2015 жыл бойынша тұрақты даму туралы есеп



Pdf көрінісі
бет1/7
Дата04.02.2017
өлшемі5,64 Mb.
#3388
  1   2   3   4   5   6   7

2015 жыл бойынша 

тұрақты даму туралы есеп

«НКОК» компаниясының 2015 жыл бойынша тұрақты даму туралы есебі

2

МАЗМҰНЫ

1.  НКОК-ТЫҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУ БОЙЫНША МІНДЕТТЕМЕСІ – 

БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРДЫҢ ЖОЛДАУЫ 

4

2.  СОЛТҮСТІК КАСПИЙ ЖОБАСЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР 

5

2.1  Мүдделі тараптар үшін пайдалылықты арттыруға қатысты көзқарасымыз

5

2.2  Жобаның сипаттамасы



5

2.3  «НКОК» компаниясының басқару жүйелері

7

3.  «НКОК» КОМПАНИЯСЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ ТУРАЛЫ 

ДЕРЕКТЕР 

8

4.  ЕСЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ 

10

5.  ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САЛА 

11

5.1  Денсаулық пен еңбек қорғау

11

5.2  Технологиялық процестің қауіпсіздігі және активтердің тұтастығы



13

5.3  Тұщы су

13

5.4  Парник газдардың эмиссиялары



14

6.  ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫ ОҢТАЙЛЫ ПАЙДАЛАНУ 

15

6.1  Саясат пен бағдарламалар

15

6.2  Биоәртүрлілік және экожүйелердің қызметтері



17

6.3  Су қоймаларына төгінділер

20

6.4  Атмосфераға тарайтын парник газдар жоқ шығарындылар



21

6.5  Мұнайдың қоршаған ортаға төгілуі

22

6.6  Қалдықтар



25

6.7  Құрлықтағы және теңіздегі зерттеулер

26

6.8  Пайдаланудан шығару және қалпына келтіру



27

7.  ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТИІМДІЛІК  

29

7.1  Энергия

29

7.2  Газды алауда жағу



29

«НКОК» компаниясының 2015 жыл бойынша тұрақты даму туралы есебі

3

8.  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮШІН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ПАЙДАЛАР 30

9.  ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЛА 

31

9.1  Әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар

31

9.2  Демеушілік және қайырымдылық бағдарламасы



32

9.3  Жергілікті қамту бойынша міндеттеме

32

9.4  Жергілікті қамту: «НКОК» компаниясының саясаты және бағдарламалары  33



9.5  Жергілікті өнеркәсіп қуаттарын ұлғайту

33

9.6  Кәсіби дағдыларды дамыту және біліммен бөлісу



34

9.7  Шетелдік мамандарды қазақстандық кадрлармен алмастыру

35

9.8  Іскерлік әдеп



36

9.9  Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу

36

9.10  Қоғамдық-саяси қызметке қатысу



37

10.  ҚОҒАМДЫҚ ІЛГЕРІЛЕУШІЛІК 

38

10.1  Жергілікті жұртшылықпен қарым-қатынас

38

10.2  «НКОК» компаниясының еңбек ресурстары; еңбек құқықтары



39

10.3  Адам құқығы

41

11.  ЕСЕПТІЛІК ПРОЦЕСІ 

42

11.1  Қағидаттар

42

11.2  Мәнділік



42

11.3  Деректер хаттамалары

42

11.4  Бақылау



42

11.5  Мұнай-газ өнеркәсібі өкілдерінің қоршаған ортаны қорғау жөніндегі

халықаралық қауымдастығының (IPIECA) көрсеткіштерге сәйкестік кестесі

43


«НКОК» компаниясының 2015 жыл бойынша тұрақты даму туралы есебі

4

1.  НКОК-ТЫҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУ БОЙЫНША 

МІНДЕТТЕМЕСІ – БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРДЫҢ 

ЖОЛДАУЫ

Осы құжат Солтүстік Каспий жобасының Операторы – «НКОК»

компаниясы әзірлеген Тұрақты даму туралы көпшілікке

арналған алғашқы есеп болып табылады.

Қазақстанның теңіздегі мұнай-газ ресурстарын келешек ұрпақтың

өзін өзі қамтамасыз ету мүмкіндіктеріне зиян келтірмей, бүгінгі

ұрпақты қамтамасыз ету үшін игеру жөніндегі міндеттемемізді

көздейтін Тұрақты даму тұжырымдамасы әрқашан жобамыздың

дамуының ең алғашқы кезеңдерінен-ақ, атап айтқанда 1997

жылдан бастап оны жүзеге асыруға деген көзқарасымыздың

ажырамас бөлігі болды. Бұл қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді

мүдделеріміздің оңтайлы арақатынасын шешімдерді қабылдау

процесіндегі экологиялық және әлеуметтік аспектілерді ескере

отырып қамтамасыз ету жөніндегі негіз қалаушы міндеттемемізде

көрсетілген. «НКОК» компаниясы өзінің экологиялық және

әлеуметтік міндеттемелерін орындауы кезінде Қазақстан

Республикасы үшін, оның азаматтары мен НКОК акционерлері

үшін ұзақ мерзімге есептелген басымдықтарды қамтамасыз етуге

ұмтылады.

Бұрынғы жылдарда Солтүстік Каспий жобасының Операторы жұртшылықты тұрақты даму бойынша

қабылданып жатқан шаралар туралы үнемі хабардар етіп келген. 2015 жылы қайта құрудан

кейін НКОК (Н.В.) Жобаның Бірыңғай Операторы ретінде тағайындалысымен қалыптасып жатқан

халықаралық тәжірибеге сай ресми жылдық есептің шығарылуы уақтылы болып отыр.

[1]


Есептің

шығарылуы тұрақты даму жөніндегі міндеттемеміздің шеңберіндегі «үнемі жақсарту кезеңі» болып

табылады. Біз өз көрсеткіштері туралы осындай есептер шығарушы және күн санап көбейіп келе

жатқан компаниялардың қатарына қосыламыз және бұл шешіміміз саламыздың Біріккен Ұлттар

Ұйымы белгілеген 2030 жылға дейінгі кезеңде тұрақты даму мақсаттарына жету жөніндегі ғаламдық

ілгерілеушілікке қосатын үлесі туралы хабардарлық деңгейін арттыруға ықпал етеді деп үміттенеміз.

Осы есептің дер кезінде шығарылуының тағы бір себебі бар. Биылғы жылы Қашаған кен орнын

игерудің І кезеңі жобасының, яғни Солтүстік Каспий мұнай-газ жобасының алғашқы кезеңі

шеңберінде тұрақты режимде мұнай өндірудің басталуы күтіліп отыр. Алдағы жылдары біз жергілікті

халық пен Қазақстан азаматтарына олардың теңіз ресурстарын игеру жөніндегі қызметіміздің

көрсеткіштері туралы ашық та анық ақпарат беру үшін жауапкершілігімізді растау үшін осындай

есептерді тұрақты түрде шығаруды жоспарлап отырмыз.

Мен сіздермен, мүдделі тараптарымызбен осы есеп бойынша және жалпы қызметіміздің

көрсеткіштеріне қатысты диалогымыздың жалғасын асыға күтемін.

«НКОК» компаниясының басқарушы директоры

Бруно Жардэн

1 Осы есеп Мұнай өнеркәсібі өкілдерінің қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық қауымдастығымен (IPIECA),

Мұнай-газ өндіруші компаниялардың халықаралық ұйымымен (IOGP) және Америка мұнай институтымен (API) бірге

әзірленген және жақында жаңартылған «Мұнай-газ саласының кәсіпорындарына арналған тұрақты даму туралы еркін

нысандағы есептер беру жөніндегі басшылыққа алынатын нұсқаулардың» (3-басылым, 2015 ж.) ережелеріне сәйкес келеді.



«НКОК» компаниясының 2015 жыл бойынша тұрақты даму туралы есебі

5

2.  СОЛТҮСТІК КАСПИЙ ЖОБАСЫ ТУРАЛЫ 

МӘЛІМЕТТЕР

2.1  Мүдделі тараптар үшін пайдалылықты арттыруға қатысты 

көзқарасымыз

Қазақстан үшін

«НКОК» компаниясы Каспий өңірінде мұнай-газ ресурстарын қоршаған ортаның қорғалуын,

Қазақстанның экономикалық дамуын және жергілікті халықтың тұрмыс деңгейінің көтерілуін

қамтамасыз ете отырып игеру үшін әлемдік деңгейдегі инновациялық теңіз жобасын әзірлеу

жөніндегі міндеттемені қабылдады.

Бүкіл әлем үшін

Планетамыздың халқы үнемі көбейіп келеді, бұл негізгі қажеттіліктерді қанағаттандыру және тұрмыс

деңгейін көтеру мақсаттарында энергия ресурстарына деген сұраныстың артуына себеп болып

отыр. Энергия көздерінің жаңа түрлері бойынша жабдықтау көлемі өсіп келеді, алайда Халықаралық

энергетикалық агенттік (ХЭА) алдағы ондаған жылдарда мұнай мен газ өсіп келе жатқан сұранысты

қанағаттандыруда маңызды рөл атқара беретінін

болжап отыр

және Каспий өңірінің жеткізілімдерді

әртараптандыру арқылы, әлемдік энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге елеулі үлес қосуға

әлеуеті бар екенін атап отыр. «НКОК» компаниясының мақсаты – Қазақстанның осы әлеуетін жүзеге

асыру.

2.2  Жобаның сипаттамасы

Солтүстік Каспий жобасы Қазақстандағы теңіз мұнай-газ кен орындарын игеру бойынша алғашқы

ірі жоба болып табылады. Оның құрамына Қашаған, Қаламқас-теңіз, Қайраң, Ақтоты және Оңтүстік-

батыс Қашаған атты бес кен орны кіреді.

Қашаған алып кен орны соңғы қырық жыл ішінде ашылған ең ірі мұнай кен орындарының бірі

болып табылады; оның өндірілетін қорлары шамамен 9-13 миллиард баррель (1-2 миллиард тонна)

мұнайды құрайды. Қашаған теңіз кен орнының коллекторы Атырау қаласынан 80 км қашықтықта, су

астындағы 3-4 метр тереңдікте және теңіз түбінен 4 км-ден астам (4 200 м) тереңдікте жатыр.

Солтүстік Каспий жобасы оның ауқымы мен техникалық күрделілігін ескере отырып, Қашаған кен

орнын игерудің І кезеңінен бастап кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады (игерудің кейінгі

кезеңдері қазіргі уақытта жоспарлау сатысында). Бір жобада күрделі климаттық жағдайларда еңбек

қорғау, жобалау және логистика саласындағы қиындықтардың тоғысуы Қашаған кен орнын игеру

жобасын қазіргі уақытта саламызда әлем бойынша жүзеге асырылып жатқан ең ірі және анағұрлым

күрделі жобалардың бірі етті.



Солтүстік Каспий бойынша ӨБК-нің Мердігерлік алаңы

«НКОК» компаниясының 2015 жыл бойынша тұрақты даму туралы есебі

6

Қашаған кен орнында өндірілетін флюид көмірсутегілер

қоспасынан: метан, этан, көмірқышқыл газ және көмірсутегі

сияқты жеңіл газ тәрізді компоненттерден және анағұрлым

ауыр мұнай компоненттерінен тұрады. Қашаған кен

орнының коллекторы жоғары қысыммен (800 барға жуық)

және күкіртсутегінің (H

2

S) жоғары концентрациясымен



ерекшеленеді, осының салдарынан өндірілетін газ

«күкіртті» деп жіктеледі. Осы ерекшеліктің артықшылығы

– осындай қысымдағы газды қойнауқатқа кері айдау іс

жүзінде кен орнының мұнай бергіштігін арттыруға жол

ашады. Сондықтан жеңіл газ тәрізді компоненттер теңіздегі

D аралында анағұрлым ауыр мұнайдан бөлініп, кейіннен

жоғары қысым ықпалында коллекторға, яғни өздері бұрын

өндірілген тау жыныстарына кері айдалатын болады.

Газдың қалған бөлігі «Болашақ» атты мұнай мен газды

кешенді дайындау қондырғысына жіберіліп, онда «күкіртті»

газ күкіртсутегіден тазартылады. Дайындалған немесе

«күкіртсіздендірілген» газ құрлық және теңіз нысандарында

электр энергиясын өндіру үшін пайдаланылатын болады.

Газдың бір бөлігі тауарлық газ ретінде сатуға жіберіледі.



Құбыр желілерін алмастыру

Материалдар жөніндегі сарапшылар

2013 жылы орын алған проблема

құбыр желісінде болат материалдың

беріктігі жоғары учаскелерінің түзілуіне

байланысты оның қысымды ортада

сульфидті шытынауы салдарынан болды

деген тұжырымға келді.

Бастапқы жоба және болаттың

техникалық сипаттамалары Қашаған кен

орнындағы күкіртсутегінің болжамды

құрамы мен судың болуын ескергенде

халықаралық стандарттар мен мұнай-

газ кен орындарын игерудің әлемдік

оңтайлы тәжірибесі талаптарына

толық сәйкес болды. Сонымен бірге

құбырларды жасауда қолданылған

болаттың зертханалық талдамасы, соның

ішінде оның күкіртті газбен реакциясын

сынау нәтижелері болаттың Қашаған

кен орнында қолдануға қолайлы екенін

көрсетті.

Консервативтік тәсілдеме қауіпсіздіктің

жоғары деңгейін қамтамасыз ететінін

ескере отырып, құбыр желісін алмастыру

үшін күкіртті мұнаймен және газбен

жанасқанда беріктігі жоғары учаскелердің

түзілу қатерін төмендету жағынан алғанда

тиімділігін көрсеткен материал таңдалды.

Нәтижесінде екі қабатты болаттан

тұратын материал таңдалды, оның:

•  бірінші қабаты күкіртті мұнай мен

газдың әсеріне шыдамды және

жемірілуге төзімді қорытпадан (ЖТҚ)

жасалған;

•  екінші негізгі қабаты құрамы ерекше

көміртегілі болаттан жасалған және

механикалық тұтастықты қолдау

үшін қажет беріктік пен тұтқырлықты

қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар дәнекерлеу, жасау

және тексеру жұмыстарының жаңа

хаттамалары енгізіліп, олар сапа бойынша

сертификаттаудан өтті.



Қашаған кен орнын ТӨИ шеңберінде игеру тұжырымдамасы

Жобаны жүзеге асыруға 

байланысты қиындықтардың 

анағұрлым толығырақ сипаттамасы 

www.ncoc.com веб-сайтында 

берілген


«НКОК» компаниясының 2015 жыл бойынша тұрақты даму туралы есебі

7

2015 ж. орындалған жұмыстар 

2013 жылғы 30 маусымда Жобаның І кезеңі шеңберіндегі нысандар құрылысының аяқталуы және

қосу-реттеу жұмыстары мен сынақтардың басталуы құрметіне орай ҚР Президенті Нұрсұлтан

Назарбаев пен Ұлыбританияның Премьер-министрі Дэвид Кэмеронның қатысуымен Солтүстік

Каспий жобасы акционерлері ұйымдастырған салтанатты шара өтті. 2013 жылдың қыркүйек айында

құбыр желілерінде сызаттардың орын алуына байланысты ҚР билік органдары мен акционерлер

қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында (қосымша жалғанған құжатты қараңыз) құбыр желілерін

(ұзындығы шамамен 95 км құрайтын 28-дюймдік екі құбыр желісін) толық алмастыруға қатысты

келісімге келді.

Құбырларды алмастыру жұмыстары 2015 жылдың көктемінде басталды. 

Жұмыстардың аяқталуы 2016 жылдың екінші жартысына жоспарланған. 

Құбыр желілерін алмастыру жұмыстарына қосымша 2015 жылы «Болашақ» мұнай мен газды кешенді

дайындау қондырғысында және D аралында өнім өндіруді қайта бастар алдындағы техникалық

қызмет көрсету және дайындық жұмыстары, сонымен қатар жоғарғы құрылымдардағы жұмыстар

және D аралының маңындағы аралдарда бұрғылау жұмыстары жалғастырылды.

2.3  «НКОК» компаниясының басқару жүйелері 

Солтүстік Каспий жобасы 1997 жылы Қазақстан Республикасы

мен ірі мұнай-газ компанияларының халықаралық Консорциумы

арасында жасалған Солтүстік Каспий бойынша Өнім бөлісу туралы

келісім шеңберінде жүзеге асырылуда.

Қазіргі кезде консорциумның құрамына энергетикалық

компаниялар қатарындағы ең ірі және анағұрлым тәжірибелі жеті

компания кіреді. Олар: «ҚазМұнайГаз», «Эни», «ЭксонМобил», «Шелл», «Тоталь», Қытайдың Ұлттық

Мұнай Компаниясы (CNPC) және «Инпекс» компаниялары. Акционерлердің әрқайсысы өнімдегі

өзінің жеке үлесін тасымалдау мен өткізу үшін, есеп беру және сол өнімді СКӨБК-ге сай Үкіметпен

бөлісу үшін жеке-жеке жауапкершілік атқарады.

Жобаның басқарылуын акционерлер атынан әрекет ететін Оператор жүзеге асырады. 2015 жылға

дейін Солтүстік Каспий жобасы шеңберінде «консорциумның» операциялық үлгісі қолданылып,

ол бойынша Оператор кен орнын игеру мен өнім өндіру бойынша белгілі жұмыстарды төрт агент-

компанияға жүктеген болатын. 2014 жылдың аяғында акционерлер жаңа бірыңғай Оператор —

«Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» (“НКОК”) компаниясын тағайындау арқылы басқаруды

одан әрі біріктіру және нығайту туралы келісімге келді.

[2]


Осы жаңа тәсілге көшу тиімділікті

арттырумен қоса Жоба бойынша активтердің табысталуын және СКӨБК алаңындағы игерудің кейінгі

кезеңдерінің жүзеге асырылуын жеңілдетуге мүмкіндік береді. «НКОК» компаниясының жоғарғы

басшысы – Басқарушы директор.

Компанияның жүйелері мен процестерінің анағұрлым қатаң халықаралық стандарттарға сәйкес

болуын қамтамасыз ету үшін «НКОК» компаниясы келесі стандарттар бойынша сертификаттаудан

өтті:

•  OHSAS 18001 «Кәсіптік қауіпсіздік және денсаулық менеджменті жүйелері»;



•  ISO 14001 «Экологиялық менеджмент жүйелері»;

•  ISO 9001 «Сапаны басқару жүйелері».

Осы сертификаттарға сәйкестікті бағалайтын тәуелсіз сараптама «НКОК» компаниясынан

стандарттарға сәйкестікті тұрақты түрде растауды ғана емес, сонымен қатар басқару жүйелерін үнемі

жақсартып отыруды талап етеді.

2 Осы жолда және одан әрі осы құжаттың мәтіні бойынша «НКОК» аббревиатурасы тек «Норт Каспиан Оперейтинг

Компани Н.В.» компаниясын ғана білдіреді. «Оператор» термині құжаттың мәтініне қарай «НКОК» компаниясына немесе

СКӨБК бойынша бұрынғы басқа Операциялық компанияның кез келгеніне қатысты қолданылуы мүмкін.

«НКОК» компаниясының веб-

сайтындағы жоба тарихының 

кезеңдеріне сілтеме


«НКОК» компаниясының 2015 жыл бойынша тұрақты даму туралы есебі

8

3.  «НКОК» КОМПАНИЯСЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ 

КӨРСЕТКІШТЕРІ ТУРАЛЫ ДЕРЕКТЕР

Өндіріс

2015

Мұнай өндіру көлемі (тонна)

0

Тауарлық газ өндіру көлемі (стандартты текше метр)

0

• 

Тауарлық газ өндіру көлемі (мұнай эквивалентіндегі тонна)

0

Күкірт өндіру көлемі (сату үшін) (тонна)

0

Денсаулық пен еңбек қорғау

Өндірістік жарақаттар мен аурулар

Тіркелетін оқиғалардың жалпы деңгейі (ТОЖД), млн. адам-сағатқа шаққанда



0,79

*  НКОК қызметкерлері

0,50

*  Мердігерлер

0,88

Еңбекке уақытша қабілетсіздік оқиғалары (ЕУҚO) млн. адам-сағатқа шаққанда



0,30

*  НКОК қызметкерлері

0,34

*  Мердігерлер

0,26

Адам өлімі болған оқиғалар



0

Адам өлімі болған апаттар, млн. адам-сағатқа шаққанда



0

Адам өлімі болған оқиғалар, млн. адам-сағатқа шаққанда



0

Технологиялық процестің қауіпсіздігіне байланысты 1-деңгейлі оқиғалар саны 

(API RP 754 құжатына сай)

0

Технологиялық процестің қауіпсіздігіне байланысты 2-деңгейлі оқиғалар саны 



(API RP 754 құжатына сай)

0

Қоршаған ортаны қорғау



Парник газдардың эмиссиялары

Тікелей шығарындылар (1-көлем), CO



2

эквивалентіндегі мың тонна

[3]

465,0


*  Көмірқышқыл газ (CO

2

 ), мың тонна

461,5

*  Метан (CH

4

 ), CO

2

 эквивалентіндегі мың тонна

1,0

*  Азот оксиді (N

2

O), CO

2

 эквивалентіндегі мың тонна

2,5

Жанама шығарындылар (2-көлем, импортталатын энергия), CO



2

 

эквивалентіндегі мың тонна



[4 ]

10,1


Парник газдар шығарындыларының қарқындылығы, өндірілетін мұнайдың

100 тоннасына шаққандағы CO

2

-эквивалентіндегі мың тонна



Қ/Ж

3 ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2010 жылғы 5 қарашадағы № 280-э(ө) бұйрығымен бекітілген Парник

газдардың шығарындыларын есептеу жөніндегі жекелеген әдістемелерге сай CO

2

эквиваленттерін есептеу үшін



пайдаланылатын ғаламдық жылыну потенциалының күшею коэффициенттері 100 жылға болжау шегі бойынша CH

4

 



үшін 21 және N

2

O үшін 310 құрайды. Шығарындыларды есептеу бекітілген әдістемелер мен ҚР Экологиялық кодексінде



белгіленген талаптар және қолданылатын нормативтік құжаттар негізінде, сонымен қатар Климаттың өзгеруі жөніндегі

үкіметаралық сарапшылар тобы 2006 жылы шығарған Парник газдарды ұлттық деңгейде түгендеу жөніндегі басшылыққа

алынатын нұсқауларға сай нысан деңгейінде жүзеге асырылады.

4 Есептер электр энергиясын жанама тұтыну негізінде сұраныс тарапындағы шығарындылар коэффициентін қолдана

отырып жасалады. Аталған коэффициент ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Қазақ экология және климат

ғылыми-зерттеу институты (2012 ж.) шығарған «Электрэнергетикалық жүйелерге арналған шығарындылар коэффициентін

есептеу әдістемесі» құжатына сай, KazEnergy веб-сайтынан табуға болатын Еуропалық қайта құру және даму банкінің осы

құжатқа жалғанған әдістемесі (Lahmeyer International, 2012 ж.) негізінде Қазақстан электр жүйесі үшін (біріктірілген қорлар

коэффициенті) 0,995 т CO

2

-экв./МВт-сағ шамасына тең, аталған сайтта



парник газдар бойынша стандарттар

жарияланған.



«НКОК» компаниясының 2015 жыл бойынша тұрақты даму туралы есебі

9

Электр энергиясын тұтыну 

Жалпы тұтыну, млн гигаджоуль, ГДж



[5]

2,30


Үлесті энергия тұтыну, өндірілетін мұнай көлемі үшін мұнай эквивалентіндегі

млн. тоннаға шаққандағы млн. ГДж

Қ/Ж


«НКОК» компаниясы экспорттайтын (импорттайтын) электр энергиясының

жалпы көлемі, млн. ГДж

(0,37)


Көмірсутегі шикізатын алауда жағу, млн. стандартты 

[6]

 текше метр

6,3


Тұщы су

Су алудың жалпы көлемі, мың текше метр



384

Теңіз суынан өндірілетін тұщы судың жалпы көлемі, мың текше метр



106

Су тұтынудың жалпы көлемі, мың текше метр



444

Тұщы су тұтыну қарқындылығы, өндірілетін мұнай көлемі үшін мұнай



эквивалентіндегі тоннаға шаққандағы тұтынылған судың тоннасы

Қ/Ж


Беткі суға көмірсутегі шикізатының бақылаудағы төгіндісі, тонна

<0,1

Атмосфераға тарайтын шығарындылар

Ұшпа органикалық қосылыстардың (ҰОҚ) шығарындылары, тонна



395

Күкірт диоксидінің шығарындылары (SO



), тонна


131

Азот оксидтерінің шығарындылары (NO



x

), тонна


943

Қоршаған ортаға төгілімдер 

Қоршаған ортаға көлемі 1 баррельден көп мұнай төгілімдерінің саны



0

Төгілген көмірсутегі шикізатының (мұнайдың) көлемі, тонна



0

Қалдықтар

Кәдеге жаратылатын қалдықтардың жалпы көлемі, тонна



22 523

*  Соның ішінде жергілікті нормаларға сай қауіпті деп жіктелген 

қалдықтар, тонна

19 882

Әлеуметтік-экономикалық сала

«НКОК» компаниясындағы шетелдік мамандарды қазақстандық кадрлармен 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет