1.Қазіргі Қазақстан тарихының өзекті мәселелері. "Қазақстан Республикасындағы тарихи сананың қалыптасу тұжырымдамасы"


Сталиндік қуғын-сүргін, олардың ауқымы және ауыр зардаптары. Саяси сенімсіздік және халықтарды Қазақстанға күштеп жер аудару. Е. Б. Бекмаханов Ісі



бет22/62
Дата14.06.2022
өлшемі235,96 Kb.
#36861
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   62
26. Сталиндік қуғын-сүргін, олардың ауқымы және ауыр зардаптары. Саяси сенімсіздік және халықтарды Қазақстанға күштеп жер аудару. Е. Б. Бекмаханов Ісі.
1930 жылдары Кеңес Одағында социалистік қатынастар қалыптасып, сталиндік тоталитарлық жүйе толық орнықты.
1928 жылы Кеңес үкіметінің басшылығына келген И. Сталин 1929 жылды «ұлы бетбұрыс» жылы деп атады. Халықтың есінде ешбір жазықсыз миллиондаған адамның өмірін әкеткен сталинизмнің «ұлы бетбұрыс» кезеңі мәңгі қалды.
БК(б)П ОК-нің 1923 жылғы маусымда өткен мәжілісінен кейін ұлттық идеялардың көріністерін қатаң қуғындау басталды. Ұлт зиялыларының өкілдері ұлтшыл басмашылармен байланыс және Кеңес үкіметін құлатуға ұмтылғандары үшін айыпталды, қуғын-сүргінге ұшырады. 1922 жылы басшылық қызметтегі «Алаш» партиясының бұрынғы мүшелері орындарынан қуылып, ал 1924 жылы бірқатар қазақ коммунисі республикадан Орталыққа шақыртылып алынды. Қазақстандағы 1920-1940 жылдардағы қоғамдық-саяси жағдайдың күрделілігі В.И. Лениннің ізбасарлары И. Сталин мен Л. Троцкий және басқалардың арасындағы билік, көсемдік үшін тайталаспен ерекшеленді.
Аштық пен жаппай қуғын-сүргін, тоталитарлық режимнің жазықсыз адамдарды қуғындауы мен күштеп жер аударуы осы жылдардағы басты оқиғалар болды.
Қазақстанда халыққа қысым жасау саясаты, әсіресе, 1925 жылы қыргүйекте БК(б)П Қазақ өлкелік партия комитетінің бірінші хатшылығына Ф.И. Голощекиннің келуімен күшейді. 20 жылдардың соңында ел ішінде адамдардың бір-біріне деген жаппай сенімсіздігі, қорқыныш пен қорғансыздық күйі белең алды.
1928 жылдың соңында «буржуазияшыл ұлтшылдар» атанған «Алашорданың» бұрынғы қайраткерлерінің бәрі тұтқындалды. «Алаш» партиясының өкілдерін қудалау мақсатында кез келген айла-шарғы пайдаланылды. Баспасөзде олардың атын қаралайтын мақалалар жарияланып, тікелей арандату әрекеттері жасалды, олардың отбасы мүшелері, жақындары тұтқындалды.
Оларға «буржуазияшыл-ұлтшылдар» деген айып тағылды. Сол жылы 44 алашордашы тұтқындалып, оның ішінде Ж. Аймауытов, Ә. Байділдин, Д. Әділев ату жазасына кесіліп, үкім орындалады. Ал қалғандары түрмеге қамалады.
Ұлт зиялыларының екінші тобы 1930 жылдың қыргүйек-қазан айларында тұтқындалып, оның 15-і Ресейге жер аударылды. Бұл кезеңде Ж. Аймауытов, Ә. Байділдин, Д. Әділевтер атылып, қалғандары әртүрлі мерзімге түрмеге жабылды. Олардың кейбіреулері (М. Дулатов т.б.) лагерьлерде қайтыс болды, қалғандары (А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев т.б.) жазасын өтегенімен «Алашорданың» қызметіне араласқаны үшін қайта айыпталып, 1937-1938 жылдары атылды.
1937 жылы БК(б)П ОК-нің, И.В. Сталин мен оның айналасындағылардың «халық жаулары мен олардың құйыршықтарын түп-тамырымен жоюдың» қажеттігі жөніндегі нұсқауы барлық жерде қолдау тапты.
1936-1938 жылдары Қазақстанда 25833 адам партиядан шығарылып, олардың 8544-іне «халық жауы» немесе «халық жауының сыбайластары» және т. б. айыптар тағылды. Танымал қазақ зиялылары, Алаш қайраткерлері саяси қуғын-сүргінге ұшырады. Олардың отбасы мүшелері де жазықсыз қудалау көрді.
«Халық жауларының» көпшілігінің тағдыры КСРО Жоғарғы Сотының Әскери алқасының мәжілістерінде, «екілік» пен «үштік» атанғандар мен НКВД-ның ерекше кеңестерінде құпия жағдайда шешіліп жатты. 1930 жылдардың ортасында Л. Мирзоян, Ү. Құлымбетов, Н. Нұрмақов, Т. Рысқұлов. О. Жандосов, Т. Жүргенов сынды көрнекті партия және мемлекет қайраткерлері «халық жаулары» ретінде тұтқындалды.
1920-1950 жылдардағы заңсыз қуғын-сүргіннің бір көрінісі – мемлекет және оның қызмет иелері мен органдарының қарапайым адам құқықтарын жаппай өрескел бұзып, аяққа таптауы болды. Бұл заңбұзушылық қуғын-сүргін саясатын жүзеге асыру барысында бұқаралық сипат алып, оған заңдық негіз бен жариялылық түр берген Кеңес заңдарының нормалары нұсқаулармен бүркемеленді.
Бұл кезең қолданылған қылмыстық жазалардың ерекше қаталдығымен сипатталады. Мысалы, 1926 жылғы РКФСР Қылмыстық Кодексінің ерекше бөлімінің I тарауында көрсетілген контрреволюциялық қылмыстардың 17-сінің 12-іне ең жоғарғы жаза – ату жазасын қолдану қарастырылды. Азаматтарды «халық жауы» деп жариялап, азаматтық құқықтардан айыру, мемлекеттен қуу, дүние-мүліктерін тәркілеу, қатаң оқшаулау арқылы еркінен айыру тәрізді жазалау шаралары да кеңінен қолданылды. Тоталитарлық тәртіп адамдардың өздеріне тағылған айыптауларды әділ, жан-жақты талқылайтын соттың болуын талап ету сияқты ажырамас құқығын да теріске шығарды.
Қазақстандықтарға көбінесе жапон, кейде герман тыңшылары деген айып тағылып, айыптаушылар мен сотталғандардың «мойындауы» ешқандай дәлелдеусіз жүзеге асырылды. Көршілердің, қызметтестердің, тіпті таныстар мен туыстардың берген жалған мәліметтеріне негізделген, «Кеңес үкіметіне қарсы үгіт-насихат жүргізді» деген айыптау да кең таралды.
Қазақстанда, сондай-ақ азаматтарды ұлтшылдық және ұлтшыл ұйымдар құру арқылы республиканы Кеңес Одағының құрамынан бөліп алуға тырысты деген айыптау да кең қолданылды. Көптеген адам террорлық әрекеттер, диверсия, саботаждарды жүзеге асыруға дайындық жасағаны, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың қалыпты жұмыс істеуіне қарсы экономикалық контрреволюциялық әрекеттер ұйымдастырғаны үшін деп негізсіз қуғын-сүргінге ұшырады. БК(б)П-ның Алматы обкомы мен Халық комиссариатының бұрынғы хатшысы Ж. Садуақасовқа, жазушы С. Сейфуллинге, ағарту халық комиссары Т. Жүргеновке 1937 жылы көп айыптың бірі ретінде «Ырғызда, Қарақұмда, Сарысуда және басқа да аймақтарда болған көтерілістерді ұйымдастырған» деген айып тағылды. Жазушы С. Сейфуллинге «Жапонияның протектораттығындағы Қазақ буржуазиялық мемлекетін құрмақ болған» деген ақылға сыймайтын айып тағылды. С. Сейфуллиннің әйелі, Т. Рысқұловтың әйелі мен қызы, Т. Жүргеновтің әйелі, С. Қожановтың әйелі және т.б. көптеген қазақ, орыс және өзге ұлт қайраткерлерінің әйелдері, балалары жазықсыз азап шекті. Қазақстан коммунистік партиясы «ұлтшылдық вирусының тамырына балта шабу» жөнінде қаулы қабылдады. Көп ұзамай қазақтан шыққан тұңғыш тарих ғылымының докторы Ермұқан Бекмаханов 25 жылға сотталды.
1944 жылы басталып, 1952 жылы Ермұқан Бекмахановтың 25 жылға сотталуымен аяқталған даудың басы «Кенесары Қасымов бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі» деген ғылыми тұжырым еді.
Қазіргі тарих ғылымында орныққан бұл тұжырымды әуел баста көтерген ғалым сегіз жыл әуре-сарсаңға түсіп, ақыры бір жарым жылын ГУЛАГ абақтысында өткізді. Бекмахановтың саналы ғұмырының он екі жылдық сергелдеңіне кейбір отандық тарихшылар да «үлес» қосты.
Республика басшылығы «ұлтшыл» Бекмахановты қатаң айыптай отырып, осынау «ұлтшылдықты жөргегінде тұншықтырмаған» сол кезде Қаныш Сәтбаев басқарған Қазақ ССР Ғылым академиясын аяусыз сынады.. Соның нәтижесінде Бекмаханов қана емес, басқа да ұлтшылдар «табыла қалып», қазақ әдебиетінің тарихын зерттеуші Есмағамбет Ысмайылов, Қажым Жұмалиев, т.б. ғалымдар да сотталды. Ал Қаныш Сәтбаев Мәскеуге кетуге мәжбүр болды. Қамауға алу туралы сөз бола бастағанда КГБ офицерлерінің бірінің астыртын жанашырлық ескертуінен кейін Мұхтар Әуезов те табан астында Мәскеуге ұшып кетті.
Бекмахановтың еңбегінде Кенесары Қасымұлы бастаған қозғалыстың «феодалдық-монархиялық қозғалыс» деп аталмай, қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі ретінде қарастырылуынан шыққан даудың соңы қазақ ғалымдарының осылайша тағы да жаппай қуғын-сүргінге ұшырауына әкеліп соқты.


27. Халық шаруашылығының әскери өмір жағдайларына көшуі. Халықтарды, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен мәдениет объектілерін Қазақстан өңірлеріне көшіру. Отан соғысы жылдарындағы тыл қызметкерлерінің ерлігі. (1941-1945 жж.).
Соғыстан кейінгі жылдарда Қазақстан өнеркәсібі көп салалы болды, сондықтан да республика халық шаруашылығын бейбіт өмірге қайта құрып, оны азаматтық өнімнің шығаруына бағыттады. Қазақстан соғыстан зардап шеккен аудандарды қайта қалпына келтірудің негізі ретінде, өңірлерге республикадан металл, шикізат ресурстары, отын, құрылыс материалдары, өндірістік тауарлар, азық-түліктер, тұқымдық мал, дәндер жеткізіліп тұрды.
Ұзақ уақыт бойы майдан қажеттіліктеріне бағытталған өнеркәсіп кәсіпорындары енді бейбіт өнімді шығара бастады. Технологиялық үдерістер қайта ұйымдастырылды, жабдықтар да жөнделе бастады, машиналар мен өнеркәсіп орындары күрделі жөндеуден өтті. Кәсіпорындар арасында байланыстың жаңа түрлері орнатыла бастады. Олардың көптегендері жаңадан мамандарылған немесе өзінің бұрынғы қызметін жалғастыра берді. Ауыр индустрияның кәсіпорындары салына бастады. Жаңа алты көмір шахтасы мен Қаратон, Мұнайлы кәсіпшіліктері іске қосылып, Қазақ металлургия зауытының құрылысы аяқталды. Ақтөбе ферроқорытпазауытының қуаттылығы артты, «Қаратау» кен-химия комбинаты өз жұмысын бастады. Жергілікті отынға негізделген энергетика дамыды. 1950 жылы 2,6 млрд. кВт/с электр қуатынөндірілген, ал 1940 жылы – 0,6 млрд. кВт/с.
Жеңіл өнеркәсіп және азық-түлік өнеркәсібі әрі қарай дамыды. Халық тұтынатын тауарлар ассортименті көбейді, тауарлар сапасы да артты. Жеңіл өнеркәсіпке жұмсалған қаржылар соғысқа дейінгі екі бесжылдықтың қаржы мөлшерінен 20 пайызға асып кетті, ал жалпы өнім 60%-ға өсіп, соғысқа дейінгі өндірілетін азық-түрлерінің көлемінен асты.
Майдандардағы жеңіске тыл еңбеккерлерінің қосқан үлесі зор. 1939 жылғы санақпен салыстырғанда 1942 жылы Қазақстанда ауыл шаруашылығы еңбекшілерінің саны 600000 адамға азайған. Ауыл шаруашылығында еңбектенген ерлердің майданға шақырылуымен олардың орнын қариялар, әйелдер мен балалар басты. 1944 жылы қолхоздағы еңбекке жарамды ерлердің сандық үлесі – 20%, әйелдер – 58%, жасөспірімдер – 22% болды. Яғни, майданды азық-түлікпен, шикізатпен іс жүзінде әйелдер, балалар мен қарт адамдар қамтамасыз етті. 1941 жылы Ақтөбе облысы, Ойыл ауданының “Құрман” колхозының егіншісі Шығанақ Берсиев 1 гектардан 155,8 ц. тары алып, әлемдік рекорд жасаса, ал 1945 жылы – 1 га-дан 202 ц. тары алып, өзінің алғашқы көрсеткішін бірнеше рет өсірді. Шиелі ауданы, “Авангард” колхозының даңқын шығарған күріш егуші Ким Ман Сам 1 га-дан 154,9 ц. күріш өндірді. Күріш өсіруші Ыбырай Жақаев 1943 жылы 1 га-дан 172 ц. күріш өнімін алып әлемдік рекорд жасады. Астық өнімі үшін алған 106000 сомды Ы.Жақаев қорғаныс майданына жіберді. Республикада Ш. Берсиев, Ким Ман Сам, Ы.Жақаевтың жолын қуушылар аз болмады. “Ойыл” ауданы, “Кемерші” совхозының Зауре Баймулдина звеносы, Шелек ауданы “Төңкеріс” колхозынан Малжегерова звенолары 1 га-дан 95-100 ц. тары мен күріш алды. Соғыс жылдарындағы әйелдер ерлігі ерекше. Мыңдаған арулар тіпті тракторға, машина рулдеріне отырды. Мысалы, Ақтөбе облысы, Мартук ауданының Дзержинский атындағы қолхозында Агафья Швалькова соғысқа кеткен күйеуінің комбайынын жүргізіп, 2 күнде 87 гектардан астық жинады. 1986 жылға дейін, яғни соғыс кезі мен одан кейінгі уақытты қоса алғанда 1792 адам Социалистік Еңбек Ері атағын алған. Көп деп айтуға да келмейді. Десе де еленбей қалған ерліктер ел жадынан ұмытылмақ емес. Еленбей қалғандары соңғы жылдары өз бағасын алып, айтылып, жазылып жүр.

28. Қазақстандықтардың майдан қимылдарына, партизан қозғалысына қатысуы. Қазақстандықтар – Кеңес Одағының Батырлары-ата-бабаларының ерлігінің ізбасарлары. Батыс Қазақстан тұрғындарының Еңбек және жауынгерлік ерліктері.

Соғыстың алғашқы күндерінен-ақ ұрыстар майданда ғана емес, сонымен қатар жаудың тылында да жүріп жатты. 1943 жылдың соңына қарай күллі Кеңес Одағы бойынша миллионнан астам адам жау басып алған аумақта партизандар соғысын жүргізді. Партизандар қозғалысын құрылған Орталық штаб басқарды. Партизандар дұшпанның соғыс техникасын, әскери нысандарын талқандау, пойыздарды құлату, теміржол көпірлерін бұзу, байланыс желілерін үзу, неміс әскерлерінің штабтарын өртеу секілді операцияларды іске асырды. Шын мәнінде тылдағы бүкілхалықтық күреске тән қасиеттердің бірі – кек алушы халықтың көпұлтты болуы. Партизан жасақтарында Украина құрамаларында 62 ұлт өкілі күресті. Мысалын, М.И.Шукаевтің партизандар жасағында – 79 қазақ, ал Екі мәрте Кеңес Одағының батыры С.А.Ковпактың құрамасында 70-тен астам қазақстандық, оның ішінде 56-сы қазақ болған. Украинаның партизандар құрамалары мен жасақтарында – 1500 қазақ, Ленинград облысы жасақтарында – 220-ден астам, Смоленск облысының 15 жасағы мен бригадасында 270-тен көп қазақстандық ұрысқа қатысқан. Белоруссияның әр аудандарында соғыс қимылдарына қатысқан жасақтар мен бригадалар құрамында 1500-нан аса қазақстандық болған. Чапаев атындағы ірі партизан құрамасы жасақтары ішіндегі біреуінің командирі Қасым Қайсенов бір өзі 30 жау солдаты мен офицерінің көзін жойған. Украина партизандарының қатарында партизандар жасағының әскери саяси басшысы – политругі болған белгілі қазақ ақыны Жұмағали Саин ауыр жараланғанда, екі айға жуық партизандар оны зембілге салып өздерімен бірге алып жүріп, Ворошиловград облысы, Астықты Кремен ауданының бір хуторында көне кенші пәтерінде қалдырған. Қарапайым адамдар Жұмағали Саинды ажалдан аман алып қалған. Ел-жұрттың қамқорлығына бөленген, Донецк кенішінің мейірімділігін көрген ақынның жан дүниесінде өшпес із қалды, мәңгілік жырлап өтті. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлігі үшін 499 қазақстандық азамат Кеңес Одағының батыры атағын алған. Оның ішіндегі 99-ы – этникалық қазақтар. Кеңес Одағының батыры атағын екі мәрте алғандар қатарында ұшқыштар Талғат Бигелдинов, Л.И. Беда, И.Ф. Павлов және ұшқыш-жойғыш С.Д. Луганский бар. Қазақ қыздарының ішінде екі адам – Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлова Кеңес Одағының батыры атағын алған. 110 қазақстандық үшінші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталған. Ал ұшқыш Хиуаз Доспановаға «Қазақстанның Халық қаһарманы» атағы берілді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет