№2(62)/2011 Серия филология


Бейресми есімдердің тарихи негіздері



Pdf көрінісі
бет11/23
Дата22.02.2017
өлшемі2,61 Mb.
#4683
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23

Бейресми есімдердің тарихи негіздері 
Рахымберлина С.Ə. 
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті 
В статье рассматривается история развития неофициальных собственных имен, а именно псевдонимов 
и  прозвищ  в  казахском  языке.  История  развития  собственных  имен,  тесно  связанная  с  историей 
народа,  под  влиянием  различных  общественно-политических,  экономических,  культурно-бытовых 
условий  может  подвергаться  изменениям.  На  основе  исследований  ученых  по  проблемам  развития 
официальных  собственных  имен  автор  статьи  пытается  определить  этапы  развития  неофициальных 
имен  в  казахском  языке.  Анализируя  конкретные  примеры  из  произведениий  устного  народного 
творчества,  представляет  богатый  языковой  материал,  содержащий  казахские  псевдонимы  и 
прозвища,  а  также  доказывает  место  собственных  имен,  составляющих  значительную  часть  языка  и 
основу национального бытия и сознания. 
In this article will told opinions of scientist-researchers and examples of rich spoken public creative activity 
about development of unofficial names of persons in Kazakh language which very involved with history of 
Kazakh nation. The main factor to shaping the nation — it is language, for language it is name — the main 
nation differences We saw how influenced different acts to appearance new names like development of histo-
ries mankind in each stage as public structure, different political positions, national particularity, news of the 
culture and etc. And the main reason is — necessity to contact. Analysing concrete examples from product 
spoken public creative activity, author presents the rich language material, containing Kazakh pen names and 
nickname, as well as proves the place of the proper names, forming much of the language and base national 
life and consciousnesses. 
 
Жалпы  ономастика  сияқты,  антропонимиканың  да  бірінші  заңдылығы — оның  тарихилығы. 
Зерттеушілердің  атап  көрсеткеніндей,  тарихтан  тыс  ешқандай  құбылыстың  болуы  мүмкін  емес. 
Себебі бүгінгі жаңалық — ертеңгі тарих. Тарихтың қозғаушы күші адам болғандықтан да, адам өмір 
сүрген  кеңістік  пен  уақыт  адамзат  тарихының  бір  беті.  Ұлттың  ұлт  болып  қалыптасуына  себепші 
факторлардың  негізгісі — тіл  десек,  тілдің  ауқымды  бөлігін  құрап  отырған  есімдер  ұлттық 
ерекшеліктің  негізін  құраушы  фактордың  бірі.  Халықтың  тарихымен  біте  қайнасып  келе  жатқан 
есімдер тарихы түрлі қоғамдық-саяси, шаруашылық-экономикалық, мəдени-тұрмыстық жағдайларға 
байланысты өзгерістерге ұшырап, сонда да болса, өзінің табиғатын бар болмысымен сақтап отырады. 
«Əр  тарихи  кезеңдегі  қоғамдық  формацияның  сол  кездегі  тілдік,  мəдени  ортаның  өзіне  тəн 
ономастикалық бірліктер репертуары болғандығы белгілі. Кез келген онимдік атаудың артында үлкен 
фондық білім жасырын тұр, алуан түрлі энциклопедиялық ақпараттар желісімен байланысты болып 
келеді.  Мəселен,  көне  түркі  жұртына  ортақ  Білге  бабаның,  берідегі  Абай,  Сүйінбай,  Махамбет  т.б. 
есімдері  немесе  Ордабасы,  Аңырақай  сияқты  топонимдер  төңірегінде  қаншама  аялық  білім  бар 
десеңші!» — деп атап көрсетеді ономаст-ғалымдар [1]. 
Есімдердің тарихына байланысты ғалым-зерттеушілердің еңбектеріне жасалған талдау нəтижесі 
жəне халықтың бай ауыз əдебиетінің мысалдары алғаш лақап есімдердің пайда болғанын дəлелдейді. 
Бірақ  ол  қазіргі  біздің  түсінігіміздегі  лақап  есімнен  сəл  басқа.  Ұқсастығы — оның  да  қазіргі  лақап 
есімдердей  түр-тұлға  мен  мінез  ерекшеліктерін  көрсететін  есім  екендігі  болса,  айырмашылығы — 
қазіргідей  кісінің  төл  есіміне  қосымша  есім  емес,  негізгі  есім  болғандығы.  Аңыз-ертегілердегі  Дəу, 
Қаңбақ  шал,  Жезтырнақ,  Көлтаусар,  Желаяқ,  Таусоғар,  Шық  бермес  Шығайбай,  Жиренше,  Төстік, 
Жалмауыз  сияқты  «сөйлеуші  есімдер»  бұған  куə.  Белгілі  антропонимист-ғалым Т.Жанұзақов  халық 

Бейресми есімдердің тарихи негіздері 
Серия «Филология». № 2(62)/2011 
67 
ертегілеріндегі  Тоңқылдақ,  Шіңкілдек  т.б.  халық  ойынан,  шексіз  қиялынан  туған  қойылған  лақап 
аттар екенін айтады [2; 77]. 
Адамдар ұжымдық одаққа біріккенге дейін де бір-бірін ажырату, айыру үшін бойындағы көзге 
алғаш іліккен ерекшеліктері негізінде лақап есімдер қолданыуы мүмкін. Ұлттық тарихтың алғашқы 
деректері — шежірелерден  аталған  құбылыстың  нышандарын  байқауға  болады: «Қазақ  құрамына 
енген  қыпшақтар  шежіре  бойынша  негізінен  Қарақыпшақтың  ірі-ірі  бес  атасынан  (Ұзын,  Бұлтың, 
Көлденең, Қарабалық, Торы) бөлінеді («Қазақ шежіресі»). 
Тарихтың қай кезеңінде де тілімізге екі құрылымды есімдер жүйесі тəн болғаны белгілі. Бірі — 
кісінің өз есімі болса, екіншісі — не əкесінің аты, не ру, ата-тегі, не шыққан жері, не қызмет-мансабы, 
титулы, не қандай да бір қасиеті негіз болған лақап есімі. Ел басқарған хан мен сұлтан, ел мен жерді 
қорғаған батыр, ел тағдырын шешкен би мен шешен есімдері бұған дəлел: Мөде қаған, Білге қаған, 
Əз Тəуке, Абылай хан, Еңсегей бойлы Ер Есім, Қанжығалы Бөгенбай, Қаз дауысты Қазыбек, Мəшһүр 
Жүсіп, Бауыржан Момышұлы т.б. 
Кеңес дəуірінде жалпыға міндетті саналған үш есімді жүйенің тілімізде толық мəнінде қолданыс 
таппағаны белгілі. Өйткені қандай да болмасын есімдер жүйесінің күрделенуі — есімдердің ажырату, 
айыру  қызметтерінің  əлсіреуінен  туатын  қажеттілік.  Қатал  канонизация  ұсынған  шектеулі  есімдер 
тізімі  мұндай  қажеттілікке  көптеген  тілдерді,  оның  ішінде  орыс  тілін  де  алып  келді.  Орыс 
ғалымдарының есімдердің ең басты қызметі — айыру қызметін үш есімді жүйенің өзі атқара алмауға 
айналғанын,  тек  Мəскеудің  бір  өзінде  ғана  мың  Иван  Иванович  Ивановтардың  бар  екенін,  бұл 
мəселені  шешудің  жолдарын  ұсынған  пікірлері — осыған  куə [3]. Мұсылман  дінінің  келуімен 
тілімізге араб есімдері көптеп енгенімен, арнайы шектеу қойылмағандықтан, төл есімдеріміз де кең 
қолданыс тауып отырды. Қандай да бір шағын ортада күнделікті қарым-қатынас барысында адамның 
не өз есімінің, не лақап атының қолданылуы жеткілікті болды. Себебі тіліміздегі есімдердің бай қоры 
бұл қажеттілікті толығымен орындай алды деуімізге болады. Абай, Жамбыл, Махамбет, Исатай т.б. 
есімдер ұлттың когнитивтік санасынан берік орын алып, қосымша есімді қажет етпей-ақ қолданыла 
береді.  Есімдердің  жеке  қолданылуы  есім  бойындағы  энциклопедиялық  ақпараттың  молдығы, 
көпшілікке  танымалдығы  сияқты  факторларға  тікелей  байланысты  (қазіргі  кезде  атақты  өнер 
иелерінің  халыққа  кейде  өз  есімімен,  кейде  бүркеншік  есіммен  танылуы  осының  айғағы.  Мысалы, 
Роза, Мақпал, Бүркіт т.б.). 
Кез келген есімнің тарихы белгілі бір кезеңнен бастау алып, өз дамуында түрлі сатылардан өтеді. 
Қоғамдық формация, түрлі əлеуметтік жағдай, ұлттық ерекшелік, мəдениет жаңалықтары есімдердің 
барлық  түріне  өз  əсерін  тигізбей  қоймайды.  Тіліміздегі  есімдердің  тарихы  арқылы  бейресми 
есімдердің өз дамуында қандай сатылардан өткенін байқауға болады. Көпшілікке мəлім, Т.Жанұзақов 
қазақ есімдерінің тарихын төрт дəуірге бөліп қарастырады. Бұл көне түркі дəуірінен кеңес дəуіріне 
дейінгі мерзімді қамтыса, зерттеуші Ү.А.Мұсабекова еліміздің егемендік алып, қоғамның өзгеруімен 
қоса өзгерген сана жемісі — 90-жылдардан бергі есімдерді бір дəуір, яғни қазақ есімінің V дəуірі деп 
атайды [4]. Аталған бес дəуір кісінің тек өз есімдері ғана емес, бейресми есімдерге де қатысты. 
І-дəуір  көне  түркі  заманын,  яғни, V–VІІІ  ғасырлардағы  антропонимдерді  қамтиды.  Түркі 
антропонимиясы  сөз  болғанда  айналып  өте  алмайтын  бір  мəселе — түркі  халықтарындағы  есімнің 
ауысып отыруы туралы деректер. «Тюрки не носили одного и того же имени от рождения до смерти, 
как европейцы. Имя тюрка всегда указывало на его положение в обществе. Мальчиком он имел клич-
ку,  юношей — чин,  мужем — титул,  а  если  это  было  хан — то  титул  менялся  согласно  удельно-
лестничной  системе» [5; 89]. Осы  орайда  жазушы  Қ.Салғараұлы  Түрік  қағанатының  атақты  Мухəн 
қағанының  төл  аты — Құшу,  жігіт  кезіндегі  аты — Сыдоу  (Сыжин),  елге  танылған  аты — Иəнду 
(жеңімпаз), мансапқа ие болғандағы аты — Кигін Муюй-хан, ел билеушісі болғандағы аты — Мухəн 
қаған  болғандығын  айтады [6].  Қазақ  есімдерінің  тарихын  жан-жақты  зерттеп-зерделеген  ғалым 
Т.Жанұзақов  мұның  негізінің  көне  түріктердің  қоғамдық  мемлекеттік  құрылысы  мен  ішкі  тарихи 
жағдаяттарында жатқанын айтады [2; 35]. 
Ғалымдардың  зерттеулеріне  назар  аударсақ,  есімнің  ауысып  отыруы  тек  түркі  халықтарында 
ғана кездеспейтінін, бір-бірінен қашық орналасқан, бір-бірімен алыс-берісі, яғни қатысы жоқ елдерде 
де  осы  дəстүрдің  белең  алғанын  байқауға  болады.  Батыс  Африкадағы  моси  негрлер  тайпасында 
жасөспірімдер  үлкен  өмірге  дайындалу  үшін  бөлек  өмір  сүреді.  Осы  кезде  олар  жаңа  ат  алып,  оны 
өздерінен басқа ұстаздары ғана білетін болады. Ересек болған кезде де басқалар жоқта ғана бірін-бірі 
осы есімдерімен атайтын болған. Тəжіктер бала кəмелетке толғанша өз есімін атамай, шартты атпен 
жүрген. Қытайда, Жапонияда, Кореяда жас ерекшеліктеріне қарай есімдер де ауысып отырған [3; 21]. 

Рахымберлина С.Ə. 
68 
Вестник Карагандинского университета 
Есімнің өзгеріске ұшырауына əсерін тигізуші бірнеше факторды атауға болады. Ең негізгі себебі 
— есімнің құдіреттілігіне деген сенім. Адам (жан) мен оның есімінің арасындағы байланыс тəн мен 
жанның  байланысынан  да  күшті,  адамның  тағдырына  жауапты  бірден-бір  күш  деген  ой  саналарын 
билеген  бабаларымыз  есімнің  құпия  сақталуына  бар  күштерін  салған.  Осы  құбылыстың  монғол 
тіліндегі  көріністері  туралы  Н.Л.Жуковская: «Есімді  ауыстырудың  тамыры  өте  ескі  дəуірлерден 
басталады.  Есім  иесін  зұлым  күштерден  аулақ  ұстау  үшін  есімді  атамайтын  шамандық  дəстүрге 
байланысты болған. Монғол қоғамының таптарға жіктелуі кезінде аристократия мен халық арасында 
түрліше  көрініс  тапты.  Қатты  аурудан  жазылғаннан  кейін  үстем  тап  өкілдерінде  титул  бойынша 
атауға,  халық  арасында  есімін  өзгертуге,  баланың  өлімі  жиі  кездескен  отбасыларында  сүйкімсіз, 
нашар  есімдермен  атауға  əкелді», — дейді [7; 10]. Сол  сияқты  қалыптасқан  дəстүрге  байланысты 
есімдерге  табу  салу,  атамау.  Ол  қазақ  қоғамында  əйел  адамның  күйеуінің  туған-туыстарының 
есімдерімен  байланысты.  Есімнің  ауысуына  қандай  жағдай  əсер  етпесін,  ең  басты  ұстаным — есім 
бойындағы  ақпараттың  молдығы,  сол  арқылы  аталушының  кім  екендігінің  тез  де  дəл  анықталуы. 
Яғни есімнің ажыратушылық қызметінің мүлтіксіз атқарылу кепілдігі. 
Көне  түркі  ономастикасын  зерттеуші  В.У.Махпиров  адамның  өз  атының  бұл  ескерткіштерде 
мүлдем  аз  кездесетінін  айта  келіп,  аталмыш  қоғамдағы  басты  антропонимикалық  категориялар 
ретінде  ер  аты,  ру  аты,  династиялық  есім,  титул  сияқты  түрлерін  көрсетеді: «Типичными 
персонифицированными титулами в древнетюркском обществе являются компоненты антропонимов 
тюркских  каганов:  Иль-каган — титул  Бумин  кагана,  Эльтериш  каган — персонифицированный 
титул  Кутлука,  основателя  тюркского  каганата,  Капаган-каган — тронный  титул  Мочжо,  брата 
Эльтериша,  Богю-каган — уйгурский  правитель,  принявший  манихейство  и  проч.  Персонифициро-
ванные титулы правителей были известны многим историко-культурным типам общества (ср.: имена 
русских правителей — Ярослав Мудрый, Иван Калита, Иван Грозный и проч.» [8]. Н.В.Подольская 
соңғы  есімдерді  «прозвище  возвеличивающее»,  яғни  адамның  ерекше  қасиеті  мен  қызметін 
көрсететін мелиоратив лақап есім, деп қарастырады [9]. Біз де осы пікірді қолдаймыз. 
Түркі халықтарының өмірі мен тарихын, этнографиясын көп зерттеген ғалым Л.Н.Гумилев басқа 
ел  тарихшыларының  түркі  тарихына  қатысы  бар  мəліметтерінде  түркі  есімдері  танымастай  болып 
өзгеретінін, көбіне титул кісі есімі орнына қолданылатынын баса көрсетеді [5; 89]. 
Есімнің  қоғамдық  қызметі  қоғам  мүшелерін  атау  жəне  бір-бірінен  ажырату  болса,  көне  түркі 
ономастикасында  осы  міндетті  орындау  «басқа  есімдерге»  жүктелді.  Ол — адамның  (азаматтың) 
алғашқы  ерлік  қадамын  көрсететін  «ер  аты»,  шен-дəреже,  лауазымының  көрсеткіші — «титул», 
бойындағы  ерекше  қадір-қасиет  не  кемшілік — «лақап»,  руы,  ата  тегі,  туған,  шыққан  жері, 
айналысатын  ісі,  қызметі.  Есімнің  неғұрлым  көп  болуы — есімінің  ұрпақтан  ұрпаққа  тарауының, 
жетуінің негізі деген түсінік болған. 
Лақап араб тіліндегі «титул, атақ-шен» емес, орыс тіліндегі «прозвище» қызметін атқарады, көне 
түркі  жазба  ескерткіштеріне  зерттеу  жүргізген  ғалымдардың  деректері  осыған  саяды.  Түрлі 
титулдарды  білдіретін  есімдерді  лақап  есімдерге  жатқызуға  бола  ма,  əлде  өздері  ерекше  бір  топты 
құрай ма, осы арасын ажырату үшін көне деректерге, ғалымдардың ой-пікірлеріне назар аударайық. 
Көне түркі жазба ескерткіштері деректері жоғарыдағы аталған есімдердің алғашқы үшеуінің жиі 
кездесетінін көрсетеді. Бала 10–12 жасқа жетіп, алғашқы ерлік қадамынан өткеннен соң «ер атына» 
ие болады. «Ер аты» — көне түркі антропонимиясындағы жиі əрі кең қолданыста болған есімнің түрі. 
«...оно  выходило  за  рамки  не  только  семейно-родовой  общности,  но  и  за  рамки  племени  и  распро-
странялось на все войско и, следовательно, на все государство» [10; 32]. «Ер аты» туралы мəліметті 
ауыз  əдебиеті  нұсқаларынан  да,  ғалымдардың  зерттеу  еңбектерінен  де  жиі  кездестіруге  болады. 
Осындай  бір  дерек  Орхон  өзені  бойынан  табылған  Күлтегінге  арналған  ескерткіштің  үлкен  жазба-
сында беріледі: «Он йашта, Умаі тäг егім қатун кутыңа інім Кÿлтігін äр ат болты» (Он жаста, шешем 
Құдайдай қатынның бағына, інім Күлтегін ер атанды) [11; 177]. 
Ə.Марғұлан  «Ежелгі  жыр-аңыздар»  еңбегінде  Манас  есіміне  қатысты  «Ұлан  бірінші  ерлік 
қадамын өткенше (бас кесіп, қан төккенше) оған ат қойылмайды. Оғыз бен қыпшақтарда, тағы басқа 
түркі  тайпаларында  ұлан  қаһармандық  көрсетпейінше — оған  ат  қоймаған.  Манас  та 12–14 жасқа 
дейін шартты атпен жүрген (Боқмұрын, Итбай т.б.)» дейді [12]. Яғни «ер аты» — жас баланың азамат, 
жігіт  болуының  көрсеткіші.  Қиын-қыстау,  жаугершілік  заманда  сапқа  қосылған  əрбір  жауынгер-
сарбаздың орнының қандай екені түсінікті. «Можно предположить, что в отмеченных случаях сохра-
нились отголоски древних обрядов посвящения» [10; 22]. 

Бейресми есімдердің тарихи негіздері 
Серия «Филология». № 2(62)/2011 
69 
Титул  мен  лақап  ат  жəне  кісінің  шын  атының  əрқайсысының  өзіндік  ерекшеліктері, 
араларындағы байланысты анықтау — көне түркі антропонимикасындағы күрделі мəселе. Көне түркі 
тарихы  мен  мəдениетін  зерттеуші  В.В.Радлов,  С.Е.Малов,  Н.А.Баскаков,  И.А.Батманов,  тағы  басқа 
ғалымдар еңбектерінде Орхон-Енисей, Талас т.б. ескерткіштер жазбаларында кездесетін антропони-
мика  материалдарына  қатысты  өз  көзқарастарын  білдіріп  отырған.  Көпшілік  жағдайда  есімдердің 
этимологиясы  сөз  болғандықтан,  ғалымдардың  этимология  туралы  ойларына  тоқталмай-ақ, 
Т.Жанұзақовтың пікіріне сүйенгенді жөн көріп отырмыз. 
Т.Жанұзақов  жазба  ескерткіштердегі  есімдерді  құрылымдық  типіне  қарай  төрт  топқа  жіктейді: 
дара  тұлғалы,  туынды  тұлғалы,  екі  құрамды  жəне  көп  құрамды.  Есімдердің  соңғы  екі  түрінің 
компоненттері улығ, тутук, алп, тіріг, кулуг, куч, тегин, ынамчы, каган, кан, баг, билге, бори, барс 
т.б.  болып  келетініне,  бұл  сөздердің  көне  түріктер  қоғамында  əлеуметтік-саяси  терминдер  ретінде 
қолданылып, сол кездегі адамдардың қоғамдағы орнын, титул, атақ-дəрежесін көрсеткенін, ал күрделі 
есімдермен  қатар  тұрғанда  ол  адамның  ерлік,  батырлық  қасиетін  т.б.  ерекшелігін  білдіретін  эпитет 
ретінде де жұмсалғанына тоқталады [2; 32]. Ғалымның бұл пікірін 1897 жылы Селенга өзені бойында 
табылған  Тоныкөкке  арналған  ескерткіштегі  жазулар  айғақтай  түседі: «Віlqa Tonuquq ban ozum...» 
[11; 61–64]. 
Титул,  атақ-шенді  адамның  белгілі  бір  қоғамдағы  дəрежесі,  қызметтік  лауазымы  деп 
қарастырсақ,  ал  эпитет  оның  бойындағы  адами  қасиеті,  ерекшелігі.  Екі  арасын  айыруда 
И.А.Батмановтың пікірі көңілге қонымды. Шен, дəреже, титул, атаққа тəн деп: кам, баг, бай, тегин, 
чур (ең жоғарғы титулдардың бірі), тутук (ру басы), саңун (қолбасы), ыначы, катун (ханзада, бикеш) 
тəрізді сөздерді жатқызса, эпитеттерге бори, барс, билге сөздерін жатқызады [13]. 
Осы орайда түсініктеме бере кететін бір жайт бар. Араб тіліндегі «лакаб» сөзі атақ, шен-дəреже, 
титулдың  көрсеткіші  екендігі  мəлім.  Екеуінің  де  негізінде  адам  бойындағы  ерекшелік,  басқаға 
ұқсамайтын даралық қасиеттер жатқанына қарамастан, түркі руникалық ескерткіштерін зерттеушілер 
титулды бөлек, ал лақап есімді бөлек қарастырады. Десек те, осы екі арадағы шекараның өзінің анық 
болмауы, бір есімнің бірде титул, бірде лақап деп көрсетілуі жиі кездесіп қалады. Деректерде Білге 
ханның  батылдығы  мен  ержүректігі  үшін  «Богю»  (батыр)  лақап  есімін  алғандығы  айтылады.  Ал, 
«Білге»-нің  өзі  жоғарыда  көрсетілгендей, «ақылды», «дана»  эпитетінен  жасалған  лақап  есім.  Бұдан 
атақты  ханның  бойындағы  ерекшелігіне,  іс-əрекетіне  сай  бірінен  соң  бір  лақап  есімдермен  аталып 
отырғанын байқаймыз. 
«Жазба  ескерткіштерде  жəне  басқа  деректерде  негізінен  мемлекет  қайраткерлерінің  титулдары 
мен лақап аттары көрсетілген. Олар: Тоныкөк, Білге хан, Күлтегін, Қапаған хан т.б. Бұлар шын аттар 
емес — лақап  аттар.  Бұған  ескерткіштердегі  материалдар  толық  дəлел.  Онда  лақап  есім,  болмаса 
титулдар  қандай  жағдайда,  не  себептен  берілгені  анық  айтылған».  Т.Жанұзақовтың  пікірінше, 
Тоньюкук  (Тоныкөк)  есімі  «тон», «тоң» — «ұлы», «күшті», «зор»,  ал  «юкук>кук>кок>көк» 
мағынасында, сонда Тоньюкук «ұлы көк», «көк тəңірі» деген мағынада қолданылған лақап ат болуы 
мүмкін» [7; 35]. 
Қорыта  келгенде,  лақап  есімдер  тарихының  алғашқы  дəуірі  өзінің  тарихи  фактілерінің 
байлығымен,  құнарлылығымен,  жемістілігімен  ерекшеленеді.  Сөз  болған  есімдер  топтарының  (ер 
аты,  титул,  лақап)  бəріне  ортақ  белгі — жас  ұланның  алғашқы  ерлік  қадамынан  бастап  өмірінің 
соңына дейін серік еткен даналық, алғырлық, батылдық, өткірлік, қайсарлық, ақылдылық, тапқырлық 
т.б. қасиеттері екендігін көреміз. Ер атының да, титулдың да, эпитеттің де лақап есім шеңберіндегі 
есімдер  екендігі,  бойларында  осы  есімге  қатысты  белгілердің  барлығы  байқалады.  Өмірдің  əр 
сатысына  лайық  қадір-қасиетімен  ерекшеленген  ата-бабаларымыздың  соған  сай  атақ-дəрежені 
иемденіп, сол атақ-дəреже ұрпақтан-ұрпаққа есім түрінде жеткені анық. 
ІІ-дəуір  орта  ғасыр  дəуірін,  яғни  Х–ХVІІ  ғасырларды,  қамтиды.  Бұл  дəуір  мұсылман  дінінің 
кіруімен,  соған  байланысты  ұлттық  антропонимияға  араб,  парсы  есімдерінің  көптеп  енуімен 
ерекшеленеді.  Осы  кезеңде  төл  есімдерімізбен  бірге  араб  тілінің  есімдер  жүйесі  де  кең  қолданыс 
тапты.  Есім  тек  қоғамдық  емес,  əлеуметтік  те  белгі.  Сондықтан  да  есімдер  жүйесіндегі  өзгеріс 
(күрделенуі, толығуы) алдымен үстем тап өкілдерінің, бай-манаптардың есімдерінен көрініс табады. 
Осыған  байланысты  В.А.Никонов  орыс  бай-феодалдарының  фамилиясын  екі  не  көп  құрамды  етіп 
күрделендіру,  сол  арқылы  өздерін  жоғары  сословие  өкілі  етіп  көрсету  үшін  неге  болса  да  дайын 
болғандықтарын  айтады.  Т.Жанұзақов  бұл  қоғамдағы  үстем  тап  өкілдерінің  есімдерінің  құрылысы 
мен лексикалық номинациясынан екі түрлі ерекшелік аңғарылатындығына назар аударады. Біріншісі 
—  хан,  сұлтандардың  есімдерінің  басым  көпшілігі  араб-парсы  сөздерінен  қойылса,  екіншісі — 

Рахымберлина С.Ə. 
70 
Вестник Карагандинского университета 
олардың  компонентінде  сословиелік  титулдардың  болуы.  Бұған  басты  себеп,  ХV–ХVІІІ  ғасырдағы 
қазақ қоғамында феодалдық жəне шаруалар табының болуы еді [2; 50]. 
Осы дəуірде мұсылман дінінің кіруімен алғашында үстем тап өкілдерінің ортасында араб тілінің 
есімдері  қолданыс  таба  бастады.  Арғы  ата-бабаларымыздың  араб  есімдер  жүйесі  негізінде 
аталғандықтары  туралы  деректер  көп.  Көп  құрылымды  деп  саналатын  араб  тіліндегі  есімдер 
жүйесіндегі сегіз түрінің бесеуі міндетті түрде айтылуға тиіс болса, үшеуі ерекше жағдайларда ғана 
қолданылған.  Осы  сегіз  атаудың  өз  есімінен  (ism `alam)  басқасының  бəрі  адамды  əр  қырынан 
көрсетеді.  Олар:  kunyah — туыстық  қатынасты  білдіретін  есім;  nasab — ата-тегіне  байланысты 
генеалогиялық  есім;  lakab — титул,  дəріптеуші  эпитет,  атақ-дəрежені  білдіретін  есім;  nisbah — 
этникалық  жəне  географиялық  қатынастарды  білдіретін  есім;  ism mansab — мамандығына 
(қызметіне) байланысты болса, takhallus — поэтикалық есім, ал соңғысы — антономасия
Отырар (Фараб)  ойшылдарының ең  атақтысы, ең мəшһүрі,  топжарғаны,  Аристотельден кейінгі 
«екінші ұстаз», «Шығыстың Аристотелі» атанған ұлы ғұламаны кейінгі ұрпақ Əбу Нəсір əл-Фараби 
есімімен таниды. Ұлы бабамыздың толық аты-жөні Əбу Нəсір Мұхаммад бин Мұхаммад бин Тархан 
бин  Узлағ  əл-Фараби.  Ғалым  Ə.Дербісəлиевтің  көрсетуі  бойынша,  араб  елдерінде  құрметті  кісіні 
əдетте үлкен ұлының (қызының) атына қарап «Əбу Нəсір» (Нəсірдің əкесі), «Əбу Халил» (Халилдың 
əкесі), «Умм  Зайнаб» (Зейнептің  шешесі), «Умм  Халида» (Халиданың  шешесі)  деп  атайды.  Одан 
кейін  ғана  өз  есімі,  сонан  соң  əкесінің  аты,  соңынан  туған  жерінің  аты  беріледі.  Яғни,  Əбу  Нəсір 
Мұхаммад — өз  аты,  əкесінің  ныспысы  да  Мұхаммад,  бабасының  есімі  Тархан,  арғы  атасы  Узлағ 
(Ə.Дербісəлиев). Анықтай кететін бір жайт, жоғарыдағы пікірге сүйенсек, онда өз аты тек Мұхаммад 
қана болуы керек те, ал «Əбу Нəсірді» Нəсірдің əкесі деп түсінуіміз қажет. Ғалым бұл жайлы: «Біз 
əзірше  қазақ  жерінен  шыққан  Əбу  Нəсір  əл-Фараби  сияқты  ұлы  ғұламаның  ұрпағы  жайлы  біле 
бермейміз. Қолымызда ондай жазба дерек жоқ», — деп түсінік бере кетеді [14]. 
Осы  дəуірде  Махмұд  Қашқари,  Жүсіп  Хас  Хажыб  Баласұғын,  Қожа  Ахмет  Йассауи,  Майқы 
секілді ұлы тұлғалар өмір сүріп, қызмет етті. Аталған есімдер құрамындағы Қашқари — нисба, Хас 
хажыб — лакаб  (атақ),  Қожа — дін  таратып,  уағыздаушылық  қасиетіне  орай  берілген  атау  болып 
табылады. 
Сол  сияқты  Мұхаммед  Заһир  ад-Дин  Бабырдың (1483–1530) тарихи-мемуарлық  «Бабырнама» 
атты  шығармасында  кісі  есімдері,  оның  өзгеріске  түскен  басқа  түрлері  жиі  кездеседі.  Мысал 
келтірсек: «Қыздың тұңғышы — Рабиға Сұлтан бике, оны Қаракөз бике деп атайтын....Сұлтан Ахмет 
мырзаның екінші қызы — Салиха Сұлтан бике, Ақбике атанған» <...> «Қожа Маулана-и Қазидің шын 
есімі Абдолла, бірақ ол жалған есіммен танымал еді» < > «…Салах деген атпен мəлім болған Қамбар 
Əли» <...> «Шаһ Гариб мырза Ғариби деген лақап есіммен диуан құрастырған» <...> «…Қапақ мырза 
оның  шын  аты  Мұхаммед  Мұхсин» < > «Əбу  Саид  хан  Дармиан  деген  болды.  Ол  айқас  үстінде 
мырзаға  ат  тартты  ма,  əлде  мырзаға  қатер  туғызған  жауды  қуып  жетті  ме,  ол  жағын  білмеймін, 
əйтеуір  осындай  лақап  аты  бар  еді» [15] т.б.  Алғашқы  есімдерді  табу  қойылған  есімдер  десек, 
соңғылардың түрлі уəжге негізделген лақап есімдер екені айқын. 
Есімдердің  ІІІ  дəуірі  ХVІІ–ХІХ  ғасырларды  қамтиды.  Бұл  кезең  қазақтың  алғашында  жоңғар 
басқыншыларына  қарсы,  кейін  Қоқан  хандығына  қарсы  күрес  жылдарымен  сипатталады.  Халық 
арасынан  шыққан  атақты  хандар,  қолбасшылар  мен  батырлар  есімдері  ауыздан  ауызға  тарап,  ерлік 
істері  жыр-дастандарға  өзек  болды.  Олардың  батырлық,  ерлік,  əулиелік  қасиеттерін  дəріптеуде 
аңызға  бергісіз  əңгімелер  айтылып,  халық  қойған  есімдерімен  аттары  шықты:  Абылай,  Қабанбай, 
Дарабоз,  Əулие,  Мүйізді  Өтеген,  Он  сан  орта  жүзге  ұран  болған  Ер  Олжабай,  Қанжығалы  Қарт 
Бөгенбай,  Балуан  Нияз  т.б.  Абылай  хан  /Əбілмансұр/  туралы: «1733 жылы  Ерейменде  болған 
шайқаста жауға «Абылайлап» ат қойып, «кірген жерін тесік қып, шыққан жерін есік қып, үш кіріп, 
үш шыққанда, қалмақ іріген ірімшіктей тозады». Ерлікпен көзге түскен жігіттің Шыңғысхан тұқымы 
екені  белгілі  болып,  өзіне  лайық  құрметке  бөленеді. 1734 барыс  жылы  Абылай  деген  есіммен  хан 
сайланады. Əбілмансұрдың Абылай деген есіміне заңдылық берген Əбілмəмбет хан. Ол осы соғыста 
ғаламат ерлік танытқан жігітті шақырып алып, «Абылайлап» шабуының мəнісін сұрайды. Бұл əңгіме 
жайында Көкбай ақынның Абайдың тапсырмасымен жазылған дастанында айтылған: 
Шырағым, неге шаптың «Абылайлап», 
Босады жүйкем қатты ағамды ойлап. 
Əкең кім, ел-жұртың кім, туғаның кім? 
Жөніңді бастан-аяқ айтшы жайлап, 

Бейресми есімдердің тарихи негіздері 
Серия «Филология». № 2(62)/2011 
71 
Бала айтты: «Қазақ-қалмақ ерегісі, 
Мұндайда ердің қозар делебесі 
Қысылған соң аузыма түсіп кетті 
Атам — Абылай, мен болам немересі», —  
делінген тарихи деректер мен дастандарда («Бөгенбай дəуірінің қаһармандары»). 
Ғалым-антропонимист  Т.Жанұзақ  осы  дəуірде  əке  аты  мен  фамилияның  пайда  болып,  көп 
салалы антропонимдік типтің негізінің қаланғанын айтады [2]. 
Есімдердің ІV дəуірінде Кеңес өкіметінің орнауымен қоғамдық-саяси өмір де, əлеуметтік өмір де 
жаңалықтарға  толы  болды.  Қазақ  есімдер  жүйесінде  орыс  тілінің  əсері  көрініс  бере  бастады.  Осы 
дəуірде  баспасөздің  дамуымен  қазақ  бүркеншік  есімдері  пайда  болып,  қолданысқа  түсе  бастады. 
Қоғам  қайраткерлерінің,  жазушы-журналистердің  ішінде  бүркеншік  есімді  пайдаланбағаны  кемде-
кем  болды  жəне  осы  кезең  бүркеншік  есімдердің  жемісті  қолданылуымен  сипатталады.  Ақын-
жазушылар  Ш.Құдайбердиев,  С.Сейфуллин,  Б.Майлин,  М.Əуезов,  Алаш  қайраткерлері 
Ə.Бөкейханов,  М.Дулатов,  А.Байтұрсынов,  тағы  басқалар  бір  емес,  бірнеше  бүркеншік  есімдерден 
пайдаланды.  Бұл  есімдерді  пайдалану  түрлі  қоғамдық-əлеуметтік  жəне  саяси-мəдени  жағдайлардан 
басқа, автордың жеке өміріне қатысты да болды. 
Кісінің төл есімі секілді лақап есімдердің ұлттық сипаты солғындап, орыс тілінің əсерімен пайда 
болған қосалқы есімдер кең қолданыс тапты. 
V  дəуір  ХХ  ғасырдың 90-жылдарынан  бергі  қазақ  елінің  тəуелсіздік  алған  кезеңімен  сəйкес 
келеді.  Ұлттық  рух  қайта  өрлеп,  санадағы,  қоғамдағы  өзгерістер  есімдер  жүйесіне  де  əсер  етпей 
қоймады. Қазақтың төл есімдері ұлттық антропонимиядан берік орын алып, қоғам қайраткерлерінің 
есімдері  белсенді  түрде  қойыла  бастады.  Зерттеуші  Д.К.Боранбаеваның  Алматы  қаласындағы 1998 
жылы  туылған  балалардың  есімдеріне  жасаған  сараптамасының  нəтижесі  осының  дəлелі:  барлығы 
5416 баланың 2829 ер бала, 2587 қыз бала болса, ер балаларға ең жиі қойылған есім — Темірлан (76), 
Əлішер (68), Санжар (52) Шыңғыс (49), ал  қыз  балаларға  Аружан (107), Əйгерім (93), Айдана (71) 
екен.  Зерттеуші  атақты  тарихи,  қоғам  қайраткерлері  есімдерімен  (Абай,  Əбілқайыр, 
Абылай/Абылайхан,  Əл-Фараби,  Амангелді,  Жəңгірхан,  Заманбек,  Қасымжомарт  т.б.)  қатар  ер 
балаларда  Мұхамед  жəне  Ар-,  Ел-  антропотүбірлерінен  жасалған  есімдердің  жиі  қойылатынынына 
назар  аударады [16]. Осы  кезеңде  бейресми  есімдердің  қолданылуында  өзіндік  ерекшеліктер 
байқалады.  Мемлекеттің  саяси  өміріндегі  демократия,  жариялылық  бүркеншік  есімдердің 
қолданылуының азаюына əсер етсе, ұлттық сипаты айқын лақап есімдердің кең қолданысқа түсуіне 
жағдай  туғызды.  Бүркеншік  есімдер  саяси  не  əлеуметтік  себептерге  қатыссыз,  көбіне  автордың  өз 
өміріне оқырманның назарын аудару мақсатынан туып, қолданысқа түсіп отырады. 
Есімдердің тарихи, қоғамдық-əлеуметтік негізін қарастыру есімдердің пайда болуы, қолданылу 
сипаты  сияқты  ең  алғашқы  мəселелерден  басталатынын  көреміз.  Адамзат  тарихы  өз  дамуының  əр 
сатысында  есімнің  жаңа  түрлерін  ойлап  тапты  жəне  қолданысқа  түсірді.  Оның  негізгі  себебі — 
қарым-қатынасқа  деген  қажеттілік.  Адамдар  арасындағы  қатынастардың  күрделенуі — ортақ 
шаруашылықтың  болуы,  тайпа,  одақтарға  бірігу,  сыртқы  жауларға  қарсы  тұру  тілдің,  сол  арқылы 
атау,  ат  қоюдың  қажеттігін  сездірді.  Атау  беру  айнала  қоршаған  ортаны  танып-білудің  əліппесі, 
бастауы болды. 
 
 
Əдебиеттер тізімі 
1.  Жанұзақ  Т.,  Рысберген  Қ.  Қазақ  ономастикасының  зерттелуі,  болашағы  мен  жетістігі // Ономастикалық  хабаршы. — 
2005. — № 2 (4). — 4-б. 
2.  Жанұзақов  Т.  Қазақ  есімдерінің  тарихы  (лингвистикалық  жəне  тарихи-этнографиялық  талдау). — Алматы:  Ғылым, 
1971. — 218 б. 
3.  Никонов В.А. Имя и общество. — М.: Наука, 1974. — 276 с. 
4.  Мусабекова  У.А.  Мотивационный  аспект  антропонимов  казахского  и русского  языков:  Автореф.  дис. ... канд.  филол. 
наук. — Алматы, 1996. — 27 с. 
5.  Гумилев Л.Н. Древние тюрки. — М.: Наука, 1967. — 513 с. 
6.  Салғараұлы Қ. Түрік əлемі. Тарихты қайта пайымдау. — Астана: Елорда, 2000. — 240-б. 
7.  Жуковская Н.Л. Заметки о монгольской антропонимии // Ономастика Востока. — М.: Наука, 1980. — 285 с. 
8.  Махпиров В.У. Особенности функционирования древнетюркских антропонимов // Вопросы антропонимики. — Вып. 1: 
Сб. ст. — Алматы, 2003. — С. 84. 
9.  Подольская Н.В. Словарь русской ономастической терминологии. — М.: АН СССР, 1988. — С. 115. 

Рахымберлина С.Ə. 
72 
Вестник Карагандинского университета 
10.  Урманчеев Ф. Имя эпического героя // Советская тюркология. — 1986. — № 4. — С. 22–33. 
11.  Малов С.Е. Памятники древнетюркской письменности. Тексты и исследования. — М.: Изд-во АН СССР, 1951. — 451 с. 
12.  Марғұлан Ə. Ежелгі жыр-аңыздар. — Алматы: Жазушы, 1985. — 367 б. 
13.  Батманов И.А. и др. Современная и древняя Енисейка. — Фрунзе, 1952. — С. 93. 
14.  Дербісалиев Ə. Қазақ даласының жұлдыздары. — Алматы: Рауан, 1995. — 237 б. 
15.  Мұхаммед Заһир ад-Дин Бабыр. Бабырнама. — Алматы: Жалын, 1990. — 327 б. 
16.  Боранбаева Д.К. Статические  сведения об именнике детей из казахских семей. (На  материале  данных  архивов ЗАГС 
г.Алматы за 1998 г.) // Вопросы антропонимики. — Вып. 1. — Алматы, 2003. — С. 7–18. 
 
 
 
 
ƏОЖ 821. 512. 161. 122 
Ахмет Байтұрсыновтың көсемсөзіндегі білім мəселесі 
Қожақметова Ə.Т. 
Қарағанды «Болашақ» университеті 
В  статье  рассматривается  труд  известного  ученого,  литературоведа,  языковеда  «Проблема  знаний  в 
публицистике  Ахмета  Байтурсынова».  Его  значительный  вклад  в  формирование  казахской 
публицистики  был  фундаментально  исследован  и  изучен.  На  страницах  газеты  «Қазақ»,  редактором 
которой  был  А.Байтурсынов,  всесторонне  обсуждались  вопросы  народного  просвещения.  Остро 
волновавшая в начале прошлого века казахскую интеллигенцию проблема народного образования не 
оставила  безучастным  и  Ахмета  Байтурсынова.  В  статье  также  отражены  пути  поиска  великого 
ученого в преодолении трудностей освобождения народа, его борьба за светлое будущее нации. 
In this scientific article the author considers «the Problem of knowledge in Ahmet Bajtursynova's publicism», 
the work of the well-known scientist, the literary critic, linguist. His considerable contribution to formation of 
the Kazakh publicism have been fundamentally researched and studied. Being the editor of the newspaper 
«Қазақ», he comprehensively discussed the problems in the field of public education. In the beginning of the 
last century, the Kazakh intelligency and the problems of the national education didn't left indifferent Ahmet 
Bajtursynova. In the article the ways of search of the great scientist to overcoming of difficulties to eradicate 
illiteracy of people, his struggle for the bright future of the nation are reflected. 
 
XIX  ғасырдың  соңы  мен  ХХ  ғасыр  басындағы  қазақ  баспасөзі  қазақ  халқының  əлеуметтік, 
қоғамдық  жағдайлары  туралы  мақалалар  жариялай  бастады. «Дала  уалаяты», «Түркістан  уалаяты», 
«Қазақ» газеттері мен «Айқап» журналы арқылы қазақ публицистикасы дүниеге келді. Əдебиетте де 
жаңа жанр түрлері өркендей бастады. Соның ішінде өркендеген, кең құлаш жайып, күрес құралына 
айналған  публицистика  болды.  Күнделікті  баспасөз  беттерінде  заманымыздың  озық  ойлы 
адамдарының отарлық езгідегі халқымыздың ғасырлардан бері жиналып келген, əбден пісіп-жетілген 
сыртқа  шығарған  толғанысқа  толы  мақалалары  жарияланып  отырды.  Олар  алдымен  отарлық  езгі 
жағдайында аяқ асты болған мүддені қорғай алатын, сол арқылы қазақ елінің прогресшіл ел қатарына 
енгізетін негізгі басты фактор — ұлттық мемлекет құру деп білді. 
Қазақ  халқының  тарихында  ұлы  өзгерістер  мен  қиын-қыстаулар  алып  келген  ХХ  ғасырдың 
басында  Ресейдегі  қоғамдық-саяси  оқиғалар  ұлттық  сананың  өсуіне,  қоғамдық  ой-пікірінің 
əлеуметтік мəселелерге батыл араласа бастауына ықпал жасады. Ол отырықшылық пен көшпелілік, 
ел басқару ісіне араласу, жер жəне заң, ұлттық тəуелсіздік, дін, оқу-ағарту секілді заман алға тартқан 
күрделі  мəселелерді  жан-жақты  көтеріп,  халық  мүддесі  тұрғысынан  шешуге  талпынды.  Осының 
барлығы жинақтала келіп, ғасыр басындағы қазақ баспасөзін туғызды, олар осы қоғамдық-əлеуметтік 
ой-пікір орталығына айналды, ұлттық публицистиканы дамытты. 
Ақаңның  аты  аталған  жерде  «Қазақ»  газеті  қоса  аталады.  Ахмет  Байтұрсыновтың  тыныс 
тіршілігіндей болып, қазағына əсерлі, зерделі ой салған «Қазақ» газеті халқына үлкен қызмет жасады. 
«Қазақ»  газеті — Ақаң  көсемсөзінің  айнасы  іспеттес. «Қазақ»  газеті  Ахаң  көтерген  идеяны 
публицистика тілімен халыққа тікелей жеткізуге қолайлы жағдай туғызды. Сол бір аласапыран тұста 
əрбір мəселеге, қазақ халқының тағдырына қатысты оқиғаларға өз көзқарасын білдіріп отырды. 
Ахмет Байтұрсыновтың көсемсөзін, шығармашылығын шола отырып көп уақытын, күш-жігерін 
оқу-ағарту  ісіне,  ел  мəдениетін  көтеруге  ұмтылған  ағартушылыққа  жəне  əдебиеттану,  тілтану 

Ахмет Байтұрсыновтың көсемсөзіндегі ... 
Серия «Филология». № 2(62)/2011 
73 
саласын ұлттық ерекшелік тұрғысынан зерттеген ғалымдық қызметіне арнағанын байқаймыз. Ахмет 
Байтұрсынов  өз  қоғамындағы  барлық  маңызды  мəселелерді  сөз  еткен.  Көсемсөзінде  бірқатар  орын 
алатын  оқу,  білім,  өнер  тақырыбы. 1911 жылы  жазған  «Қазақ  өкпесі»  деген  мақаласында: «Ата 
жолдасы — надандық, өнерсіздік қазір қазақтан айрылатын емес. Надандықтың кесапаты əр жерде-ақ 
маңдайымызға тисе де, ата жолдасымыз болған соң, біз де қиып айрылмай-ақ келеміз. Олжалы жерде 
үлестен қағылғанымыз, жоралы жерде жолдан қағылғанымыз бəрі де надандықтың кесапаты», — деп 
күйіне жазған Ақаң халқын оқу-білімге, мəдениетке тартуға көп еңбек етті. «Бала оқытатындар бала 
оқытуын жақсы білерге керек. Бала оқытуын жақсы білейін деген адам, əуелі басқаларға үйретпекші 
нəрселерін  өзі  жақсы  білерге  керек,  екінші  баланың  табиғатын  біліп,  көңіл  сарайын  танитын  адам 
боларға  керек.  Оны  білуге  баланың  туғаннан  бастап,  өсіп  жеткеніне  тəнімен  қатар  ақылы  қалай 
кіретін жолын білерге керек. Баланың ісіне, түсіне қарап ішкі халінен хабар аларлық болу керек. Ол 
үшін  бала  турасындағы  ғылымды  білерге  керек» [1; 252], — деп  оқытушы,  мұғалімдерге  талаптар 
қояды  да,  ары  қарай  осы  талаптарды  орындағанда  қазақ  оқытушыларының  да,  оқушыларының  да 
ұтатын  тұстарын  көрсетеді: «Қазақ  ісіндегі  неше  түрлі  кемшіліктердің  көбі  түзелгенде  оқумен 
түзеледі.  Бұл  күндегі  үлкендердің  көбі  біздің  жаңалық  ісімізді  жатырқап,  жаңалық  пікірімізді 
түсінбей, айтқанымызды тыңдамай отыр. Олар өтіп, кейінгі жастардың да заманы жетер. Жаңалыққа 
жастар  мойын  бұрып,  қайырылар,  халық  түзелуінің  үміті  жастарда.  Сондықтан  жастардың  қалай 
оқып, қалай тəрбиеленуі — бəрінен бұрын ескеріп, бəрінен жоғары қойылатын жұмыс». 
Ахмет Байтұрсынов өзінің көсемсөздерінде оқу-ағарту мəселесіне көп көңіл бөлді. «Қазақша оқу 
əлі  бір  белгілі  тəртіпке  келіп  жеткен  жоқ,  кемшілігі  есепсіз  көп.  Қазақша  оқу  кітаптары  жаңа  ғана 
көрініп  келеді:  тəртіппен  оқытарлық  мұғалімдер  аз,  оқу  программасы  жоқ,  белгілі  оқу  жылы  жоқ, 
салған  мектептер  жоқ,  мұғалімдерге  арналған  айлық  ақы  жоқ,  қазақша  оқуды  аймаққа  бірдей 
жеткілікті етерлік жасалған өрнек жоқ, оқыту ғылымын үйрететін даримұғалимин жоқ», — деп қазақ 
мектептерінің заман талабынан тысқары қалып отырған жай-күйін күйзеле жазады [1; 255]. 
Ұлт  ұстазы  А.Байтұрсынов  қалдырған  рухани  жəне  ғылым-білім  саласындағы  орасан  зор  мол 
мұра  ел  тарихында  алатын  орнымен  ғана  емес,  бүгінгі  таңда  да  мəн-мағынасын  жоймаған 
көкейкестілігімен  де  ерекшеленеді.  Ол  отаршылдық  пен  езгіге  қарсы  шыға  отырып,  қазақ 
көсемсөзінде  тұңғыш  рет  отаншылдық,  патриоттық  ой-пікірлерді  таратушы  болды.  Ахмет  идеясы 
елді оятты. Алдымен ойы бар, ақылы бар жас таланттар оянды [2; 18]. Дəуірдің негізгі оқиғаларына 
өзі  куə  болып,  ой  елегінен  өткізген  елі  мен  жерінің  тағдыры  қатты  толғантқан  жас  дарындар 
отаршылдық идеяға қарсы болып, қазақтың еркін өмір сүруін қалады [3]. Ахаң армандаған азаттық 
рухтың биіктігі, гуманизм, демократтық көзқарас отансүюшілік, туысқандық идеясын ту етті. 
Мұхтар  Əуезов  «Ақаңның  елу  жылдық  тойы  /юбилей/»  деген  мақаласында  «сол  уақыттарда 
«Қазақ» газетінің бетінен анда-санда оқып отырған əсерлі анық сөздер қауіптің пішінін айқын қылып 
көрсетіп,  мектептегі  жас  балалардың  сезімін  түзу  жолға  беттеткендей  болушы  еді.  Буынның  жаңа 
туып  келе  жатқан  əлсіз  ойын  «жол  мұндалап»,  жетегіне  алып  бара  жатқандай  байқалушы  еді. 
Мектептегі  сабағын  оқымайтын  бала  «Қазақ»  газетін  көрген  жерде  қадалып  тұрып  қалатын»  деген 
сөздері  «Қазақ»  газетінің,  оның  редакторы  Ахмет  Байтұрсыновтың  болашақ  қазақ  оқығандарының 
адастырмас ақ жолға жөн көрсетушісі, бағыт сілтеушісі болғанын байқаймыз [4]. 
ХХ ғасыр басындағы ұлт тағдырын жырлаған қазақтың рухани көсемдерінің бірі М.Дулатов — 
А.Байтұрсыновтың  ұлт  қызметі  жолындағы  серігі.  Бүкіл  өзінің  саяси-қоғамдық,  ағартушылық  жəне 
əдеби-публицистік  қызметінде  Ахметтің  қасында  болған  идеялас  жолдасы,  сенімді  досы  жəне  інісі 
Міржақып  Дулатов  екеуінің  өмірінде  ұқсас  жайлар  көп. 1913 жылдан  бастап  Орынборға  тұрақтап, 
Ахметпен  бірге  «Қазақ»  газетін шығарысты. Міржақып  шығармалары,  Ахмет  еңбектері  тəрізді, ХХ 
ғасыр  басындағы  демократтық,  ағартушылық  көсемсөзге  азаттық,  теңдік  идеясын  ала  келді.  Ақын 
халықтың ақылы мен сезіміне əсер ете отырып, оларды ел тағдыры, қоғам алдындағы міндет жайлы 
ойлануға бастайды. Міржақып Дулатов өзінің «3–июнь законы һəм қазақ» деген мақаласында: «Қазақ 
халқы  қанша  надан  болса  да,  патшалық  істерін  тексеруге  Думада  қазақ  істері  қаралмай  болмайды. 
Қазақстан  өкіл  болмағанда,  басқа  депутаттар  қанша  шешен жүйрік  болса да,  қазақ жайын білмеген 
соң, сырттан тон піше алмайды. Қазақты үкімет «надан» деп сылтау қылса да, əуелгі екі Думадағы 
депутаттардың  көбі  надан  емес  еді.  Оқыған,  шешен,  қазақ  жайын  жақсы  білетін  адамдар  еді.  Енді 
Думада жер, дін, земство, билік, оқу һəм басқа қиын мəселелер қаралмақшы. Қазақтың өзінен депутат 
болмаса, əлгі мəселелер жайынан қазақты жек көретін Пуришкеевичтер не айтпақшы, жаны ашыйтын 
Милюковтар не демекші» [5; 243], — деп жазғандарымен Ахмет Байтұрсыновтың 1913 жылы жазған 
«Орынбор. 13-октябрь»  деген  мақаласында  көтерген  мəселелері  бір: «Қазақтың  дүниеде  болған-

Қожақметова Ə.Т. 
74 
Вестник Карагандинского университета 
болмағанымен  жұмысы  жоқ  депутаттар,  хұкімет  кіргізген  проект  қандай  болса  да,  жарайды  деп 
қабыл  ете  салады.  Қазақ  үшін  басын  ауыртпайтындардан,  я  тегі  басқа  жұртқа  күн  тумасын 
дейтіндерден.  Олар  көп  болған  соң,  олардың  дегені  болмақшы.  Думада  көп  жағының  дегені  закон 
болып  шықпақшы.  Олардың  дегені  болып  шыққан  закон  қазақты  не  оңдырмақшы?!» — деп  жазды 
[1; 250]. Міржақып Дулатов «Тіл-құрал» деген мақаласында: «Шын қазақша жазылып, тіл мəселесін 
қолына  ала  туған  осы  «Қазақ»  екенін  ешкім  бекер  дей  алмас,  бұл  неден?  Əрине,  шығарушыдан 
дейміз», — деп жазған [6]. 
Міржақып Дулатов өзінің «Ахмет Байтурсунович Байтурсунов» деген мақаласында: «Благодаря 
А.Байтурсунову, хотя бессознательно, но на самом деле поддававшаяся обрусению и отатариванию 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет