2 семестрлік жұмыс пән: Философия Тақырыбы: Ф. Энгельс адамның пайда болуы туралы Мамандық: 6В06102 – «Ақпараттық жүйелер»


Мемлекеттің пайда болуы туралы қалыптасқан плюралистік теориялар



бет2/3
Дата26.11.2022
өлшемі41,24 Kb.
#52856
1   2   3
Мемлекеттің пайда болуы туралы қалыптасқан плюралистік теориялар

Мемлекет деген күрделі саяси ұйым. Мемлекет пайда болғаннан кейін ол


туралы көптеген тұжырымдамалар мен теориялар қалыптасты. Олардың
барлығы бір-біріне мүлдем ұқсамайды және мемлекетті әр түрлі плюралистік
мағынада түсіндіреді. Ойшылдардың әр ғасырда ұсынған идеялары негізінде
таптық мүдделер мен теория пайда болған қоғамның тарихи жағдайларына,
заман талабына байланысты қалыптасқан.
1. Теологиялық теория. (Ф.Аквинский, Ж.Маритен, Жозеф де Местр,
Дабен, О.Бисмарк). Бұл теория мемлекеттің пайда болуын жаратушының
әмірімен болатын құбылыс деп түсіндіреді. Кезінде біздің ғасырымызға дейін
Египет сияқты шығыс елдерінде кең тарап, кейінірек орта ғасырдың діни
қызметкерлері қаруға алып, жан-жақты насихаттады. Монархиялық
формадағы мемлекеттердің идеологтері монархтың билігі «құдайдың
әмірімен болады», - деп оған сөзсіз бас ию, бағынуды талап етті.
Ф.Аквинский (1225-1274) Аристотельдің ілімінен «активтік форманың»
«пассивтік материяға» өмір беретіні тұжы-рымға алып, «кандай да болмасын
билік - құдайдан» деп жариялады. Теологиялық теория «Екі семсер», «Ай мен күн» сияқты теорияларды да дүниеге әкеледі. Бұл теориялар негізінде
Римнің католикалық шіркеуі кең көлемде насихаттады. «Екі семсер теориясы
бойынша мемлекет басшысы - король, билікті шіркеуден алғандықтан, оған
міндетті түрде тәуелді десе,»ай мен күн теориясы» бойынша ай жарықты
күннің түсуінен алса, король, императорлар билікті католикалық шіркеуден,
пападан алады, сондықтан оған міндетті түрде бағынуы тиіс. «Оның ілімі осы
күнге дейін Еуропа елдерінде молынан тараған және жақтаушылары да көп.
Фома Аквинскиге Римнің католикалық шіркеуі оның ілімін 1879 жылы
«католизмнің дара акиқатты философиясы» деп жариялады. Ал,
Германияның канцлері болған О.Бисмарк (1815-1895) осы теорияны
уағыздаушы ретінде былай деп мәлімдеді: «Сіз құдайдың сіздерге үстемдік
жүргізу үшін корольдің қойылғанын мойындайсыз ба? Иә? Сіздің оған қарсылық білдіруге қалай ғана дәтіңіз барды, қапай ғана ол силаған
конституцияға сілтеме жасауға ерік білдірдіңіз, ол өзінің құдай беделін
арқалаған беделімен оны өзі қайтып алуына болады… Немесе, сіз корольдің
өз құқықтарын құдайдан алғанын мойындамайсыз ба? Онда сіз -
республикашылсыз».
2.Патриархалдық теория. (Платон, Аристотель, Р.Фильмер,
Н.Михайловский, Шоқан Уәлиханов, Борнганк, Вольтман). Бұл теорияның
мәні бойынша мемлекет отбасының өсіп-дамуынан ұлғайтып біртіндеп
мемлекетке айналады, ал монархтың билігі әке билігінің жалғасы болып
табылады. Мысалы, Аристотельдің түсінігі бойынша мемлекет бірнеше
отбасы қыстақтарынан құралады және мемлекеттегі басқару отбасы билігінің
жалғасы болым табышды. Ол былай деп жазады: «Әр отбасында патша
ретінде рудың ақсақалдары басқарған сияқты, келешекте де отбасының өз
мүшелерімен туысқандар салдардан таралып орналасуы патшаның
басқаруында болады». Осы мағынадағы идеяны Ш.Уәлиханов та айтқан.
«Орданың ертедегі ру басының бел ұрпағы ретінде манаптар алғашында
патриархалдық семья ақсақалы есебінде билік құрған, бірақ ол билік келе-
келе шектен асып, ақырында, құл меленушінің құлдарға жүргізетін рахымсыз
қатал озбырлығына айғалған» - деп атап көрсеткен қазақ ойшылы өзінің
«Қырғыздар туралы жазбалар» деп аталатын еңбегінде.
Негізінде мұндай тұжырым ғылымның жетістіктеріне сәйкес келмейді.
Тарихта дәлелденгендей отбасы жеке меншікті одан әрі қарай нығайту үшін
мемлекетпен бірге пайда болып, алғашқы қауымдық құрылысты ыдыратуына
ықпалын тигізеді.
3. Патроманальдық теория (лат, рatrimonium-мұрагерлікке қалған жер,
меншік). (Швейцарлық К.Галлер). К.Галлердің түсінігі бойынша мемлекет
меншік иесінің жерге иелену құқынан пайда болады. Жерге ие болған меншік
иесінін билігі сол аумақта өмір сүрген адамдардың бәріне жүреді. Халық
жерді меншік иесінен мердігерлікке ғана алады. К.Галлер XIX ғасырда
Еуропаның кейбір мемлекеттеріндегі феодалдардың жерге деген меншігінің
саяси билікпен ұласқандығын алға тартады.
4. Күштеу теориясы (Жан Ян б.э.д.390-338ж.,Е.Дюринг, Л.Гумпелович,
К.Каутский). Бұл теорияны жақтаушылар мемлекеттің пайда болуын бір
тайпалардың басқа тайпаларды жаулап алуымен түсіндіреді. Олардың
пікірінше, мемлекеттік билік, таптар бір халықты екінші халықтың жаулап
алғаннан кейін пайда болады және ол соғыстың, күштеудің тікелей салдары
деп танылады. К.Каутский қоғамда таптардың пайда болуын
көшпенділердің отырықшы елдерді жаулап алуынан туған деп тұжырым
жасады. Мысалы, Л.Гумлелович: «Бізге тарих мемлекеттің күштеу арқылы
болмағаны туралы басқаша бірде-бір мәлімет бере алмайды. Мемлекет
әрқашан бір тайпаның басқаларға күш қолдануы нәтижесіне қалыптасты. Бұл
күштірек бөтен тайпалардың отырықшылыққа өткен әлсіз халықты жаулап
алуы мен езіп жаншуының көрінісінің нәтижесі,» -- деп қорытынды жасады.
Ол құқықтың пайда болуын тек күш арқылы болтын құбылыс деп танып
«күш қолдану құқықтың алдында жүреді» деген формула, қағиданы
құқықтану ғылымына енгізді. Оның ойынша топтардың, бір рулардың
үстемдік етіп, - күш қолдануы дағдыға айналып, келе келе әдеттік құқық
нормаларын қалыптасты рады. Құқық күшке сүйенген қоғамдық тәртіп деген
қорытынды жасалды. Оны қолдаушы К.Каутский былай деп атап көрсетті:
«Жеңіске жеткен тайпалар жеңілген тайпаларды өздеріне бағынышты етеді,
олардың барлық жерлерін иемделеді және содан кейін жеңілген тайпаны
жеңгендерге үнемі жұмыс істеуге, салықтар төлеуге мәжбүр етеді…
Жеңілгендерді басқару үшін құрылған басқару аппараты мемлекетке
айналады.»
5. Шарт теориясы (Б.Спиноза, Д. Локк, Т. Гоббс, Г. Греции,
Ж.Ж. Руссо, Д. Дидро, Ш.Л. Монтескье, П.А. Гольбах, А. Радишев). Бұл
теория XVII) -XVIII ғасырларда феодалдық мемлекеттік-құқықтық
институттар мен жүйеге қарсы күрес кезеңінде қалыптасып дами келе
көптеген елдерде кеңінен тарады. Теорияның тұжырымы бойынша адамдар
ерте кезде қақтығыстар мен шиеленістерден кәздерін ашпаған. Оларды
болдырмай, өздерін сақтап қалу мақсатында саналы, әділетті түрде басқару
үшін адамдар бір-бірімен шарт жасап, билікті өздері қалаған адамдарына
берген. Содан бері қарай мемлекет жасалған шарт негізінде өз міндетін
атқаруда. Шарттың талаптарын орындамай өрескел бұрмалаған жағдайда
халық өзі құрған билікті күшпен құлатуға құқылы. Шарт теориясына қарсы
пікір білдіретіндер негізінде шарттың тарихта мүлдем болмағанын,
жасалынғаны туралы ешқандай сақталған мәлімет жоқ екенін алға тартады.
Бірақ, теорияның негізгі қағидалары феодализмге қарсы күресуде
прогресивтік рөл атқарады, буржуазиялық қатынастардың өркендеуіне ықпал
етеді. Сонымен қатар парт теориясының негізгі қағидалары мен талаптары
АҚШ тың тәуеелеіздік декларациясында (1776), Францияның адам және
азамат құқықтарында (1789) және басқа да құжаттарда бекітілді. Мысалы,
АҚШ-тың аталмыш декларациясында мынандай норма жарияланған: «Біз
мынандай өзінен-өзі анық әділеттілікті мойындаймыз: барлық адамдар тең
және олар жаратушымен арнайы ажыратылмайтын өмір сүру, бостандық
және бақытқа ұмтылу құқықтармен қамтамасыз етілген. Бұл құқықтарды
қамтамасыз ету үшін және басқарылатындардың келісімімен адамдар өз
мойнына әділетті билікті алатын үкімет құрды. Әр жолы қандай да болмасын
басқару формасы осы қағидаларды бұзуға әкеліп соқтыратын болса, халық
оны жойып, халыктың кауіпсіздігі мен бақытын қамтамасыз етуге мүмқіндік
беретін жаңа үкімет құруға құқы бар». Қазақстан Республикасының
Конституциясының 3-бабы аталмыш қағидаларды мына мағынада бекітті:
«Мемлекеттік биліктің бірден-бірі бастауы - халық… өз билігін жүзеге
асыруды Мемлекеттік органдарға береді. билікті ешкім де иемденіп кете
алмайды. Билікті иемденіп кету заң бойынша қудаланады».
6. Психологиялық теория (Фрезер, Г.Тард, Р.Пампериен,
Л.Петражицкий, 3.Фрейд, М.Ковалевский, Н.Коркунов). Аталмыш теорияны
жақтаушылар мемлекет пен жалпы билік жүргізуді адамдардың ерекше
психикалық қабілеттерімен байланыстарып қарайды. Олардың пікірінше,
билік жүргізетін адам ерекше сыйқырлы күшпен психикалық энергияға ие.
Алғашқы адамдар ру көсемдері мен бақсыларға сенімдік білдіріп,
табынған болса, мемлекеттік билік тұлғалары алдында да адамдар өздерінің
бағыныш қылығын танытады, бағынуға құлшыныс білдіреді. Бағындыру,
бағындырушының ерекше психикалық қабілеттеріне байланысты.
Мемлекеттік билік осы жолмен қалыптасады. Бұл теория жалпы адамдарды
тобыр, инерциялық мінезге ие санатында бағалайды да ірі тұлғалардың рөлін
ерекше асқақтатады. Қоғамда ерекше қасиеті бар адамдарға басқа адамдар өз
еркімен табынуға, бағынуға ұмтылады. Осының нәтижесінде олар халықты
тек гана бағынуға ұмтылған енжар жиын, тобыр ретінде санайды да, ал
мемлекетті қоғамдағы барлық, адамдардың тілегі бойынша құрылған ұйым
ретінде ғана танып біледі. Сонымен қатар аталған ғалымдар мемлекеттің
пайда болуын адамдардың бойына сіңген билікке ұмтылу инстинктімен
тығыз байланыстырып қарайды.
7. Органикалық теория (А.Шеффле, Р.Ворме, Д.Фортескью,
Г.Спенсер). Теорияның мазмұны мемлекетті біртұтас организмге теңейді.
Қайсыбір тірі организмнің қалыптасуын Г.Спенсер эволюциялық дамудың
жемісі ретінде бағалайды. Ағзада әр турлі функциялар атқаратын жасушалар
мен орғандар болады. Олардың барлығы біртұтастықты құрап, тіршілік етуді
қамтамасыз етеді. Мысалы, адамның мыйы басқару функциясын атқарса, қол
мен аяқ дене еңбегімен шұғылданатындар, ал сауда, көлік байланыс жүйелер
адамның қан тамырларымен салыстырылады. Басқару аппаратын да пірі ағза
ретінде бағалайды. Мемлекетті тірі ағзамен теңеудің негізі жоқ. Ағза
биологияның заңына бағынса, адам саналық құдыретке, оның қимыл-әрекеті
әр турлі болады, қайталанбайтын шешім қабылдауға интелекті жетеді.
8. Инцесттік теория (К.Леви-Стросс). Тұңғыш рет бұл теорияны
франдуздың зерттеушісі К.Леви-Стросс ашылған ғылыми жаңалық ретінде
ұсынды. Бұл теория бойынша мемлекеттің пайда болуы адамдардың алғашқы
қауымдық құрылыс кезінен қалыптасқан эндогамия орнына экзогамиялық
табудың енуі қоғамда мемлекеттің нышандарын қалыптастырады. Оның
ойынша ру ішінде жыныстық қатынастарға тыйым салу адамзаттың
жабайылықтан жоғарғы салыға көтерілуіне мүмкіндіктер жасады. Қан
араласудан сақтады, соның нәтижесінде салауатты, ақылды адамдар өмірге
келді, басқа ру, тайпалармен қатынас жасап, айырбас жасауларына, тіпті
соғысуға жол ашады. Қатынастар күрделене түскен сайын басқару қажеттігі
туды.
Шын мәнінде бір рудың ішіне неке қиюға тыйым салу өркениеттілікке
көтерілудің тамаша көрінісі. «Тарих тәжірибесіне жүгінетін болсақ, туыстар
арасында неке қиюдың негізінде, қанның араласуы ұрпақтың ақыл-ой, жалпы
естілік қабілеттілігінің қалыптасуына кері әсерін тигізген және бірнеше
атадан кейінде оның жағымсыз қасиеттері қайталанып отырғанын
аңғарамыз…
Ал қазіргі генетика ғылымы және медицина қандас туыстар арасында
неке қиюдың нәтижесінде сәбидің жалпы денсаулығы, ой-өрісімен дене
бітімінің кемтар, әлсіз, дәрмені жоқ болып қалыптасатынын дәлелдеп отыр.
Кейбір зерттеулердің нәтижесіне көз салсақ қандас адамдардың бір-бірімен
некеге тұруы тұқым қуалайтын аурудың - жүз есе ұлғайтуына себепкер
болатынын аңғартады».
Бірақ, экзогамиялық табу мемлекеттің шығуына тікелей себепші бола
алмайды. Ол қоғамның жалпы моральдық деңгейінің, ар-ожданының биік
сатыға көтергенін айқындайды. Ал мемлекеттің шығуы негізінде өндірістік
экономиканың пайда болуымен тікелей байланыста.
9. Марксист теория. (К.Маркс, Ф.Энгельс, Г.Плеханов, В.Ленин,
И.Сталин). Мемлекеттің пайда болуын таптардың, бай, кедейлердің пайда
болуымен тікелей байланыстырады. Мемлекет таптар шиеленістері
өршігенде қаналушы тапты басып-жаншуға арналған машина ретінде ғана
бағаланады. Марксистер мемлекеттің өркениеттік функцияларын жоққа
шығарады, таптық сипатты мәндік категорияға айналдырады және таптар
коммунизмде жойылғанда мемлекетте болмайды деген жалған идеяны
уағыздады.
10. Ирригациялық (гидравликалық) теория. (К.Виттфогель).
Теорияның пайда болуы шығыс елдерінің ежелгі тарихын зерттеумен тікелей
байланысты. К.Виттфогель тұңғыш рет өткен ғасырдың соңында жазған
«Шығыс деспотизмі: тотальдық билікті салыстырмалық зерттеу» деген
еңбегінде осы теорияны ұсынды. Бұл тұжырымдама бойынша мемлекеттің
пайда болуы үлкен өзеңдердің суларын пайдаланудан және оны игеруден
туындайды. Адамдар Нил, Тигр, Ефрат, Янцзы, Хуэнхэ, Ганга, сияқты үлкен
өзендерді игеру барысында үлкен каналдар мен ирригациялық құрылыстар
салды. Мұндай жұмыстарды ұйымдастыру үшін арнайы адамдар тобын,
менеджерлік-бюрократия қалыптасады. Олар келе-келе арнайы функцияларға
ие болып, мемлекеттік басқару жүйесін ұйымдастырды деп тұжырым
жасайды. Теория өзендер бар аумақта мемлекеттің шығуын түсіндіргенмен,
өзені жоқ суық климатта өмір сүрген адамдардың мемлекет құрғандарының
себептеріне жауап бере алмайды.
11. Дифузиялық теория (Гребнер). Бұл теория мемлекеттің пайда
болуын, қалыптасуын халықтардың бір-бірімен жасаған қарым-
қатынастарынан болатын құбылыс ретінде бағаланады. Соның тікелей
әсерінен бір халық басқа халықтың тәжірибесін алады, басқарудың
жетістіктерін өз орталарына енгізеді. Гребнер теориясының негізінде кезінде
П.Сорокин, Д.Гэлбрейт, О.Флейтхейм сияқты зерттеушілер ұсынған
«Конвергенция теориясы» бар. Адамдар мен халықтардың бір-бірімен
жасаған байланыстары мемлекетті қалыптастырмайды, тек озық тәжірибелері
мен басқарудың тиімді әдістерін ғана енгізеді.
12. Нәсілдік теория. (Шыңғыс хан, Наполеон, Ф.Ницше, А.Гитлер,
Ж.Габино). Бұл теорияның концепцуальдық мазмұны бойынша күшті
мемлекет құру тек жоғарғы нәсілдерге ғана тән қасиет. Олар ғана басқа
төменгі (екінші, үшінші сорттағы) нәсілдермен ұлттарға билік жүргізуге
құқылы. Жаратылысынан төменгі санатта тұрған этнос өкілдері жоғарғы
нәсілдер ұйымдастырған, құрған мемлекеттік билікке тырп етпей
бағынулары тиіс және олар орнатқан тәртіп бәріне міндетті, аталмыш теория
Рим империясынан бастау алды. Мысалы, Шыңғыс хан дүние жүзінде
соғыстың, қақтығыстардың, қырып-жоюдың болмауын моңғол нәсілінің
бүкіл жер шарына әмір етіп, билік жүргізумен байланыстырды. Шыңғыс хан
өзінің жауыздық ниетін былай деп жариялады: «Адамның ләззаты мен
рахаты - зығырданы кайнағандарды басып жаншу, оның тамырына балта
шабу жеңілгендерді алдыңа салып алып қуу, олардың иеленгендерін тартып
алу, оларға қымбат болғандардын көздерінен жас сорғалату… құшағыңа
олардың қыздары мен әйелдерін қысу»… Фашистік Германия да бұл
тұжырымдаманы өзінің идеологиясы ретінде қабылдады. А.Гитлер езінің
нәсілдік теориясы туралы «Менің күресім» деген еңбегінде былай деп атап
көрсетті: «Адамзаттың барлық мәдениеті мен өркениеті біздің жерімізде
арилардың тіршілік етуімен тікелей байланысты. Егер Арилықтар біртіндеп
қырылып, немесе бірден өлсе, бүкіл жер шары жаппай мәдениетсіздікке
душар болғанын байкатқан болар еді», Наполеон Бүкіл Еуропаны, тіпті кейін
дүние жүзін француздардың басқаруымен болатынын одақтастық деп түсінді
және Францияның барлық елдерге билік жүргізуін ерекше мәртебе деп
бағалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет