1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады H. A. Yesevi uktü Bülteni


(Машарипова Т.Ж. О публицистическом методе)



Pdf көрінісі
бет76/220
Дата14.12.2022
өлшемі4,95 Mb.
#57292
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   220
(Машарипова Т.Ж. О публицистическом методе) 
 
SUMMARY 
This article is devoted earlier to not studied and difficult question of the theory of journalism – 
to its general method. Proceeding from specifics of journalism and the general method of science, the 
author makes a hypothesis that the general method of journalism is the actual expressional mass 
public reflection
(Masharipova T.Zh. About a journalism method) 
 
 


83 
АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2014 
ҼОЖ 070.4 
 
А.К.СӘДІБЕКОВ 
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің магистр-оқытушысы 
 
ТҤРКИЯ БАСПАСӚЗІНДЕГІ «МИЗАНПАЖ» 
немесе тҥрікше бет әрлеу тәжірибесі 
 
Елімізде газет бетін кӛркемдеу ісі зор жетістіктерге ие деп толық 
айта алмаймыз. Біздің мерзімді баспасӛздеріміздің дизайны кӛп ізденуді 
қажет етеді. Беттердің әрлі болуы оның сұранысына оң әсер беретіні 
белгілі болып отыр. Осы тақырып тӛңірегінде Түркия баспасӛзінің бет әрлеу 
ісіндегі тәжірибесімен танысуды жӛн кӛрдік. Қазіргі таңда түрік 
баспагерлері мен бет безендіру ісінің мамандары баспа ӛнімдерін беттеп, 
кӛркемдеу ісін "мизанпаж" дейді. Мақалада Түркия газет журналдарындағы 
бет кӛркемдеудің әдіс-тәсілдері, ережелері мен стандарттары сӛз болады. 
 
Кілт сӛздері: графика, компьютерлік технология, мизанпаж, колонтитул, 
модуляр, контраст, шапка, макет, фон, фотосурет, иллюстрация. 
 
Графика, компьютерлік технология дамыған сайын оның мүмкіндіктері 
де ұлғайып болып келе жатыр. Бұрын газет-журнал жалпы баспа ҿнімдері 
кҿбінесе мазмұнына қарай сұранысқа ие болушы еді. Ал, бүгінгі таңда бұл 
кҿзқарастың орнын мазмұнмен бірге, оның безендірілуіне да мҽн беру керек 
екендігі белгілі. Зерттеушілер де бет безендірілуінің газет сатудағы ең 
маңызды фактор екендігін жиі жазып жүр.
Қазіргі таңда түрік баспагерлері мен бет безендіру ісінің мамандары 
баспа ҿнімдерін беттеп, кҿркемдеу ісін "мизанпаж" дейді. "Мизанпаж" – 
француздың «la mise en page» сҿзінен енген. Мағынасы «бет баптаулары» 
немесе «ораналасуы» болып табылады [1].
Түрік баспа ісінде француз тілінен енген кірме сҿздердің болуы 
кездейсоқтық емес. XVIII ғасырдың соңына таман Түркияның Стамбул 
қаласында француз елшісі С.Вернинак "Gazette Frangaise de Constantinopole" 
деген атпен бюллетень шығарған. Нағыз түрік тіліндегі тұңғыш газет Осман 
империясының падишағы Сұлтан Махмудтың қолдауымен 1831 жылдың 11 
қарашасында шықты. Газет "Takvim-i Vekayi" деп аталды, бұл газетті 
ұйымдастырған француздық Александр Блак болатын [2].
Жалпы Түркияда бет безендіру «типо» жҽне «офсет» деген екі кезеңге 
бҿліп қарастырылады. Түркия журналистика жҽне газет жариялау саласымен 
Еуропадан кейінірек танысқан. Соған қарамастан безендіру ісі ҿте жақсы 
дамыған. Осман империясының соңғы жылдары жҽне Республика кезеңінің 
алғашқы 
жылдарында 
болып 
ҿткен 
қиыншылықтар, 
кҿтерілістер 
журналистика саласының дамуын тағы да кешіктірді. 1970-жылдарға дейін 
Түркия дҽстүрлі бет безендіруін қолданып келді, одан кейін «офсет» баспа


84 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   220




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет