіне сай қоғам құруға қабілетті. 
Бұл ізгі мұраттың жүзеге аспауына адамның өзі кінәлі, 
дәлірек айтқанда, оның білімсіздігі мен 
мәдениетсіздігі , адамзатты ғасырлар бойы 
қараңғылық түнегінде ұсталуы т.б. жағдайлар 
мәдениет пен өркениеттің дамуына басты кедергілер 
болды. Сондықтан да болар, Ағартушылық дәуірінің 
философиясы мәдениет туралы ілімді дамытуға 
мүмкіндік беретін (табиғат, адам, қоғам, таным, ақыл-
ой) категорияларға сүйенді. Бұл категориялар жалпы 
философиялық сипатқа ие болды. Олар XVIII ғасырдың 
ағартушыларына тарихи процесс идеяларын дамытуға 
және тарихи дамудың мақсаты, қозғаушы күштері 
және мағынасы жөніндегі сұрақтарды белгілеуге 
мүмкіндік берді.
Мысалы: “Мәдениеттің классикалық үлгісі” ұғымы 
мәдениетті-адамзаттық тарихи дамуының нәтижесі, 
адамзат баласының саналы және адамгершілік 


қоғамдық қарым-қатынасының қол жеткен дәрежесі 
деп қарастырды. 
Мәдениетке байланысты қағидаларды сын елегінен 
өткізе отырып, Ағартушылық кезеңнің ойшылдары 
және мәдени үлгілерді (адам, қоғам, мемлекет, құқық, 
философия т.б.) жасауға тырысты және өткен заман 
мен жаңа заманның мәдени тәжірибесін жаңаша сын 
елегінен өткізе отырып қарастырды. 
ХІХ ғасырда мәдениет мәселелерімен тығыз 
айналысқан ғалымдардың бірі – ағылшын ойшылы 
Эдуард Бернетт Тайлор (1832-1917) болды. 
Ол “мәдениет жөніндегі ғылым-реформалар жөніндегі 
ғылым” деп тұжырымдай отырып, мәдениетті үздіксіз 
жаму үстіндегі процесс деп қарастырды. Тайлор 
мәдениетке мынадай жалпылама анықтама берді. 
“Мәдениет пен өркениет кең, әрі этнографиялық 
мағынада – білімнен, наным-сенімдерден, өнерден, 
адамгершіліктен, заңдардан, салт-дәстүрлерден және 
қоғамның мүшесі ретінде адамның игерген дағдылары 
мен түрлі қабілеттерінен құралады”. 
Мәдениеттану ғылымының іргелі проблемалары, 
әсіресе, бұрыннан қалыптасқан құндылықтар жүйесін 


қайта қарау кезеңдерінде заман талабына айналды. 
Мыңжылдықтар тоғысында тек қазақ халқының 
дәстүрлі мәдениеті емес, сонымен бірге бүкіләлемдік 
өркениет пен мәдениеттің түбегейліөзгеруін көріп 
отырмыз. Бұл мәселеде бірнеше бағдарлар 
айқындалды: 
– байырғы дәстүрлі мәдениетті мансұқтаушылық, ескі 
өркениет өрнектерін сол қалпында жандандыруға 
тырысушылық; 
– Ф. Ницше айтқандай, “барлық құндылықтарды қайта 
қарау”, “Ұлы бас тарту”, мәдени сабақтастықты 
елемеу; 
Әлем мәдениет тарихы негізгі мақсаты мен міндеті ол, 
әлем мәдениетінің тарихы туралы біртұтас ұғым 
қалыптастыру, әлем мәдениет тарихы курсы нақты 
материалдардың негізінде дүниежүзілік адамзат 
қоғамының қалыптасу процессі мен дамуын ашу, 
мәдениет ұғымының мәнін және маңызын ашу, 
әлемдік мәдениеттер туралы білім беру, әлем 
мәдениеттерінің пайда болуы және даму тарихын 
көрсету болып табылады. Жалпы мәдениет ұғымын 
мәдениеттану ілімі зерттейді. 


Мәдениеттану XIX ғасырдың соңғы үшінші 
ширегінде өзіндік пән ретінде гуманитарлық 
білімдерде табиғат және мәдениет, әлеуметтілік және 
табиғилық, жаратылыстылық және мәдениеттілік 
сияқты қарама қайшылықтардың айқындалуы 
қалыптасқан кезеңде пайда болды. Мәдениеттанудың 
білім жүйесі, жалпы мәселелері «философия 
тарихында», «философия мәдениетінде» қашанда 
елеулі орын алып, қарастырылып келеді. Мәдениетті 
зерттеудің бұл терең философиялық дәстүрі басқа да 
гуманитарлық ғылымдар өкілдерінің назарынан тыс 
қалған жоқ. Мәдениеттануда осы уақытқа дейін 
антропология, социология, психология, тарих, тіл 
білімі, семиотика сияқты әр түрлі пәндер өз үлестерін 
қосып келеді. Мұның өзі мәдениет туралы ғылымның 
ер тектілігін туындатып отыр. 
Мәдениеттану - гуманитарлық пән, ешкім де оған 
шүбә келтіре қоймайды. Дегенмен біртұтас, бірыңғай 
мәдениеттану теориясы әзірге толық қалыптасқан 
жоқ, сол себептен осы уақытқа дейін мәдениет туралы 
теория жеке концепциялар түрінде, не сол 
мәдениеттану 
мамандарының белгілі бір жүйеге ыңғайланған 
құрылымдары тұрғысында көрінуде. Мұның өзі 


мәдениеттану ғылымының елеулі ерекшелігін 
көрсетеді. 
Бүгінгі таңда мәдениеттану өзінің пәні мен тәсілін 
анықтап, екі аяғынан қаз тұру дәуірін басынан 
кешіруде. Оның әлі ғылыми пән ретінде теориялық 
кәмелетке жеткен бейнесі толығынан көріне қойған 
жоқ. Кәзіргі ізденістер мәдениеттанудың 
философиямен тығыз байланыстылығының дәлелі 
және сол философияның «қамқорлық» шеңберінен 
босанып, өзіндік қырынан білімнің жаңа саласына 
айнала бастауының айғағы, Мәдениеттанудың өзіндік 
ерекше білімдер жүйесі тұрғысынан көрсететін 
дәлелдер аз емес. Оған мысал ретінде кәзіргі заман 
мәдениетіндегі құбылыстарды алуға болады: 
Әлем өзінің 2000-шы жылдықтарында техника мен 
мәдениет туындататын орасан зор әлеуметтік 
өзгерістерге толы жаңалықтар қарсаңында тұр. 
Микроэлектроника, есептеу техникасы және ақпарат 
индустриясы бүгінгі күні дамудың орасан зор 
катализаторына айналды. Жалпы, технология бүкіл 
қоғамдық өзгерістердің және кәзіргі заманның даму 
күшінің маңызды факторы болып отыр. Бұл 
құбылыстарға байланысты техника мен мәдениет 
арасынан мына мәселелер туындайды: Техника 


жетістіктерінің адамдар болмысына деген ықпалы 
қандай және олар адам өміріне қандай өзгерістер 
әкелуі мүмкін? Ақпараттың ақыры не болмақ? 
Мәдениет пен компьютерлендіру өркениеттілігінің 
ара-қатынасы қандай болмақ? Әрине бұл мәселелерді 
белгілі бір гуманитарлық пәндер тұрғысынан 
қарастыру мүмкін емес. 
XX ғасырдың соңында дін мәселесі мәдениет өмірінде 
соншалықты елеулі орын алады деп ешкім де ойлаған 
жоқ. Қайта, өткен ғасырдың ғалымдары, философтары 
діни көзқарасты арнайы сынға алуды артықшылық деп 
санады. Өйткені болмыстың бастапқы құпия көзін 
ғылымның өзі-ақ 
ашады деп тұжырымдады. Бірақ оның осылай 
біржақты шешілмейтініне қазір адамзаттың көзі жетіп 
отыр. 
Оған қоса адамзат мәдениетінде, мәдениеттің 
болмыстылығына байланысты туындайтын мәселелер 
бар. Оларға мыналар жатады: Мәдениет феноменін 
қалай тануға болады? Өркениеттілік пен мәдениеттің 
арасында қандай байланыс бар? 


Алғаш рет әдебиетте «культура» термині Римнің 
атақты философы әрі шешені Цицеронның (б.д.д. 45 
ж.) «Тускул кеңесі» атты еңбегінде кездеседі. Оның 
этимологиялық негізі «өңдеу», «тазалау» деген 
сөздерден шығады. Алғашқыда агротехникалық 
термин (жерді өңдеу) ретінде қолданылды. Ал, 
Цицерон болса алғаш рет оны ауыспалы мағынада 
«адам ақыл-есіне ықлал жасау» үшін қолданды. 
Цицерон философияның адам өміріне ықпал жасау 
әдістерді қарастыруды мақұл көрді. Тек осымен 
антикалық азаматтарды дайындау, ессіз баладан ер 
адамдық деңгейге дейін қалыптасу жағдайлары 
сипатталады. Гректер бүл жағдайды «пайдейя» (жас 
бала) түсінігімен белгіледі. 
Гректердің - «пайдейя» термині екі мағынада: 
біріншісі тікелей тәрбиелеу, үйрену, ал екіншісі білімді, 
білімділікті ағартушылықты, мәдениетті анықтайды. 
Олар адамдарды белгілі кәсіби емес, керісінше тұлға 
етіп айқындалған құндылықты қалыптастырды. Сөз 
жоқ, бұл адамға қарай бағытталғандықтан өзі 
мәдениет түсінігінің антикалық ауыспайтын гуманистік 
маңызын құрайды және негізінде мәдени 
жағдайлардың мақсатын шығаратын адам идеалы бар. 
Мәдениеттің мақсаты мынада болды: адамның ойлау 
қабілетін, эстетикалық сезімнің әдемілігін дамытып, 


адамның іс әрекетінде сезімділік өлшемі мен 
әділеттілікті қарастыруға жол ашу. Бұл жағдайда 
антикалық адам табиғатпен біртұтас екендігін 
жоғалтқан жоқ. Табиғат өзі қанатының астына 
құдайлар мен адамдарды ала отырып ғарыштың 
айрылмас негізгі бөлігі болып қала береді. 
Мәдениетке дәл осылай келу оның аса терең 
мағыналы екендігін, сонымен қатар оның әлеуметтік 
бойына даруын, қоғамның өмірімен біте қайнасуы, 
оның тек ғана адам баласының тегіне тән екендігін 
көрсетеді. 
Сонымен, мәдениет - бұл адамның ақылы, таланты, 
еңбек таңбалары бар бізді қоршаған заттар мен 
құбылыстар әлемі. Бұл - өзінен өзін туындататын 
табиғаттан айырмашылығы бар адамдар әлемі. Оның 
әртүрлі анықтамалары мәдениеттің түрлі сферасын 
сипаттайды. Қорыта айтқанда мәдениет – бұл 
адамзаттың жасаған дүниесі. 
3. Өндірістің негізгі екі түріне қарай материалдық және 
рухани мәдениет деп бөлеміз. Материалдық мәдениет 
адамның бүкіл материалдық еңбегі мен оның жемісін 
қамтиды (еңбек құралдары, күнделікті тұрмыс заттары, 


киім, баспана, көлік т.б.). Рухани мәдениет адам 
санасының, рухани еңбегінің аумағын қамтиды 
(тәрбие, білім, ғылым, өнер, әдебиет, аңызнама, дін 
т.б.). Рухани мәдениет пен материалдық мәдениет бір-
бірімен тығыз байланысты. 
Тарихта мәдени өзгерістің ықпалына ең бірінші 
табиғат түсті. Адам, табиғатты «өз үйіне», өзінің өмір 
сүру ортасына айналдыра бастаған кезде, өзін 
табиғаттан алшақтатын алғашқы қадамын жасаған еді. 
Адам эволюциясына табиғат ортасы тар болып, ол 
табиғаттан тыс шынайылық дүниесіне шықты, ол 
артефактар дүниесін жасады, яғни мәдениет пен 
әлеуметтің дүниесі. Кейде табиғат пен мәдениет 
үлеспейді деген пікірлер айтылып жатады. Дегенмен 
табиғаттан тыс мәдениеттің болуы мүмкін емес, 
мәдениет тек табиғаттың бергенін өзгертеді, өңдейді, 
яғни мәдениет – ол адам қайта өңдеген табиғат. 
Мәдениеттің дамуы адам мен табиғат тұтастығының 
төмендеуіне әкеліп отыр. Табиғат адамның 
инстиктивті өмір сүру ортасы, одан тыс ол 
биологиялық тип ретінде өмір сүре алмайды. Алайда 
адамның одан еш маңызы төмен емес өмір сүру 
ортасы мәдениет болып отыр, ол инстикттен жоғары, 
саналық тәртіп жүйесін жасап отыр. 


Семиотика ғылым ретінде ғасырлар бойы өмір сүрсе 
де, «мәдени семиотика» ұғымы алғаш рет 70-ші 
жылдары ғана енгізілген. ХХ ғасыр Бұл адамзат 
қоғамындағы ұйымдастырушылық (ақпараттық) өрісті - 
бейтараптануға (энтропияға) қарсы бағытта белгілеу 
үшін енгізілді. Сонымен бірге мәдениет иерархиялық 
белгілер жүйесі, дәлірек айтқанда, қол қою 
жүйелерінің иерархиялық пирамидасы ретінде 
анықталды. 
Семиотикалық тұрғыдан алғанда, мәдениет белгі 
белгілерінің жиынтығы. Осы сигналдық жүйелердің 
көмегімен барлық адамдар немесе әртүрлі 
қауымдастықтар - халықтар, этникалық топтар және 
т.б. ақпарат алмасады, қоршаған әлеммен және басқа 
мәдениеттермен байланыс орнатады, құндылықтарын 
қорғайды, өзіндік ерекшелігі мен бірлігін сақтайды. 
Бұл жағдайда өнер, қоғамдық белсенділік, мінез-
құлық модельдері және тарихи жадыны қолдау 
әдістері (мифтер, тарих, заң, дін және т.б.) белгілер 
жүйесі ретінде қарастырылады. Олардың барлығын 
екінші модельдеу жүйелері немесе мәдени тілдер деп 
атауға болады. Бұл адамның үйренуі, түсіндіруі және 
айналасындағы әлемді өзгертуге тырысатын, 
адамдарға ақпаратты шығаруға, ақпараттандыруға, 


ұйымдастыруға, оны алмасуға және сақтауға мүмкіндік 
беретін құрал. Модельдеу ұғымы, біз белгілер мен 
сигналдық жүйелер модель ретінде әрекет ете 
алатындығын есте сақтаймыз, осылайша ақпаратты 
өңдеуді де, беруді де қамтиды. Ақпарат туралы 
сөйлескенде, бұл жағдайда біз тек білімді ғана емес, 
сонымен бірге құндылықтар мен нанымдарды да 
білдіреміз, яғни оған кең мағына беріледі. Барлық 
екінші реттік модельдеу жүйелері бастапқы сигналдық 
жүйелер негізінде пайда болады. 
Мәдениеттің бастапқы белгілері - бұл әр этностық 
топта қалыптасқан табиғи тілдер, және, әдетте, осы 
мәдениетте өмір сүретін адамдар белгі жүйелері 
ретінде қабылданбайды. Біз өз ана тілімізде сөйлейміз 
және бұл бізге қарапайым және қарапайым болып 
көрінеді. Бірақ сіз шет тілін үйренуге мәжбүр болған 
кезде, бұл белгілі бір жүйені есте сақтауды қажет етеді 
және оны меңгеруде көптеген қиындықтар бар. Дәл 
сол кезде біз шет тілін меңгеру керек белгілі бір ымдау 
жүйесі екенін түсінеміз және бұл үлкен жұмыс. 
Сондықтан жасанды тілдер пайда бола бастады - 
эсперанто, волапук, идо, латиносие-флексионе. 
Мәдениет тұжырымдамасының негізі мен негізгі өзегі - 
табиғи тіл. Көптеген қайталама модельдеу жүйелерін 
«шикізатпен» қамтамасыз етумен қатар, тіл барлық 


жүйелерді түсінуге, есте сақтауға және жеке адамның 
және топтың санасына енгізудің жалғыз құралы болып 
табылады. Ерекше мағынасына байланысты тіл 
бастапқы модельдеу жүйесі деп аталады, ал қалған 
жүйелер екінші реттік деп аталады. Бастапқы және 
қайталама жүйелер арасындағы қатынасты 
онтологиялық тұрғыдан анықтауға болады. Баланың 
басқа мәдени жүйелерді игерместен бұрын тіл үйренуі 
табиғи нәрсе. Ал екінші деңгейлі жүйелер, әдетте, 
табиғи тілдің құрылымы мен ерекшеліктерін 
қайталайды және табиғи тіл сияқты құрылады. 
Мәдени жүйелер мен тілді модельдеу жүйелері деп те 
атайды. Бұл олардың адамның айналасындағы 
шындықты модельдеуімен байланысты. Осы 
құралдардың көмегімен адам модельдердің 
ерекшелігіне сәйкес келетін дүниені біліп, түсіндіре 
алады. Нәтижесінде, мұндай модельдеу жүйелері 
адамдарға айналасындағы әлемді қоғам дамуының 
бір кезеңінде немесе басқа кезеңінде орынды болып 
көрінетін бағытта өзгертуге тырысады. 
Бұл семиотикалық модельдеу адамға адамға 
семиотикалық жүйелер - тілге тән дәл осы 
манипуляцияларды дәл орындауға мүмкіндік береді: 
ақпаратты шығаруға, оны басқаларға беруге, оның 


реттелуін жеңілдетуге және мәдениетті сақтау үшін өте 
маңызды. Модельдеу жүйелері кез-келген ақпаратты - 
білім, құндылықтар, сенімдер және т.б. сақтай және 
бере алатындығымен сипатталады. 
1978 жылы В.В.Ивановтың «Тегіс және қарама-қарсы: 
ми мен белгі жүйелерінің ассиметриясы» атты кітабы 
жарық көрді, онда мидың жұмысы компьютерлік 
жүйенің жұмысымен салыстырылды, сондықтан 
автордың пікірінше, мидың ассимиляциясы мен 
шығаратын ақпарат екілік болып табылады. құрылым. 
Осыдан бүкіл мәдениеттің әмбебап бинарлық тәртібі 
бар деген тұжырым жасалды. Көптеген ғалымдар бұл 
кітаптың мазмұны туралы бірыңғай емес екендігіне 
қарамастан, көптеген ғалымдар бұл пікірді қолдайды. 
Осыған сүйене отырып, адамзаттың барлық 
мәдениеттеріне, кем дегенде өнерде, модельдеудің 
екі жүйесі кіреді - белгішелік және символдық. 
Мысалы, кескіндемені бейнелеу өнеріне, әдебиетке 
символдық тұрғыдан жатқызуға болады. Кескіндемеде 
иконикалық белгілер басым, ал әдебиетте - рәміздер. 
Әр түрлі мәдениеттерде мұндай модельдеу жүйелері 
әртүрлі жолдармен байланысатындығы түсінікті. XIX 
ғасырдағы орыс мәдениеті бәріне белгілі. әдеби-
центрлік болды, әдебиет тек жетекші өнер нысаны 
ғана емес, бүкіл қоғамдық өмірге белсенді әсер етті. 
Қазіргі кезеңде теледидар көшбасшыға айналуда. 
Мәдениет, әрине, әр түрлі екінші модельдеу жүйелері 


әртүрлі иерархиялық құрылымды құрайтын күрделі 
семиотикалық жүйе болып табылады. 
Мәтін мәдениеттің негізгі бірлігі болып саналады. 
«Мәтін» сөзін семиотикалық мағынада қолданғанда, 
біз тек тілдік өрнекті, әдеби және ғылыми құрамды 
ғана білдірмейміз. Интеллектуалды мағынасы бар 
барлық құбылыстарды мәтін ретінде қарастыруға 
болады. Бұл музыкалық шығарма немесе сәулет 
ғимараты, салт-жоралар, заңдар жиынтығы, яғни


мәдениетте белгілі бір функция мен маңызы бар 
құбылыстар болуы мүмкін. Осылайша, әрбір 
семиотикалық жүйе мәдениет өкілдерінің бірі бола 
алады. Алайда семиотикалық жүйелердің өзара 
байланысын, олардың иерархиялық реттелуін және 
өзара әсерін тұтастай алғанда мәдениет деп атауға 
болады, және олардың жеке семиотикалық жүйелері, 
тілдері болмайды. Сонымен қатар, барлық осындай 
қайталама модельдеу жүйелері табиғи тілде 
біріктірілген. Осы түсініктегі мәтін мәдениеттің жеке 
элементіне айналады, ал олардың жиынтығы 
мәдениеттің қызметі мен мағынасының 
тасымалдаушысы болады. 
Мәдениет семиотикалық тұрғыдан алғанда ақпаратты 
өңдеудің және берудің механизмі болып табылады. 
Екінші модельдеу жүйелері әлеуметтік топ мүшелері 
бөлісетін конвенциялар (кодтар) бойынша жұмыс 
істейді. 
Код - ақпаратты сақтауға және беруге ұсынылатын 
белгілер мен ережелер жиынтығы. 
Табиғи тілге қарағанда, кең мағынада кодтың 
сәйкестігі біртұтас табиғи тілмен біріктірілген 
қоғамдастықтың барлық мүшелерінде айқын көрінеді, 
қайталама модельдеу жүйелерінің кодтары әр түрлі. 


Оларды түсіну және оларды пайдалану қабілеті, егер 
ол толығымен жетістікке жеткен болса, адамның 
кемелдену мен білім алу барысында оларды 
қаншалықты игергеніне байланысты болады. Мысалы, 
музыка қайталама модельдеу жүйелеріне жатады. 
Бірақ, өкінішке орай, қоғамның білімді бөлігінің 
көптеген мүшелері саңырау және елеулі музыкаға 
бейім емес болып шығады. Шу (көптеген тілдік, 
психологиялық немесе әлеуметтік араласулардың 
біреуінің мағынасында) байланыс арнасын бұғаттап 
немесе кедергі келтіруі мүмкін. Сонымен, әмбебап - 
бұл жетілмеген қарым-қатынас фактісі, оны 
мәдениеттің бір бөлігі ретінде көруге болады. Бүкіл 
мәдени алмасу белгілі бір бөлігі ретінде аудару актісін 
қамтиды - адресат әрқашан адресаттан келіп түскен 
хабарламаны тек ішінара бөліскен кодтың (немесе 
кодтардың) призмасы арқылы түсіндіреді. . 
Қортынды : 
Қазіргі мәдениеттің жалпы даму тенденциялары 
мәдени-техникалық дамудың үнемі күрделенуінен, 
ақпараттық қоғамның қалыптасуынан, өнердегі 
модернистік тенденциялардың пайда болуынан, 
бұқаралық мәдениеттің көрінуінен, діндердің 
адамдардың дүниетанымына және олардың 
практикалық қызметіне әсерінің артуынан, жаһандық 


проблемалардың шиеленісуінен көрінеді. Осы 
факторлардың барлығы қазіргі Қазақстанның 
жаһанданудың жан-жақты процестеріне тартылуы 
туралы айтуға мүмкіндік береді. 
Рухани мәдениет жан-жақты дамып келеді, қазіргі 
өркениеттің талаптарына жауап беру үшін ғылыми 
білім жүйесі жоғары деңгейге жетеді. Бұл процеске 
рухани мәдениеттің маңызды элементі болып 
табылатын білім беру жүйесі ықпал етеді. Білім 
берудің басты құндылығы оның қол жетімділігі екенін 
атап өткен жөн. 
Білімнің тәрбиемен үйлесуі маңызды, өйткені 
агрессия, вандализм, өзімшілдік, деструктивизм 
жаппай құбылысқа ие болады деп айту керек. Рұқсат 
етілгенді рұқсат етілмеген деп, эстетикалықты 
эстетикалық емес деп, моральды - азғындық, өнерді - 
бұрмалаушылықтың қырлары «эрозияға» ұшырады. 
2. Қазақстан мәдениеті орасан зор кеңістікте үлкен 
қоғамды жайластыруды қалыптастыратын күрделі көп 
деңгейлі білім болып табылады.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Кабалевский Д.Б. Основные принципы и методы 
программы по музыке для общеобразовательной 
школы. //Кабалевский Д.Б., Педагогические: 
Избранные статьи и доклады,-М.,1986
Алиев Ю.Б.Методика музыкального воспитания детей 
(от детского сада к начальной школе). –Воронеж, 1998.
Апраксина О.А. Методика музыкального воспитания в 
школе: Учебное пособие. –М.,1983.
Теория и методика музыкального образования детей: 
научно-методическое пособие /Л.В.Школяр, 
М.С.Карашникова, Е.Д.Критская и др. –М., 1998
Абдуллин Э.Б., Николаева Е.В. Музыкально-
педагогические технологии учителя музыки: Учебное 
пособие. –М., 2005.
Р.Қ.Дүйсембінова. Музыкалық білім беру 
педагогикасы. – Талдықорған, 2006. 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет