1.Қз тарихы кезеңделуі. Қз аумағындағы тас дәуіріне сипаттама


-1920 Азамат соғысы кезіндегі Қазақстандағы маңызды оқиғалар. «Ақтар» +«қызылдар» саяси күштерінің күресіне сипаттама



бет41/70
Дата13.05.2023
өлшемі188,03 Kb.
#92828
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   70
47.1918-1920 Азамат соғысы кезіндегі Қазақстандағы маңызды оқиғалар. «Ақтар» +«қызылдар» саяси күштерінің күресіне сипаттама
Азамат соғысы – мемлекет ішінде билік үшін сол ел азаматтарының өзара соғысы. 1918ж.ақтар большевиктерге қарсы азамат соғысын бастады. Ақ легионерлер 1918ж. мамыр соңы Петропавлды, маусымда Көкшетау, Ақмола, Омбы, Павлодар, Семей, Қостанайды басып алды. ҚЗ азамат соғысы жылдарында — жұмысшы-шаруа Кеңестерінің орталықтағы және жергілікті жерлердегі билікті басып алуы алғашқы күннен-ақ құлатылған таптардың қарулы қарсылығын туғызды. Азамат соғысы билік үшін күрестің жалғасы болып шықты, сондықтан 1917ж. Қазан қарулы көтерілісі мен Азамат соғысының арасында айқын шек болмады. Ел 1917ж. 25 казаннан бастап Азамат соғысы жағдайында өмір сүрді немесе бұл дата елді таптық белгісі бойынша бір-біріне жау екі лагерьге бөліп тастады, арадағы күрес бітіспес қанды қырғынға ұласты. ҚЗ Азамат соғысы ошақтарының бірі Орынбор губерниясы мен Торғай облысының әкімшілік орталығы Орынборда — казак атаманы Дутовтың 1917ж. қараша аяғы Кеңес өкіметін құлатып, Кеңестердің II Бүкілресейлік съезінің делегаты С. Цвиллинг бастаған революциялық комитетті тұтқындауымен пайда болды. Жоғарыда айтылғандай, 1917ж. 5—13 желтоқсанда Орынборда «Алаш» партиясының II Бүкілқазақ съезі болып өтті. Съезде Уақытша халықтық кеңес — «Алашорда» (Алаш автономиясы үкіметі) құрылды. Азамат соғысы басталысымен Алашорда бастаған және Кеңестер мен большевиктерді қолдаған екі жақ бір-біріне қарсы тұрды. 1918ж жазда төңкеріске қарсы күштер Орал, Торғай, Ақмола, Семей облыстарының көптеген аудандарын, соңынан Жетісу облысының бірқатар аудандарын басып алып, Кеңес өкіметін құлатты. ҚЗ азаматтары Қызыл Армия қатарында да, “ақтар” басып алған аудандарда жасақталған партизандық жасақтар құрамында да азамат соғсына қатысуға мәжбүр болды. ҚЗ шешуші соғыс қимылдарына “қызылдар” жағынан М.В. Фрунзе, В.В. Куйбышев, В.И. Чапаев, И.П. Белов, И.С. Кутяков т.б., ал “ақтар” жағына А.И. Дутов, С.П. Толстов, Б.В.Анненков т.б. басшылық етті. Торғай далаларында “ақтарға” қарсы күресте А. Иманов, Батыс Қазақстанда Хамит Чурин, Бейсен Жәнекешев т.б. көзге түсті. Ал Әліби Жангелдин азамат соғысы қызу жүріп жатқан кезде (1918 ж. күзі) Мәскеуде жасақталған қару-жарақ керуенін Түркістан майданына жеткізді.1920ж. көктем азамат соғысы Кеңес өкіметінің жеңісімен аяқталды


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет