1. Құрылыс материалдарының негізгі қасиеттерінің жіктелуі



бет1/29
Дата21.12.2023
өлшемі1,52 Mb.
#142402
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29

1. Құрылыс материалдарының негізгі қасиеттерінің жіктелуі
Құрылыс материалдарының 4 негізгі физика-механикалық қасиеттері: а) Физикалық қасиеттері: -хал жайының параметрлері: шын мәніндегі тығыздығы, орташа тығыздығы, үйілген тығыздығы, салыстырмалы тығыздығы, кеуектігі; -материалдың суға қатынасы: (гидрофиз) су сіңіруі, тамшы соруы, ылғал тартқыштығы, дымқылдығы, су өтпеушілігі, гидрофобтығы, гидрофильдігі, дымқылдық деформациясы, аязға төзімділігі, суға төзімділігі. -материалдың жылуға және жоғары температураға қатынасы (жылу физ): жылуөткізгіштігі, жылусыйымдылығы, отқа беріктігі
б) Механикалық қасиеттері: материалдың сыртқы күштер әсеріне қарсы тұру қабілетін сипаттайды: серпінділікті, сынғыштықты, беріктікті, қаттылықты, уатылуды, тозуды, релаксацияны
с) Химиялық қасиеттері: әр түрлі химиялық орталар әсер еткенде материалдың төзімділігін, атмосфераға тұрақтылықты, тұзға төзімділікті, қышқылға төзімділікті, сілтіге төзімділікті сипаттайды.
в) Ұзақ мерзімді сенімдік материалдардың пайдалану барысында өзінік физ механикалық қасиеттерін көрсететін қабілеттілігін сипаттайды.
2. Ылғалға қатысты материалдардың физикалық қасиеттер:
Су жұтқыштық - материалдың су сіңіргіш қабілетін айтады. Ол - материал үлгісінің су сіңіргеннен кейінгі салмағы мен күрғақ күйіндегі салмак айырмашылығына байланысты. Су өткізбегіштік. (W) материалдың (бетонның), оның цилиндр формалы үлгісін су қысымымен стандартқа сай сынағанда, белгілі бір қысымға дейін су еткізбегейтіндігімен сипатталынады. Аязга төзімділік (F) деп - суға қдныкқан материал үлгісінің бірнеше қайтара жүргізілетін тоңазыту-жібіту цикліне тезімдішк мүмкіншілігін айтады.
3. Материалдардың технологиялық мінездемелерінің сипаттамалары. Технологиялық қасиеттер құрылыс материалының белгілі бір өңдеу түріне ұшырау қабілетін сипаттайды. Құрылыс материалдарының тұтқырлығы. Тұтқырлық-бұл сұйықтықтың бір қабаттың екіншісіне қатысты қозғалысына төзімділігі.Құрылыс материалдарының серпімділігі (упругость). Серпімділік-бұл жүктемені алып тастағаннан кейін бастапқы пішіні мен өлшемдерін қалпына келтіретін құрылыс материалының қасиеті.Құрылыс материалдарының икемділігі (пластичность) -құрылыс материалының сыртқы механикалық әсердің әсерінен үзіліссіз деформациялану және сыртқы күштің әсері аяқталған кезде алынған пішінді сақтау қабілеті.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет