1. Су тасқыны дегеніміз құрғақ жердің едәуір бөлігін судың уақытша басуы. Пайда болу себептеріне байланысты су тасқынынын шартты түрде үш топқа бөлуге болады: 1) күшті жауын-шашыннан немесе қардың (мұздың) тез еруінен
1.Су тасқыны Су тасқыны - дегеніміз құрғақ жердің едәуір бөлігін судың уақытша басуы. Пайда болу себептеріне байланысты су тасқынынын шартты түрде үш топқа бөлуге болады: 1) күшті жауын-шашыннан немесе қардың (мұздың) тез еруінен; 2) қуалай соққан желдің әсерінен және өзеннің теңізге құятын сағаларында; 3) су астында жер сілкінудің салдарынан пайда болады.
2.Қар көшкіні Қар көшкіні– тау шыңдары мен құлама беткейлеріндегі қозғалысқа түскен және төмен қарай құлаған қар массасы. Қар көшкінінің құлау себебі беткейдің қарға аса толып кетуінен, беткейде жатқан қар алаңының температуралық қысылуынан және қар қайтадан кристалданғанда, қар кабатының ішінде қиыршық горизонттың пайда болуынан туады.
Қауіпсіздік шаралары:
таулы аймақтардағы жағдайларды бұқаралық ақпараттық құралдаынан тыңдаңыз;
Қауіпті жерлерде адамдар арасындағы қашықтық 20-30 м болсын;
3.Дауыл Дауыл — теңізде күшті толқындар көтеретін, құрлықта бірталай апаттарға себеп болатын өте күшті жел (жылдамдығы >20 м/с). Әдетте, дауыл қарқынды циклондардың өтуімен тығыз байланыста дамиды.Дауылды жел — күшті, кенеттен соғатын, жылдамдығы 20—30 м/с-ке жететін, кейде найзағай мен нөсер қатар жүретін жел. Орта ендіктердегі циклондарды суық ауа шебінің өтуі барысында және өте күшті ауа конвекциясы кезінде байқалады.
4.Боран Боран — күшті желдің (жылд. 15 м/с-тан астам) әсерінен топырақтың, құмның, қиыршықтастың, қардың ұйтқып соғуы. Боран соққан кезде айнала түтеп, ештеңе көрінбей кетеді. Шаруашылыққа орасан зор зиянын тигізеді. Қарлы Боранның Қазақстанда «Арқаның ақ бораны», «ақтүтек», құмды өңірлерде Мойынқұм бораны деп, тауаралық аңғарлар мен жазықтықтағы Боранды Ебі Бораны, Сөгеті Бораны деп атайды. Қазақ атауларында жаяу борасын, суырынды борасын, ақ боран деп те атай береді.
5.Құйын Құйын, атмосферадағы құйын – диаметрі ондаған метрден (су айдынында) жүздеген, мыңдаған километрге дейін (құрлықта) жететін қандай да бір ось бойынша жүретін ауаның айналмалы қозғалысы; ауаның жер бетінен топырақты, қарды немесе суды дөңгелете көтеріп, екпінді қозғалуы. Ол көтерілген кезде жылжып бара жатқан биік бағанаға ұқсайды. Құйын 10 – 20 м/с жылдамдықпен жылжиды. Ондағы дөңгелене ескен желдің жылдамдығы 50 – 100 м/с-қа жетеді
6.Орман өрті Дала және орман өрттері
Орман өрті – абайсыз жағылған от, сөнбей қалған шоқ, кейде найзағадан да пайда болатын апат. Орман өрті көбінесе құрғақшылық жылдары, ерте көктемде және күзде болады. Оның негізгі себебі – ауыл шаруашылығы қалдықтарын өртеген кезде қауіпсіздік талаптарының бұзылуынан туындайды.
7.Дала өрті Дала өрті – дала өсімдіктері арқылы өрттің стихиялық, бақылаусыз таралуы.
Дала өрттерінің негізгі себебі – антропогендік факторлар. Өте сирек жағдайда найзағай және басқа да табиғи факторлар себеп болады.
Алдын –алу:
желді күндері қоқыс қалдықтарын жақпаңыздар, жаққан алаудың толық сөнгеніне көзіңізді жеткізіңіз;
- өрт пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік ержелерін сақтау мақсатында жасөспірімдер мен балалар арасанда әңгіме жүргізіңіз;
- темекі тұқылын және жанып жатқан отты мұқият өшіріңіздер.