2016 жыл, сәрсенбі


„ ана туралы өлең-жырлардың барлығы мен үшін – менің анам Қыздарханға арналған  секілді



жүктеу 7.93 Mb.
Pdf просмотр
бет6/12
Дата06.02.2017
өлшемі7.93 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

 

„

ана туралы өлең-жырлардың барлығы мен үшін – менің анам Қыздарханға арналған  секілді 



болады да тұрады. ана, анашым, анатайым! бұл өмірде сізге қандай мақтау, қандай мадақтау айтсам 

да артық болмас, сірә.

Менің  анам  Қыздархан  Көкеева  әкем  Сембек                                                

Жолымбетовпен 56 жыл отасыпты. Олар ауылдағы өнегелі, 

дастарханы берекелі жанұяның бірі болды. Атағы Одаққа мәлім 

болған  «Талас»  кеңшарына  Мәскеуден,  Алматыдан  келген 

қонақтардың  дені – сол жылдары біздің үйге күтілетін. Ата-анам 

екеулеп жүріп бізді тәрбиеледі, бізді ғана емес-ау, өсіп-өнген 

үлкен әулетімізге ақылымен, іс-әрекетімен үлгі болды. Сенің 

жұмысың, менің жұмысым деп бөле жарған жоқ. Қандай жұмыс 

болса да, ол мейлі үйдің тірлігі болсын, түздің жұмыстары 

болсын, атқара беретін.

Анам Қыздархан Үкіметтің жұмысын зейнетке шыққанға 

дейін адал атқарды. Әуеліде асханада, мектеп интернатында 

аспаз болды, сонан соң 33 жыл байланыс саласында еңбек етті. 

Алдымен Талас ауданы, Үшарал ауылындағы пошта бөлімшесі 

бастығының орынбасары, кейінгі жылдары телефонист болып 

еңбек етті. Қазіргідей ұялы байланыс, интернет жоқ ол кезде, 

ауыл адамдарын, ауылдағы мемлекеттік мекемелерді шарта-

раппен хабарластырып, олардың құрметіне бөленді. «Талас» 

асыл тұқымды мал зауытының директоры, Социалистік Еңбек 

Ері,  КСРО  Жоғарғы  кеңесінің  депутаты  Әбдір  Сағынтаев 

жәкемізді Мәскеумен ұдайы байланыстырып, ол кісінің талай 

рет алғысын алғанын анам үнемі ризашылықпен еске алады. 

Сол қызметтен құрметті демалысқа шықты. Еңбегінің еленгені 

болар,  Қазақтелеком  ұжымы,  байланыс  қызметкерлерінің 

Облыстық ардагерлер кеңесі анамызды құрметтеп, мереке сайын 

құттықтап, сыйлықтарын беріп отырады.

Анам  Үкіметтің  жұмысымен  қатар  үйдің  жұмысын  да 

дөңгелетіп отырады. Анамның шешесі Зибагүл әжем ісмер 

болған адам еді. Кешегі қиын заманда, соғыс кезінде әжем өз 

балаларын сол өнерімен асыраған екен. Беріге дейін ши орай-

тын, жарықтық! Әжемнің оралған шиден тоқыған тұскиіздері 

талай танымал адамдардың төрінде ілулі тұр. Әжемнің сол өнері 

анама да дарыған. Өзіміздің киіз үйдің көздің жауын алатын 

бау-басқұрларын өзі тоқыды. Маған жастайымнан құрт, май 

жасауды, іс тігіп, кесте тоқуды, жүн иіріп, киіз басуды үйретті.

Анам әкем екеуі біздің оқығанымызды қалады. Одан соң 

оқудағы әрбір жетістігімізге қуанды. Әкемнің үйінде менің 

дайындық сыныбындағы дәптерлерім, мектептегі күнделіктерім, 

мақтау қағаздарым әлі күнге дейін сақтаулы. Ағам Ермекбай 

Лениндік стипендиат атанып, институтты қызыл дипломға бітірді. 

Қазір біз, Аллаға шүкір, бір-бір отанның түтінін түтетіп, ұл-қыз 

өсіріп, немерелі болып отырған бақытты жанұялардың біріміз. 

Бұл, әрине, ата- анамыздың берген өнегелі тәрбиесінің жемісі.

Әкемнің дүниеден озғанына біраз жылдар болды. Ал аяулы 

анашымыз қасымызда! Анамда Құдайдың берген 5-6 келіні, 

күйеу балалары бар. Әрбір келінін жақсы көреді, күйеу баласын– 

менің жолдасым Қыдырбекті ерекше құрметтейді. Біздерден 

тараған немерелерін үнемі еркелетіп, ал немерелерінен тараған 

шөберелерінің қолынан су ішіп отырған бақытты әже! Таразда 

інім Бауыржанның қолында тұратын Анам маған Үшаралға: 

«Сені сағындым, дауысыңды естігім келді, басқа шаруа жоқ»-  

деп күнара қоңырау соғып тұрады. Қандай бақыт десеңші!

Амандық  болса,  ақпанның  13  күні  анамыз  Көкеева 

Қыздархан Қойшығарақызы 80 жасқа толады. Жанұямыздың 

ғана емес, әулетіміздің  Ұлы анасы болып отырған анама: «Туған 

күніңіз құтты болсын, анашым! Денсаулығыңыз мықты болып, 

ортамызда аман–сау жүріңіз! Әлемдегі бар жақсылықты Сізге 

біз сыйлаймыз, жан ана!» дегім келеді.

қызыңыз, жолымбет Гүлзат Сембекқызы.

анашыМ, туған кҮніңМен!

 

„

Қазіргі заманғы  журналистика да өзі өмір сүріп отырған кезеңнің барлық өзекті мәселелеріне кеңінен араласуы қажет, 



яғни, уақытпен бірге тыныстауы, тіпті, одан  оза  жүруі керек. бұл барлық ақпарат құралдарына қатысты.

Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев  ХІ 

Еуразиялық  медиафорумда:    «Медиа  – 

болып  жатқан  оқиғалар  туралы  ақпарат 

таратушы ғана емес, олар жеке елдер мен 

жалпы әлемдегі даму барысын анықтайтын 

жетекші  субстанцияға  айналып  отыр»,  - 

деп  айтқаны  белгілі.  Иә,  Президент  атап 

өткендей, онлайн журналистика да қазіргі 

таңда  бізде    ерекше  қарқынмен  дамуда. 

Жуырда Алматы қаласында қазақстандық 

журналистердің кәсіби шеберлігін арттыру 

жөніндегі Түркі тілдес журналистер қорының  

ұйымдастыруымен және «СhevronMynaigaz 

Ink» компаниясының демеушілігімен «Кәсіби 

шеберлік және журналистика» атты  семи-

нар-тренинг өтті. Түркі тілдес журналистер 

қорының осы жолғы жұмыс бағыттарының 

бірі – қазақстандық  БАҚ қызметкерлерінің  

біліктілігін арттыра отырып, әлемдік және 

отандық тәжірибе негізінде онлайн медиа, 

фотошоп,  онлайн  трансляция    жүргізуді 

жылдам атқаруға назар аударды. Сондай-

ақ  қордың  семинарды  ұйымдастырудағы 

тағы  бір    мақсаты  –  семинар-тренинг 

өткізу  арқылы  БАҚ    қызметкерлерінің 

инновациялық технологияны пайдаланудағы 

біліктілігін көтеру, жетілдіру болып табы-

лады. Жоғарыда аталған семинарға арнайы 

Лондон  қаласынан  шақырылған  медиа-

тренер  Ватан  Өз  «Диджитал  медиадағы 

жаңалықтардың  дайындалуы»  туралы  

шеберлік-сыныбын өткізіп, тәжірибе алма-

сты. Атап айтар болсақ, БАҚ-та сенсациялық 

хабар жасау, оқырман мен көрерменді көптеп 

тарту мәселелері, ақпараттық технология-

ларды  тиімді пайдалану, вебсайттардағы 

жаңалықтар, смартфондар мен IPAD арқылы 

жедел  ақпарат  тарату  жолдарына  ерекше 

тоқталды.  Соңғы  әлемдік, республикалық, 

аймақтық  жаңалықтардан  фоторепортаж  

дайындау,  фотоаппаратпен  жұмыс  жасау, 

фотошопты  пайдалана  білу    жолдары-

на  да  мән  берілді.  Сондай-ақ  Ватан  Өз 

онлайн  медиадағы  Google,  Bing, Yahoo 

браузерлерін пайдаланудың жолдары мен  

ерекшеліктеріне тоқталды. Журналистердің   

ақпарат  таратудағы    онлайн  трансляция, 

видео  түсірілімдер,  видео-блогтары    ту-

ралы  да    тәжірибесімен  бөлісті.  Медиа-

тренер Ватан Өздің мәлімдеуінше, Түркия  

журналистеріне  жақсы жағдай жасалған. Ол 

жақта «сары карточка» деген нәрсе бар. Ол 

журналистің сол елде еркін жүріп-тұруына 

көп  мүмкіндік  береді  дейді.  Денсаулық 

жағдайы, қоғамдық көлікте жүру жайы да 

оңтайлы қарастырылған көрінеді. 

-  Түркияның  басылымдары негізінен 

түрлі-түсті болып келеді. Жергілікті басы-

лымдар жергілікті өзекті мәселелерді көп 

қозғайды. Қозғалған мәселеден, жазылған 

жайдан  міндетті түрде нәтиже шығарылады. 

Ондағы басылымдардың барлығына да тән 

тағы бір ерекшелік – түрлі-түсті фотоны, ин-

фографиканы  көп пайдаланады. Газет тілінің 

сөйлемдері  қысқа-нұсқа  болып  келеді,-

дейді маман. Әсіресе, спорт тақырыбы көп 

жазылады екен. Атап айтқанда, Түркияда 

спорт тақырыбын тұрақты қозғап жүрген 

5000-нан  астам  журналист  бар  көрінеді. 

Бізге  де  үйренетін  үрдіс  бұл.  Сонымен 

қатар, мақала тақырыбы  оқырманды өзіне 

қызықтыра шақырып, «айқайлап» тұрады. 

Сол  сияқты  жарнаманы  тегін  немесе  өте 

төмен бағада беру басылымды қаржылық 

қиындықтан  жақсы  құтқарады.  Түркия 

журналистерінің  газет  бетін  айрықша 

айшықтап  түрлендіргенді жақсы көретінін 

де атап айтқан жөн. Семинар – тренингте 

келесі болып сөз алған түркиялық медиа-

тренер  Хедие  Ероғлу  онлайн  медианың 

жанрлық ерекшелігін анықтап айтып берді. 

Тренер  қазіргі  таңда  аса  келелі  тақырып 

болып тұрған  экономикалық журналисти-

ка  тақырыбына  айрықша  тоқталып,  жазу 

машығына  мән  беру  керектігін атап өтті. 

Тағы бір күрделі тақырып – сараптамалық 

тағылымы  мол тренинг

13  


//   «Жамбыл - Тараз»  //  №6 (1294), 10 ақпан 2016 Жыл  //

Әлеумет


мақаланың  ерекшелігін кеңінен баянда-

ды. Онлайн медиада сурет, аудио, видео 

өңдеуді жүзеге асыру сияқты істер де сөз 

болды.  Сондай-ақ, Хедие Ероғлу онлайн 

журналистикадағы SMM, маркетинг ту-

ралы да  айтып өтті. SMM (Social Media 

Marketing) - бұл тренд,  ол деген әлеуметтік 

медиада компанияны бастағаннан кейін 

аудиториямен  бірегей  байланыс  жасап, 

контенттерді жаңарту, промоакция және 

маркетингтік  зерттеулер  жүргізіп,  ең 

белсенді  қолданушыларды  марапаттау, 

бір сөзбен  айтқанда, осы салада қандай 

өзгерістер болып жатыр және бәсекелестер 

не істеп жатыр деген сұраққа үнемі жау-

ап іздеп отыру дегенге саяды. Сонымен 

бірге  PR,  жасырын  жарнама  қою,  он-

лайн журналистика арқылы қаржы табу 

мәселелері де әңгіме арқауына айналды.  

Жалпы, журналистердің  ақпарат  тарату 

жұмыстарына  жаңашылдық  енгізудің, 

біліктілікті арттыру жүйесінде жаңа тех-

нологияларды пайдаланудың үлкен маңызы 

бар. Сонымен, аталған байыпты басқосуда 

отандық журналистер жаңаша бағыттағы 

ұйымдастырылған жұмыстардың мазмұны, 

ақпарат  тарату  барысындағы  жүйелілік 

жайында өзара кеңінен тәжірибе алмасып, 

орнықты  ойларымен  бөлісті.  Екі  күнге 

созылған бұл семинардан алған әсеріміз 

мол болды дей аламыз. Семинар-тренингке 

қатысқан  журналистерге соңында анкета 

толтырылып, ұсыныстары ортаға салын-

ды,   халықаралық деңгейдегі  сертификат 

тапсырылды. 

зәуреш қоЙГЕЛдИЕвА,

М.Х. дулати атындағы  тарМУ 

«Филология және журналистика» 

кафедрасының  аға оқытушысы.

тәжірибеміз толысты!  



тіршілік

14

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №6 (1294), 10 ақпан   2016 Жыл  //



 

„

тараз қалалық белгілі тұрағы жоқ тұлғалардың әлеуметтік 



бейімделу орталығы Халықты әлеуметтік қорғау саласында 

арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту 

туралы Қр Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы №1222 

Қаулысымен жұмыс жасайды.

тұрағы жоҚ азаМаттар 

ҚоғаМнан шеттетілМейді

 

„

биыл елімізде тәуелсіздіктің 25 жылдығы аталып өтіледі. осы жылдар аралығында 



мемлекеттің, экономиканың, қоғамның барлық салаларын қамтыған кең көлемді реформалар 

жер қатынастары саласын да айналып өткен жоқ.

жер заңнамасын жетілдіру - заман талабы

Мекеме  қызметінің  негізгі 

мақсаты - тұрғындардың санитарлық-

эпидемиологиялық  жағдайын 

қамтамасыз  ету,  тұрақты  емдеуді 

қажет етпейтін азаматтарға әлеуметтік, 

медициналық және басқа да көмек 

көрсету.  Орталыққа  азаматтарды 

қабылдау бойынша  2015 жыл бой-

ына  орталыққа  жүгінген  белгілі 

тұрағы жоқ азаматтардың саны 256 

адамды құрады. Олардың алғашқы 

қабылданғандары 188 адам, қайталап 

қабылданғандар  68  адам,  олардың 

ішінде ерлер - 209, әйелдер -  47 адам. 

Тараз  қаласы  әкімдігінің 

жұмыспен  қамту  бөлімінің  жолда-

масымен 33 адам, денсаулық сақтау 

департаментінен - 63,  өз еркімен кел-

ген – 33, ішкі істер бөлімінен – 27 (бас 

бостандығынан айыру мекемесінен 

арнайы жолдама хатпен – 20 адам) 

және  мобильдік әлеуметтік патруль 

қызметі арқылы  100 адам  орталыққа 

қабылданды. 

Мобильдік  әлеуметтік  патруль 

қызметі бойынша 2015 жылдың 12 ай-

ында қала тұрғындарынан орталыққа 

114 қоңырау келіп түсті. Бұл күнделікті 

түскен қоңыраулар журналға тіркеледі. 

Қоңырау  бағыттары  және  рейд 

бағыттары  бойынша    барлығы  102 

азаматқа алғашқы көмек көрсетіліп, 

олардың 100-і  орталыққа орналасты-

рылды. Мобильдік әлеуметтік патруль 

қызметінің  жұмысын  жандандыру 

мақсатында, «қаңғыбастық күй кеш-

кен азаматтарға көмек көрсетіледі» 

делінген 650 дана хабарландырулар 

қала  көшелеріндегі  аялдамаларға 

ілінді. Есепті кезеңде қала көшелеріне 

арнайы 25 рет рейд ұйымдастырылып, 

58  азамат  кездесті.  Олардың  50-і 

көмекке  мұқтаж  еместігін  айтып 

көмектен  бас  тартса,  8  азамат 

орталыққа жеткізілді.

Дәрігерлік  және  медициналық 

көмек  бойынша,  2015  жылдың  12 

айында  орталыққа  256  адам  келіп 

түсіп,  оның  барлығына  алғашқы 

медициналық көмек көрсетілді. Со-

нымен қатар орталық тұрғындарынан 

292  адам  медициналық  тексеруден 

өтті. Ауруханаға жатып емделгендер 

саны  35  адам  болса,  емханадан  ем 

қабылдағандар  саны  141  адамды 

құрады. 

Өткен  жылдың  қорытындысы 

бойынша  қарттар  мен  мүгедектер 

үйіне  және  Жүйке  аурулар  интернат 

үйіне  32  адам  орналастырылды.  Со-

нымен қатар 1 қызмет алушы Оңалту 

орталығында болды. Сондай – ақ, 13 

қызмет алушы әртүрлі мүгедектік тобы-

на шығарылды. Ал 2 қызмет алушының 

көзіне Облыстық көз ауруханасында ота 

жасалып, олардың көз жанары қалыпқа 

келтірілді.  

Әлеуметтік қызмет көрсету бойын-

ша өткен жылы 62 қызмет алушының 

құжаттары  қалпына  келтіріліп,  жеке 

куәлік алды. Жасына байланысты 11 

адамға  зейнетақы  тағайындалып,  2 

қызмет алушы әлеуметтік жәрдемақы 

алса, 7  азаматқа әлеуметтік арнаулы 

жәрдемақы тағайындалды. Сондай-ақ 

есепті кезеңде психологиялық көмек 

көрсету бойынша 256 қызмет алушыға 

психологиялық диагностика өткізілді, 

оның ішінде жаңадан келгендері 188 

адамды құрады. Орталықтағы қызмет 

алушы 255 адамнан жеке сұрақтар бой-

ынша психологиялық кеңестер алынды.          

17 қызмет алушының туыстарына іздеу 

салынып, «Бармысың, бауырым?», «Жди 

меня» бағдарламаларына хат жолданды.  

21 қызмет алушы орталықта құжаттарын 

қалпына келтіріп, салауатты өмір салты-

на бейімделсе, орталық тұрғындарын 

психологиялық түзету мақсатында 85 

іс-шара өткізілді. Сонымен қатар қызмет 

алушы В.Кантышевке Чернобыль АЭС 

апат зардаптарын жоюға қатысқаны үшін 

жеңілдік ретінде әлеуметтік жәрдемақы 

тағайындалып, жер телімі және баспана 

алуына кезекке тұрғызылды. Ал орталық 

тұрғыны  Б.Асқанбеков  әлеуметтік-

құқықтық көмек барысында жер актісін 

қолына алды.  Орталық тұрғындарын 

салауатты өмір салтына қалыптастыру 

мақсатында  жұмыспен  қамту  бөлімі 

арқылы қоғамдық жұмыстарға 29 қызмет 

алушы  жұмылдырылса,  17  қызмет 

алушы  орталықта  тұрып,  уақытша 

және  тұрақты  жұмысқа  орналасты. 

Яғни,  барлығы  46  адам  жұмыспен 

қамтылды. Мұндай белгілі бір тұрағы 

жоқ  адамдарға  көрсетілетін  көмек 

орталық тарапынан  алдағы уақытта да 

жалғасын таба беретін болады.



Е.АМАНБАЕв, 

орталық директоры. 

Осы орайда, қолда бар жер қорымызды тиімді 

пайдалану мақсатында жер ресурстарын басқарудың 

тиімділігін арттыруға және жер қатынастарын 

реттеуді жетілдіруге бағытталған шаралардың 

эволюциялық жолмен дамып келе жатқандығын 

атап өту керек.

Тәуелсіздіктің  алғашқы  жылдары  елімізде 

«Жер қатынастарын одан әрі жетілдіру», «Шаруа 

қожалықтары туралы», «Жер салығы туралы» және 

«Жер туралы» Заңдар қабылданып ел игілігіне 

қызмет етті.

Одан кейінгі кезеңде 2003 жылдың маусымында 

қазіргі қолданыстағы Жер Кодексі қабылданып, оның 

нормаларын жүзеге асыру жолында Үкіметтің 20-ға 

жуық нормативтік актілері қабылданды.

Жер Кодексінің қабылдануымен Ата заңымызға 

сәйкес жер мемлекет меншігінде және жеке меншікте 

болатындығы толығымен заң жүзінде бекітілді.

Бүгінде Қазақстан тәуелсіздіктің алғашқы күнінен 

бастап жүргізіліп келе жатқан көп векторлы сыртқы 

саясатының және ішкі тұрақтылығының, сондай-ақ 

мол табиғи қазба байлықтарының арқасында әлемдік 

қауымдастықтың белсенді мүшесіне айналып келеді. 

Елбасының Еуразиялық Одақ құру туралы бастамасы 

жүзеге асып, Дүниежүзілік сауда ұйымына ендік.

Бұл өз кезегінде заңнамалық базаны уақыт тала-

бына сай жетілдіріп отыруды алға тартады. Осыған 

орай жер заңнамасы да ұдайы жетілдірілу үстінде.

Айталық, 2014 жылы 2 шілдеде қабылданған 

Қазақстан  Республикасының  «Қазақстан 

Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне 

мемлекеттік басқару мәселелері бойынша өзгертулер 

мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен елді ме-

кендер шегінде құрылыс үшін жер учаскесін бөлудің 

механизмдері оңтайландырылды. Жерді заңдастыру 

мерзімі 50 күнге дейін қысқартылып, бұрын өтініш 

иесі өзі жүргізетін келісім шараларын жүргізу 

уәкілетті мемлекеттік органға жүктелді. Қазіргі 

кезде кедергілерді азайту мақсатында елді мекендер 

шегінде жер беру процесін автоматтандыру және жер 

комиссиясының қорытындысын алу қажеттігін алып 

тастау бағытындағы шаралар атқарылуда.

Кәсіпкерлікті қолдау мақсатында Жер Кодексіне 

2014 жылдың 29 желтоқсанында енгізілген өзгертулер 

мен толықтыруларға сәйкес:

- шетелдік азаматтарға, азаматтығы жоқ тұлғаларға 

және шетелдік заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы 

мақсатындағы жерлерді жалға беру мерзімі бұрынғы 

10 жылдан 25 жылға дейін ұзартылды;

- Қазақстан Республикасының жер қойнауы және 

жер қойнауын пайдалану заңнамаларына сәйкес 

құқықты сенімді басқаруға беруге байланысты жерді 

пайдалану құқығын берудің де жаңа тетігі енгізілді.

- құрылыс және ауыл шаруашылығы үшін берілген 

жерлерді пайдаланудың және пайдаланбаудың 

мерзімдері нақтыланып, құрылыс үшін берілген жер 

3 жыл, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер 5 жыл 

көлемінде 2 жыл пайдаланылмаса, мемлекет иелігіне 

алуға жататындығы заңдастырылды;

- пайдаланылмаған немесе жер заңнамасын бұзу 

жолымен пайдаланымда жүрген жерлерді мәжбүрлеп 

иеліктен шығару нормалары жетілдірілді;

-  осындай  жерлер  бойынша  азаматтық-

құқықтық мәмілелер жасауды шектеу нормалары 

қарастырылды;

-  жерлері  мәжбүрлеп  иеліктен  шығарылған 

тұлғалар  реестрін  қалыптастыру  және  оған 

енгізілген тұлғалардың жаңадан жер учаскелерін алу 

құқықтарын 3 жыл мерзімге шектеу тетігі енгізілді:

- ауыл шаруашылығы жерлерін пайдаланудың 

мақсатын  өзгертуге  шектеулер  қойылып,  осы 

мақсаттағы жерлерді жеке тұрғын үй құрылысы 

және өзіндік қосалқы шаруашылықтар жүргізу үшін 

беру жолымен сегменттеуге (бөлшектеуге) тыйым 

салынды, яғни ауыл шаруашылық жерлерді аталған 

мақсаттарға беру үшін жерді алдымен елді мекендер 

шегіне қосу заңдастырылып, ол жерлер елді мекеннің 

Бас жоспарына сәйкес игерілуі тиіс.

  Жер  заңнамасын  жетілдіру  процесі  өткен 

2015 жылы да өз жалғасын тапты. Мемлекеттің 

кәсіпкерлікке  араласуын  шектеу  мақсатында 

Жер Кодексінің 37- бабына оралмандарға ауыл 

шаруашылығын жүргізу үшін жерді жалға беру 

мерзімін 25 жылға дейін ұзарту туралы өзгеріс 

енгізілді. 

Жеке меншіктегі жерлерге қатысты туындаған жер 

дауларын сотқа дейін және мемлекеттік органдардың 

қатысуынсыз медиация тәртібімен шешу нормасы 

енгізілді. Бұрын мұндай даулар Жер Кодексінің 

167-бабына сәйкес тек сот тәртібімен қаралатын.

Баршамызға белгілі, 2016 жылдың 1 қаңтарынан 

Елбасының  5  институттық  реформаларын 

жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам»                        

Ұлт жоспарын орындаудың практикалық кезеңі 

басталды.

Осыған орай, Парламент қарауына енгізілген 

80-нен астам заң актілерінен 59 заңның күшіне 

енуімен мемлекетті, экономиканы, жалпы қоғамды 

дамытудың құқықтық ортасы қалыптастырылды.

Ұлт  жоспарының  «Индустрияландыру  және 

экономикалық өсім» бөлімінде ауыл шаруашылығы 

саласын тұрақты дамыта отырып, халқымызды 

азық-түлікпен қамтамасыз ету және әлемдік азық-

түлік нарығының көшбасшысына айналу міндеті 

қойылып отыр.

Ауыл шаруашылығы өндірісінің негізі жер болып 

табылатындықтан, Ұлт жоспарының 35 және 36 

қадамдарында жер ресурстарын басқару мен жер 

қатынастарын реттеуді жетілдіру көзделген.

Түйіп айтқанда, ауыл шаруашылығы жерлерін 

тиімді пайдалану, кәдеге аспай жатқан жерлерді 

жекешелендіру үшін мемлекеттік қорға беру.

Қойылған  мақсаттарға  жетудің  заңнамалық 

негіздерін  қамтамасыз  ету  мақсатында  2015 

жылдың соңына қарай (қазан-қараша айлары) жер 

заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Атап айтқанда, мемлекет меншігіндегі ауыл 

шаруашылық жерлері Қазақстан Республикасының 

азаматтарына бағаны көтеру жолымен аукциондарға 

сату арқылы жеке меншікке берілетін болады. Егер 

жер учаскесі екі аукцион қорытындысымен сатылма-

са, саудаға бағаны төмендету жолымен шығарылады. 

Бағаны төмендету шегі жер учаскесінің кадастрлық 

құнының 50 пайызынан аспауы тиіс.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің 

98 пайызға жуығы жалға берілген жерлер болып 

табылатындықтан, жерді жалға алып отырғандар 

үшін оны жеке меншікке сатып алуда жеңілдіктер 

қарастырылған. Яғни, жерді жалға алған тұлғалардың 

өз жерлерін 50 пайыздық жеңілдетілген бағамен 10 

жыл мерзімге бөліп төлеу құқығымен сатып алула-

рына болады.

Бұл орайда заңмен өздерінің орташа жер үлестерін 

серіктестіктерге жарна немесе кооперативтерге үлес 

ретінде берген азаматтардың құқықтарын қорғау 

тетіктері қарастырылып отыр.

Жалға алған жерлерге қойылған шектеулер алы-

нып тасталды. Бұл жер пайдаланушыларға жалға 

алған жерлерін екінші деңгейдегі банктерге кепілге 

қоюға, жалға алу мерзімі аралығында екінші тұлғаға 

беруге (субаренданы қоспағанда) мүмкіндіктер 

береді.

Сол сияқты, ауыл шаруашылығы тауарларын 



өндірушілер шаруашылық жүргізуге қажетті ны-

сандар құрылысын жүргізгенде, жердің нысаналы 

мақсатын өзгерту қажеттілігі алынып тасталды. 

Бұл шаруаларды қосымша шығындардан босататын 

болады.

Әрине, жерді пайдалану бар да, оны қорғау 



бар. Жер Кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес 

аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық 

округ әкімдері жерді пайдалану мен қорғауды 

мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды 

адамдар реестріне енгізіліп отыр.

Аталған буындағы әкімдер елді мекен аумағында 

жеке  тұлғаларға  қатысты  (жеке  кәсіпкерлік 

субъектілерін қоспағанда):

- мемлекеттік жер учаскелерін заңсыз иеленіп алу 

немесе айырбастау не жерге мемлекеттік меншік 

құқығын тікелей немесе жанама нысанда бұзатын 

басқа да мәмілелердің жасауына жол бермеу;

-  жерді  нысаналы  мақсатсыз  пайдаланылу-

ына жол бермеу үшін мемлекеттік бақылауды 

ұйымдастырады және жүргізеді.


Каталог: images -> PDF-kaz
PDF-kaz -> 2015 жыл, сәрсенбі
PDF-kaz -> Ерлер денсаулығы елеусіз қалмауы тиіс
PDF-kaz -> №9 (1244) 3 наурыз 2015 жыл, сейсенбі „ «Адамдықты айт, ерлікті айт, батырлықты айт, Ел бірлігін сақтаған татулықты айт!»
PDF-kaz -> «Жасыл белдеулер» қанат жайып келеді
PDF-kaz -> Конференцияда талқылады басқосуда облыс әкімінің орынбасары Ерқанат манжуов ашып, жүргізіп отырды. Ол ағымдағы жыл аймақта өтетін қазақ
PDF-kaz -> Құрметті тұтынушылар!
PDF-kaz -> Бақытты, Базарлы Балалық! №22 (1257)
PDF-kaz -> №1 (1341) 5 қаңтар 2017 жыл, бейсенбі „ Жаңа жыл мерекесінде облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев жүзуден ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Рио-де-Жанейро қаласында өткен XV жазғы Паралимпиада ойындарының жеңімпазы Зульфия Габидуллинаның арманын
PDF-kaz -> 2 бет. Тарихыңды таны
PDF-kaz -> Құрметті тараздықтар!


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет