№2(78)/2015 Серия филология


«Трактат об излечении от болезней» Отейбойдака Тлеукабылулы —



Pdf көрінісі
бет16/17
Дата03.03.2017
өлшемі1,71 Mb.
#6467
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

«Трактат об излечении от болезней» Отейбойдака Тлеукабылулы —  
достояние народной мудрости 
В статье описаны жизнь и деятельность выдающегося ученого-энциклопедиста XV столетия, знахаря, 
излечителя  от  всех  болезней  Отейбойдака  Тлеукабылулы.  Автором  проанализирован  его  главный 
научный  труд — «Трактат  об  излечении  от  болезней»,  в  котором  излагаются  его  оригинальные 
народные методы излечения от недугов и болезней. Сделан вывод о том, что ученый при написании 
своего Трактата использовал научные достижения своего времени в области медицины, астрономии, 
философии, истории, психологии, этнографии, лингвистики и других наук. 
 
R.S.Karenov 
«A treatise on the healing of diseases» Oteyboydak Tleukabyluly — 
property of folk wisdom 
It's described the life and work of an outstanding scientist — encyclopedist of the XV century, medicine man
healer all diseases Oteyboydak Tleukabyluly. It's analysis of main scientific work — «A Treatise on the 
healing of diseases», which outlines its original public methods of ailments and diseases. In conclusion is that 
a scientist when writing his treatise used scientific achievements of his time in the medical field of 
astronomy, philosophy, history, psychology, ethnography, linguistics and other sciences. 
 
 
References 
1  Tleukabyluly O. Treatise on the healing of disease, Trans. from the Arabic alphabet K. Elemessov, D. Masimkhan., Almaty: 
Zhalyn, 1996, 464 p. 
2  Kazakhstan: National Encyclopedia, 7, edit. in chief B. Ayagan, Almaty: Editorship «Kazakh encyclopedia», 2005, p. 277. 
3  Zholdasbekov M. Egemen Kazakhstan, 2000, March, 17, р. 4.  
4  Historical figures of the Kazakh people: Quick Reference. 2 the book, Almaty:Oner, 2013, p. 27. 
5  Baynatov Zh. Ana tili, 4 (1210), 2014, January, 30, February, 5, p. 3. 
6  Kenzheahmetuly S. Seven treasures, Almaty: Ana tili, 2000, p. 49. 
7  Musauly A. Kazakh literature, 16 (3232), 2011, April, 22, p. 4. 
 
 
 
 
 
 
 

122 
Вестник Карагандинского университета 
ЖУРНАЛИСТИКА  МƏСЕЛЕЛЕРІ 
ПРОБЛЕМЫ  ЖУРНАЛИСТИКИ 
ƏОЖ 070:81’373.2(574) 
Қ.Д.Асанов, Ж.Ж.Еркін 
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті 
(E-mail: Kamashke64@inbox.ru) 
Сөз өнерін меңгеру — болашақ журналистер үшін басты міндет 
Мақалада  болашақ  журналистерді  сөз  өнеріне  баулудың  теориялық  жəне  тəжірибелік  негіздері 
қарастырылған.  Бүгінгі  БАҚ-тағы  журналистердің  сөйлеу  мəдениеті  мен  жазу  сауаттылығы  туралы 
нақты  мысалдар  келтіріліп,  сөз  (тіл)  өнерінің  маңыздылығына    ғылыми  пайымдаулар  жасалды. 
Сондай-ақ жазба тіл (баспасөз) мен ауызекі сөйлеу тілінің (телерадио) лингвистикалық заңдылықтары 
сөз болып, олардың  болашақ журналистер үшін қажеттілігі айқындалды. 
Кілт  сөздер:  сөз  өнері,  сөйлеу  мəдениеті,  əдеби  тіл,  баспасөз,  теледидар,  радио,  сауаттылық, 
орфографиялық ереже, бейпіл сөздер, диалект сөздер. 
 
Бүгінгі  БАҚ-ның  тіл  тазалығы  қандай  дəрежеде?  Бұл  сауал  зиялы  қауым  мен  зерттеуші-
ғалымдарымызды  көптен  бері  толғандырып  келе  жатқан  мəселе.  Кез  келген  елдің  сөйлеу  (тіл) 
мəдениетінің  ажарлы,  айшықты,  шұрайлы  болуы  сол  халықтың  жазу-сызу  өнерімен,  яғни  əдебиеті, 
баспасөзімен, тікелей байланысты. 
Бұл  мəселе  өткен XX ғасырда  да  өзекті  проблема  ретінде  ұлт  тілінің  жанашырларын  үнемі 
толғандырып  отырған.  Белгілі  ғалым  Əсет  Болғанбаев  «Тіл  жəне  шеберлік»  атты  мақаласында  ана 
тіліне деген журналист жауапкершілігі туралы төмендегідей толғамды ойлар айтқан: «Ана сүті бой 
өсіреді,  ана  тілі  ой  өсіреді  деген.  Əрбір  көз  ашып,  дүниеге  келген  нəрестенің  бойындағы  барлық 
жақсы  қасиеті  анадан  тараған.  Ана  мен  тіл — бөлінбес  бір  дүние.  Мұны  бөліп-жарып,  ажыратып 
қарауға еш болмайды. Ана тілі — өлмес мұра, жоғалмас асыл мүлік. Əр ұрпақ өз ана тілін байытып, 
жетілдіріп  бірден-бірге  мирас  етіп  қалдыру — бəрімізге  ортақ  парыз.  Əр  адамның  ана  тіліне  деген 
қамқорлығы, жанашырлығы, қосқан үлесі, тигізер пайдасы күнделікті сөйлеген өз сөзіне, жазған төл 
туындысына  соншалықты  жауапты  да  ұқыпты  қараудан  басталады.  Демек,  əр  адам  жөргегінен 
үйренген тілге өле-өлгенше жауапты деген сөз. 
Бұл  тіл  бүгінде  сөз  байлығы  молайған,  құрылым-құрылысы  жүйеленген,  жазу  ережелері 
орныққан,  стильдік  тармақтары  сараланып  жетілген,  ауызша  да,  жазбаша  түрде  де  жалпыға  бірдей 
қызмет  ететін  ұлттық  жазба  əдеби  тіл  деген  сипат  алып  отыр.  Демек,  бұдан  былай  өз  ана  тілімізді 
қалай  пайдаланып,  қалай  дамытамыз  десек,  бізде  барлық  мүмкіндіктер  жасалған.  Бұл  ретте 
журналистер қауымына түсер ауыр салмақ, артылар аманат ерекше болмақ» [1]. 
Өткен  ғасырдың  80-жж.  айтылған  бұл  пікірдің  көкейкестілігі XXI ғасырдың  алғашқы  он 
жылдығында  да  өз  қуатын  жоғалтпағандығын  уақыт  көрсетіп  отыр.  Журналистер  қауымына  түсер 
«ауыр салмақ» пен артылар «аманатқа» бүгінгі бұқаралық ақпарат  өкілдері лайықты қызмет атқарып 
жүр ме? 
Міне,  мəселенің  негізгі  мəнісін  де  осы  сұрақ    төңірегінде  өрбітіп,  сараласақ,  шешімі  күрделі 
біраз жайттарға қанығарымыз анық. 
Біріншіден,  ел  тəуелсіздігімен  бірге  келген  сөз  бостандығы,  ой  еркіндігі  республикамыздағы 
бұқаралық ақпарат құралдары санының күрт өсуіне алып келді. 
Əрине,  кешегі  кеңестік  дəуірдегі  санаулы  газет-журнал,  телерадионың  саны  өсіп,  бұқара 
халықтың  рухани  қажеттілігін  өтеп  жатса,  оны  неге  қолдамасқа?  Бірақ,  бір  өкініштісі,  бұқаралық 

Сөз өнерін меңгеру... 
Серия «Филология». № 2(78)/2015 
123 
ақпарат  құралдары  саны  өскенімен,  сапасының  тым  құлдырап  кетуі  еді.  Ұлттық  журналистика 
мамандарын  даярлайтын  бірден-бір  оқу  орны  ҚазМҰУ-дың  түлектері  бүкіл  республика  көлемін 
қамтып, жұмыс істеуіне сандық тұрғыдан да, əлеуметтік-тұрмыстық  себептерден де дəл сол уақытта 
мүмкіншілігі  болмады.  Əр  облыс,  қала  мен  шағын  кенттерде  ашылған  ақпарат  көздерінде 
журналистикадан  хабары  жоқ  басқа  маман  иелері  жұмысқа  қабылданып  жатты.  Бұл  мамандардың 
көпшілігі ұлттық тілдің уызына жарымаған, əдебиет пен өнерден мақұрым нағыз «асфальтта» өскен 
азаматтар  еді.  Сол  мамандардың  журналистикаға  бойлары  үйренгені  соншалық,  қазір  кейбіреулері 
жетекшілік, яғни, редакторлық, директорлық қызметтерге дейін өсіп, көтеріліп алған. Міне, сапаның 
күрт төмендеуінің басты себептерінің бірі осы. 
Екіншіден,  кешегі  кеңестік  дəуірдегі  ұлттық  тілдің  өгейлікке  ұшырап  келуі  де  ана  тіліміздің 
белгілі дəрежеде өркендеуіне тосқауыл болды. 
Дей  тұрсақта,  сол  дəуірдің  студенттері,  яғни  ауылдан  келген  жастар  жоғары  оқу  орындарына 
мол қазынамен келетін. Ол қазыналары қазақ əдебиетін, яғни көркем шығармалардан, ауыз əдебиеті 
үлгілерінен, мол хабардар болатын. Ал, ол дегеніңіз — тіл байлығының, мəдениетті сөйлеп, жүйелі 
ойлаудың негізгі қайнар көзі еді. Біз қазіргі кезде сол қазынадан да айырылып қалдық. 
Бұлай  деп  пікір  айтуымызға  төмендегідей  мəселелер  себеп  болып  отыр. «Журналистің  сөйлеу 
мəдениеті», «БАҚ  тілі,  стилі»  сияқты  пəндерден  дəріс  бере  жүріп,  көзіміздің  анық  жеткендігі — 
қазіргі студенттердің тілінің өте жұтаңдығы. Тіл байлығының жұтаңдығы, сөздік қордың тұрмыстық  
деңгейден аса алмауы — болашақ журналистер үшін аса үлкен қауіп. Тіл жөнінде жоғарыда айтқан 
санаға  түсер  салмақ  пен  арға  артар  аманатты  осы  деңгейдегі  жастарымыз  болашақта  қалай  алып 
жүрмек?! 
Тағы  да  сол  тіл  жанашыры,  көрнекті  ғалым  Ə.  Болғанбаевтың  пікіріне  жүгініп  көрелік: 
«Журналист  еңбегінің  қыр  сыры  өте  көп,  оларға  қойылар  талап  пен  талғам  да  жеткілікті.  Біз 
солардың ішіндегі бір ғана мəселені – насихат құралының тілі мен стилін, жазу мəдениетін көтеруді 
сөз  етпекшіміз.  Ана  тіліне  деген  журналистің  жауапкершілігі  бүгінгі  əдеби  тілдің  зор  мүддесінен 
тумақ. 
Бүгінгі  əдеби  тіл  жетілген,  есейген  білімдар  қауымның  қатынас  құралы  екендігі  даусыз. 
Сондықтан қазіргі оқырмандардың тіл мен стильге деген мұқтаждығы да анағұрлым арта түспек. Ол 
да заман талабына сай бүршік атып, көктеп гүлденуі керек, өркен жайып, мəуелеп өсуі қажет. Əрбір 
жазылған  мақаладағы  айтылмақ  ойдың  қалай  баяндалуына,  оның  сұлу  сөзбен  бейнеленген 
мəдениетіне қатты көңіл бөлінбек» [2]. 
Əр  халықтың  тілі  сол  халықпен  бірге  жасап,  əлеуметтік-тұрмыстық,  қоғамдық-саяси 
жағдайларға  бейімделіп  дамып,  өсіп,  жаңарып  отыруы  табиғи  заңдылық.  Тілдің  тоқырауы,  ұлттық 
сана, ой сезімнің күйреуіне алып келеді. Бүгінгі БАҚ-та істейтін көптеген журналистердің «орысша 
ойлап, қазақша сөйлеуі» жақсы нышан емес. Бұл көрініс əсіресе өздерін тəуелсіз арна, коммерциялық 
баспасөз санайтын ақпарат салаларында жиі байқалады.  
Айтылған  проблемалардың    алдын  алудың  негізгі  шарты  тағы  да  ақпарат  көздерінде  қызмет 
істейтін мамандардың сөйлеу, жазу тілдерінің мейлінше сапалы болуына келіп саяды. Журналист өзі 
үшін  сөйлеп  (жазып)  немесе  өзі  үшін  толғанбайды.  Оның  аузынан  айтылған,  қаламымен  жазылған 
туынды бұқара халықтың рухани қажеттілігін өтейтіндігін естен шығармағанымыз абзал. 
«Газет — əдеби  тілдің  бірінші  баспалдағы.  Барлық  өнегелілік  пен  шеберліктің  шыңдалып, 
таралатын жері  де  осы. Сондықтан  осы  баспалдақтың  тазалығын сақтау  үшін журналистер  қауымы 
қажымай-талмай тынымсыз еңбек ете білулері керек. Əрбір сөзге екі шоқып, бір қарауға машықтану 
қажет. Қасиетті ана тіліне немқұрайды қарап, бейберекет қылуға ешкімге право берілмеген» [3]. 
Осылай  деп  ой  толғаған  тілші-ғалымдар  пікіріне  жүгіне  отырып,  қазіргі  БАҚ-тағы  тіл  (сөз) 
мəдениетін қалыптастыруда төмендегідей мəселелерді ескерген жөн. 
Бірінші,  журналистика  мамандығын  қалаушы  жас  талапкерлерді  оқуға  қабылдау  барысында 
олардың жазу шеберлігі мен сөйлеу мəдениетіне барынша назар аудару қажет. (Бұл жерде шығарма 
жаздырып, газет бетіне жарияланған бірді-екілі мақаласына қарап, болашағынан «зор үміт» күтудің 
қажеті жоқ. Шығарманың мазмұнымен қатар тілдік-стильдік ерекшелігіне баса назар аудара отырып, 
талапкердің сөздік қор, тіл байлығына тереңірек мəн берілуі керек). 
Екіншіден,  кейінгі  кездері  журналистика  мамандығын  даярлау  барысында  мемлекеттік 
стандартта  көрсетілмеген  деген  желеумен  оқу  бағдарламасынан  алынып  тасталған  «Журналистің 
сөйлеу  мəдениеті», «Шеберлікке  баулу», «Мамандандыру»  сияқты  тағы  да  тілге,  стильге,  сөйлеу, 
жазу  шеберліктеріне  қатысты  пəндерді  толықтырып,  қайта  кіргізу  қажет. (Себебі  бұрындары 

Қ.Д.Асанов, Ж.Ж.Еркін 
124 
Вестник Карагандинского университета 
«Радиохабарлар  тіл  стилі», «Телехабарлар  тіл-стилі», «Мерзімді  баспасөз  тіл-стилі»  жеке-жеке  пəн 
ретінде  өткізілетін.  Бұлай  өткізу  болашақ  журналиске  БАҚ-тың  əр  саласы  бойынша  еркін 
дайындалып,  аталмыш  мамандықтың  өзіндік  ерекшеліктеріне  сай  сөйлеу,  жазу  машықтарын 
меңгеруіне кең мүмкіндіктер беретін). 
Үшіншіден,  арнаулы  орта  мектептерде 10–11 сынып  оқушыларын  журналистік  мамандыққа 
баулитын факультативтер ашылса. (Бұл, əрине, біраз мектептерде бар болғанымен, тұтастай дəстүрге 
айналған  жоқ.  Өйткені  журналистика  əліппесімен  мектеп  қабырғасында  жүріп  танысқан 
талапкерлерлің мамандықты игеру барысында көп қинала қоймайтыны белгілі). 
Ұлттық журналистика мамандарын даярлау барысында біршама тəжірибелерді байқай отырып, 
көз  жеткізген  анық  бір  мəселе — жас  талапкердің  сөйлеу  (жазу)  мəдениеті  отбасы,  балабақша, 
мектептен қалыптасып, дамып жетілетіндігі. Бай ауыз əдебиетіміздің інжу-маржандары аңыз-əфсана, 
ертегі-əңгіме,  жыр-дастандарымен  сусындап  өскен  жеткіншектің  көкірегі  күмбірлеп,  сөз  əлемінде 
қиналмай еркін қанат қағатындығы. Əйтпесе қазіргі алмағайып заманда кекілі күнге күймей, табаны 
жерге тимей тас еденде ойнап өскен ұрпақтың сөзі де, ойы да жұтаң болатындығын уақыт көрсетіп 
отыр. 
Кез келген журналист тіл мəдениетін сақтауы керек. Əдеби тіл сөйлеу тілінен нəрленсе, баспасөз 
тілі сөйлеу тіліне əсер етеді. Баспасөз тілінің дəрежесі əдеби тілдің де, сөйлеу тілінің де сапасының 
өлшемі.  Сондықтан  журналистер  тілдік  қорды  байыту  үшін  көркем  əдебиетті  көбірек  оқып,  тіл 
тазалығы мен ой дəлдігін үйренуі керек. 
Əл-Фараби  атындағы  Қазақ  ұлттық  университетінің  журналистика  факультетінің  профессоры 
Клара  Қабылғазина  осындай  қажеттіліктердің  бірнешеуін  атайды: «1. Тіл  қасаңдығынан  арылу; 
2. Əсіре сөзге құмарлықтан арылу; 3. Талғамды, талап қойғыш болу; 4. Деректі зерделеу; 5. Білімділік 
қажет; 6. Ақыл айту тенденциясынан алшақтау; 7. Ақпараттық тəуелсіздік қажет; 8. Адам, қоғамдық 
болмыстар жайлы əңгіме қозғай отырып, атақты, танымал адамдардың сол жайлы пікірлерін қысқа-
нұсқа етіп, жүгіртпе жолдармен беріп отырса, қосымша деректермен толыға түсер еді» [4]. 
«Сөйлеудегі,  жазудағы  тіл  жұмсаудың  өнегелі  үлгілері,  сауаттылық,  айқын  ойлылық,  ізеттілік 
тіл мəдениеті дегенге енеді» [5; 3]. Қазақ тіл білімінің зертеушілері М.Балақаев, М.Серғалиевтар «тіл 
мəдениетіне нұқсан келтіретін кемшіліктер: орфографиялық, орфоэпиялық, стильдік қателер», дейді. 
Халықты тіл мəдениетіне үйрететін баспасөзге аса жауапты міндеттер жүктеледі. Баспасөз əдеби 
тілді  дамытуға,  тіл  мəдениетін  арттыруға  елеулі  үлес  қосып  келе  жатыр.  Алайда  кейде  баспасөз 
беттерінде  тіл  мəдениетіне  нұқсан  келтіретін  жайттар  байқалып  жүр.  Сондықтан  сөйлеуде,  жазуда 
кездесетін кемшіліктерді дер кезінде түзету керек деп есептейміз. 
«Тіл мəдениетіне жетік болу үшін сөзді көп білу жеткіліксіз, ол сөздерді жұмсай білу де керек. 
Сөзді  жұмсай  білу  үшін  олардың  мағыналарын,  мəндестік  ерекшеліктерін,  əдеби,  əдеби  еместік 
қасиетін, еркін жəне тұрақты тіркестер құрамына ену мүмкіншіліктерін жақсы білу керек» [5; 66]. 
Бүгінгі  күндері  телеарналарда  ауызша  əдеби  сөйлеу  тілінің  нормаларына  жатпайтын,  құлаққа 
жағымсыз естілетін бейпіл сөздер аракідік ұшырасады. Академик М.С.Серғалиев оларды «былапыт», 
«қоқырсық» сөздер деп атайды [6]. 
Бұқаралық  коммуникацияда  сөздің  сөйлеу  тіліне,  қарапайым  сөйлеу  тілінің  мəн-мағынасына 
жете  көңіл  бөлмегендіктен,  елеп  ескермегендіктен,  сөз  арасы  бейəдеби  сөздермен  араласып,  ала-
құлалық  көбейіп  бара  жатқаны  байқалады,  мысалы:  мүлдем  қақпайды,  пысқырып  қарамайды, 
тырқыратып қуалау т.б. [7]. 
Телехабар  тілінде,  əсіресе  қорытынды  жаңалықтар  легін  тарату    кезінде  тележурналист  сөз 
мəдениетінің  этикалық  нормаларына  жатпайтын  сөздерді,  сөз  тіркестерін  қолданбауы  тиіс.  Бұл, 
біріншіден, тележурналистің, сол арнаның тіл мəдениеті деңгейінің төмендігін көрсетеді. Демек, бұл 
телеарнаның  қоғам  алдындағы  өз  қызметін,  қызмет  этикасын  сақтамай  отырғандығын  білдіреді. 
Екіншіден,  телехабарлардағы бейəдеби  сөздерді  көрермен  дұрыс  қабылдамайды,  олардың құлағына 
жағымсыз  естіледі.  Ал  тілді  білмейтін,  тілді  енді  үйреніп  келе  жатқан  адам  қате  қолданысты  сол 
күйінде қабылдап алады. Соның салдарынан бұқаралық қарым-қатынастағы коммуникативтік норма 
сақталмайды.  Мұндайда  тележурналист  коммуникативтік  тұлға  дəрежесіне  жетті  деп  айтуға 
болмайды [8; 103]. 
Республикалық  БАҚ  еліміздің  барлық  аймағына  таратылады.  Сондықтан  оқырмандар, 
телекөрермендер,  тыңдармандар  журналист  қолданысындағы  диалект  сөздерді  түсінбей  қалуы 
мүмкін. «Диалект»  деген  термин  тілде  жалпы  халықтық  сипат  алмаған,  белгілі  бір  жерде  ғана 
қолданылатын ерекшеліктердің жиынтығын, өзіне ғана тəн тілдік ерекшеліктері бар жекелеген аймақ, 

Сөз өнерін меңгеру... 
Серия «Филология». № 2(78)/2015 
125 
территорияны білдіреді. Ол жалпы тілге тəн ортақ белгілерден өзгеше ерекшеліктерді қамтиды» [9] 
Осыған  байланысты  журналистер  өз  сөздерінде  жалпы  халыққа  түсінікті  əдеби  тілдің  үлгілерін 
қолданулары керек. 
Диалект сөздер аймақтық, жергілікті БАҚ-та кездесуі мүмкін. Ол диалектизмдерді сол аймақтың 
тұрғындары қиналмай  түсінеді. Мұндайда бұқаралық коммуникация  өз  мақсатына жетті  деп айтуға 
болады.  Себебі  адресант та,  адресат  та  бір-бірін  қиналмай  түсінді.  Ал  республикалық  масштабтағы 
телеарналарда  қызмет  ететін  тележүргізушілер  мен  арнаулы  репортаж  жасайтын  тележурналистер 
белгілі  бір  аймаққа  ғана  түсінікті  диалектизмдерді  қолданбауы  тиіс.  Өйткені  көрермен 
тележурналистің  айтқан  сөзін  түсіне  алмай  қалғандықтан,  бұқаралық  қарым-қатынас  толық 
орындалмай қалады. Соған қарамастан белгілі бір аймақта арнаулы репортаж жасаған тележурналист 
сұхбат  алған  кезде,  сол  жердің  тұрғындары  диалектизмдерді  өз  сөздерінде  қолданып  жатады. 
Мəселен, «Сөйтіп,  көп  жұмыстар істеп,  мына  жетпіс  бес  үй  соғып,  елді  көшіріп,  біраз  қиындықтар 
болды» («Жеті  күн», 14.10.2005). Мысалдан  көріп  отырғанымыздай,  əдеби  тілдегі    «салып»  сөзі 
жергілікті  халық  тілінде  «соғып»  түрінде  қолданылады  екен.  Диалектизмдердің  лексикалық, 
фонетикалық  жəне  грамматикалық  өзгешеліктерінің  болатыны  белгілі,  бұл  жерде  «соғып»  сөзі 
«салып»  сөзінің  фонетикалық  өзгерістерге  ұшыраған  диалектілік  нұсқасы  болып  табылады.  Бұл 
жерде  диалект  сөз  сол  аймақтың  сұхбат  беруші  жергілікті    тұрғынының  тілінде  берілген.  Егер  бұл 
диалект сөз тележурналист тілінде кездессе, онда ол үлкен қате болар еді. Себебі тележурналист тіл 
мəдениетінің негізгі сапалық белгілерін меңгерген, əдеби тіл нормаларын сақтап тіл қататын білікті 
əрі  үлгілі  маман  болуға  тиіс.  Өйткені  бүгінгі  Қазақстандағы  қазіргі  қазақ  тілі  телехабарлар  тілінен 
көрінеді.  Сондықтан,  тележурналистер  үнемі  ізденіс  үстінде  жүруі  керек.  Қоғамда  болып  жатқан 
жаңалықтар  бойынша  жан-жақты  ақпарат  алып  қана  қоймай,  тіл  саласындағы  өзгерістерді, 
жаңалықтарды игеруі тиіс. Тележурналист — қоғам мен тіл арасындағы қарым-қатынасты реттеуші 
алтын көпір [8; 106]. 
Д.  Бисмильдина  «Ресми  телехабарлар  тілі»  атты  еңбегінде  теледидардағы  дикторлар  мен 
арнаулы репортаж жасайтын тілші-журналистерге мынадай талаптар қояды:  
«Біріншіден, барлық стильдің  сөздік құрамы бірдей емес, сондықтан сөйлеу кезінде адам өзіне 
керекті  сөздердің  стильдік  ерекшеліктерін  ескеру  керек.  Телехабарлар  көпшілікке  арналғандықтан, 
онда  қолданылатын  сөздер  де  аса  қасаң,  не  тым  əсіре  қызыл  сөзбен  көмкерілмей,  жалпыға  бірдей 
түсінікті  болуға  тиіс,  яғни  тележурналист  пен  көрермен  арасында  түсінікті,  сенімді  əріптестік 
байланыс  орнауы  керек.  Газет  оқырманы  өзіне  түсініксіз  мəтіндерді  қайталап  оқуына  болады.  Ал 
теледидар  хабарларын  қабылдаудың  ерекшелігі  көрермен  өзі  көрген  көріністерге  қайта  орала 
алмайды. Осыдан келіп əрбір сөз, сөйлем анық, түсінікті, қарапайым ойларға құрылғаны дұрыс. 
Екіншіден,  сөйлемнің  құрылысын  күрелендірудің  қажеті  жоқ,  көп  бағыныңқылы  сабақтас 
құрмалас сөйлемдер, қиын тіркестер, айтылуы қиын сөздер экрандағы қас-қағым сəтте қабылдауды, 
түсінуді  қиындатады.  Экранда  өтіп  жатқан  жеңіл  көріністер  мен  ойлар  арасындағы  жымдаса 
байланысқан тіркестер ғана ұғынықты əрі тез қабылданады. Тележурналист əдеби тіл нормаларынан 
жөнсіз ауытқып, қазақ тілінің заңдылықтарын аяққа басуға тиісті емес. 
Қазақ  тілінің  сөздік  құрамындағы  сөздердің  жұмсалу  аясы  да  əр  алуан.  Тіл  мəдениетіне  жетік 
болу үшін, қазақ тілінің сөз байлығын жақсы білу жеткіліксіз, ол сөздерді жұмсай білу де керек. Сөзді 
жұмсай білу үшін, олардың мағыналарын, мəндестік ерекшеліктерін, əдеби, əдеби еместік қасиетін, 
еркін жəне тұрақты тіркестер құрамына ену мүмкіншіліктерін жақсы білу қажет. Тележурналист өз 
сөзінде  бейпіл  сөздер  мен  диалект  сөздерді  қолданса,  онда  ол  сөз  шеберлігін  аяққа  басқан  болады. 
Айқын ойдың көріктілеу бояуы да сөз дəлдігімен өлшенеді. Сондықтан да бұлдыр ойдан туған сөзде 
де  алыстағы  сағым  сияқты  бұлыңғыр  болады.  Ондайдан  аулақ  болу  үшін  редакциялау  кезінде  сөз 
саптауға  баса  көңіл  аударып,  жазылғандарды  бірнеше  рет  түзетіп,  əрбір  сөйлемді,  сөз  тіркестерін 
мұқият өңдеу қажет [8; 26]. 
 
 
Əдебиеттер тізімі 
1  Нұрғалиев Р. Өнер алды қызыл тіл. — Алматы: Мектеп, 1974. — 172 б. 
2  Нұрмұқанов Х. Сөз жəне шеберлік. — Алматы: Ғылым, 1987. — 288 б. 
3  Жазушы жəне сөз мəдениеті / Ред. Р.Ғ. Сыздықова. — Алматы: Ғылым, 1983. — 151 б. 
4  Қабылғазы К. Журналист шеберлігін қалыптастыру жолдары: Оқу құралы. — Алматы: Қазақ ун-ті баспасы, 2012. — 
185 б. 

Қ.Д.Асанов, Ж.Ж.Еркін 
126 
Вестник Карагандинского университета 
5  Балақаев М., Серғалиев М. Қазақ тілінің мəдениеті. — Алматы: Зият Пресс, 2006. — 139 б. 
6  Серғалиев М.С. Телехабарлар тілінің лексикасы жəне тіл мəдениеті // Қазақ терминологиясы жəне тіл мəдениетінің 
мəселелері: Респ. ғыл.-практ. конф. материалдары. — Астана, 2004. — 114-б. 
7  Əбдіжəділқызы Ж. Тағы да тіл мəдениеті туралы // Журналист. — 2005. — № 3 (28). — 221-б. 
8  Бисмильдина Д. Ресми телехабарлар тілі. — Астана: 1С-Сервис, 2010. — 119 б. 
9  Нақысбеков Ш.О. Қазақ тілінің аймақтық лексикасы. — Алматы: Ғылым, 1989. — 4-б. 
 
 
К.Д.Асанов, Ж.Ж.Еркин 
Овладение искусством речи — основная задача  
будущих журналистов 
В  статье  отражены  основы  изучения  теоретической  и  практической  профессиональной  подготовки 
ораторского  искусства  будущих  журналистов.  Приведены  конкретные  примеры  навыков  устной  и 
письменной  речи  журналистов  в  СМИ  сегодня,  сделаны  научные  суждения  о  важности    искусства 
слова (языка). Авторами предложены лингвистические структуры письменного языка (пресса) и раз-
говорного языка (ТВ и радио), определена степень их необходимости для будущих журналистов. 
 
K.D.Asanov, Zh.Zh.Erkin 
Mastering the art of speech — is the main task of future journalists 
The paper includes the study of the oretical and practical training of future journalists oratory. Specific exam-
ples of the skills of oral and written language journalists in the media today, to make scientific judgments of 
the importance of art words (language). The paper discusses the linguistic structure of written language 
(press) and spoken language (TV and radio), determined by their importance for future journalists. 
 
 
References 
1  Nurgaliyev R. The Language Arts, Almaty: Mektep, 1974, 172 p. 
2  Nurmukhanov Kh. The word and the master, Almaty: Gylym, 1987, 288 p. 
3  The writer and the word culture, Edit. R.Ğ.Syzdykova, Almaty: Gylym, 1983, 151 p. 
4  Kabılgayzy C. Ways to formation the skill of a journalist: Textbook, Almaty: Kazakh University, 2012, 185 p. 
5  Balakaev M., Sergaliev M. Kazakh language culture, Almaty: Intellectual Press, 2006, 139 p. 
6  Sergaliyev M.S. Kazakh terminology issues of language and culture: Proceedings of the Republican Scientific and Practical 
Conference, Astana, 2004, p. 114. 
7  Abdizhadilkyzy Zh. Journalist, 2005, 3 (28), p. 221. 
8  Bismildina D. The official language of television, Astana: 1C-Service, 2010, 119 p. 
9  Nakysbekov Sh.O. Regional Kazakh language vocabulary, Almaty: Gylym, 1989, p. 4. 
 
 
 
 
 
 
 

Серия «Филология». № 2(78)/2015 
127 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет