№130 (28858) 9 шілде сенбі 2016 жыл ақпараттар ағыны ●


 Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық



Pdf көрінісі
бет53/57
Дата31.03.2017
өлшемі7,41 Mb.
#10891
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық 

бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) іс-қимыл тəртібінің сипаттамасы

5.  Көрсетілетін  қызметті  алушының  Стандарттың 9-тармағына  сəйкес  қоса  берілген  құжаттары  бар  өтініш 

мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету рəсімінің (əрекетінің) басталуына негіздеме болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің  құрамына кіретін əрбір рəсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындау 

ұзақтығы:

1) көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесі қызметкерінің қағаз жеткізгіште ұсынылған материалдардың сканерлен-

ген көшірмелерімен қоса, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға арналған өтінішті түскен күні тіркеуі;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттармен танысады, 1 (бір) жұмыс күні ішінде жауапты орын-

даушыны айқындайды;

3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушының бірінші жəне екінші 

жауапкершілік деңгейіндегі техникалық жəне технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың 

сенімділігін  жəне  орнықтылығын  техникалық  зерттеп-қарау  бойынша  техникалық  қадағалау  жəне  сараптама 

жұмыстары бойынша инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі рұқсат 

беру талаптарына сəйкестігі не сəйкес еместігі тұрғысынан құжаттарды тексеруді жүзеге асырады, 6 (алты) жұмыс 

күні ішінде аккредиттеу комиссиясына құжаттарды дайындайды;

4)  аккредиттеу  комиссиясы  құжаттарды  қарайды  жəне  хаттаманы  көрсетілетін  қызметті  берушінің  жауапты 

орындаушысына береді – 7 (жеті) жұмыс күнінен аспайды;

5)  көрсетілетін  қызметті  берушінің  жауапты  орындаушысы  куəлік  не  жазбаша  түрде  мемлекеттік  қызметті 

көрсетуден бас тарту туралы дəлелді жауап дайындайды жəне басшыға қол қою үшін жібереді – 1 (бір) жұмыс 

күнінен аспайды;

6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қағаз жеткізгіштегі куəлікке не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас 

тарту туралы дəлелді жауапқа қол қояды – түскен күні.

7. Мынадай рəсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі 

рəсімнің (іс-қимылдың) нəтижесі:

өтінішті тіркеу;

көрсетілетін қызметті беруші басшысының жауапты орындаушыны айқындауы;

құжаттарды тексеруді жүзеге асыру;

құжаттарды аккредиттеу комиссиясының қарауы;

куəлік не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дəлелді жауап дайындау;

көрсетілетін  қызметті  беруші  басшысының  куəлікке  не  мемлекеттік  қызметті  көрсетуден  бас  тарту  туралы 

дəлелді жауапқа қол қоюы.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық 

бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) өзара іс-қимыл тəртібінің сипаттамасы

 8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің 

(жұмыскерлерінің) тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері:

2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;

3) көрсетілетін қызметті берушінің аккредиттеу комиссиясы;

4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.

9. Əрбір рəсімнің (іс-қимылдың) ұзақтықтығын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық 

бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) арасындағы рəсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:

1)  көрсетілетін  қызметті  берушінің  кеңсе  қызметкері  құжаттарды  түскен  күні  қабылдауды,  оларды  тіркеуді 

жүзеге асырады;

2) 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттармен танысады, жауапты орын-

даушыны айқындайды;

3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талапта-

рына сəйкестігін не сəйкес еместігін анықтау үшін құжаттарды тексеруді жүзеге асырады, құжаттарды аккредиттеу 

комиссиясына дайындайды – 6 (алты) жұмыс күнінен аспайды;

4)  аккредиттеу  комиссиясы  құжаттарды  қарайды  жəне  хаттаманы  көрсетілетін  қызметті  берушінің  жауапты 

орындаушысына береді – 7 (жеті) жұмыс күнінен аспайды;

5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы куəлік не жазбаша түрде мемлекеттік қызметті көр се-

туден бас тарту туралы дəлелді жауап дайындайды жəне басшыға қол қоюға жібереді – 1 (бір) жұмыс күнінен аспайды;

6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қағаз жеткізгіштегі куəлікке не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас 

тарту туралы дəлелді жауапқа қол қояды – түскен күні.

Мемлекеттік  қызметті  көрсету  процесіндегі  көрсетілетін  қызметті  берушінің,  көрсетілетін  қызметті  берушінің 

құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) арасындағы рəсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау осы 

регламентке қосымшаға сəйкес мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында келтірілген.

«Бірінші жəне екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша техникалық қадағалауды 

жəне техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу» мемлекеттік 

көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша

«Бірінші жəне екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша техникалық қадағалауды жəне 

техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу» мемлекеттік қызметін 

көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

- мемлекеттік қызмет көрсетудің басталуы немесе аяқталуы;

- көрсетілетін қызметті берушінің жəне олардың құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) 

рəсімінің (іс-қимылының) атауы;

– келесі рəсімге (іс-қимылға) көшу.

Бұйрық Қазақстан Республикасының Əділет министрлігінде 2016 жылғы 15 наурызда Нормативтік 

құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №13459 болып енгізілді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығы

2016 жылғы 30 наурыз                              №151                               Астана қаласы



«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет 

меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет 

стандартын бекіту туралы

«Мемлекеттік  көрсетілетін  қызметтер  туралы» 2013 жылғы 15 сəуірдегі  Қазақстан  Республикасы  Заңының 

10-бабының 1) тармақшасына сəйкес бұйырамын:

1.  Қоса  беріліп  отырған  «Сауда-саттықты  (конкурстарды,  аукциондарды)  өткізуді  талап  етпейтін  мемлекет 

меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық 

істері жəне же р ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тəртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Əділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Əділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн 

ішінде оның көшірмесін баспа жəне электрондық түрде ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына жəне 

«Əділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде 

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық 

құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

3)  осы  бұйрықты  Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  экономика  министрлігінің  интернет-ресурсында  жəне 

мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Əділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні 

ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) жə не 3) 

тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мəлімет ұсынуды қамтамасыз етсін.

3.  Осы  бұйрықтың  орындалуын  бақылау  жетекшілік  ететін  Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  экономика 

вице-министріне жүктелсін.

4.  Осы  бұйрық  алғашқы  ресми  жарияланған  күннен  кейін  күнтізбелік  жиырма  бір  күн  өткен  соң  қолданысқа 

енгізіледі.



Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Е.ДОСАЕВ

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 

2016 жылғы 30 наурыздағы №151 бұйрығымен бекітілген

«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер 

учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

1. «Сауда-саттықты  (конкурстарды,  аукциондарды)  өткізуді  талап  етпейтін  мемлекет  меншігіндегі  жер 

учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан əрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі əзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана жəне Алматы қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар 

қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің жергілікті атқарушы 

органдары (бұдан əрі - көрсетілетін қызметті берушілер) көрсетеді.

Өтініштерді  қабылдау  жəне  мемлекеттік  қызмет  көрсету  нəтижелерін  беру  көрсетілетін  қызметті  берушінің 

кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тəртібі

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1)  көрсетілетін  қызметті  берушіге  құжаттар  топтамасын  тапсырған  күннен  бастап - 30 (отыз)  жұмыс  күні, 

көрсетілген мерзімге жерге орналастыру жобасын əзірлеу кезеңі кірмейді;

құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған кезде өтінішті қараудан бас тарту - 2 (екі)жұмыс күні;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут;

3) қызмет көрсетудің жол берілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нəтижесі: жер учаскесіне құқық беру туралы шешім немесе осы стандарттың 

10-тармағындағы көрсетілген жағдайларда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту.

Мемлекеттік қызметті көрсету нəтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

7. Мемлекеттік қызмет жеке жəне заңды тұлғаларға (бұдан əрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетіледі.

8. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сəйкес демалыс жəне ме-

реке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен 

сағат 9.00-ден 18.30- ға дейін; 

өтініштер қабылдау жəне мемлекеттік көрсетілген қызметтің нəтижесін беру сағат 13.00-ден бастап 14.30-ға 

дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден бастап 17.30-ға дейін;

мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз жəне жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тəртібінде көрсетіледі.

9. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның өкілеттілігін растайтын құжат бойынша заңды тұлғаның уəкілетті өкілі, 

нотариалды расталған сенімхат бойынша жеке тұлғаның уəкілетті өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету 

үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сəйкес, нысан бойынша өтініш;

2) жеке басты куəландыратын құжат (тұлғаның жеке басын сəйкестендіру үшін талап етіледі).

Көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы 

жеке басты куəландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мəліметтерді алады.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік 

қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мəліметтерді 

пайдалануға келісімін береді.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кездегі құжаттар топтамасының қабылданған 

күні  мен  уақыты  көрсетіліп,  кеңседе  тіркелгені  туралы  белгі  соғылған  көшірме  өтініштің  қабылданғанын  растау 

болып табылады;

10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға:

1) егер көрсетілетін қызметті алушы жер учаскелері мəжбүрлеп алынған тұлғалар тізілімінде тұрса;

2) көрсетілетін қызметті алушы жер учаскесіне құқық ұсыну туралы шешім қабылдау үшін қажетті құжаттар топ-

тамасын толық ұсынбаған жағдайда негіз болып табылады.



3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мəселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің жəне 

(немесе) оның лауазымды адамдарының жəне (немесе) олардың жұмыскерлерінің шешімдеріне, 

əрекеттеріне (əрекетсіздігіне) шағымдану тəртібі

11. Мемлекеттік қызмет көрсету мəселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің жəне (немесе) оның ла-

уазымды тұлғаларының шешімдеріне, əрекеттеріне (əрекетсіздігіне) шағымдану:

шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына не жоғары тұрған мемлекеттік органның басшысының 

(жоғары тұрған лауазымды тұлға) атына беріледі;

шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің не жоғары тұрған мемлекеттік 

органның кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады;

шағымды көрсетілетін қызметті берушінің не жоғары тұрған мемлекеттік органның кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, 

кіріс  нөмірі  жəне  тіркелген  күні  шағымның  немесе  шағымға  ілеспе  хаттың  көшірмесіне  қойылады)  шағымның 

қабылдағанын растау болып табылады;

портал арқылы жүгінген кезде шағым жасау тəртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 

8 800 080 777 телефондары бойынша алуға болады.

Шағымды  портал  арқылы  жөнелткен  кезде,  көрсетілетін  қызметті  алушыға  «жеке  кабинетінен»  көрсетілетін 

қызметті беруші не жоғары тұрған мемлекеттік орган өтінішті өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, қарау 

немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылатын өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.

Шағымда:


1) жеке тұлғаның - оның тегі, аты, əкесінің аты (ол болған кезде), пошталық мекенжайы;

2) заңды тұлғаның - оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. 

Көрсетілетін  қызметті  берушінің  не  жоғары  тұрған  мемлекеттік  органның  басшысының  атына  келіп  түскен 

көрсетілетін  қызметті  алушының  шағымы  тіркелген  күнінен  бастап 5 (бес)  жұмыс  күні  ішінде  қаралуға  жатады. 

Шағымды  қарау  нəтижелері  туралы  дəлелді  жауап  пошта  байланысы  арқылы  көрсетілетін  қызметті  алушыға 

жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің не жоғары тұрған мемлекеттік органның кеңсесінде қолма-қол беріледі.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нəтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік 

қызметтер көрсету сапасын бағалау жəне бақылау жөніндегі уəкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау жəне бақылау жөніндегі уəкілетті органның атына келіп түскен 

көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нəтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы 

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен сотқа жүгінеді.



4. Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда 

көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Министрліктің www.economy.gov.kz интернет-ресурсында;

2) көрсетілетін қызметті берушінің ғимараттарындағы стенділерде орналастырылған.

14. Мемлекеттік қызметтер көрсету мəселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 777.

 «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер 

учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымша

нысан

_________________________________ əкіміне

(облыс, астана, республикалық маңызы бар қала, 

аудан, облыстық жəне аудандық маңызы бар қала, 

кент, ауыл, ауылдық округ)

_______________________________________

(жеке тұлғаның Т.А.Ə. (ол болған жағдайда) 

_______________________________________

немесе заңды тұлғаның толық атауы)

ЖСН (БСН)_____________________________

_______________________________________

(жеке жəне заңды тұлғаны растайтын құжатының

_______________________________________

деректері байланыс телефоны, мекенжайы)



Жер учаскесіне құқық алуға өтініш

________________________________________________________________

(жер учаскесінің орналасқан жері (мекенжайы)

орналасқан, ауданы ____________________________ гектар, ___________________________________________

_____________________________________________ үшін ____________________________________________,

      (жер учаскесінің мақсатты тағайындалуы) 

                 (сұратылып отырған құқық түрі)

_______________________________________________________________________________________________

(жер учаскесін сауда-саттықтан тыс табыстау жағдайлары көрсетілсін

_______________________________________________ негізінде жер учаскесіне құқық беруді сұраймын.

                      (конкурстар, аукциондар)

Ақпараттық  жүйелерде  қамтылған,  заңмен  қорғалатын  құпияны  құрайтын  мəліметтерді  пайдалануға  келісім 

беремін.

Өтінішке  сұратылып  отырған  жер  учаскесінің  орналасқан  жерінің  қағаз  немесе  электрондық  форматтағы 

ситуациялық сызбасы қоса тіркеледі.

Көрсетілетін қызметті алушы________________________________________________________________________

(жеке тұлғаның Т.А.Ə.(ол болған кезде) немесе 

______________________________________________________________________________________________

заңды тұлғаның не уəкілетті тұлғаның атауы

__________________________ 20____ жылғы «_______» _____________.

                  (қолы)                                                     (күні)

Бұйрық Қазақстан Республикасының Əділет министрлігінде 2016 жылғы 29 сəуірде Нормативтік 

құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №13652 болып енгізілді. 

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығы 

2016 жылғы 13 сәуір                               №173-1                               Астана қаласы 



«Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта 

бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» 

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы 

№ 195 бұйрығына өзгерістер енгізу т уралы

Бұйырамын:

1. «Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын және 

олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 

2014 жылғы 30 желтоқсандағы №195 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 

10176 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 13 наурызда жарияланған) келесі 

өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген  бұйрықпен  бекітілген  Бюджеттік  бағдарламаларды  (кіші  бағдарламаларды)  әзірлеу  және  бекіту 

(қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарға:

15-тармақтың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

« 1 4 )   « Т i к е л е й   н ә т и ж е   к ө р с е т к i ш т е р i »   д е г е н   к е с т е д е   қ о л   ж е т к і з і л у і   о с ы   ф у н к ц и я л а р -

д ы ,   ө к і л е т т і к т е р д і   ж ү з е г е   а с ы р а т ы н   н е м е с е   қ ы з м е т   к ө р с е т е т і н   м е м л е к е т т і к   о р г а н н ы ң 

қызметіне  толық  тәуелді  болатын,  көзделген  бюджет  қаражаты  шегінде  атқарылатын  мемлекеттік 

функциялар,  өкілеттіктер  мен  көрсетілетін  қызметтер  көлемінің  санмен  өлшенетін  сипаттамасы  көрсетіледі.

Бюджеттік  бағдарламада  кіші  бағдарламалар  болған  жағдайда,  бұл  кесте  әрбір  кіші  бағдарлама  бойынша 

толтырылады.

Тiкелей нәтиже көрсеткiштерi:

есептік  деректер  бойынша  есепті  қаржы  жылы,  ағымдағы  қаржы  жылы  бойынша  және  жылдар  бойынша 

бөлінісінде жоспарлы кезеңге көрсетіледі;

объективті түрде мемлекеттік орган қызметінің нәтижелерін көрсетеді және бюджеттік бағдарлама басшысының 

жетекшілік ететін саласына сәйкес келеді;

бюджеттік бағдарламада көзделген бюджет қаражаты есебінен жоспарлы кезеңнің белгілі бір қаржы жылында 

қол жеткізу болжанатын мемлекеттік орган қызметінің барлық нәтижелерін қамтиды;

бюджеттік бағдарламаның мақсатымен өзара байланысады;

абсолюттік шамалармен көрсетіледі. Тiкелей нәтиже көрсеткiштерiн салыстырмалы немесе пайыздық шама-

лармен, ақшалай көрсеткіште көрсетуге жол берілмейді.

Бір бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) шегінде өзара және бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) 

арасында тікелей және түпкілікті нәтижелердің өзара қайталануына жол берілмейді. 

Бөлінетін,  оның  ішінде  Қазақстан  Республикасы  Үкіметі  мен  жергілікті  атқарушы  органдардың  резервтерін 

пайдалануға бағытталған бюджеттік бағдарламаның тікелей нәтижелері бөлінетін бюджеттік бағдарламалар есебінен 

қаражат алатын бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламасында көрсетіледі.

Қазақстан Республикасы Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалануға бағытталған 

бөлінетін  бюджеттік  бағдарламаларды  бөлетін  бюджеттік  бағдарламалар  әкімшілері,  сондай-ақ  шартты  түрде 

қаржыландырылатын шығыстар үшін тікелей нәтижелер көрсеткіштері көрсетілмейді. 

Жоғары  тұрған  бюджеттен  бөлінетін  нысаналы  даму  трансферттері  есебінен  іс-шараларды  іске  асыруға 

бағытталған жергілікті бюджеттік бағдарламалар бойынша тікелей нәтиже көрсеткіштері жергілікті бюджеттік ин-

вестициялар бөлінісінде көрсетіледі.

Бюджет қаражаты есебінен бірлесіп қаржыландыруды көздейтін бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) 

бойынша тікелей нәтижелер қарыз шарттының, гранттар туралы келісімдердің талаптарына сәйкес айқындалады;»;

23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«23. Бюджеттік бағдарламаның жобалары осы Қағидалардың 18-22-тармақтарында көрсетілген мемлекеттік 

органдармен мынадай тәртіппен келісілді.

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобалары Қазақстан Республикасының 

Президенті республикалық бюджет туралы заңға қол қойған күннен бастап бес күнтізбелік күн ішінде бір мезгілде 

бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті 

органға  адресаты  «Мемлекеттік  органдарға  (тізім  бойынша)»  деп  көрсетіле  отырып  және  көрсетілген  тиісті 

мемлекеттік органдар тізімін қоса, мемлекеттік органның бірінші басшысы немесе оның орынбасары қол қойған 

бір ілеспе хатпен келісуге ұсынылады.

Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобалары мәслихат жергілікті 

бюджетті бекіткеннен кейін бес күнтізбелік күн ішінде мемлекеттік органның басшысы немесе оның орынбасары 

қол қойған ілеспе хатпен тиісті жергілікті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға келісуге ұсынылады.

Жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен іс-шараларды іске асыруға бағытталған 

бюджеттік бағдарламалардың жобалары бір мезгілде мемлекеттік органның басшысы немесе оның орынбасары 

қол қойған ілеспе хатпен жоғары тұрған бюджеттің нысаналы трансфертерді аударатын бюджеттік бағдарламалар 

әкімшісіне келісуге ұсынылады.

Бюджеттік бағдарламалардың жобаларын келісуге алған кезде мемлекеттік органдар оларды басқа мемлекеттік 

органдармен келісуді талап етпейді.

Бюджеттік бағдарламалардың жобаларын келісуден бас тартқан жағдайда бас тарту себебі түсіндіріледі.

Бюджеттік бағдарламалардың жобалары келісуге жіберілген мемлекеттік органдар алған күннен бастап бес 

күнтізбелік күн ішінде бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне өздерінің ескертулері мен ұсыныстарын дайындайды 

немесе олардың жоқ екіндігі туралы хабарлайды.

Мемлекеттік органдардың бюджеттік бағдарламалардың жобалары туралы ескертулерінде кемшіліктерді жою 

бойынша ұсыныстар қамтылуы тиіс, сондай-ақ тікелей оның құзыреті мәселелеріне қатысты, негізделген және 

толық болуы тиіс.

Ескертулер болса, бюджеттік бағдарламалардың жобаларын, қажет болған жағдайда, бюджеттік бағдарламалар 

әкімшісі пысықтайды.

Келісуші  мемлекеттік  органдардың  ескертулерімен  келіспеген  жағдайда,  бюджеттік  бағдарламалар  әкімшісі 

осындай  әрбір  ескерту  келіспеушілігін  жазбаша  негіздей  отырып,  бюджеттік  бағдарламалардың  жобаларын 

бұрыштама қол қоюға жібереді.

Келісуші  мемлекеттік  органдарға  «ескертулері  бар»  бюджеттік  бағдарламалардың  жобаларын  келісуге  жол 

берілмейді.

Келісуші  мемлекеттік  орган  тұжырымдамалық  сипаттағы  ескертулердің  болуына  байланысты  бюджеттік 

бағдарламалардың  жобаларын  келісуден  бас  тартқан  жағдайда,  мұндай  мемлекеттік  органдарға  осындай 

ескертулерді жоюдың өзара оңтайлы шешімдерін көрсете отырып, дәлелді жауап беріледі.

Бұл ретте, мемлекеттік органдарға бюджеттік бағдарламалардың жобаларын олар берген ескертулерді жоюдың 

өзара оңтайлы шешімдерін көрсетпей келісуден бас тартуға жол берілмейді.

Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі басшысының қосымшаларымен бірге бюджеттік бағдарламаларды бекіту 

жөніндегі  бұйрығының  барлық  парақтарына  осы  бұйрықты  келісуге  жіберген  мемлекеттік  органның  бюджеттік 

бағдарламаларды  әзірлеуге  жауапты  мемлекеттік  органның  құрылымдық  бөлімшесінің  басшысы,  ол  болмаған 

жағдайда, оның міндетін атқарушы не оны ауыстыратын тұлға қол қояды.

Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын түпкілікті 

келісу ағымдағы қаржы жылының 30 желтоқсанынан кешіктірмей бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті 

органның және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның бірінші басшысының не олар уәкілеттік 

берген лауазымды тұлғалардың бұрыштама қол қоюымен рәсімделеді.

Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын түпкілікті келісу 

ағымдағы қаржы жылының 30 желтоқсанынан кешіктірмей тиісті бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті атқарушы 

органның басшысы не ол уәкілеттік берген лауазымды тұлғаның бұрыштама қол қоюымен рәсімделеді.

Жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен іс-шараларды іске асыруға бағытталған 

жергілікті бюджеттік бағдарламалардың жобаларын нысаналы трансферттерді бөлетін жоғары тұрған бюджеттік 

бағдарламалар әкімшісімен түпкілікті келісу ағымдағы қаржы жылының 20 желтоқсанынан кешіктірмей осы ныса-

налы трансферттерді бөлу жөніндегі жоғары тұрған бюджеттің бағдарламасының басшысының бұрыштама қол 

қоюымен рәсімделеді.

Бұрыштама қол қою мемлекеттік орган басшысының не ол уәкілеттік берген лауазымды тұлғаның лауазымының, 

бұрыштама қол қоюшының жеке қолы, қолын таратып жазуды, күні мен елтаңбалық мөрін қамтиды.

Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық 

уәкілетті  органның  бюджеттік  не  бюджеттік  жоспарлау  жөнінде  жергілікті  атқарушы  органның  бюджеттік 

бағдарламаларын келісу грифі бюджеттік бағдарламаларды бекіту туралы бұйрықтың соңғы бетінің төменгі сол 

жақ бұрышында орналастырылады және «КЕЛІСІЛДІ» деген сөзден тұрады.

Нысаналы  трансферттерді  бөлетін,  жоғары  тұрған  бюджеттің  бюджеттік  бағдарламаларының  әкімшісімен 

жоғары  тұрған  бюджеттен  берілетін  нысаналы  трансферттер  есебінен  іс-шараларды  іске  асыруға  бағытталған 

бюджеттік бағдарламаларды келісу грифі тиісті жергілікті бюжеттік бағдарламаның бірінші бетіндегі «Келісілді» 

деген жолда орналастырылады.

Мемлекеттік органдармен түпкілікті келісілген бюджеттік бағдарламаның мәтініне түзетулер мен толықтырулар 

енгізуге жол берілмейді.»;

26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«26.  Бюджет  кодексінің 32-бабы 4-тармағының  екінші  бөлігіне  сәйкес  бюджеттік  бағдарламалар  әкімшісінің 

бастамасы бойынша бюджеттік бағдарламаларға кемінде тоқсанына бiр рет, тоқсанның екінші айының 25-күніне 

дейін өзгерістер енгізуге жол беріледі.».

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бюджет саясаты департаменті:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін 

баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-

құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде 

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық 

құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

3)  осы  бұйрықтың  Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  экономика  министрлігінің  интернет-ресурсында  және 

мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы 

бұйрықтың  осы  тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында  көзделген  іс-шаралардың  орындалуы  туралы 

мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз 

етсін.


3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика бірінші вице-министріне 

жүктелсін.

4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет