2016 жыл, бейсенбі



жүктеу 4.94 Mb.
Pdf просмотр
бет6/13
Дата15.03.2017
өлшемі4.94 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Өмірбаян

Кан  Руслан  Анатольевич  1962  жылы 

дүниеге келген. Қазақстан Республикасының 

азаматы. Білімі жоғары, мамандығы бойынша 



№6 сайлау округі бойынша тараз қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат  

кан Руслан Анатольевич

Республикалық бюджеттің қаражатының есебінен төленді.

«заңгер-құқықтанушы», «СМЭУ-Автотранс-

сигнал-2» ЖШС-нің директоры.

Р.А.  Кан–  қабілетті  жетекші.  Р.А.Кан 

басқаратын  «СМЭУ-Автотранссигнал-2» 

ЖШС-і  еңбекті  ұйымдастыру  және 

техникалық  жарықтандыру  саласында 

алдыңғы орындарды иеленеді. Жұмыстың 

жаңа түрлерін енгізу барысында «СМЭУ-

Автотранссигнал-2»  ЖШС-і  көптеген 

жетістіктерге жетті. Көп жылдық тәжірибені 

пайдалана  және  арттыра  отырып,  облыс 

аумағында бағдаршам шаруашылығы, жол 

таңбалары мен тегіс металды жол белгілерін 

жаңғырту  жоспарлы  түрде  жүргізілуде. 

Бүгінде облыс  орталығының  көшелерінде 

қазіргі заманға сай техникалық шығындары 

аз  және  энергияны  үнемдеуге  мүмкіндік 

беретін  жарық  диодты  бағдаршамдарды 

қолдану жақсы жолға қойылған. Атқарылған 

жұмыстардың  нәтижесінде  бағдаршам 

нысандарының  саны  көбейді.  Егер,  1997 

жылы облыс орталығында қарапайым ереже 

бойынша 33 нысан жұмыс атқарса, қазіргі 

таңда олардың саны 126-ға жетті. Аталған 

жұмыстар автокөлік жолдарындағы жол-көлік 

оқиғасының едәуір азаюына ықпал етеді.

Кан  Руслан  Анатольевич  қаланың 

қоғамдық-саяси  өміріне  де  белсенді  ара-

ласады. «Нұр Отан» партиясының мүшесі. 

Қалалық  мәслихаттың  үшінші,  төртінші 

бесінші  шақырылымының  депутаты. 

Бюджеттік және әлеуметтік-экономикалық 

даму комиссиясының тұрақты мүшесі. Өзінің 

депутаттық өкілеттігі кезінде бірнеше рет ба-

лалар үйі мен ауруханаларда қайырымдылық 

акцияларын  жүзеге  асырды.  Ұлы  Отан 

соғысы  ардагерлері  мен  мүгедектеріне, 

жетім балаларға, аз қамтылған отбасы бала-

ларына үнемі материалдық көмек көрсетіп 

отырады.  Қаладағы  №39  және  №43  орта 

мектептеріне демеушілік және материалдық 

көмек көрсетуге жетекшілік жасайды.

Кан  Руслан  Анатольевич  «Жамбыл              

облысы кәрістер Ассоциациясы» қоғамдық 

ұйымының белсенді мүшесі ретінде ұйымның 

қоғамдық  өміріне  де  белсене  араласады. 

Өмірлік ұстанымы - «Барлығы адам үшін, 

барлығы туған қалам үшін».

Депутат ретінде «Қарасу» (№5) мөлтек 

ауданы,  «Қарасу»  алқабы,  «Аса»  (№10) 

мөлтек ауданының бөлігі және «Самал» (№7) 

мөлтек ауданы, «Алатау» (№8) мөлтек ауданы 

тұрғындарынан келіп түскен 100 өтінішті 

толығымен шешті. 

сайлауалды бағдарламасы

1. Құрылыс, жол-көшелік желі бойынша 

жол-көліктік оқиғалардың азаюына жағдай 

жасайтын дұрыс техниканы пайдалану.

2.  Қаланың  коммуналды  шаруашылық 

саласын өркендету.

3.  Заманауи  жабдықтар  енгізу  арқылы 

өндірістің жаңа түрлерін қалыптастыру.

4.  Жасөспірімдер  арасында  құқық 

бұзушылық және қылмыс жасаудың алдын 

алу шаралары бойынша жастардан құралған 

қалалық жедел жасақтар құру.

5. Қосымша жұмыс орындарын ашу.

6.  Зейнеткерлерді,  мүгедектерді,  көп 

балалы отбасылар, балалар, жастар және аз 

қамтылған азаматтарды әлеуметтік қолдау.

7.  Қоғам  және  ұлтаралық  келісімді 

нығайту.


     Құрметті сайлаушылар, кандидаттың 

ынталы тобы Тараз қаласының билік және 

заң  шығарушы  тармағы  бойынша  сіздің 

мүддеңізді  абыройлы  және  ақылға  са-

лып  ұсынатын  адам  ретінде  Кан  Руслан                   

Анатольевич дауыс беруге шақырады.



Өмірбаян

Омаров  Ғани  Қойшыбекұлы  1974 

жылы 16 тамызда Тараз қаласында дүниеге 

келген. Ұлты – қазақ.

Білімі  жоғары,  1995  жылы  Жам-

был  технологиялық  жеңіл  және  тамақ 

өнеркәсібі  институтын «бухгалтерлік есеп 

және аудит» мамандығы бойынша бітірді. 

Еңбек жолын жеке кәсіпкер ретінде 

бастаған. 2000-2012 жылдары – «Кенен-

бай» шаруа қожалығының басшысы.

2012  жылдан  бүгінгі  күнге  дейін 

«Билікөл» шаруа қожалығының басшысы.

Отбасылы, 5 бала тәрбиелеуде.



сайлауалды бағдарламасы

Біз  облысымыздың  инфрақұры-

лымының қарқынды дамығанын, сондай-

ақ өмір сүріп, жұмыс жасауға ыңғайлы 

болғанын  және  ондағы  барлық  ұлт 

өкілдерінің бір-біріне сыйластықпен қарап, 

өркендеуін қалаймыз.

Туған қалам мен облыс тұрғындарының 

талап-тілектері  мен  қажеттіліктерін 

жақсы білетін азамат, өз елінің патриоты 

ретінде      сайлаушылар  алдында  үлкен 

жауапкершілікті сезіне отырып, сайлауалды 



Өмірбаян

Мырзабеков Жамбыл Ерғараұлы 1978 

жылы 3 желтоқсанда Жамбыл облысы, 

Мойынқұм ауданы, Сарыөзек ауылында 

дүниеге келген.

1998-2003  жылдары  әл-Фараби 

атындағы Қазақ ұлттық университетінің 

«философия» мамандығын бітіріп, еңбек 

жолын  2003  жылы  Қазақ  мемлекеттік 

қыздар  педагогикалық  институтында 

оқытушы болудан  бастаған. 

Қазақ қатынас жолдары университеті, 

А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-

түрік университетінің Тараз институтында, 

2008-2012 жылдары Тараз инновациялық-

гуманитарлық  университетінде  аға 

оқытушы қызметтерін атқарған.

2014 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ 

ұлттық  университетінің  «философия» 

мамандығы бойынша магистратурасын 

тәмамдаған.    Гуманитарлық  ғылымдар 

магистрі.

Қазіргі  таңда  М.Дулати  атындағы 

ТарМУ-де «Философия және саясаттану» 

кафедрасында  аға  оқытушы  қызметін 

атқаруда.  30-дан астам ғылыми-зерттеу 

мақалаларының авторы. 

Отбасылы. Үш бала тәрбиелеуде.

бағдарламамды ұсынамын.

Менің сайлауалды бағдарламамның 

негізгі  бағыттарының  бірі  –  ау-

ылды  көркейту,  білім  беру  және  

азаматтарымыздың денсаулық мәселесі. 

Білімді және салауатты ұлт болғанда ғана 

біз мол табыстарға жетіп, лайықты өмір 

сүруге қол жеткізетін қуатты экономика 

жасай аламыз:

- бастапқы кәсіпкерлікке және бизнесті 

жүргізуге сервистік қолдау көрсету, неси-

елер беру есебінен аймақтық кәсіпкерлікті 

дамытуға ықпал ету;

-  облыс  және  қала  тұрғындарын 

отандық  азық-түлік  өнімдерімен 

қамтамасыз  ету  мақсатында  ауыл 

шаруашылығы өнімдерін өндіретін еңбек 

ұжымдарына, кәсіпкерлік потенциалды 

дамытуға қолдау көрсету;

- «Дипломмен ауылға» бағдарламасы 

бойынша ауданға келген жас мамандардың 

әлеуметтік  мәселелеріне  көңіл  бөлу. 

Оқу  орындарын  өте  жақсы  бітірген 

түлектердің өз туған ауылдарына келіп 

қызмет етуі үшін оларды жұмысқа тарту, 

тұрғын  үймен  қамтылуына  мейлінше 

көмек көрсету;

- көп балалы және жағдайы төмен 

отбасыларына  әлеуметтік  қолдау  мен 

көмек көрсетілуіне, тұрғын үй көмегінің 

берілуіне белсенді түрде атсалысу;

- Тараз қаласының инфрақұрылымын 

дамытуға,  көлікке  арналған  жол 

құрылысына, жолдарды сапалы жөндеуге, 

аула алаңдарын асфальттауға мақсатты 

түрде қаржы бөлінуіне атсалысу;

-  қала  тұрғындарымен  бірге  ағаш 

көшеттерін отырғызуға, Тараз қаласының 

айналасында «жасыл аймақты» кеңейтуге 

белсенді қатысу;

-  Тараз  қаласы  аумағында  балалар 

шығармашылығы  ұжымдары,  көркем 

сурет және музыкалық мектептер жүйесін 

дамытуды қамтамасыз ету;

-  мүмкіндігі  шектеулі  үйден 

оқытылатын балаларды оқу құралдарымен 

жабдықтауға  қайырымдылық  көмек 

көрсету.


Мұның барлығы біздің облысымыз бен 

қаламыздың әрбір тұрғынының өмір сүру 

сапасын жақсартуға мүмкіндік туғызады.

сайлауалды 

бағдарламасы

Мен үшін  басты міндет – қоғамдағы 

саяси  тұрақтылықты,  ұлтаралық  

ынтымақты  нығайта  отырып,  барлық 

ізгі  ниетті  қоғамдық  күштерді  пара-

сатты   да  әлеуметтік бағыт ұстанған, 

басты  мақсаты  жалпы  адамгершілік 

құндылықтарға  негізделген,  әрбір 

азаматтың  денсаулығы  мен  өмірін, 

олардың құқықтары мен бостандығын 

қамтамасыз  ететін  демократиялық 

мемлекеттілігімізді одан әрі дамытуға 

топтастыру болып табылады.

Бұл мақсаттарға жету үшін:

1.  Аудандағы  жеке  кәсіпкерліктің 

тұрақты дамуына қажетті жағдай жасау, 

кәсіпкерлердің құқығын қорғау. 

2.  Мемлекет  есебінен  аудандағы 

елді мекендерді газбен қамтамасыз ету 

мәселесіне атсалысу. 

3. Мал шаруашылығы саласы бой-

ынша мал басын асылдандыру жолында 

шетелдік озық үлгідегі тәжірибелерді  

енгізуге атсалысу.

4. Аймақтық экономиканың негізі бо-

латын ғылыми орталықтар мен зертхана-

лар жұмысын ұйымдастыруға атсалысу.

5.    Сапалы  білім  беруге  қажетті 

материалдық-техникалық  база-

ны  нығайту,  білім  беру  саласы 

қызметкерлерінің мәртебесін көтеру.

6.  Еліміздегі  зейнеткерлер  мен 

қарттар,  әлеуметтік  жағынан  аз 

қорғалған  азаматтарды  әлеуметтік 

қолдау және олардың өмір сүру сапасын 

жақсарту.

7.  Ауыл  жастарын  өңірге  қажетті 

мамандықтар  бойынша  кәсіби  баулу, 

жұмыспен  қамтамасыз  ету,  Елбасы 

Жолдауында  көрсетілген  жұмысшы 

мамандықтары мәртебесін көтеру.

8. «Дипломмен ауылға» стратегиялық 

медиа  жоспары  бойынша  аудан 

орталықтары  мен  ауылдарға    кәсіби 

білікті мамандарды тарту.

№3 сайлау округі бойынша Жамбыл облысы 

мәслихатының депутаттығына кандидат 

Омаров ғани Қойшыбекұлы

№3 сайлау округі бойынша Жамбыл облысы 

мәслихатының депутаттығына кандидат 

Мырзабеков Жамбыл ерғараұлы


13

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №10 (1298), 10 наурыз  2016 Жыл  //

сайлау-2016

Өмірбаян

Мен Серікбол Қайратұлы Берікқожа 1991 жылы 9 

тамыз күні Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, А.Суханбаев 

ауылында дүниеге келдім. 

1997 - 2006 жылдары Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, 

Сарыкемер ауылы Н.Киікбаев атындағы орта мектепте 

оқыдым. 2006-2009 жылдары Жамбыл политехникалық 

колледжінде «құқықтану» мамандығы бойынша білім 

алып,  2009-2012  жылдары  Жамбыл  гуманитарлық-

техникалық университетінде «құқықтану» мамандығы 

бойынша, 2012-2014 жылдары М.Х.Дулати атындағы Та-

раз мемлекеттік университетінде «құқықтану» мамандығы 

бойынша магистрлік білім алдым.

2010-2012  жылдары    -  «Нұр  Отан»  ХДП  Тараз 

қалалық  филиалы  «Жас  Отан»  жастар  қанатының 

атқарушы хатшысы.

2010-2014 жылдар  аралығында - Жамбыл облыстық 

пікірсайыс  одағы  «Еркін  пікір»  жастар  қоғамдық 

бірлестігінің төрағасы.

2011-2016  жылдары  -  «Жаңа-Ру»  жастар 

коалициясының  қауымдастығы»  заңды  тұлғалар 

бірлестігінің президенті.

2012-2015 жылдары - «Халыққа қызмет көрсету 

орталығы» РМК Жамбыл облысы бойынша филиалының 

қоғаммен байланыс жөніндегі менеджері.

2016 жылдан бері - «Жамбыл облыстық еріктілер 



Өмірбаян

Есіркепов Абзал Есенұлы 1993 жылы 

29 қыркүйекте Тараз қаласында дүниеге 

келді.  Ұлты  -  қазақ,  білімі  –  жоғары. 

Отбасылық жағдайы – үйленбеген.

2000 жылы Тараз қаласындағы №49 

Ы.Алтынсарин  атындағы мектеп-гимна-

зиясына түсіп, 2011 жылы бітірді. 2011-

2015  жылдары  М.Х.Дулати  атындағы 

Тараз мемлекеттік университетінде «стан-

дарттау, сертификаттау және метрология» 

бакалвр мамандығы бойынша білім алды.

2011 – 2012 жж. «Нұр Отан» партиясы 

Тараз қалалық филиалы «Жас Отан» жас-

тар қанатының атқарушы хатшысының 

орынбасары. 

2011 ж.-осы у/а «АБЗАЛ и К» ЖК 

Өмірбаян

Өмірбеков Данияр Маратұлы 1991 

жылы 4 желтоқсанда  Жамбыл облысы, 

Тараз қаласында дүниеге келген. Ұлты-

қазақ. Ана тілі қазақ тілімен қоса, орыс 

және ағылшын тілдерін меңгерген. 

1998 жылдан 2009 жылға дейн № 49 

Ы.Алтынсарин атындағы қазақ орта 

мектебінде  білім  алды.  2009-2013 

Өмірбаян

Құрметті нұротандықтар!

Мен, Тұрдалиев Нұрдәулет Өмірбекұлы 1990 

жылы Тараз қаласында өмірге келдім. 1996-2004 

жылдары №25 орта мектепте, соңында №51 орта 

мектепке ауысып, сол мектепті 2006 жылы аяқтадым. 

2010 жылы Талғардағы агробизнес және менеджмент 

колледжінің «Көкөністерді сақтау, жемістерді қайта 

өңдеу» факультетін «техник-технолог» мамандығы 

бойынша үздік дипломмен аяқтадым. 

2011 жылы Тараз мемлекеттік университетінің 

«құқықтану» мамандығына оқуға түсіп, 2014 жылы 

оны да қызыл дипломға тәмамдадым. 

2011-2012 жылдары «Қазақстан» РТРК АҚ-ның 

ЖОФ облыстық радиода жарты штаттық бірлікте 

дыбыс режиссері болып жұмыс істедім. 

2011 жылдан бастап Тараз қаласындағы Халыққа 

қызмет көрсету орталығының инспекторымын. 

2016 жылдың қаңтар айында «Нұр Отан» партиясы 

құрамына өттім. 

«Нұр Отан» партиясы өзі ұстанатын саяси 

бағытында негізгі басымдықты жас мамандардың 

әлеуетін арттыруға береді.

қозғалысы» қоғамдық қорының президенті.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамо-

тасымен, ҚР Президентінің Алғыс хатымен, «Нұр Отан» 

партиясының Жамбыл облыстық филиалының Алғыс 

хатымен және партия қалалық филиалының Құрмет гра-

мотасымен марапатталғанмын.

Үйленгенмін, бір қызым бар.



сайлауалды бағдарламасы

•   ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ұзақ мерзімді 

«Қазақстан 2050» Стратегиясын, «100 нақты қадам» Ұлт 

жоспарын және мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға 

ықпал ету;

•  «Нұр  Отан»  партиясы  Тараз  қалалық  филиалы 

жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатымен тұрақты байла-

ныста болып, әрбір бастамасына қолдау көрсету;

•  қаламызды дамытудың экономикалық және әлеуметтік 

бағдарламаларының  орындалуына, бюджеттік қаражаттың 

тиімді бөлінуіне  және мақсатты жұмсалуына қоғамдық 

бақылау орнатудың нысаны мен тәсілін жетілдіру;

•  мемлекеттік  қызметке  жастар  кадрлық  резервін 

қалыптастыруға ықпал ету;

•  мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде аз қамтылған 

отбасыларына,  ата-ана  қамқорлығынан  айырылған 

жасөспірімдер  мен  жастарға  жеңілдетілген  баспана 

мәселелерін шешуге ықпал ету;

•  жас отбасыларға, балалар үйлерінің  тәрбиеленушілеріне 

әлеуметтік  қолдау көрсету;

•  бұқаралық спортқа жастарды, оның ішінде жұмысшы 

жастар мен студенттерді кеңінен тарту, сондай-ақ спорт 

нысандарының қолжетімділігін арттыру;

•  жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, құқық 

бұзушылық әрекеттерінің алдын алу мақсатында аула клуб-

тарын, балалар ойын және спорт алаңдарын ашуға барынша 

үлес қосу. Психологиялық көмек көрсету бойынша кеңестер 

беруді ұйымдастыру;

•  жастар сенбіліктерін ұйымдастыра отырып, сайлау 

округіне қарасты аумақты абаттандыру, көгеріштендіру 

және санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізу.

Құрметті сайлаушылар!

Елбасы  Н.Ә.Назарбаев  айтқандай,  «Болашақ  - 

жастардың  қолында»  екендігін  ескерсек,  артылған 

жауапкершілік пен елдің үкілеген үмітін ақтауға мен 

дайынмын. Қазір уақыттың өзі мобильді. Сондықтан, 

әрбір күнді, әрбір сағат пен минутты қазақстандықтардың 

әлеуетін жақсартуға, Елбасының сарабдал саясатын жүзеге 

асыруға асығуымыз керек.

Мен осы жолда бойымдағы бар білімім мен күш 

жігерімді, жастық жалынымды жұмсауға әзірмін.

Маған  сенім  білдірсеңіздер,  жастардың  атынан 

үміттеріңізді ақтауға уәде беремін!

директоры.

2012 – 2013 жж. «Ақ Сұңқар» жастар 

қоғамдық  бірлестігінің  төрағасының 

орынбасары.

2013 ж.-осы у/а «Ақ Сұңқар» жастар 

қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

2013  –  2014  жж.  Жамбыл  облысы, 

Жамбыл ауданы, Ю.Гагарин атындағы 

орта мектепте «Ақ Сұңқар» ораторлық 

үйірмесінің жетекшісі.

2015 ж.-осы у/а «Taraz Construction 

Company» ЖШС атқарушы директоры.



сайлауалды бағдарламасы

- ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 

саясатын қолдауға;

- Қаламызды дамытудың экономикалық 

және  әлеуметтік  бағдарламаларының 

орындалуына,  бюджеттік  қаражаттың 

дұрыс бөлінуіне тиімді бақылау орнатуға 

қол жеткізу;

- Жастардың бос уақытын тиімді пай-

далану, құқық бұзушылық әрекеттерінің 

алдын алуға (аула клубтарын, балалар 

ойын алаңдарын, спорт алаңдарын ашуға 

барынша  үлес  қосу.  Психологиялық 

көмек көрсету, кеңестер беру);

- Бүгінгі таңда сын көтермейтін пе-

дагог кадрларды  дайындау мен қайта 

даярлау  сапасын жақсарту;

- Ұйымдастырылған қылмыс түрлеріне  

қарсы тұруға тиімді шаралар қабылдау 

жұмысына белсенді түрде атсалысу.

Тәуелсіз еліміздің тұғырлы болуына 

барынша үлес қосып, осы бағыттарда 

жұмыс  атқаруға,  аянбай  еңбек  етуге 

әрқашан дайынмын.

жылдары М.Х.Дулати атындағы  Тараз 

мемлекеттік университетінде «биотех-

нология» мамандығында  білім алды.

Университет  бітіргеннен  соң, 

«SANA» оқыту орталығы» ЖШС-де 

тренер болып жұмыс жасауда. 2013 

жылдан  бастап  «Данияр  и  К»  ЖК 

директоры.



сайлауалды 

бағдарламасы

1.  №3 аумақтағы  тұрғын-дармен 

тұрақты кездесулер арқылы негізгі 

түйінді мәселелерді шешуге ықпал 

ету.

2.  Қоршаған  ортаны  қорғауға 



бағытталған жұмыстарды нығайту.

3.  Жасөспірімдер  ара-сындағы 

құқық  бұзушылық  пен  қылмыстың 

алдын алу жұмыстарын арттыру.

4. Тұрғындармен бірге мерекелік 

іс-шараларды  мәнді  де  мағыналы, 

қызықты  өткізуге  атсалысу  және 

қатысу.


5.  Қоғамдағы  ұлтаралық  және 

дінаралық жұмыстарын нығайту.

 

сайлауалды бағдарламасы

Дәл біз, бүгінгі жастар, еліміздің ертеңгі саяси 

өміріне белсене араласып, жаңа саяси құрылымды жасай-

мыз. Болашақты біз өз қолымызбен жасаймыз!

Сол үшін де сайлауалды бағдарламамда білім, 

денсаулық, мәдениет, спорт, жол мен коммуникация 

салаларындағы  бірқатар мәселелерді шешуге ерек-

ше көңіл бөлемін және де ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ӨМІР 

САПАСЫНЫҢ СТАНДАРТЫна қол жеткізуге тырыса-

мын. Біздің түсінігімізде бұл:

1.  Ел азаматтарын ең жоғары табыс көзімен қамту, 

ол еуропалықтардың орташа табысынан төмен болмауы 

қажет.

2. Жоғары сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау 



қызметі. Біздің денсаулық сақтау саласы алдыңғы қатарлы 

медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, 

ауруханалар мен емханаларда білікті мамандар жұмыс 

істеуі тиіс. Сапалы қызмет түрлерін кеңейтіп, азаматтарға 

тегін көмек көрсету. 

3. Алдыңғы және қолжетімді білім, ол білім өз еліміз 

бен шетелдерде сұранысқа ие болуы қажет. 

4. Азаматтардың құқығы мен бас бостандығына 

басымдық беру. Бұл орайда, Қазақстанның әрбір азаматы 

ел Конститутциясына иек артып, сенуі тиіс. 

5. Азаматтарды және олардың мүліктерін қылмыстық 

қолсұғушылықтан қорғау.

6. Әлеуметтік әлжуаз топтарды қолдау. Зейнеткерлер, 

ардагерлер, мүгедектер, аз қамтамасыз етілген отбасылар 

қоғамның қамқорлығын сезінулері тиіс. 

7. Таза экологиялық аймақ. Біз лас ауыз судың 

тапшылығын, шаң мен газдалған ауадан және өндіріс 

қалдықтарынан жапа шекпеуге тиіспіз. 

8. Жолдар мен коммуникацияны қалпына келтіру 

және дамыту. Жолдардың жағдайы тек қаланың келбеті 

емес, сондай-ақ, тұрғындардың жайлылығы үшін қажет. 

Шұңқыр, шұрық-тесік жолдарға қош деуіміз керек.

9. Жастарға арналған әлеуметтік инфрақұрылымдарды 

қайта қалпына келтіру және дамыту. Балаларға арналған 

ойын алаңдары мен аула клубтарының құрылыстарын 

қолға алу. 

10. Ұлттар арасындағы келісім – егемен еліміздің қол 

жеткізген басты жетістіктерінің бірі. Елімізде сан түрлі 

этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Тіл саясатында 

қарапайым формуланы ұстанамыз: қазақ тілін дамыту, 

орыс тілін қолдаймыз және ағылшын тілін үйренеміз.

Құрметті нұротандықтар!

Егер сіздер маған сенімділік танытсаңыздар, мен осы 

аталған бағдарламамды жүзеге асыру жолында аянбай 

еңбек ететін боламын. 

№3 сайлау округі бойынша тараз қалалық 

мәслихатының депутаттығына кандидат

серікбол Қайратұлы берікқожа

№4 сайлау округі бойынша тараз қалалық 

мәслихатының депутаттығына кандидат

есіркепов Абзал есенұлы

№3 сайлау округі бойынша тараз қалалық 

мәслихатының депутаттығына кандидат

Өмірбеков данияр Маратұлы

№19 сайлау округі бойынша тараз қалалық

 мәслихатының депутаттығына кандидат

тұрдалиев Нұрдәулет Өмірбекұлы

Республикалық бюджеттің қаражатының есебінен төленді.

Республикалық бюджеттің қаражатының есебінен төленді.

Республикалық бюджеттің қаражатының есебінен төленді.

Республикалық бюджеттің қаражатының есебінен төленді.


14

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №10 (1298), 10 наурыз 2016 Жыл  //

сайлау - 2016

 №19 сайлау округі бойынша тараз  қалалық мәслихатының  

депутаттығына  кандидат

билубаев Қайрат берікұлы

№13 

сайлау округі бойынша тараз  қалалық мәслихатының  

депутаттығына  кандидат 

Раманова Ақжарқын ибратқұлқызы 

Өмірбаян

Билубаев Қайрат Берікұлы 1980 жылы  5 мамырда  Жамбыл облысы, 

Тараз қаласында туған. Ұлты – қазақ.

1986-1997 жылдары Тараз қаласындағы №38 орта мектепте оқыған. 

Бала күнінен спорттың футбол түрімен айналысып, халықаралық, 

ұлттық және өңірлік турнирлерге қатысқан.

1996 жылы «Тараз» футбол клубына маман ретінде шақырылып, 

бұл клубта 2001 жылға дейін жұмыс істеген. 1997 жылы М.Х.Дулати 

атындағы ТарМУ-дің «Маркетинг және коммерция» факультетіне 

түсіп, 2001 жылы «экономист» мамандығын алып шығады.

2002-2003 жылдары Алматы қаласында (ЦСКА) әскери борышын 

өтейді.


2003-2007 жылдары «BSB» корпорациясы президентінің жеке 

көмекшісі.

2006  жылы  Алматы  қаласындағы    Каспий    Қоғамдық 

университетінде білімін жалғастырып, 2008 жылы «құқықтанушы» 

мамандығын алып шығады.

2008-2010  жылдары аралығында Мәскеу әлеуметтік-гуманитарлық 

университетінде білім алып, «еңбек экономисі» мамандығын алып 

шығады. Мәскеу қаласында білім алып жүріп, жұмысқа орналасады.

2008-2010 жылдары Мәскеу қаласындағы «Металлстрой-                                

Инвест» ООО  инвестициялық-құрылыс компаниясының қамтамасыз 

ету бөлімі басшысының орынбасары қызметін атқарады.

2010 жылы Тараз қаласына оралып, облыс әкімдігі резиденциясының 

меңгерушісі болып бір жыл қызмет етеді. Кейін «СК Құлагер» ЖШС 

заң бөлімінің басшысы болып 2015 жылға дейін қызмет етеді.

Ірі-ірі компанияларда тәжірибе жинақтаған Қайрат Билубаев «Мега-

ВенСтрой» ЖШС ашып, компанияның әрі құрылтайшысы, әрі қаржы 

директоры қызметін атқарып келеді.

Үйленген, ұл тәрбиелеп отыр.

  

  сайлауалды бағдарламасы



Елбасымыз, «Нұр Отан» партиясының көшбасшысы Нұрсұлтан 

Әбішұлы Назарбаев «Тарихымыздың темірқазығы» деп лайықты 

баға берген Тараз қаласы әрқашанда менің жүрегімнің түкпірінде. 

Менің басты мақсатым  – білімім мен өмір тәжірибемді, халықтың 

тұрмысын көтеруге арналған әрекеттеріммен дәлелдеу. Бизнестің 

әлеуметтік жауапкершілігі  – менің қызметімнің негізгі бағыты болады. 

Бүгінде  «Нұр Отан» партиясының кәсіпкерліктің әлеуетін көтеруге 

басымдық беріп отырғаны баршаға белгілі. Сондықтан, ең бірінші 

саяси-әлеуметтік тұрақтылықтың тірегі – орташа тапты қалыптастыру 

бағытында  орта және шағын бизнесті дамытуға атсалысу негізгі 

міндеттерім деп санаймын. Бұл салада «Бизнестің жол картасы-2020» 

бағдарламасының маңыздылығын насихаттау және  жүйелі жүзеге 

асыру  арқылы тұрғындардың кәсіби сауаттылығының артуына, 

іскерлік қабілеттерінің дамуына өз үлесімді қосамын. 

Екіншіден, Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, су және жы-

лумен қамтамасыз ету желілері инфрақұрылымдарын жаңғыртуды 

жүзеге асыру  мақсатында  абаттандыру мәселелеріне, оның 

ішінде көгалдандыру, көшелердің асфальтталуы мен жөнделуіне, 

жарықтандырылуына баса назар аударатын боламын. 

Үшіншіден, Сыбайлас жемқорлықпен күресу - баршаның және 

әр адамның міндеті. 

Сыбайлас жемқорлықпен күрес бүкіл қоғамның жұмысы 

екенін түйсіне отырып, қоғам үшін қауіпті құбылыспен күресте 

жемқорлықты әшкерелеу ғана емес, оның алдын алу мен тұрмыстық 

сыбайлас жемқорлық көріністеріне қоғамның бір бөлігінің 

немқұрайлы қарауына қатысты шаралар қолдануды қолға аламын. 

Төртіншіден, жас кәсіпкерлерді қолдау мақсатында ұсынылып 

отырған сан түрлі бағдарламалар арқылы оларға демеу беріп, жарқын 

болашаққа, «Қазақстанда жасалған» ұранымен өзіміздің отандық 

өнімді шығаруға өз үлесімді қосуды мақсат етемін. 

Бесіншіден, округ тұрғындарының хал-ахуалын барынша 

қадағалауды ұстап, қаламыздың көркеюіне өз үлесімді қосқым келеді. 

Оның ішінде, тұрғындардың денсаулығына, яғни медициналық 

қызметтердің тең қолжетімділігін қамтамасыз етуді басты назарда 

ұстау.

Құрметті сайлаушылар!

Біздің бағытымыз тура, мақсатымыз айқын. Ол – «Мәңгілік 

Ел» ұлттық идеясын сабақтастыра отырып, әлемдегі дамыған 

30 елдің қатарына қосылу. «Нұр Отан» партиясы қолға алған 

батыл бастамалар мен жарқын жобалардың да діттегені осы.

Еліміздің саяси өміріне бейжай қарамай, бәріміз бір жеңнен 

қол, бір жағадан бас шығарып, туған қаламыздың, оның ішінде 

округіміздің өркендеп-көркею жолында аянбай еңбек етуге 

шақырамын. Ал, мен сіздер артқан сенімді ақтауға барымды 

саламын!


Каталог: images -> PDF-kaz
PDF-kaz -> 2015 жыл, сәрсенбі
PDF-kaz -> Ерлер денсаулығы елеусіз қалмауы тиіс
PDF-kaz -> №9 (1244) 3 наурыз 2015 жыл, сейсенбі „ «Адамдықты айт, ерлікті айт, батырлықты айт, Ел бірлігін сақтаған татулықты айт!»
PDF-kaz -> «Жасыл белдеулер» қанат жайып келеді
PDF-kaz -> Конференцияда талқылады басқосуда облыс әкімінің орынбасары Ерқанат манжуов ашып, жүргізіп отырды. Ол ағымдағы жыл аймақта өтетін қазақ
PDF-kaz -> Құрметті тұтынушылар!
PDF-kaz -> Бақытты, Базарлы Балалық! №22 (1257)
PDF-kaz -> №1 (1341) 5 қаңтар 2017 жыл, бейсенбі „ Жаңа жыл мерекесінде облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев жүзуден ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Рио-де-Жанейро қаласында өткен XV жазғы Паралимпиада ойындарының жеңімпазы Зульфия Габидуллинаның арманын
PDF-kaz -> 2016 жыл, сәрсенбі
PDF-kaz -> 2 бет. Тарихыңды таны


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет