1. Мемлекет және оның негізгі белгілері және атқаратын қызметі



бет1/46
Дата08.04.2023
өлшемі165,52 Kb.
#80480
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46

1.Мемлекет және оның негізгі белгілері және атқаратын қызметі.
Мемлекет белгілі бір аумаққа иелік етіп сол жердің халқының еркін дамуына мүмкіндік беретін саяси билік ұйымы. Негізгі екі ұғымы бар: біріншісі кең мағынада «халық», «ел», «қоғам» ұғымын білдірсе, екіншісі «үкімет», «әкімшілік» ұғымдарын білдіреді. Оның пайда болуын әркім әрқалай түсіндірді. Мысалы А.Августин мен Ф.Аквинский мемлекеттің пайда болуын құдайдың құдіретімен түсіндірді.
Ал Роберт Филмер мемлекеттiн пайда болуын рулардын тайпага, тайпалардын одан улкен кауымдастыкка, олардын одан әрi мемлекетке дейiн бiрiгуiнен деп санады. Психологиялық теорияда адамдарға бағыну құлшылық ету қажеттігі мәңгі бақи тән болған делінген.
Мемлекеттің белгілері: мемлекеттің өзінің шекарасы, белгілі территориясы болады. Өндірістері дамып саудасы өседі. Сонымен қатар мемлекеттің орталық және жергілікті билік органдары жүйесі болады (атап айтқанда атқарушы және сот органдары, әскер, полиция жатады.) Мемлекеттегі тұрғындар әкімшілік аумақтық бірлестіктерге бөлінеді. Яғни әр мемлекетте өз ішінде облысы мен ауданы өзінің аумағы мен заңдары болады. Сонымен қатар мемлекетте әр түрлі мәселені шешіп оның алдын алу үшін қарулы әскер, сот, полиция және барлау құралдары болады. Және ең бастысы кез келген нағыз мемлекет өзгелерден тәуелсіз егеменді ел болып саналады. Сонда ғана ол мемлекет деп саналады.
Мемлекетте жалпы бірнеше белгі бар.

  1. Аумақтық(территориялық)бөліну. Облыс, ауданға бөліну Оған дейін негізі алғашқы қауымдар ру-ру тайпа тайпа боп тұратын. Халық жоғары өкіметке бағынған яғни өкімет не шешсе халық соны істеді. Қарулы күш деген ұғым болмаған, кез келген ер адам қасында қару болған.

  2. Ерекше өкімет аппараты (жария билік). Үстемдік қарулы әскер, полиция, сот, шіркеу, баспасөз т.б арқылы жүргізілді.

  3. Мемлекеттің егемендігі. Мұнда мемлекет билігі басым болды. Яғни мұнда ұйымдар мен мекемелерге ережелер мен міндетті заңдарды шығаруға құқы болды. Және ол шешімдерге ешкім қарсы шыға алмады.

  4. Ашық күш колдану зорлықпен еріксыз көндіру. Мұнда мемлекет кез келген қылмыс түріне мейілінше жаза қолдана алды. Тіпті өлім жазасына да кесті, еркінен айырып қамауға алды.

  5. Салық салу. Мемлекет ішінде салық жинау үрдісі басталды. Халықтан белгілі мөлшерде уақытымен салық алынды

  6. Мемлекет мүшесі азаматы болу. Бұл міндетті болды. Өйткені халықсыз ешқандай да мемлекет те топ та болмайды. Мұндағы басты шарт мемлекеттегі адам сол ел азаматынан болуы керек болды. Және әр азамат құрылған заңға бағыну керек болды. Тек азаматтығы жоқтар ғана қорғансыз болды. Себебі мемлекет олардың жағдайына мән бермеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет