№130 (28858) 9 шілде сенбі 2016 жыл ақпараттар ағыны ●


Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі   Е.ДОСАЕВ



Pdf көрінісі
бет30/57
Дата31.03.2017
өлшемі7,41 Mb.
#10891
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   57

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі   Е.ДОСАЕВ.

«КЕЛІСІЛГЕН» 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі

___________ Т.ДҮЙСЕНОВА

2015 жылғы 26 наурыз

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 

2015 жылғы 20 наурыздағы № 239 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, 

оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидалары

1. Жалпы ережелер

1. Осы Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру 

қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 

қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес әзірленген және:

1) шетелден Қазақстан Республикасының аумағына инфекциялық аурулардың әкеліну қаупі төнген кезде;

2) Қазақстан Республикасының жекелеген аумақтарында инфекциялық аурулармен сырқаттану жағдайлары 

пайда болған кезде;

3) Қазақстан Республикасының объектілерінде инфекциялық аурулар тіркелген кезде шектеу іс-шараларын, 

оның ішінде карантинді жүзеге асыру тәртібін айқындайды. 

2. Шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 

жылғы 25 ақпандағы № 130 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 

№ 10527 болып тіркелген) пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин 

енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесінде (бұдан әрі – Тізбе) көзделген инфекциялық аурулар пайда болған 

немесе әкеліну және таралу қаупі төнген кезде енгізіледі.

Тізбеде  көзделмеген  инфекциялық  аурулардың  әкеліну  және  таралу  қаупі  төнген  жағдайда  Кодекстің 21, 

150-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде, жекелеген 

аумақтарда, жекелеген объектілерде тиісті аумақтың (көліктегі) бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің немесе 

оның орынбасарларының шешімімен карантин енгізілмей шектеу іс-шаралары енгізіледі. 

3.  Шектеу  іс-шараларын,  оның  ішінде  карантинді  Қазақстан  Республикасы  аумағында  меншік  нысанына 

қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалар орындауға міндетті. 



2. Шетелден инфекциялық аурулардың әкеліну қаупі төнген кезде шектеу іс-шараларын,

 оның ішінде карантинді жүзеге асыру тәртібі

4.  Тізбеде  көзделген  инфекциялық  аурулардың  әкеліну  және  таралу  қаупі  төнген  жағдайда  Қазақстан 

Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде Кодекстің 21, 150-баптарына сәйкес шектеу 

іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізіледі, олар:

1)  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  шекарасындағы  өткізу  пункттерінде  санитариялық-

эпидемиологиялық  саламаттылық  саласындағы  мемлекеттік  орган  ведомствосының  көліктегі  бөлімшелерінің 

инфекциялық  аурулар  бойынша  қолайсыз  елдерден  келетін  адамдарға  (жолаушыларға,  тасымалдаушыларға, 

экипаж мүшелеріне, бортсеріктерге және басқаларға) жанаспайтын термометрия жүргізуін;

2) инфекциялық ауруларды таратудың ықтимал көзі болып табылатын, сондай-ақ инфекциялық арулармен 

ауырған науқастармен байланыста болған адамдарды медициналық тексеруге жіберуді;

3) инфекциялық аурулармен ауырған науқастарды, инфекциялық ауруларға күдікті адамдарды оқшаулауды 

және емдеуді; 

4)  инфекциялық  аурулар  бойынша  қолайсыз  елдерден  келетін  адамдарды  инкубациялық  кезең  ішінде 

медициналық бақылауды;

5)  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  шекарасы  арқылы  аумақтық  өткізу  пункттерінде  материал  алу 

үшін жиындардың, қорғаныш костюмдерінің, персоналдың жеке профилактика құралдарының, дезинфекциялық 

құралдардың болуын;

6) Мемлекеттік шекарадағы бақылау органдарының қызметкерлеріне инфекциялық аурулардың профилакти-

касы және таралуының алдын алу шаралары бойынша нұсқама жүргізуді; 

7) инфекциялық аурулардың профилактикасы және таралуының алдын алу бойынша тасымалдаушылар мен жо-

лау шылар арасында көліктік бақылау бекеттерінде санитариялық-ағарту және түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қамтиды. 

5.  Эпидемиологиялық  ахуал  тұрақтанған  кезде  Кодекстің 150-баптарына  сәйкес  халықтың  санитариялық-

эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомствосы Қазақстан Республикасының 

Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде және тиісті аумақтарда шектеу іс-шараларының, оның ішінде 

карантиннің күшін жояды. 

3. Қазақстан Республикасының жекелеген аумақтарында инфекциялық аурулар жағдайлары пайда 

болған кезде шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру тәртібі

6. Жекелеген аумақтарда Тізбеде көзделген инфекциялық аурулар пайда болған кезде халықтың санитариялық-

эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің 

басшылары тиісті аумақтарда және көлікте шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізеді, олар: 

1) инфекциялық аурулардың ықтимал тарату көздері болып табылатын, сондай-ақ инфекциялық аурулармен 

ауыратын науқастармен байланыста болған адамдарды зертханалық тексеру нәтижелері алынғанға дейін оларды 

жұмыстан шеттете отырып, медициналық тексеруге жіберуді;

2) Кодекстің 148-бабына сәйкес айналасындағыларға қауіп төндіретін созылмалы инфекциялық аурулармен 

ауыратын науқастарды, созылмалы бактерия тасымалдаушыларды жұмыстан уақытша шеттетуді;

3)  инфекциялық  аурулармен  ауыратын  науқастарды,  инфекциялық  ауруларға  күдікті  адамдарды,  бактерия 

тасымалдаушыларды оқшаулауды және емдеуді; 

4) инфекциялық аурулармен ауыратын науқастармен байланыста болған адамдарды аурудың тиісті клиникалық 

симптомдары  пайда  болған  кезінде  медициналық  бақылауды  және  эпидемиологиялық  көрсетімдері  бойынша 

инкубациялық кезең мерзіміне оқшаулауды және емдеуді; 

5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2295 қаулысына сәйкес оларға қарсы 

профилактикалық егу жүргізілетін аурулардың тізбесіне сай халыққа міндетті түрде вакцинациялау, үй-жайларда 

және көлік құралдарында, аумақтарға, инфекциялық аурулар ошақтарында профилактикалық және ошақтық де-

зинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау жүргізуді қамтиды. 

7. Шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин Кодекстің 150-бабына сәйкес тиісті аумақтардағы және көліктегі 

халықтың  санитариялық-эпидемиологиялық  саламаттылығы  саласындағы  мемлекеттік  орган  ведомствосының 

аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамының тиісті шешімді қабылдаған кезінен бастап 24 сағат ішінде енгізіледі.

8. Шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин арудың соңғы жағдайы тіркелген күннен бастап инкубациялық 

кезең мерзіміне енгізіледі.

9. Елді мекеннің аумағында эпидемиологиялық ахуал тұрақтанған кезде Кодекстің 150-бабына сәйкес тиісті 

аумақтардағы және көліктегі халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік 

орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің басшылары шектеу іс-шараларының, оның ішінде карантиннің 

күшін жояды.

4. Жекелеген объектілерде инфекциялық аурулар тіркелген кезде шектеу іс-шараларын,

оның ішінде карантинді жүзеге асыру тәртібі

10. Жекелеген объектілерде Тізбеде көзделген инфекциялық аурулар тіркелген кезде тиісті аумақтың (көліктегі) 

бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің немесе оның орынбасарларының шешімімен, сондай-ақ ведомстволық 

объектілерде - халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведом-

ствосы бөлімшелерінің басшысы мынадай шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізеді:

1) инфекциялық ауруларды таратудың ықтимал көздері болып табылатын, сондай-ақ инфекциялық аурулар-

мен ауыратын науқастармен байланыста болған адамдарды зертханалық тексерудің теріс нәтижелерін алғанға 

дейін жұмыстан уақытша шеттету;

2) Кодекстің 148-бабына сәйкес айналасындағыларға қауіп төндіретін созылмалы инфекциялық аурулармен 

ауыратын науқастарды, созылмалы бактерия тасымалдаушыларды жұмыстан уақытша шеттету;

3)  инфекциялық  аурулармен  ауыратын  науқастарды  және  науқастармен  байланыста  болған  адамдарды 

эпидемиологиялық көрсетімдері бойынша инкубациялық кезең мерзіміне емдеуге жатқызу.

11. Жекелеген объектілерде эпидемиологиялық ахуал тұрақтанған кезде Кодекстің 150-бабына сәйкес тиісті аумақ-

тың (көліктегі) бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің немесе оның орынбасарларының шешімдерімен, сондай-ақ 

ведомстволық объектілерде – халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мем ле-

кеттік орган ведомствосы бөлімшелерінің басшысы шектеу іс-шараларының, оның ішінде карантиннің күшін жояды.



Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 28 сәуірдегі Нормативтік 

құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №10826 болып енгізілді.

85.  Машинист  кабинасында  жəне  салонда  электромагниттік  сəулеленудің  рұқсат  етілген  шекті  деңгейі  осы 

Санитариялық қағидалардың 3-қосымшасындағы деңгейлерге сəйкес болады.

86. Сапарға жіберілетін штабтық  вагон толық жарақталған екі медициналық дəрі қобдишасымен (ағымдағы жəне 

апаттық), медициналық зембілдермен, жол бойында инфекциялық ауруға күдікті науқас анықталған жағдайда осы 

Санитариялы қ қағидалардың 4-қосымшасына сəйкес эпидемияға қарсы жиынтықпен жабдықталады.

87. Сапарға жіберу алдында барлық вагондар:

1) ал малы-салмалы мүкəммалмен жəне жабдықтармен;

2) медициналық дəрі қобдишасымен;

3) машинистпен радио арқылы байланыспен қамтамасыз етіледі. 

88.  Арнайы  вагондарда  туберкулез  микробактерияларын  бөлетін  жəне  микробактерияларын  бөлмейтін 

науқастар бөлек жайларға орналастырылады жəне дəріге сезімталдық қорытындысы бойынша: көптеген дəріге 

көнбейтінтуберкулез қалғандардан бөлек, кең көлемді дəріл ерге көнбейтін туберкулез қалғандарынан бөлек, дəріге 

сезімталдық тест нəтижесі белгісіз қалғандарынан бөлек оқшауланады. Науқастар бір рет пайдаланатын хирургиялық 

бетпердемен, бір науқасқа 3-5 данадан кем емес бір рет пайдаланатын түкіргіштермен қамтамасыз етіледі.

89. Жолаушылар поезының жəне МВҚҚ құрамына:

1)  суық  жəне  ыстық  сумен  жабдықтау  жүйесі,  жылу,  желдеткіш,  электр  жарығы,  санитариялық-техникалық 

жабдықтар, тоңазытқыштар, дəретханалардағы су ағызу тетігі жарамсыз болғанда;

2) микроклиматы гигиеналық нормативтерге сəйкес келмеген жағдайда;

3)  вагондардың  үй-жайлары  лас,  əйнегі  жоқ  немесе  сынған,  салқын  жəне  жылдың  ауыспалы  мезгілінде 

терезелердің жақтаулары бекітілмеген, есіктері жарамсыз болғанда;

4) тұрмыстық жəндіктер мен кеміргіштер болған жағдайда;

5) алмалы-салмалы мүкəммалдармен жəне жабдықтармен жеткіліксіз жабдықталғанда;

6) жатын вагондардың төсек орын жабдықтарымен, төсек керек-жарақтарымен жеткіліксіз жабдықталуы орын 

алған жағдайда вагондарды пайдалануға қосуға жол берілмейді. 

90. Жолаушылар поезының жол бойында вагонның үй-жайларын ылғалды жинау жуу жəне дезинфекциялау 

құралдарын қолдану арқылы тəулігіне екі реттен сиретпей жəне ластанған кезде, дəретханаларда тəулігіне кемінде 

төрт рет жүргізіледі. Кілем алашалар, жұмсақ жиһаздар шаңсорғышпен тəулігіне кемінде екі рет шаңнан тазарты-

лады. Жинау жұмыстары арнайы киіммен жүргізіледі. 

91. Туберкулезбен ауыратын сотталғандарды тасымалдау үшін арнайы вагондарды залалсыздандыру тəртібі 

туберкулезге қарсы стационарларға қойылатын талаптармен сəйкес келуі қажет. 

92. Əрбір аялдама пунктінде жолаушылар шыққанға (отырғанға) дейін ұстағыш тұтқалар шүберекпен сүртіледі.

93.  Жолаушылар  төсек  керек-жарақтарымен  жəне  төсек  жабдықтарымен  қамтамасыз  етіледі.  Төсек  керек-

жарақтарынсыз төсек жабдықтарынсыз пайдалануға, өз төсек жабдықтарын пайдалануға жол берілмейді.

94. Таза жəн е пайдаланылған төсек жабдықтарын бір үй-жайда сақтауға жол берілмейді. Жол бойында жəне жолау  -

шылар поездарының айналым пункттерінде пайдаланылған төсек жабдықтары қапшықтарға сал ынып, пломбаланады.

95. Шай керек-жарақтарына жəне ыдыс-аяққа арналған шкафта бөгде заттарды сақтауға жол берілмейді.

96.  Өткізілетін  тамақ  өнімдері  мен  сусындар  ассортименті  тиісті  аумақтағы  халықтың  санитариялық-

эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствасымен келісіледі.

97. Вагондарда өткізілетін тамақ өнімдері мен сусындардың, сапасы мен қауіпсіздігін куəландыратын құжаттары болады.

98. Кондитерлік өнімдер жолаушыларға дайындаушы зауыттың қаптамасында беріледі. Шай, кофе, кондитерлік 

өнімдерді, ланч-бокстарды таратуды жолсеріктер санитариялық киіммен (алжапқыш немесе күрте) жүргізеді.

99. Жол сапары бір тəуліктен ұзақ болса, жолаушылар поезының схемасына вагон-мейрамхана енгізіледі.

100. Жолаушылар вагондарын санитариялық-эпидемиологиялық тексеру нəтижелері сапар журналына актіленеді.



5. Ұйымдастырылған балалар ұжымдарын тасымалдауға қойылатын 

санитариялық-эпидемиологиялық талаптар 

 101. Балалардың сапарын ұйымдастырушылар жөнелтуге дейін кемінде бес тəулік бұрын жоспарланған мерзім  

жəне балалар саны туралы ақпаратты тиісті аумақтағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы 

саласындағы мемлекеттік орган ведомствасына жолдайды.

102. Сапарды ұйымдастырушылар ұйымдас тырылған балалар ұжымының өлшеп-оралған ауыз сумен қамтамасыз 

етілуін көздейді. 

103. Барлық балалар тəулігіне кемінде үш рет шаймен қамтамасыз етіледі. Сапардың ұзақтығы бір тəуліктен 

асқан кезде ұйымдастырылған балалар ұжымы ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. 

104. Ұйымдастырылған балалар ұжымын медицина қызметкері бірге алып жүреді. Медициналық персонал тиісті 

аумақтың халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомства-

сынан нұсқамадан өтеді. Медициналық қызметкерде медициналық қобдиша болады.

105.  Ұйымдастырылған  балалар  ұжымдарын  сүйемелдептін  мектепке  дейінгі  ұйымдардың,  мектеп-

интернаттардың, жыл бойы жұмыс істейтін, маусымдық сауықтыру жəне шипажай ұйымдарының, балалар үйлерінің, 

оқу орындарының қызметкерлері міндетті.медициналық тексеріп-қараудан өтеді, оларда медициналық тексеріп-

қараудан өткен жəне жұмысқа рұқсаты бар өзімен бірге белгіленген үлгідегі жеке медициналық кітапшалары № 

126 қағидаға сəйкес болады.

106.  Балалар  ұжымдарын  тасымалдауға  арналған  жолаушылар  вагоны  осы  Санитариялық  қағидалард ың 

5-қосымшасына сəйкес қосымша педикулезге қарсы өңдеулер жүргізуге арналған қосымша жиынтықпен жасақталады. 

107. Ұйымдастырылған балалар ұжымдарын отырғызу кезінде бірінші кезекте кіші жастағы топтың балалары 

орналастырылады. Вагонға балалар мен ересек жолаушыларды бірге орналастырған кезде балалар үшін жеке 

дəретхана бөлінеді.

108.  Ұйымдастырылған  балалар  ұжымдарының  жол  жиынтығына  (құрғақ  тағам),  вагон-мейрамханаларда 

ұйымдастырылған балалар ұжымына берілетін ыстық тағамдар мен өнімдерге енгізілетін өнімдер ассортиментін 

балалардың  сапарын  ұйымдастырушылар  құрастыру  пункттерінде  тиісті  аумақтың  халықтың  санитариялық-

эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствасымен келіседі. Жол жиынтығына 

(құрғақ тағам) мына өнімдерді енгізуге рұқсат етіледі:

1) ет, бұқтырылған ет (күріш, жарма, макарон бұйымдары мен еті бар көкөніс) консервілері, еті бар консервіленген 

түскі тағам;

2) көкөніс консервілері, өз шырынындағы балық консервілер;

3) тез дайындалатын өнімдер (лапша, картоп езбесі);

4) печенье, галеттер, крекерлер, пряниктер, жұмсақ кəмпиттер, нан жəне тоқаш өнімдері;

5) өнеркəсіпте өндірілген, жеке қаптамадағы өлшеп-құйылған жеміс жəне жидек сусындары, өлшеп-құйылған ауыз су.

109. Жолаушылар вагонына науқас (қызуы көтерілген, іш өту, құсу, іштің түйнеп ауыру белгілері бар) бала-

ларды отырғызуға жол берілмейді. Жол бойында аурудың жіті түрінің белгілері бар бала анықталған кезде бала 

жеке купеге оқшауланады.

110. Балалар ұжымын алып жүретін медицина қызметкері ауырған бала туралы поезд бастығына хабарлайды жəне 

одан əрі жүру мүмкіндігін немесе науқ асты жол бойындағы жақын станциядағы ауруханаға жатқызу қажеттігін айқындайды. 

111. Ұйымдастырылған балалар ұжымдарының жөнелту, келу жəне жол бойындағы станцияларда науқастардың 

анықталуы туралы, сондай-ақ поездарда ұйымдастырылған балалар ұжымдарын тасымалдау жағдайына қойылатын 

талаптардың  бұзылу  фактiлерi  туралы  ақпарат  жол  бағыты  бойынша  жақын  вокзалдың  медициналық  пунктiне 

жəне тиісті аумақтың халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік ор-

ган ведомствасына берiледi.

  6. Жолаушылар поезының вагон-мейрамханасына қойылатын 

санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

 112. Вагон-мейрамхана үй-жайының құрамына мыналар кіреді: асүй бөлімі, асхана ыдыстарын жуатын бөлме, 

сервиз орны, буфет бөлімі, азық-түлік сақтау қоймалары, түскі ас залы.

113. Буфет-купенің үй-жайлар жиыны: асүй бөлімі (тек жартылай дайын өнімдер жəне тез мұздатылған дайындық 

деңгейі жоғары аспаздық өнімдер п айдаланылады), асхана ыдыстарын жуу бөлмесі, сервиз орны, азық-түлік сақтау 

қоймалары, бар тіреуі кіреді. 

 114. Кодекстің 62-бабы 8 тармағына сəйкес, тиісті санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды бар болса, бу-

фет-бармен жолаушылар поезының немесе электрпоезының вагонын жабдықтауға жол беріледі. 

115. Буфет-барда мыналар көзделеді: жайма сөрелері, шкафтары, сөрелері, бар үстелі, тоңазытқыш жабдығы 

(шкафтар, сатушы сөрелері, жайма сөрелері бар), аспаптары бар бір рет  пайдаланылатын ыдыстар, келушілерге 

арналған бекітілген үстелдер жəне жартылай жұмсақ арқалы орындықтар, қақпағы жəне полиэтилен қапшықтары 

бар, тағам қалдықтарына арналған қоқыс жинағыш, жинау мүкəммалы.

116. Шикі өніммен жəне (немесе) жартылай дайын өнімдермен жұмыс істейтін вагон-мейрамхананың асүйі не-

месе купе-буфеті үшін мынадай технологиялық жабдықтар көзделеді: бұқтыру шкафы бар плита, дайын тағамды 

жылытуға арналған жылу шкафы, ӨЖЖ пеш немесе конвекциялық (термобу бар) пеш, тоңазыту шкафтары, шикі 

жəне дайын өнімдерге арналған өндірістік үстелдер, қызмет көрсетуге арналған үстел (асүй мен қызмет көрсететін 

орын арасындағы қабырғада), 2 секциялы, асүй ыдыстарын жууға арналған жуғыш, тағамдарға арналған жу ғыш, 

мұздатылған тағамдарды ерітуге арналған шкаф (конвекциялық пеш жоқ болған жағдайда), дəмдеуіштерге арналған 

шкаф, кептіретін шкаф жəне ыдыстар мен асүй мүкəммалын сақтауға арналған шкаф, қақпағы жəне полиэтиленді 

қапшығы бар, тамақ қалдықтарына арналған қоқыс жинағыш, өндірістік үстелдердің үстіне ілінетін желдеткіштер. 

117. Жабдықтау пунктінде: 

1) вагон-мейрамхана үй-жайларын жуу жəне дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, күрделі жинау; 

2) вагон-мейрамханаға ауыз су толтыру; 

3) ағымдық жөндеу мен техникалық қызмет көрсету; 

4) қатты жəне жұмсақ мүкəммалды жəне ыдыстарды тиеу; 

5)азық-түлік шикізаттарын, тамақ өнімдерін, сусындарды тиеу жүргізіледі. 

Дезинсекциялық өңдеу жоспарлы жəне эпидемиологиялық айғақтар бойынша, үй-жайларды дератизациялық 

өңдеу эпидемиологиялық айғақтар жəне өтінім бойынша жүргізіледі.

Вагон-мейрамханадағы су сақтайтын ыдыстар жабдықтау пункттерінде он күнде кемінде бір рет сиретпей та-

заланады, жуылады жəне дезинфекцияланады. 

118. Вагон-мейрамхананың ас блогы мынадай өндірістік учаскелерге бөлінеді: асүй ыдыстарын жуатын орны бар 

асүй, асхана ыдыстарын жуатын бөлме, қызмет көрсететін орын, буфет бөлімі жəне сақтау қоймасы. 

119. Вагон-мейрамхананың өндірістік жəне тұрмыстық үй-жайларын басқа мақсаттар үшін пайдалануға жол 

берілмейді. 

120. Түскі ас залы қаптамасы ылғалды жинау жəне дезинфекциялау үшін төзімді материалдардан жасалған, 

бекітілген үстелдермен жартылай жұмсақ орындықтармен жабдықталады. Периметрі бойынша үстелдерде биіктігі 

кемінде 5 мм ернеу болады. 

121. Үй-жайға ағымдық жинау жуу жəне дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып ластануына қарай, бірақ 24 

саға т ішінде кемінде екі рет жүргізіледі. Жуу жəне дезинфекциялау құралдары арнайы бөлінген орында өндірушінің 

ыдысында немесе қақпағы бар күңгірт, таңбаланған ыдыста сақталады.

122. Жинау мүкəммалы таңбаланады, əрбір өндірістік учаскеге, үй-жайларға бекітіледі жəне арнайы бөлінген 

орындарда бөлек сақталады. 

123. Өндірістік жабдық, өнімдерді өңдеуге арналған механизмдер технологиялық үдерістің ағымдылығын жəне 

оларға персоналдың еркін бару мүмкіндігі ескере отырып орналастырылады. 

124. Ас блогында плита периметрі бойынша ернеумен жəне шығып тұрған ауа шығару шатырымен жабдықталады. 

Вагон-мейрамхананың ас блогында мынадай өндірістік жабдықтар орнатылады: 

1) бұқтыру шкафы бар плита; 

2) конвекциялық пеш (топтастырылған термобуы бар); 

3) тоңазытқыш жабдық (шкафтар, жайма сөрелер, сөрелер, камералар); 

4) шикі жəне дайын өнімдерге арналған өндірістік үстелдер; 

5) қызмет көрсетуге арналған үстел; 

6) дəмдеуіштерді, ыдыстарды жəне асүй мүкəммалын сақтауға арналған шкафтар, кептіргіш; 

7) қақпағы жəне полиэтиленді қапшығы бар, тамақ қалдықтарына арналған қоқыс жинағыш. 

125. Ұзақ мұздатылатын дайын өнімді пайдалану кезінде төмен температуралық тоңазыту жабдығы қосымша 

көзделеді.

126. Ас блогында көкөністерді қысқа мерзімге сақта уға жəне өңдеуге арналған орын бөлінеді.

127. Шикi жəне пiсiрiлген өнiмдердi дайындауға арналған өндiрiстiк үстелдер жиегі дөңгелектелген, саңылауы 

жоқ жабындармен жасалады.

128. Жуу үй-жайында мыналар орнатылады: 

1) пайдаланылған асхана ыдыстарын қабылдауға арналған үстел;

2) ыдыстарды жуу үшiн - ваннаның əр ұясына себезгiлiк саптамалары бар араластырғыш арқылы ыстық жəне 

суық су бе рiлетін жəне ағызу саңылауларын жабу үшін шынжыр баумен байланған тығындары бар асхана ыдыстары 

мен асханалық құралдарды жууға арналған екі секциялық ванналар;

3) таза ыдыстарды кептiруге жəне сақтауға арналған орын;  

4) тағам қалдықтарына арналған педальді, қақпағы бар қоқыс жинағыш. 

129. Сервиз орнында дайын тағамдарды қабылдауға арналған үстел, таза аспаптар мен стакандарды сақтауға 

арналған шкаф көзделеді. 

130. Қойма үй-жайларында көкөнiстердi, картопты, жемiс-жидектердi сақтауға арналған жəне құрғақ өнiмдердi 

сақтау үшін жеке орын бөлiнедi, шикi жəне дайын өнiмдердi сақтауға арналған тоңазытқыш жабдығы орнатылады.

131. Ас блогы шикi еттi тартуға арналған  еттартқыш немесе ауыстыратын құралы бар əмбебап турағыш ме-

ханизммен қамтамасыз етiледі. Пiсiрiлген өнiмдердi ұнтақтау үшiн еттартқышты пайдалануға жол берілмейді. 

132.  Тағамдарды  турау  үшiн  тегiс,  тесіктері  мен  саңылаулары  жоқ  бөлшектеу  тақтайлары  пайдаланылады. 

Пышақтар мен бөлшектеу тақтайлары мақсатына қарай таңбаланады: «ШЕ» (шикi ет), «ШБ» (шикi балық), «ПБ» 

(пiскен балық), «ПЕ» (пiскен ет), «ШК» (шикі көкөніс), «ПК» (піскен көкөніс) «ЕГ» (ет гастрономиясы), «БГ» (балық 

гастрономиясы), «Н» (нан), «М» (майшабақ). 

133. Шикi жəне дайын өнi мдерге арналған бөлшектеу тақтайлары мен пышақтар бөлек сақталады. Тақтайлар 

арнайы  белгiленген  жердегi  ұяшықтарда  қырынан  қойылып  сақталады,  бiрiнiң  үстiне  бірін  қойып  сақтауға  жол 

берілмейді.

134.  Алюминийден  жəне  дюралюминийден  жасалған  ыдыстар  тамақ ты  дайындау  жəне  қысқа  мерзiмге  (бiр 

сағаттан асырмай) сақтау үшiн ғана пайдаланылады. 

135. Фаянстан, фарфордан, шыныдан жасалған асхана жəне шай ыдыстары, тот баспайтын болаттан жасалған 

асхана құралдары пайдаланылады. Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етiлген полимерлi материалдан 

жасалған ыдыстарды қолдануға жол беріледі. 

136. Ы дыс-аяқтарды, асхана құралдары мен айналыстағы ыдыстарды жуу мынадай тəртіпте жүргiзiледі:

1) механикалық жолмен тамақтың қалдықтарынан тазалау;

2) жуу құралдарын қосып, температурасы +40°C-тен төмен болмайтын суда жуу;

3) ыдыстарды температурасы +65°C төмен болмайтын ыстық ағынды сумен шаю; 

4) ыдыстарды торланған сөрелерде, стеллаждарда кептiру. 

137. Жұмыс күнiнiң соңындаасхананың барлық ыдыстары менқұралдары дезинфекцияланады. 

138.Жұмыс  соңында  өндiрiстiк  үстелдер  жуу  жəне  дезинфекциялау  құралдарын  қолдана  отырып  жуылады, 

ыстық сумен шайылады. 

139.  Əрбiр  технологиялық  операциядан  кейiн  бөлшектеу  мүкəммалы  механикалық  тазартылады,  жуу 

құралдарымен ыстық сумен жуылады,ыстық ағынды сумен шайылады, тор көзді металл стеллаждардакептіріледі.

140. Жұмыс соңында əмбебап тетіктің алмалы-салмалы механизмдері немесе еттартқыш бөлшектеледі, жуы-

лады, ыстық сумен өңделеді, кептiрiледі жəне арнайы бөлiнген орында сақталады. 

141. Ыдыстарды жууға арналған щеткалар күн сайын жұмыстан кейiн жуылады, 10-15 минут бойы қайнатылады, 

кептiрiледі жəне арнайы бөлiнген орында сақталады. 

142. Сорпаны сүзуге арналған елек əрбiр  қолданған сайын ыстық сумен жуылады жəне кептiрiледi. 

143. Асүйдің таза ыдысы мен құралдары арнайы аспалы шкафтарда, жартылай дайын өнiмдерге арналған 

ыдыстар арнайы белгiленген жерде сақталады. 

144.  Тез  бұзылатын   тамақ  өнімдерін  сақтау  шарттары  жəне  өткізу  уақыты  сақталады,  ілеспе  құжаттарында 

олардың дайындалған, өткізуге жiберілген уақыты жəне өткізу мерзiмi көрсетiледі. 

145. Вагон -мейрамханаға мыналарды: 

1) сапасы мен қауiпсiздiгiн растайтын iлеспе құжаты жоқ азық-түлiк шикiзаттары мен тамақ өнiмдерін;

2) ветеринариялық сертификаты жəне таңбасы жоқ еттi, субөнiмдерін;

3) флягаларға құйылған сүт жəне сүт өнiмдерiн;

4) вет еринариялық сертификаты жоқ балық, шаян, ауыл шаруашылығы құстарын, iшек-қарыны тазартылмаған 

құстарды;

5) сыртқы қабығы ластанған, кертілген, аққан, жарылып қалған жұмыртқаларды, сондай-ақ сальмонеллез бой-

ынша қолайсыз шаруашылықтардың тауық жұмыртқаларын, үйрек, қаз жəне басқа да құстардың жұмыртқаларын; 

6) тұмшалануы бұзылған, қақпағы дүмпиген, сыртын тот басқан, сырт пiшiнi бұзылған, заттаңбасы жоқ консервi 

банкілерiн;

7) қамба зиянкестерімен зақымдалған жарма, ұн, кептiрiлген жемiстер жəне басқа өнiмдердi; 

8) көгерген жəне шiрiген белгiсi бар көкөнiстер мен жемiстердi; 

9) жеуге жарамайтын, құрттаған, езілген саңырауқұлақтарды;

10) жарамдылық мерзiмi аяқталған жəне сапасыздық белгілері бар тамақ өнімдерін; 

11) үйде дайындалған өнімдерді қабылдауға жол берілмейді. 

146. Вагон-мейрамханада дайын өнiмдерді, шикi өнімдерді, жартылай дайын өнiмдердi сақтау нақты өнімге 

арналған  нормативтік  құжаттама  талаптарына  сəйкес  сақтау  мерзімдерін,  тасыма лдау  жəне  өткізу  шарттарын 

сақтай отырып, тоңазытқыштарда бөлек жүргізіледі. Шикi жұмыртқаларды гастрономиялық жəне сүт өнiмдерiмен 

бiрге сақтауға жол берілмейді.

147. Тез бұзылатын жəне өзге де өнiмді сақтау кезінде температуралық режимді сақтау м ақсатында тоңазытқыш 

жабдығы жолаушылар поезының барлық жолы бойында электр энергиясымен жəне бақылау термометрлерімен 

жарақталады. 

148. Нан жəне сусымалы өнімдер шкафта сақталады, шкафтың төменгі сөресі еденнен кемінде 35 сантиметр 

(бұдан əрі – см) қашықтықта орналасады. Нанға арналған шкафтың есігінде желдетуге арналған саңылау көзделеді. 

149. Сары май зауыт қаптамасында немесе кесек түрiн де пергаментке оралған күйде сақталады. Сүт жəне сүт 

өнiмдерiн салмағы 0,5 л аспайтын ұсақ қаптамада қабылданады.

150. Вагон-мейрамханада тамақтармен бұйымдардың ассортименті тиісті аумақтың халықтың санитариялық-

эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствасымен келісіледі.

151. Тамақ шағын партиямен дайындалады, ыстық тамақтарды тарату плитадан тiкелей жүргіз іледі. Жаңа пiскен 

тамақты өткен күнгi тамақтың қалдығымен араластыруға жол берілмейді. 

152. Бiрiншi тамаққа арналған пiскен ет порциялары тоңазытқышта 6 сағаттан асырмай сақталады жəне ол 

қолдану алдында он минут бойы қайта термиялық өңделеді жəне +70 °C-тан төмен емес температурада 3 сағаттан 

асырмай сорпада ұсталады. 

153. Тартылған ет аз партиямен дайындалады жəне +2 °C-тан аспайтын температурада 3 сағаттан асырмай 

сақталады. Тартылған етті салқын емес жерде сақтауға жол берілмейді. 

154. Көкөнiстер, жемiстер, жидектер, тазартылған көкөнiс жəне аскөк ағынды ауыз сумен мұқият жуылады.

155. Ыстық тамақтар таратылуға дейін бір сағат бұрын дайындалады, о ларды өткізу мерзімі 3 сағаттан аспайды. 

Бiрiншi тамақ +75 °C төмен емес, екiншi тамақ +65 °C-тан төмен емес, салқын сорпалар, сусындар +14 °C жоғары 

емес температурада ұсталады.

156. Салқын тамақтар дайындалған кезден бастап тоңазытқыш шкафта екі сағаттан асырмай, бутербродтар 

бір сағаттан асырмай сақталады. 

157. Вагон-мейрамханада мыналарға: 

1) сiлiкпелердi, құймаларды, паштеттердi, тартылған ет қосылған мак арондарды, ет оралған құймақшаларды, 

ет қосылған самсаларды жəне винегреттердi дайындауға;

2) II-III санатқа жататын субөнімдерден пiсiрiлген тағамдарды жəне өкпе-бауырдан жасалған шұжықтарды өткізуге;

3) «өзіндік квас» дайындауға жəне пастерленбеген сүттен жасалған сүзбенi өткіз уге жол берілмейді. 

158. Ас дайындаған вагон-мейрамхананың аспазы дайын тамақтардың сапасын осы Санитариялық қағидалардың 

6-қосымшасына сəйкес нысан бойынша жартылай дайын өнімдердің, тағамдар мен аспаздық өнімдердің сапасын 

органолептикалық бағалау журналына тиісті жазбаны жаза отырып, таратуға дейін тексереді. 

159. Вагон-мейрамханада зертханалық бақылауды тиісті аумақтың халықтың санитариялық-эпидемиологиялық 

саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствасының лауаз ымды тұлғалары жүзеге асырады. 

160.  Вагон-мейрамханаға  азық-түлiк  шикiзаты  мен  тамақ  өнiмдерiн  тасымалдауды  Кодекстің 62-бабының 

8-тармағына сəйкес санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы бар арнайы көлiк жүзеге асырады.

161. Азық-түлiк шикiзаты мен тамақ өнімдерін қоса алып жүретін жəне оларды тиеу мен түсіруді орындайтын 

адамдар арнайы киiмде жұмыс істейді.

162.  Тез  бұзылатын  өнімдер  салқындатылатын  немесе  изотермиялық  көлiк  құралында  тасымалданады. 

47) ұйымдастырылған балалар ұжымы – ересектер мен медицина қызметкерінiң алып жүруiмен, бiр көлікте бiр 

бағыт бойынша жүретiн, 6 жастан бастап 18 жасқа дейiнгi, құрамы кемiнде он баладан тұратын ұжым;

48) шикі жүк – құрамында сұйықтық бар немесе өзінің табиғаты бойынша сұйықтық бөлуі немесе сұйықтық түзуі 

мүмкін жүк (су өткізбейтін контейнердегі сұйықтық, қаптамаланбаған шикі ет, мұздатылған балық, малдың ішек-

қарыны, терілері, су өткізбейтін контейнердегі былғары жəне жануарлар);

49). ішкі жүзу кемесі – ішкі су жолдарында пайдалануға арналған кеме.

4.  Жолаушылар  мен  жүктерді  тасымалдауға  арналған  көлік  құралдарының  қызметкерлері  Қазақстан 

Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушымен 2015 жылғы 28 ақпандағы №175 бұйрығымен 

бекітілген  Міндетті  медициналық  тексеріп-қарау  жүргізілетін  зиянды  өндірістік  факторлар,  кəсіптер  тізбесіне, 

Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 10987 болып енгізілді, 

жəне Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушымен 2015 жылғы 24 ақпандағы №128 

бұйрығымен бекітілген Міндетті медициналық қарап тексеруді өткізу қағидаларына сəйкес, міндетті медициналық 

тексеріп қараудан өтеді, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеудің тізіліміне 

№ 10634 болып енгізілді.

5.  Декреттелген  топтар  қызметкерлерінің  өзімен  бірге  медициналық  тексеріп-қараудан  өткені  туралы  жəне 

жұмысқа  кіру  рұқсаты  бар  деген  белгісімен,  Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  экономика  министрінің  міндетін 

атқарушымен 2015 жылғы 24 ақпандағы  №126  бұйрығымен  бекітілген  бекіткен  нысан  бойынша  медициналық 

кітапшасы  болады,  Қазақстан  Республикасының  нормативтік  құқықтық  актіні  мемлекеттік  тіркеудің  тізіліміне  № 

10638 болып енгізілді (бұдан əрі – № 126 қағида).

6. Жұмыс орындары дəрі-дəрмектер жиынтығы мен таңу материалдары бар медициналық қобдишамен Қазақстан 

Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 368 бұйрығымен бекітілген Автомобильдегі 

алғашқы медициналық көмек қобдишасының дəрілік заттары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарының тізбесін 

қамтамасыз етіледі, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 

9649 болып енгізілді.

7. Жинау жəне дезинфекциялау үшін Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген жуу жəне дезинфек-

циялау құралдары (бұдан əрі – жуу жəне дезинфекциялау құралдары) пайдаланылады.

 2. Жолаушылар вагондарын жобалауға, салуға, реконструкциялауға, жөндеуге жəне 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет