3.Ағартушылық дәуір эстетикасының озық және әлсіз жақтары Ағартушылық дәстүрдің озық және әлсіз тұстары болды. Әрине қоғамдағы келеңсіздіктердің орын алуы ағартушылық идеяның кемшілігі деп түсінеміз.Алайда қоғамды, адамдарды оқу білімге шақырған туындылары айрықша болды. Тарихи-мәдени, әдеби дүниелерін кезінде қағаз бетіне түсіріп отырмаған, қазак халқының тасқа басылып, хатқа түскен ескерткіштерінің ішіндегі революциядан бұрынғы газет-журналдарда басылған ңүсқаларының алар орны ерекше. Олардан рухани мұрамыздың, бай көріністерімен қатар туған әдебиетіміздің тарихын жете білуге және оны халық тарихымен біртұтас зерттеуімізге де мүмкіндік береді. Октябрь революциясынан бұрын әр жылдары шығарып түрған газет-журналдарда сол кездердегі Қазақстанның саяси, шаруашылық, мәдени тұрмысы басымдылығы жоқ дәйектермен жан-жақты баяндалды. Қазақ газеттері сол кездегі тап күрестің пісіп-жетілуіне, революциялық қозғалыстың қалай өрістегеніне тиісті баға беріп, оқырмандарды жаңалықтармен таныстырып отырды. Қазір біз газет-журналдарды ақтарып отырып, сол тарихи кезеңдерден мол мағлұмат аламыз.
Ағартушылық дэуір эстетикасының да бірсыпыра әлсіз жақтары болды. Олар әлеуметтік мәселелерді моральдық-ағартушылық тұрғыдан шешуге ұмтылуы. Қаламгердің өз кейіпкерлерін ағартушылық идеяларының жаршысы етіп көрсетуі. Өнер өмір, қоғам кемшіліктеріне де назар аударуы керек дей отырып, өздерінің ұнамсыз қоғамдық құбылыстарды ашып көрсете алмауы т.б. Бұл кемшіліктердің бірсыпырасын неміс ағартушылық дәуірі өкілі Гердер де айтты. Ол ағартушылық дәуір өнерінде бейнеленген геройдың моральдық тұрғыдан мінсіздігін сынады. «Адам да, өмір де өзіндік қайталанбайтын ерекшеліктерімен суреттелуі керектігін айтты.
№2 билет
1.Әдебиет теориясы мен эстетиканың ерте кезеңі.
Әдебиет теориясы - әдебиеттану ғылымының сөз өнерінің табиғатын, оның әдістері мен методологиясын, әдеби процесс, рухани-эстетикалық құндылықтар заңдылықтарын зерттейтін саласы.
Ә. т. осы бағыттағы заңдылықтар мен қағидаларды жүйелеп, поэтикалық, прозалық және драмалық көркем шығармалардың табиғатын тануға қызмет етеді. Ә. т. ұғымдар мен терминдердің, ғылыми қағидалар мен ережелердің құрғақ жиынтығы емес, ол — сол арқылы көркем әдебиетті (өз пәнін) барлық қырынан жан-жақты ашып көрсетудің құралы болып табылады.
Әлемдік әдебиеттану ғылымында қалыптасқан дәстүр бойынша, Ә. т. — зерттеу объектісіне байланысты төрт топқа бөлінеді. Бірінші топтың зерттеу объектілеріне әдебиеттің адамзат қоғамы өміріндегі рөлі, жалпы өнер, мәдениет жүйесіндегі орны, әдеби шығармашылықтың тұтас болмысы, суреткер дүниетанымының эстетик. қуаты, оның даралық талғамының шығармашылық ортақ заңдылықтармен үндесуі, әдеби шығармашылыққа бүтіндей баға беру принциптері жатса, екіншісіәдебиеттің тарихи дамуы, жанрларының, тек пен түрінің ортақ заңдылықтарының қалыптасуы және әдеби процес (ағым, бағыт, кезең, дәуір, әдеби байланыс), көркем шығарманы талдау, қабылдау заңдылықтарын қамтиды. Ә. т. көрсетілген осы мәселелерді зерттеу барысында әдебиет тарихымен қиылысады да, ортақ методол. принциптерді қалыптастырады. Келесі топ әдеби шығармалардың көркемдік-эстетик. сапасын, яғни стиль мен әдеби тіл, сюжет пен композиция, жанрлар үндестігі, типологиясы, тарихилығы мәселелерімен айналысады. Бұл бағытта Ә. т. поэтикамен үндеседі. Соңғы топта, әдебиет рухани-эстетик. құндылық тұрғысынан қарастырылады және ондағы мәңгілік құндылықтар мен өтпелі дүниелерге шынайы баға берілуі, әдеби процестің өз кезеңіндегі үрдістер сараланады. Ә. т. бұл жолы эстетикамен тұтасып, өнердің ортақ теориясымен және әдеби сынмен қиылысады.