1.Қазіргі Қазақстан тарихының өзекті мәселелері. "Қазақстан Республикасындағы тарихи сананың қалыптасу тұжырымдамасы"


Білім беру жүйесінің мазмұнын жаңарту. Болон декларациясына қол қою. Мамандарды үш деңгейлі даярлауды енгізу



бет38/62
Дата14.06.2022
өлшемі235,96 Kb.
#36861
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   62
49. Білім беру жүйесінің мазмұнын жаңарту. Болон декларациясына қол қою. Мамандарды үш деңгейлі даярлауды енгізу.
Білім беру жүйесінің мазмұнын жаңарту. Болон декларациясына қол қою. Мамандарды үш деңгейлі даярлауды енгізу.

Болон процесі деп жоғары білімнің еуропалық бірегей кеңістігін жасау процесін айтады. Ол соңғы жылдары еуропалық аймақта қарқынды дамып келе жатқан интеграциялық үрдістердің айқын көрінісі болып табылады. Еуропада біртіндеп бірегейленіп келеді: ортақ экономикалық кеңістік құрылды, шекаралар ашылды, бірегей валюта енгізілді, ортақ еуропалық еңбек нарығы қалыптастырылды. Бұл жағдайларда жоғары білім жүйесінің ала-құлалығы, берілетін біліктіліктердің сәйкессіздігі жоғары білікті жұмыс күшінің ұтқырлығын тежейді.


Болон процесі тарихында үш кезеңді:
1) алғышарт: Университеттердің Ұлы Хартиясынан (1988 ж.) Болон Декларациясына дейін;

2) басталуы: Болон Декларациясы (1999 ж.);

3) дамуы: Болон Декларациясынан кейін.

Еуропалық университеттер қауымдастығын және жоғары білімнің бірегей еуропалық кеңістігін құру идеясын Итлиядағы және жалпы Еуропадағы ең ежелгі Болон университеті ұсынып отыр. 1986 жылы өзінің 900 жылдық мерейтойына дайындалу барысында, ол Еуропаның барлық цуниверситеттеріне Университеттер Ұлы Хартиясын - Magna Charta Universitarum – қабылдауға үндеу тастады. Бұл ұсыныс ерекше ынтамен қабыл алынды және 1988 жылғы мерекелік салтанат барысында университеттік білімнің тұрақты құндылықтарын және әмбебаптығын ұсынатын, сонымен қатар олардың арасындағы тығыз байланысқа шақыратын бұл құжатқа 80-ге жуық ЖОО-дары ректорлары қол қойды.


Біртіндеп еуропалық жоғары білімнің ықпалдасу үдерісі университет деңгейінен мемлекеттік деңгейге көтеріле бастады. 1998 жылы Париждегі әлемге әйгілі Сорбон университеті қабырғасында мерейтой барысында 4 елдің білім министрлері (Франция, Ұлыбритания, Германия, Италия) кеңесі болып өтті. Олар қол қойған «Жоғары білімнің еуропалық жүйесінің сәулетін үйлестіру туралы» Сорбон декларациясы алғашқы рет еуропалық жоғары білім аймағын жасаудың стратегиялық мақсатын дәлелдеді және оқиғалардың бұдан әрі дамуын жеделдетті.
Ал 1999 жылы Magna Charta отаны Болоньяда тарихи жағдай орын алды, білімге жауапты отыз еуропалық министрлердің Бірінші конференциясы өтті. Олар қабылдаған, «Еуропалық жоғары білім аймағы» декларациясы салыстырмалылыққа жеткізетіннегізгі мақсаттарды және Еуропа елдеріндегі жоғары білімнің ұлттық білім беру жүйелерін үндестіруді анықтады. 2010 жылы аяқталуы тиіс Болон процесі осы декларациядан бастау алады.
Бұдан әрі еуропаның білім министрлерінің кездесулері тұрақты түрде өте бастады және әр кездесу сайын Болон процесі қатарына жаңа елдер қосылатын болды. 2001 жылы министрлер Прагада бас қосты, 2003 жылы – Берлинде кездесті. Берлин конференциясы барысында Болон Декларациясына қол қойған елдер саны, Ресейді қоса алғанда қырыққа жетті. Төртінші кездесу Норвегияның Берген қаласында 2005 жылдың мамыр айында өтті. Ол жерде Болон процесіне енуге Украинамен бірге бұрынғы Кеңес Одағының бес елі құлық танытты. Бесінші кездесу 2007 жылы Лондонда, ал алтыншысы – 2009 жылы Левен/ Лувен-ла-Невада, жетіншісі – 2010 жылы Будапештте, сегізіншісі – 2012 жылы Бухарестте орын алды. Қазақстан Болон Декларациясына 2010 жылы қол қойды.
Министрлердің шектік конференцияларынан бөлек Болон процесі шеңберінде, оның жекелеген аспектілеріне арналған бірқатар халықаралық шаралар да өткізіледі.

50. Тұңғыш Президенттің "Интеллектуалды ұлт - 2020" бағдарламасы және оның маңызы. "Назарбаев Университеті" базасында жоғары оқу орнының инновациялық моделін қалыптастыру. Серпін-2050 "мемлекеттік бағдарламасы.
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елімізде 2008 жылдан бастап, Елбасының идеясымен "Интеллектуалды ұлт - 2020" ұлттық жобасы жүзеге асырылып келеді. Жобаның басым бағыттары: білім беру жүйесінің инновациялық дамуы, ақпараттық революция, жастарды рухани тұрғыдан тәрбиелеу болып отыр. Жобаның мәні туралы Елбасы Н.Назарбаев: "Интеллектуалды ұлт - 2020" ұлттық жобасы идеясының негізгі мақсаты - қазақстандықтарды жаңа формацияға тәрбиелеу, Қазақстанды бәсекелестік қабілетті адам капиталына бай елге айналдыру. Қазақстан халқының интеллектуалды деңгейін арттырудың маңызы зор. Себебі, қазіргі жаһанданған заман жас мемлекеттің азаматтарына жаңа талаптар қойып, бәсекелестіктің бәйгесінен қалмау үшін де интеллектуалдық қажеттілігі жоғары. «Біз өмір сүріп отырған қоғам жаңа талаптар мен міндеттерді ұсынуда. Оның басты себебі неде? Ақпарат немесе білім қоғамы ғылым мен технологияны, сондай-ақ олардың қоғаммен байланысын мүлдем жаңа арнаға бұрды. Ғылыми-техникалық жетістіктердің жылдам қарқын алуы азаматтардың қоғамдық болмысы мен қоғамдық санасын өзгертті, жаңа құндылықтар пайда болды. Қазіргі заманғы ғылым жаңа технологияларды өндірумен қатар, қоғамның рухани құндылықтарына бағытталған жаңа саланы - гуманитарлық технология саласын дүниеге əкелді. Соңғы жылдары Қазақстан қоғамының интеллектуалдық əлеуетінің дамуы жəне өзекті проблемалары зерттеліп, талдау жүргізіле бастады. Қазақстандағы гуманитарлық құндылықтардың заманауи қағидаларын талдау, қажетін қабылдау, құндылығын сақтау, дəстүрін жалғастыру - жаңа заманның, өрлеуге бет бұрған қазақ елінің басты мақсаты, айқын мұраты. Ақпараттық қоғам немесе индустриалдық қоғамның дамуын тереңірек зерделеуде өзге елдердің тəжірибесіне сүйенеріміз анық. Дегенмен өзіміздің ұлттық ерекшелігіміз бен болмысымыз, ұлттық интеллектіміз бен əлеуетімізді тек өзіміз құраймыз, өзіміз жасаймыз жəне ол тек бізге керек» Назарбаев Университетi инновациялық зерттеу қызметін жүргізуге бағытталған қазіргі заманға сай, күшті ғылыми инфрақұрылымы бар университет болуды мақсат етіп отыр. Университетке ең үздік ұлттық және халықаралық зерттеушілер шақырылады, оларға шығармашылық қызметті жүзеге асыру үшін барлық қажетті жағдайлар жасалады. еліміздің ең ерекше оқу орны - Назарбаев университеті Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған жаңа университет. Университет миссиясы - Қазақстанда білім мен ғылыми-зерттеу қызметінің дамуына мүмкіндік беру, сонымен қатар Астананың Еуразия орталығында зерттеу және білім беру орталығын қалыптастыру.
Университет өзіндік білім стандарттары бойынша жұмыс істейді. Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған атақты профессорлар дәріс береді.
“Серпін” индустриалды-инновациялық жобаларға мамандарды даярлап, жұмыс күші мол аймақтардағы жастарға сұранысқа ие кәсіби білім беруді ұйымдастырады; жұмыс күші мол аймақтардағы жастарды жұмыс күші тапшы аймақтардағы сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқуға тартады. Екіншіден, техникалық және кәсіптік білім берудің беделін арттырып, жастардың жұмысшы мамандықтар алуға деген оң көзқарасын қалыптастырады. Үшіншіден, жастардың әлеуеттік және жұмыссыздық мәселелерін шешеді.
“Серпін” бағдарламасына бөлінетін грант 2017 жылы 4 мыңға дейін көбейтіледі. Жобаға қатысатын ЖОО саны да артпақ. Әлеуметтік бастама аясында елімізде тапшы мамандарды даярлау көзделген. Бағдарлама аясында оңтүстік жастары шығыс пен солтүстіктен білім алып, аймақтағы халық саны мен экономикасын көтеруге өз үлестерін қосады. Ең бастысы, ана тілін ұмытқан жандарды қазақыландыруға атсалыспақ. Жобаға бүгінде Маңғыстау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарының түлектері қатыса алады.
Жоба жұмысын бастағалы бері 12 мыңнан астам азамат бұл бастаманың пайдасын көрген. 9212 студент ЖОО-ларын таңдаса, қалғаны кәсіптік-техникалық білім беру мекемелерінде оқып жатыр. Алдағы уақытта оларды жұмыспен қамту жағы да қарастырылып отыр. Жоғары оқу орнына түсу үшін түлектер ҰБТ немесе кешенді тестлеуге қатысуы тиіс. ҰБТ мен кешенді тестілеуден кем дегенде 50 ұпай жинау керек. Сонымен бірге, төртінші таңдау пәні ретінде алған пән бойынша ұпайы жақсы болуы керек.
Төртінші пән бойынша жинаған ұпайы өте төмен болса, таңдаған мамандығына оқуға түсуге мүмкіндіктері болмайды. Бұл шарт жоғары оқу орындарына түскісі келетіндерге ғана қатысты. Ал, колледждер үшін мұндай шарт жоқ. Дегенмен, колледждерге де қабылдау емтиханы болады. Колледждерге жоғары оқу орындарына түсе алмаған және 2-3 жыл бұрын оқу бітіріп, грант иегері атана алмаған, ақылы бөлім бітірген азаматтар осы арнаулы орта оқу орындарын таңдауларына болады. Сонымен бірге, жобаға қатысқысы келетіндердің жасына шектеу қойылмайды. Қазіргі таңда “Серпін” арқылы 30 жастан асқан ерлі-зайыпты азаматтар да оқуға түсіп, қазір білім алуда.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет