2016 жыл, бейсенбі


„ Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәжіліс залында өткен брифингте Жамбыл



жүктеу 4.94 Mb.
Pdf просмотр
бет2/13
Дата15.03.2017
өлшемі4.94 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

 

„

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәжіліс залында өткен брифингте Жамбыл 



облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы 

дүйсенәлі бықыбаев басқарманың өткен жылы атқарған жұмыстарын айтып өтті. 

туРизМді дАМытуғА 

ыҚПАл етПек

Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ

Мәдениет  саласын  дамытуға  жергілікті  бюд-

жеттен бөлінетін қаражат көлемі жыл санап артып 

келеді. Өткен жылдың қаржыландыру көлемі 5 млрд. 

427 млн. 953 мың теңгені құраса, бұл 2014 жылмен 

салыстырғанда  300  млн.  957  мың  теңгеге  артық. 

«Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасы 

бойынша соңғы  4 жылда 1 млрд. 750,9 млн. теңге 

бөлініп, 111 нысанда күрделі және ағымдағы жөндеу 

жұмыстары жүргізілген. Оның ішінде 35 мәдениет 

үйі,  42  клуб,  11  кітапхана,  4  музей,  3  мұрағат,  2 

саябақ, 13 Ұлы Отан соғысы құрбандарына арналған 

ескерткіштер бар. 

- Бүгінгі күні «Ежелгі Тараз» қалашығы орнын-

да «Көне Тараз» мұражайы, «Мыңбұлақ» аллеясы, 

«Тараз әуендері» кешені, Бақылау мұнарасы, Қоршау 

дуалдары салынып, этно-мәдени орталықтың құрылыс 

жұмыстары  жүргізілуде.  Биылғы  жылға  «Ежелгі 

Тараз» қалашығының Шахристан бөлігіне 30 млн. 

теңге бөлініп, ғылыми-зерттеу жұмыстары жалғасын 

табатын болады. Мұндағы мақсат – «Ежелгі Тараз» 

қалашығын ашық аспанасты мұражайына айналдырып, 

туристік кластерді дамыту, «Астана ЭКСПО-2017» 

көрмесіне келетін қонақтарға «Көне Тараз» тарихи-

мәдени орталығы кешеніндегі археологиялық саябақты 

жан-жақты таныстыру. Мұнымен қоса, есепті жылы 

«Төрткүл  Х-ХІІ  ғғ.»  керуен-сарайына  облыстық 

бюджеттен 28 млн. теңге бөлініп, этнотуризмді да-

мыту мақсатында қайта қалпына келтіру жұмыстары 

жүргізілді,-деді Дүйсенәлі Бықыбаев. 

Мәдениет мекемелерінің кәсіби дамуы мен об-

лыс халқының мәдениет саласының қызмет сапасына 

қанағаттану  деңгейін  арттыру  барысында  облыс 

театрлары 70 600 көрерменге 401 қойылым ұсынып, 

репертуарларын  толықтыру  мақсатында  әлемдік 

классикалық қойылымдармен қатар әртүрлі жанрда 

17 жаңа қойылым сахналаған. Сонымен қатар театр 

ұжымы моно қалаларды жандандыру мақсатында 

Қаратау мен Жаңатас қалаларында, аудандарда, орыс 

драма театры Ақтөбе, Орал, Байқоңыр қалаларында 

гастрольдік сапарларда болып, көрермен ризашылығына 

бөленіп қайтқан. Облыстық қазақ драма театрында 

«Тұңғышбай Әл-Тарази Таразға шақырады» атты актер 

өнеріне арналған ІІ Халықаралық театр фестивалі өткен.  

Облыстық филармония ұжымы есепті жылы 119344 

көрерменнің назарына  303 концерт ұйымдастырған. 

Сондай-ақ Қазақ хандығының 550 жылдығына орай 

Алматы, Қызылорда облыстарында «Таразым – алтын 

бесігім!», Шымкент қаласында «Ұлы дала  - ұлысым» 

атты концерттік бағдарламалар ұйымдастырған. 

атқарылған жұмыс аз емес. 

 Суретті түсірген О.Макарова

Мәңгілік ел

 

„

Өткен жылы облыс 



тұрғындарының саны 

12,2 мың адамға 

өскен. бұл жөнінде 

облыстық өңірлік 

коммуникациялар 

қызметінің мәжіліс 

залында өткен брифинг 

барысында Жамбыл 

облыстық статистика 

департаменті 

басшысының 

орынбасары инга 

Шевцова мәлімдеді. 

 

„

Облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінің мәжіліс залында өткен брифингте облыс 



әкімдігі дін істері басқармасының басшысы Жангелді Омаров  басқарманың 2015 жылы атқарған 

жұмысы жөнінде баяндады. 

Жұмыссыздық 

деңгейі - 

4,9 пайыз

тұрақтылыққа негіз бар

Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ

Демографиялық  ахуал  бойынша 

өткен жылғы есептеу мәліметтерінше, 

осы  жылдың  1  қаңтарына  дейін  1111 

мың адамды құраған болса, 2015 жылдың 

басынан бастап облыс тұрғындарының 

саны 12,2 мың адамға өскен. Қалалық 

жерлерде  449,6  мың  адам  (халықтың 

жалпы санының 40,5 пайызы), ауылда  

661,4  мың  адам  (59,5  пайыз)  тұрады. 

Халықтың жалпы санынан ерлердің үлесі 

49,1 пайыз – 545,4 мың адамды, әйелдер 

50,9 пайыз -565,6 мың адамды құраған. 

-  Есепті  жылда  бір  жұмыскердің 

орташа айлық жалақысы 87778 теңгені 

құрап,  2014  жылмен  салыстырғанда 

3,2 пайызға артқан, нақты жалақы 8,1 

пайызға  кеміген.  Ең  жоғары  жалақы 

төлеу деңгейінің өсуі ауыл, орман және 

балық шаруашылығында (14,9 пайызға), 

қаржылық сақтандыру қызметінде (20,4 

пайызға), жылжымайтын мүлікпен опе-

рациялар саласында (2,2 есеге) өскен. 

Халықты  жұмыспен  қамту  бойынша 

2015  жылы  экономикалық  белсенді 

халық  саны  539,3  мың  адамға  жетіп, 

2014 жылғы кезеңмен салыстырғанда 

22,6  мың  адамға  азайды.  Жалдамалы 

жұмыскерлер саны 512,6 мың адамды, 

өз  бетінше  жұмыспен  қамтылғандар 

саны  272,6  мың  адамды  құрады. 

Экономикалық қызмет түрлері бойын-

ша жұмыспен қамтылғандар санының ең 

көбі ауыл шаруашылығында– 26,7 пайыз, 

көтерме және бөлшек сауда, автокөлік 

пен мотоциклдерді жөндеуде– 19,8 пай-

ыз, білім беруде – 14,9 пайыз, өнеркәсіпте  

6,1 пайызы шоғырланған. Облыс бойын-

ша жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызды 

құрап отыр,- деді Инга Шевцова.

Осы  жылдың  қаңтарында  негізгі 

қорға салынған инвестициялар көлемі 

қосымша  бағалаумен  есептегенде  6,5 

млрд. теңгені немесе 2015 жылғы сәйкес 

кезеңмен  салыстырғанда  150,1  пай-

ызды құраған. Көлемнің өсуі «Азиат-

ский  газопровод»  ЖШС  «Қазақстан-

Қытай» магистральдық газ құбырының 

құрылысына инвестиция салу есебінен 

болған.  Негізгі  қорға  салынған 

инвестицияның  жалпы  көлемінің  51 

пайызы «көлік және қоймалау» саласына 

берілген. Сондай-ақ өткен жылы жалпы 

көлемі 17,3 мың шаршы метр тұрғын үй 

берілген, оның ішінде 15,1 мың шаршы 

метрі  тұрғындармен  іске  қосылған. 

Тұрғын  үй  құрылысының  1  шаршы 

метрінің орташа нақты шығыны 49,4 мың 

теңгені, халықтың салған үйлері 43,5 мың 

теңгені құраған. 

Е с е п т і   ке з е ң д е   а з ы қ - т ү л і к 

тауарларының  бағалары  1,1  пайызға, 

азық-түлікке  жатпайтын  тауарлар  0,9 

пайызға, ақылы қызметтер 0,3 пайызға 

қымбаттаған.  Азық-түлік  тауарлары 

бойынша жұмыртқа, нан, жас көкөністер, 

майлар  және  тоң  майлар,  жармалар, 

қант, темекі, сүт өнімдері, балық және 

теңіз  өнімдері,  алкогольсіз  сусындар, 

кондитерлік өнімдер, ет және құс, ұн, 

картоп және алкогольдік ішімдіктердің 

бағалары  қымбаттаған.  Халыққа 

көрсетілетін ақылы қызметтер бойынша 

сақтандыру қызметіне бағалар деңгейі 

7  пайызға,  қаржылық  1,3  пайызға, 

киімдерді тазалау, жөндеу және жалға 

беру 2,9 пайызға, мейрамханалар қызметі 

1,9 пайызға көтерілген.     



Сейділдә ТӨРЕН

Қазіргі таңда облыста 11 конфессиядан тұратын 327 діни бірлестік пен 

филиалдар және өкілдік қызмет атқарады. Оның 282-сі мешіттер, 45-і христиан 

діни бірлестіктері мен филиалдары.  Басқарма облыс әкімдігі жанындағы діни 

бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңес жұмысын үйлестіреді, оның 

төрағасы - облыс әкімі. Мұндай кеңестер Тараз қаласы мен аудандық әкімдіктер 

жанынан да құрылып, аудан әкімдерінің төрағалығымен қызмет атқаруда. 

Діни қызмет саласында басқарма негізінен 3 мемлекеттік қызмет көрсетеді. 

Біріншісі, діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен 

тыс жерлерде орналастыруға келісу, бұл бағытта 14 намазхананың қызметіне 

шешім берілген. Екінші, миссионерлік қызметті асыратын азаматтарды тіркеу, 

бұл бағытта 5 азамат тіркелген. Оның 1-і Италиядан, 4-і Корея Республикасынан. 

Үшінші, діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, 

діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы үй-жайлардың орналастырылуын  

бекіту туралы шешім беру. Бұл мәселе бойынша облыс тұрғындарынан ешбір 

өтініш түспеген. 

Басқарма есепті жылы облыс тұрғындары арасында діни сауатсыздықты жою, 

діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, дәстүрлі діни құндылықтарды на-

сихаттау, мемлекеттің дін саласындағы саясатын жүзеге асыру бағытында  облыс 

әкімдігі басқармалары, құқық қорғау органдары, Қазақстан халқы Ассамблеясы 

облыстық хатшылығы, этно-мәдени орталықтар, азаматтық қоғам институттары 

және діни бірлестіктермен бірлесе 220 ауқымды іс-шара ұйымдастырған. Мұның 

ішінде Қазақ хандығының 550 жылдығына орай 2015 жылдың 16-17 сәуір күндері 

Тараз қаласындағы Жастар сарайында өткен «Қазақстан тарихындағы ислам дінінің 

орны» тақырыбындағы аймақтық конференция, Меркі ауданында «Мемлекеттің 

дін саласындағы саясатының басым бағыттары» атты көшпелі семинар-тренингі 

мен Қордай ауданында облыстық прокуратурамен бірлесе өткізген «Ислам тер-

роризмге қарсы» республикалық конференциялары  көпшіліктің назарын өзіне 

ерекше аударған шаралар қатарында. Өңірде діни ахуалдың тұрақтылығын сақтауда 

үкіметтік емес ұйымдардың да әлеуеті зор. Мәселен, өткен жылы мемлекеттік 

әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 5 әлеуметтік жоба жүзеге асырылып, оған 10,0 

млн. теңге қаржы бөлінген. 

- Тараз қаласының «Ауыл Береке», «Қайқармет», Орталық базарларында, 

Жуалы ауданының Ақасты ауылында, Жамбыл ауданының Аса ауылында, Байзақ 

ауданының Мырзатай ауылдық округінде, Мойынқұм ауданының Ақбақай, 

Ақсүйек, Сарыөзек, Қарабөгет ауылдарында заңсыз намазханалар қызметтерін 

ұсынған. Зерделеу жұмыстары барысында облыс бойынша дінтану негіздері 

пәнінен сабақ беретін мұғалімдердің сандық және сапалық құрамдары зерделенді. 

Анықталып отырғаны дінтану негіздері пәнінен сабақ беретін 450 мұғалімнің 170-і 

арнайы курстан өтпеген,-деген Жангелді Жайлауұлы облысымыздың бірқатар 

аудандарындағы ауылдардағы ғибадат үйлерінен сараптамадан өтпеген немесе 

теріс қорытынды алған діни әдебиеттер, елімізде экстремистік деп танылған 

«Таблиғ жамағаты» діни ұйымына тиесілі «Амалдардың құндылықтары» атты 

кітаптары табылғанын мәлімдеді. 

Қазіргі таңда тұрғындар арасында дінге деген қызығушылықтың артуына 

қарамастан, әлі де тұрғындар арасындағы діни сауаттылық пен мәдениеттің төмен 

көріністері байқалуда. Бұл өз кезегінде діни көзқарастардың радикалдануына не-

месе қақтығыстардың туындауына жағдайлар туғызуы әбден мүмкін екен. Осыған 

орай облыс әкімдігі Дін проблемаларын зерттеу орталығында деструктивті діни 

ағымдардан зардап шеккендерге көмек көрсету бөлімі ашылып, радикалды діни 

ағымдардың ықпалына ұшыраған азаматтарды оңалту, дәстүрлі діни танымға 

қайтару бағыттарында жеке және топтық жұмыстардың нәтижесінде 71 азамат 

қалыпты көзқарасқа қайтарылған. Оның 25-і түрмеде отырғандар болса, 46-сы 

бостандықта жүрген азаматтар. 



5

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №10 (1298), 10 наурыз 2016 Жыл  //

Орта

Шектеусіз ШебеРлік

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

Жәрмеңкеге  №1,  №2      Қарттар  үйі, 

сондай-ақ,  мүгедектер  мен  қарттарға 

арнаулы  әлеуметтік  көмек  көрсету 

бөлімшелерінің  қызмет  алушылары 

қатысты. 

Мүмкіндігі  шектеулі  бола  тұра, 

қолөнермен  айналысып,  қызметін 

қоғамның қажетіне жаратқан жандардың 

қолымен жасалған бұйымдар арасында 

құрақ  көрпе,  оюлы  жастық,  кәдесый, 

киізден жасалған қолөнер түрлері,  тоқыма 

заттар бар. 

- Тойбастар салуға арналған киіз үй және 

де киізден жасалған жылқы, түйе сынды 

қазақ атамыз қасиетті жануарға балаған 

жан-жануарларды жасаймын. Сонымен 

қатар,  көрпе-төсектер,  үй  жиһаздары 

мен    бесікке,  төсекке  арналған  әсем 

жастықшалар  дайындаймын.  Мұндай 

акцияның мүмкіндігі шектеулі жандарға 

көмегі зор,- деді 20 жылға жуық қолөнермен 

айналысып жүрген II топ мүгедегі Шолпан 

Сұранбаева. 

Ал  Жасұлан  Ермекбаев  жәрмеңкеге 

сыйлық іздеп келгенін айтты.

- Мен осынау жәрмеңкенің өтетінін естіп, 

арнайы келдім. 8-ші наурыз Әйелдер мей-

рамына орай өткізіліп отырған іс- шараға 

келіншегім  мен  қызыма  сыйлық  іздеп 

келген едім. Мұндағы көздің жауын алар 

түрлі қолөнер бұйымдарын көріп, таң-

тамаша қалдым.  Себебі мүмкіндігінің 

шектеулігіне қарамастан, күш-қайратын 

шыңдап, өмірдің қиындығымен күресіп 

қана қоймай, адам жанын нұрландырар 

түрлі  туындылар  жасап,  қарап  отыр-

май еңбектеніп жүргендеріне ризамын. 

Мен  бұл  жерден  келіншегіме  жүрек 

жастықшалар, тоқылған шашақты шәлі 

алсам, қызыма тоқылған  көйлек алдым. 

Отбасыма ғана емес, ерекше жандардың 

да  жүрегіне  жылылық  сыйлағаныма 

қуаныштымын,- деді Жасұлан.

Сондай-ақ, бұл жәрмеңкеде ерекше жан-

дар бәліш, тоқаш, үйде пісірілген піспенан 

(печенье) сынды ақ дастарханның ажарын 

ашатын  түрлі  тәттілерді  де  дайындап, 

көпшілік назарына ұсынды. 

 

„

«кедергісіз келешек» жобасы аясында  қалалық мәдениет үйінде 



мүмкіндігі шектеулі жандардың  қолымен жасалған бұйымдар 

талайларды тамсандырды.

 

„

тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен 



қамту және әлеуметтік  бағдарламалар 

бөлімінің ұйымдастыруымен 

өткен бос орындар жәрмеңкесіне 

қайырылушылардың қарасы мол болды. 

Мүмкіндіктер алаңы

Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ

Аз қамтылған, көп балалы және толық емес  отбасындағы 

кәмелет жасына толмаған балалардың ата-аналарын жұмыспен 

қамтуға арналған «Бақытты балалық шақ» атты акциясының 

аясында өткен жәрмеңкеге бизнес-қоғамдастықтардың өкілдері 

де қатысып, бос орындарды келушілердің назарына ұсынды. 

Осындай шараларды өткізудегі басты мақсат – жәрмеңкеге 

жұмыс іздеп келушілердің өздеріне лайықты жұмыс табуына, 

ал жұмыс берушілердің қажетті мамандармен бос орындарын 

толықтыруларына мүмкіншіліктер туғызу. Сондай-ақ жұмыссыз 

азаматтар мен жұмыс берушілердің арасында тікелей байланыс 

орнату. Жыл басынан бері үшінші рет ұйымдастырылған бұл 

жолғы жәрмеңкеге қаланың 14 жұмыс беруші ұйымдар мен 

мекемелері 31 бос орын ұсынса, 25 бос орын ақылы қоғамдық 

жұмыстарға болды. Жалпы, мұның алдындағы жәрмеңкеге 220 

адам қатысып, 25 адам қоғамдық жұмыстардан жұмыс тапса, 

20 жас жастар тәжірибесіне, 93-і сұхбаттасуға жолдама алған 

болатын. 

- Қазіргі таңда ұсынылып жатқан бос орындардың көбісі 

жұмысшы  мамандықтарына  болып  отыр,  яғни,  мерзімдік 

жұмыстарға  жұмысшылар  көптеп  қабылдануда.  Оның 

ішінде сұранысқа ие болып отырған техникалық мамандар, 

құрылысшылар, жол жөндеушілер және 5-6 санаттағы электро-

газбен дәнекерлеушілер. Мұндай мамандарға бірден жұмыс тауып 

кетуіне қолайлырақ болып отыр,-дейді Тараз қаласы әкімдігінің 

жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Айнұр 

Жұмабекова. 

Иә, расында, мерзімдік жұмысқа қандай ұйым немесе меке-

ме тарапынан болмасын жоғары сұранысқа ие екендігі белгілі. 

Сондай мекеменің бірі – Жамбыл облыстық балалар ауруханасы. 

Аурухананың кадр бөлімінің жетекшісі Ақбөпе Қоңырбаева осы 

мәселе бойынша жәрмеңкеге келген екен.

- Біздің ауруханаға жұмысшылар керек болғаннан кейін 

қала әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік  бағдарламалар 

бөлімінің ұйымдастыруымен өткізіліп отырған бос орындар 

жәрмеңкесіне келіп отырмыз. Біз бүгін жәрмеңкеге 3 бос ор-

нымызды ұсынғалы тұрмыз. Олар жүргізуші, электрші және 

аудармашы. Бүгін жәрмеңкеден осы бос орындарға жұмысшылар 

аламыз деген ниеттеміз,-деді ол.

Жәрмеңкеге жұмыс іздеп келушілердің бірі – Көкшетау 

қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы көп салалы колледждің «ту-

ризм және спорт» мамандығы бойынша 2013 жылғы түлегі Баян 

Мамыталиева. Баян негізі Шымкент қаласының тумасы. Өзінің 

тәмамдаған мамандығы бойынша Шымкент  қаласында жұмыс 

та істеген. Бірақ отбасымен Тараз қаласына қоныс аударғаннан 

кейін бірден жұмыс табу қиынырақ болған. 

- Мамандығым бойынша жұмыс жасағанмын, тәжірибем 

де жеткілікті. Осы қалаға келгеннен кейін жұмыс іздедім. Бос 

орындар жәрмеңкесіне келіп, жұмыс іздеп көруге ниеттендім. 

Міне, бүгін осы бос орындар жәрмеңкесіне келіп, бірден «Әулие-

Ата» ат спорты клубына менеджер болып жұмысқа орналастым. 

Ұйымдастырушыларға алғысым шексіз,-дейді жәрмеңке арқылы 

жұмыс тапқан Баян Мамыталиева.      

 Сөйтіп, «Бақытты балалық шақ» жәрмеңкесінде жалпы 74 

бос орын ұсынылды. Ал жәрмеңкеге бас-аяғы 191 адам келіп, 

оның 110-ы сұхбаттасуға жолдама алды.



 

„

Қалалық мәдениет үйінде «Асыл арман» ұлттық 



дәстүр мен өнерді қолдау» қоғамдық бірлестігі 

мен тараз қаласы  әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің 

Жастар ресурстық орталығының  ұйымдастыруымен 

«инабатты ару-2016»  байқауы өтті.

 

„

Әйелдер – отбасы тірегі, яғни  мемлекет тірегі. еліміздің өсіп-



өркендеуінде нәзік жандылардың атқарып отырған рөлі зор. десе 

де, қоғамда  әйелдер қауымының саясаттағы белсенділігін арттыру 

айрықша маңызға ие. Облыстық іскер әйелдер қауымдастығы қыз-

келіншектердің саясаттағы көшбасшылығын қолдау және  бұл істі 

ілгерілету тақырыбында форум өткізді. 

Арулар сынға түсті

Әйелдер үлесі сүбелі

Диляра ДАРХАН

Байқауға Тараз қаласы  әкімдігінің  білім бөлімі қолдау жасап, қаламыздағы жалпы орта 

білім беретін мектепішілік байқаулардың жеңімпаздары қатысты. 

Қыздар сайысының сахна шымылдығын өзінің жүрекжарды лебізімен  Жамбыл облысы 

әкімдігінің ішкі саясат  басқармасының бөлімі басшысы Мақпал Досымбекова ашып берді. 

Қыздарды сын тезінен өткізіп, әділ баға беруші қазылар алқасының төрағасы осы 

байқауды ұйымдастырушы «Асыл Арман» ұлттық дәстүр мен өнерді қолдау» қоғамдық 

бірлестігінің  төрағасы Ринат Нұрақбаев болса, облыстық филармония әншісі Жанна 

Асанқұлова, әнші Перизат Қойбағарова, Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің 

«Жастар ресурстық орталығы» КММ  ақпараттық талдау бөлімінің басшысы Айбек                

Кадралиев қазылар алқасына мүшелік етті. 

Аталмыш байқауға  демеушілік білдірген Тараз Жастар орталығы мен «Жамбыл - Тараз» 

газеті болды. Үш кезеңнен тұратын сайыстың алғашқы бөлімінде «Сымбатты жанның 

айнасы» тақырыбымен арулар сәлемдесіп, өзін-өзі ерекше таныстыруы шарт болды.  

Екінші кезең бойынша «Анадан тәлім алған қыз»  тақырыбында қыздар өз қолымен 

жасаған қолөнер бұйымдарын көрсетіп, қазыларға өздері әзірлеген дәмді тағамдарын ауыз 

тигізді.  Ал «Шаңырақтың шаттығы»  бөлімінде үміткерлердің әрқайсысы өз жанұясының 

мүшелерінің қатысуымен отбасындағы ерекше тәрбие үлгісімен бөлісті. 

Сайыс соңында жеңімпаздар анықталып,  өзгелерден оқ бойы озық көрінген  Қ. Сарымол-

даев атындағы балалар үйінің тәрбиеленушісі Сымбат Жұлдызбай бас жүлдені  иеленді. 

1-орын №53  орта мектептің оқушысы Әдемі Шалғынбаеваға, 2-орын №55 орта мектептің  

оқушысы Меруерт Сәдуақасоваға бұйырса,  №47 орта мектептің оқушысы Айғаным 

Кәрібаева  3-орынға қол жеткізді. 

Индира БАЙҚОНЫС

Алқалы  жиынды  Жамбыл  облыстық  іскер  әйелдер 

қауымдастығының төрағасы Гүлдара Нұрымова ашып, 

жүргізіп отырды. Гүлдара   Алданышқызы  өз сөзінде 

әйелдің отбасындағы және  қоғамдағы рөліне жан-жақты 

тоқталды. 

- «Еліміздің болашағы біздің бүгінгі баланы тәрбиелеуімізге 

тікелей байланысты» деп Елбасымыз айтқандай,  бір 

қолымен бесікті,  екінші қолымен әлемді тербеткен аналар-

сыз қоғамды елестету мүмкін емес.  Бүгінде әйелдер саясатта, 

бизнесте, экономиканың барлық салаларында ер азаматтар-

мен қатар еңбектеніп, қабілет-дарынымен, іскерлігімен көзге 

түсіп қана қоймай, мемлекетіміздің дамуына өз үлестерін 

қосуда. Біз осы жетістігімізге тоқмейілсімей,  өнімді жұмыс 

істеуіміз қажет,-деді ол. 

Жамбыл  облыстық  іскер  әйелдер  қауымдастығы 

төрағасының сөзін  әрі қарай сабақтаған «Нұр Отан» парти-

ясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Шәбден 

Тілеумұрат тұшымды ойын ортаға салды.  

Шәбден Тоқтасынұлы әйел заты қазақ қоғамы үшін, Қазақ 

мемлекеті үшін қашанда ардақты саналғанын атап өтіп, 

бүгінде дамудың даңғыл жолына түскен еліміздің әлеуетін 

арттыруда нәзік жандылардың қосып отырған сүбелі үлесін 

тілге тиек етті.      

- Отбасы барлық кезде адами құндылықтар, ұрпақтардың 

мәдени және тарихи мұрасы сақталатын асыл ұя, қоғамның 

іргетасы саналады.  Отанға деген ыстық сезім осы жанұядан 

таралады. Бұл - сөзсіз аналардың еңбегі. Біздің арулар 

мемлекетіміздің қарыштап дамуы жолында да өнімді еңбек 

етіп жүр.  Әйелдер қауымының саясаттағы белсенділігі 

жыл санап артып келеді.  Жуырда кезектен тыс Парламент 

Мәжілісі және мәслихат сайлауы қатар өтеді. Бұл сайлауда 

халық әйелдерге көбірек сенім білдерді деп ойлаймын, - 

деді ол. 

Ал «Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің 

кәсіподағы» бірлестігінің төрағасы Гүлсін Орынбаева 

Қазақстан әйелдерінің әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-

саяси және мәдени-гуманитарлық салаларда өздерін жаңа 

қырынан таныту үшін барлық мүмкіндігі бар екенін атап өтіп, 

бүгінгі таңда еліміз Бүкіләлемдік экономикалық форумның 

Жаһандық гендерлік теңдік рейтингісі бойынша 43-орында 

екендігін жеткізді. 

Сондай-ақ форумда жеке кәсіптерін өрге домалатқан 

нәзік жандылар баяндама жасап, бұл бағытта мемлекеттің 

көрсетіп отырған  қолдауын кеңінен әңгімелеп берді. 

Форум соңында, аймақтың дамуына сүбелі үлес қосып 

жүрген бірқатар қыз-келіншектер облыс әкімінің және 

Облыстық іскер әйелдер қауымдастығының Құрмет гра-

мотасымен марапатталды.  

Өнерліге өріс кең. 

 Суретті түсірген В.Алсуфьев


кӨкжиек

6

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №10 (1298), 10 наурыз   2016 Жыл  //



 

„

Қазақстан бойынша 102 білім беру ісінің білікті маманы 



қатысқан Мәскеудегі «Жаңа технологиялар және 

Каталог: images -> PDF-kaz
PDF-kaz -> 2015 жыл, сәрсенбі
PDF-kaz -> Ерлер денсаулығы елеусіз қалмауы тиіс
PDF-kaz -> №9 (1244) 3 наурыз 2015 жыл, сейсенбі „ «Адамдықты айт, ерлікті айт, батырлықты айт, Ел бірлігін сақтаған татулықты айт!»
PDF-kaz -> «Жасыл белдеулер» қанат жайып келеді
PDF-kaz -> Конференцияда талқылады басқосуда облыс әкімінің орынбасары Ерқанат манжуов ашып, жүргізіп отырды. Ол ағымдағы жыл аймақта өтетін қазақ
PDF-kaz -> Құрметті тұтынушылар!
PDF-kaz -> Бақытты, Базарлы Балалық! №22 (1257)
PDF-kaz -> №1 (1341) 5 қаңтар 2017 жыл, бейсенбі „ Жаңа жыл мерекесінде облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев жүзуден ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Рио-де-Жанейро қаласында өткен XV жазғы Паралимпиада ойындарының жеңімпазы Зульфия Габидуллинаның арманын
PDF-kaz -> 2016 жыл, сәрсенбі
PDF-kaz -> 2 бет. Тарихыңды таны


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет