№32 (8211) Сенбі, 9-тамыз 2014 жыл



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата21.01.2017
өлшемі1,21 Mb.
#2388
  1   2   3   4

Ò¼ëåáè òóû

Äîñòû° 


áà°ûò, ûíòûìà° 

― 

ûðûñ °àéíàðû



№32 (8211)  Сенбі, 9-тамыз 2014 жыл.

Біздің веб-сайт: http://tolebi.idhost.kz/        Электронды почта:  tolebi_tuy@mail.ru. 

Ò¼ëåáè àóäàíûíûº °îμàìäû°-ñàÿñè ãàçåòi

Ãàçåò 1935 æûëμû íàóðûçäûº 15-iíåí øûμàäû

● 

Аудандық əкімдікте

Қазақстан Республикасы Үкіметі-

нің 2011 жылғы 18-қарашадағы

«Мемлекеттік кəсіпорынның бас-

шысын тағайындау жəне аттес-

таттау, сондай-ақ, оның канди-

датурасын келісу қағидаларын

бекіту туралы» №1353 Қаулысына

сəйкес, Оңтүстік Қазақстан

облысының денсаулық сақтау

басқармасы конкурстық комис-

сиясы мəжілісінің 2014 жылғы

1-тамыздағы хаттамасы негізінде

«Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау

басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының

міндетін уақытша атқарушы Қ.Қалибековтің 2014 жылғы

1-тамыздағы №129 бұйрығымен ЕРМАХАНБЕТОВА

Мадина Сейфуллаевна «Төлеби аудандық ауруханасы»

мемлекеттік коммуналдық кəсіпорнының бас дəрігері

лауазымына тағайындалды.

Ол 1971 жылы 4-сəуірде Қасқасу ауылында мұғалімдер

отбасында туылды. 1988 жылы сол ауылдағы

В.Куйбышев атындағы орта мектепті бітіріп, Қарағанды

мемлекеттік медицина институтына студент болып

қабылданды. Жоғарғы оқу орнының «Емдеу ісі»

факультетін  1994 жылы  бітіріп, терапевт мамандығын

алып шықты.

Еңбек жолын осы жылы Шымкент қалалық жедел

жəрдем көрсету станциясының линия дəрігері, кардиолог

болып бастады. 2007 жылы ақпан айында Төлеби

аудандық ауруханасының қабылдау жəне жедел жəрдем

бөлімшесінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды. Сол

жылдың қараша айынан бері аудандық аурухана бас

дəрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары қызметін

атқарып келді.

Отбасылы, бес ұл-қыз тəрбиелеуде.

“Төлеби-ақпарат”.

Қырманы дəнге, өрісі малға толы, халқы мамыражай күй

кешіп жатқан «Ақсай» өндірістік кооперативіне соңғы кезде

көз тиді ме, əлде сөз тиді ме, өткен көктемнен бері

ұжымның басына төнген қара бұлт ыдырамай қойды.

Əлдекімдердің арандатуымен ағайын арасында жік туып,

түрлі себептермен кезінде ұжымнан бөлініп, толық есеп

айырысқан, сол себепті бүгін пайына тиген жерін де игере

алмай, пұшайман болып жүрген бір топ азамат аталмыш

өндірістік кооперативті қара нардай алға сүйреп жүрген

абыройлы төраға Тұрар Жақыповты тағынан тайдырып,

орнын иеленуге əрекет етіп жүр. Бұл жөнінде кезінде осы

газетте бірнеше рет мəселе көтерілгендіктен, аудан халқы

толық хабардар деп ойлаймыз.  

Əйтсе де, даудың басылар түрі жоқ. Өткен аптада

«Ақсай» өндірістік кооперативіне мүлдем қатысы жоқ бір

топ адам бұрын сол ауылда əкім болған Рəсілбек

Сатыбалдиевті «төраға сайлап», хаттама толтырып,

Əділет басқармасын жағалап, кооператив кеңсесін

босатып, мөр мен сейфтің кілтін талап етіп жүрген көрінеді.

Олардың арасында қырмандағы астық пен өрістегі малды

ойша бөліп, иемденіп, қиялға батып, қапшық жамап

отырғандар да аз емес, дейді.

Даудыраған топ кооперативтің заңды

төрағасы мен ұжым заңгерінің сөзін

құлағына да қыстырмай отыр.Бұл əрекет əр

күнін жылға азық ету үшін таңмен таласа тұрып, түн

ортасында жұмыстан оралып жүрген ақсайлықтардың

жүйкесін жұқартып біткенімен, Ақсу өзенінің арғы бетінде

тұтанған отты аудан аумағындағы бас көтерер бірде-бір

азамат немесе құзырлы орган өшіруге асығар емес.

Бізді ар-ұяттан аттап, Қазақстан Республикасының

заңдарын белден басып жүрген мəденилік ат төбеліндей

топтың əумесерлік əрекеті таңқалдырады. «Ұрлық қылсаң,

құнына қыл» деген қазақ едік. Біреулердің қолтығына су

бүркігенінен бөркі қазандай болып, еліргендердің жай

өндірістік кооперативтің жағасына жармасқаны несі екен?

Одан да, балама ретінде Мəдени ауылында жекеменшік

ішкі істер бөлімі мен прокуратура, тым болмаса, мəслихат

пен əкімдік құрып, банк ашып алмай ма?

...Əзірге бүкіл ғұмырын өз ауылдастарына адал

қызметке арнап, сол ағайындарының материалдық

жағдайын жақсарту үшін күн-түн демей, шапқылап жүрген

төраға Тұрар Жақыповты кезінде өзі тəрбиелеп, қолын

аузына жеткізген күшіктері талап жатыр.

Ә.МӘЛІКОВ.

Сəрсенбіде Мемлекет басшысы

Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығы-

мен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті.

Онда негізінен елдің экономика жəне

əлеуметтік салаларының өзекті мəсе-

лелері қаралды.

Алқалы жиынды Елбасы кіріспе сөз

сөйлеп ашты. «Үкі меттің ағымдағы жылғы

басты міндеттері айқындалып, шешім дер

қабылданды. Бұл – биылғы Жолдауда

айтылған 2050-ге дейінгі бағдарлама. Біз

осы ба ғытта 30 өркендеген елдің қа та -

рынан көрінуіміз керек. Барлық өңірлерді

менің тапсырмам 

мен Үкімет басшысы

аралап шықты, əкімдермен кездесті.

Барлық жер 

гілікті мəселелерді саралап

берді. Мен жағынан шешілуі тиіс барлық

мəселе шешілді. Бағдарламалар бекітілді,

индустриялық жоспарлар бар. Дүниеде

болып жатқан алмағайып ахуалдар, оның

ішінде ТМД елдерінде орын алған оқиғалар

аясында біз де жайбарақат отырмай,

барлық мəселелерді сараптан өткізіп,

қалай, не істеуіміз керектігі жайында

ойлануға тиіспіз. Қазақстанға да осындай

оқиғалардың қиындығы тиеді, ол қай

бағытта тиеді, оның алдын алу үшін не

істеу керек?

Бұл ретте ең негізгі мəселе –

экономиканы өркендетуді жолға қоюымыз

керек. Бүгінгі əңгіме осы жайында болады»,

деді Елбасы сөз басында. Сонымен қатар,

Пре зидент жаңа Премьердің қызметке

кіріскеніне бір тоқсан өткенін, соның

қорытындысы жасалатынын атап өтіп,

алдағы уақытта не істелетіні талқыланып,

ортақ шешім қабылданатынын да айтты.

Елбасынан соң Үкімет мүше 

лері


ағымдағы жылдың жеті айын дағы елдің

əлеуметтік-эконо микалық даму қоры-

тындыларын, Қазақстанның əлемдегі

дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіруін

қамтамасыз ету жөніндегі шара 

лардың


жүзеге асырылу барысын, сондай-ақ,

алдағы кезеңге арналған басымдығы бар

міндеттердің орындалу жайын баяндады.

Осы ретте алғашқы болып сөз алған

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары

Бақытжан Сағынтаев ел экономикасының

бүгінде тұ рақты өсіп келе жатқанын тілге

тиек етті. Сондай-ақ, мемлекеттік бағ 

-

дарламалардың тиімді жүзеге асырылуы



нəтижесінде халықтың əлеуметтік жағдайы

жақсарып жатқанын алға тартты. Осы ретте

тұ рақты экономиканы ұстап тұ 

ру үшін


мемлекет тарапынан жа 

са лып жатқан

жұмыстар ретін тізбек теді.

Б.Сағынтаевтың атап өтуінше, ағымдағы

жылы Үкімет қызметі негізінен «Қазақстан-

2050» Стра 

те гиясын жүзеге асыруға

бағыт талған. «Қазақстанның əлем 

нің

дамыған 30 елінің қата 



ры на қосылуын

көздейтін ұзақ мер 

зімді стратегиясын

ескере отырып, Үкімет стратегиялық бағ -

дар  ла малық құжаттарды түзетіп, бір қатар

жаңа мемлекеттік жəне салалық бағ-

дарламаларды қабыл 

дады», деді ол.

Əлемдік экономиканың баяулауы жəне

геосаяси тəуекелдердің тереңдеуі аясында

2014 жылға арналған əлеуметтік-

экономикалық саясат тың бірінші кезекті

шараларының жол картасы бекітілген.

Сондай-ақ, онда негізгі басымдық эконо -

микалық өсімге жағдай жасауға

бағытталған. Ең бірінші кезекте эконо-

микалық өсімді қамтамасыз ететін жəне

бизнесті қолдауға ба ғыт талған шаралар

қабылданған. Сонымен қатар, Б.Сағынтаев

эко но микалық өсімге Елбасы Н.На 

-

зарбаевтың бастамасымен Ұлттық қордан



бөлінген 1 трлн. теңге тың серпін бергенін

атап өтті.

«Бүгінгі таңда экономиканың басты

салаларындағы инвес ти циялық жобалар

айқындалды. Олардың алдын-ала сомасы

5,5 млрд. долларды құрайды. Ша ғын жəне

орта бизнесті қолдау үшін Ұлттық қордан

бөлінген алғашқы 100 млрд. теңге қазіргі

уақытта кəсіпкерлердің қолына тиюде.

Банктермен жалпы сомасы 70 млрд.

теңгені құрайтын 327 жоба мақұлданды,

олардың ішінде 318 жоба іс жүзінде қар жы -

ландырылған, 150-ден астам өтінім

қарастырылып жатыр», деді Б.Сағынтаев.



(Жалғасы 2-3-беттерде).

²êiìåòòiº æàºà °½ðàìûíà

æ¾êòåëåð æàóàïêåðøiëiê ìîë

Бас д´рiгер

таμайындалды

ʾøiêòåð òàëàï æàòûð

Аудан əкімінің кезекті лездемесінде

аудан аумағында ветеринарлық іс-

шаралардың орындалуы, «Жұмыспен

қамту – 2020 жол картасы» бағдар-

ламасы аясында биылғы жылдың

бірінші жартысында атқарылған жұ-

мыстар барысы сараланды. Жинал-

ғандар алдында аудандық ветери-

нария бөлімінің басшысы Орал

Сүттібаев пен аудандық жұмыспен

қамту орталығының директоры Салы-

хан Мəмбетқұлов хабарлама жасады.

Бруцеллез ауруына 35782 ірі қара

мал, 143034 уақ мал, 224 жылқы

тексеріліп, 119 ірі қара, 269 уақ мал оң

нəтиже беріпті. Мұндай малды

ветеринарлық-санитарлық талаптарға

сəйкес жою жұмыстары тұрақты

ұйымдастырылып келді. Жыл

басынан бруцеллез ауруына

шалдыққан деген күдікпен 14 адам

тіркелген. Осы жағдайларға

байланысты ауру ошақтарын анықтау

мақсатында 63 уақ мал, 6 ірі қара, 10

жылқы, 4 иттен қан сынамалары

алынып, 11 уақ мал жұқтырған

бруцеллез ауруының 2 ошағы

анықталды. Індет ошақтарына жақын

жерлердегі қораларға залалсыздан-

дыру жұмыстары жүргізілген.

Құтыру  ауруына да қарсы іс-

шаралар жүргізіліп, 5410 ірі қара, 6824

уақ малға вакцина егілген. Жыл

басынан 2773 бұралқы ит, мысық

ауланып, көзі жойылған.

(Соңы 5-бетте).

 ÂϯiÎiÍÚÂ ‡Á ÂÏÂÒ



9-тамыз 2014 жыл

Ò¼ëåáè òóû



2

²êiìåòòiº æàºà °½ðàìûíà

Естеріңізге салсақ, үстіміздегі жылдың 14

ақпанында Президент Нұрсұлтан

Назарбаев Үкіметке шағын жəне орта

бизнес субъек 

тілеріне ұзақ мерзімді

несиелер ұсыну үшін Ұлттық қордан 1 трлн.

теңге бөлуді тапсырған болатын. Мемлекет

басшысы Ұлттық қор қаражаты есебінен

бөлінген бұл несиелер бизнеске, алдымен

өңдеуші өнеркəсіп құру бойынша

жобаларды қаржы-

ландыруға бөлінуі қа-

жет екенін баса айт-

ты. Сонымен қоса,

Елбасы бюджет қара-

жатын тиімді пайда-

лануға Премьер-Ми-

нистрдің бірінші орын-

басары Б.Сағынтаев-

тың тіке лей өзі жауап-

ты екенін де ескертіп

өтті.


Ал Премьер-Ми-

нистрдің орын басары

– Қаржы министрі Ба -

қыт Сұлтанов өз

баяндамасын да 2014

жылдың бірінші

жарты жыл дығында

мемлекеттік қазына

602 млрд. теңгеге

толыққандығын мəлім

етті. «Алты айда бюд-

жет кі 


рісі өсті, бюд-

жеттің барлық дең 

-

гейіндегі түсімдері



орындалды. Мемле-

кеттік қазына 19 пайыз ға өсті. Бұл өсім

Ұлттық қордың трансферттерін арттыру

есебінен де орын алып отыр», деді

Б.Сұлтанов. Оның айтуынша, өткен алты

айда республикалық бюджет шығысы

шамамен 4 триллион теңгеге орындалды.

Игерілмеген қаражат 130 миллиард теңгені

құрайды, оның 77 миллиарды республи-

калық бюджеттің қаржысы. Сонымен қатар,

қар жылық бақылау органдары есепті

кезеңде 80 миллиард теңге нің қаржысы

дұрыс игерілмегенін анықтаған. Респуб-

ликалық бюджет тапшылығы 285 млрд.

теңге шамасында болып, ол толы ғымен

ішкі қарыз есебінен өтел ді. Ал мемлекеттік

қарыз қауіп 

сіз деңгейде тұр. Сонымен

қатар, сыртқы көздерден тиімді қара жат тар

тарту мүмкіндіктері қарас тырылуда.

Б.Сұлтанов бұдан əрі елімізде «көлеңкелі

экономикаға» қар 

сы күрес жөніндегі

кешенді бағ 

дар лама аясында жұмыс

жасалып жатқанын, тиісті заңнама қабыл -

данғанын тілге тиек етті. Оның айтуынша,

Қазақстан экономикасындағы көлеңкелі

сектор көлемдерін қысқарту бойынша

шаралар шамамен 2 трлн. теңге тартуға

мүмкіндік береді. Көлеңкелі секторды

қысқарту нəтижесінде 2014-2015 жылдары

экономикаға 2 трлн.-ға жуық теңге тарту

жоспарланып отыр. Бюджет 100 млрд.

теңгеге толығуы мүмкін. 2014 жылдың 1

шілдесінен бастап салықтық-əкімшілік

етуде электронды шот-фактуралар

енгізілген, бұл салық органдары бойынша

көлеңкелі айналымдарды төмендетуге

мүмкіндік береді. Кедендік анықтаудың

қағаздық тəсілін электронды форматқа

ауыстыру сыртқы экономикалық қызмет

қатысушыларының уақыт шығынын 5 есеге

азайтады. Бұл бағыттағы жұмыстарды

Елбасы да қолдады. «Біз сатып алуларды

электронды түрге ауыстырдық жəне бұл

дұрыс шешім. Бұл өз кезегінде бизнесті

жүргізуді жəне шенеуніктердің қарым-

қатынасын жақсартуы керек. Енді мем-

лекеттік сатып алулардың электронды

түрде интернет арқылы өткізілуін соңына

дейін жеткізу керек», деді Президент. Сөз

арасында Нұрсұлтан Назарбаев «көлеңкелі

экономикамен» күресті күшейтуді тап-

сырды. «Көлеңкелі экономика» бюджетке

түсетін қаржының үлкен резерві.

Сарапшылардың айтуынша, 20 -- 30 пайыз

«көлеңкелі экономикаға» тиесілі. Қа-

зақстанда дұрыс ұйымдастырылмаған жүз

мыңдаған базар бар. Мұндағы санитарлық

жағдай көңіл көншіт 

пейді. Біздің кəсіп-

керлер осы тиімді істі қолға ала алмай отыр

ма? Жабық сауда орталықтарын салу

керек», деді Н.Назарбаев. Мем лекет бас-

шысы атап өткендей, əкімдер бұл үшін жер

беріп, оларды еркін экономикалық аймаққа

қосып, салықтардан босатуы қажет.

«Еліміздегі ұйым дасты рыл маған базар-

ларды жабу қажет. Бірақ бұндағы адамдар

да зардап шек пеуі керек. Біз мұның қалай

жаса лып жатқанын көріп отырмыз ғой.

Алматы, Шымкент, Астана қа лаларында

белсенді жұмыс жасалып жатыр. Дегенмен,

олар дың саны көп. Барлығы бюджеттен тыс

жүргізіліп жатыр», деді Пре зидент.

Кеңейтілген отырыста Пре 

мьер-Ми-


нистрдің орынбасары – Индустрия жəне

жаңа технология 

лар министрі Əсет

Исекешев те баяндама жасап, өз сала-

сындағы жұмыстардың қорытындысын

хабарлады. «Екінші жарты жылдықта

Индустрияландыру картасына 600 млрд.

теңгеге 100-ге жуық жобаны енгізу

жоспарланған. Екінші бесжылдық бағдар-

ламасы қабылданды, Үкімет шаралар

жоспарын құрып, жаңа формат бойынша

жұмысты бастады», деді Ə.Исекешев. Ол

сондай-ақ, жеңіл өнеркəсіпті дамыту

бойынша кешенді жос 

пар дайындалып

жатқанын атап өтті. Оған қоса, оның

айтуынша, екінші бесжылдық құрамындағы

басым дықты жобалары бойынша индус -

триялы жобалардың инфра 

құ рылымдық

тізімі инвес торлар үшін дайындалуда. Ол –

«Бəйтерек» ҰБХ, «Самұрық-Қазына» қоры

бойынша бірігіп жасалып жатқан жұмыстар.

Бұл тізім Дүниежүзілік, Ислам, Еуропа жəне

Азия даму банктері арқылы өңделуде. Ел -

басы бұл ретте индустрияландыру

бағдарламасы аясында іске қосылған

кəсіпорындар өздерінің толық өндірістік

қуатына шығуы тиістігін ескертіп өтті. Ол өз

сө зінде индустрияландырудың бі 

рінші

бесжылдығы аясында жеті жүзден астам



кəсіпорынның іске қосылғандығын атады.

«Бар лық əкімдер біз салған осы кə 

-

сіпорындар өз қуаттарын игеруін жіті



бақылауға алулары керек. Əр жерден

шағын жəне орта бизнестен экономикаға

пайдасын тигізетіндей жағдай жасалуы

тиіс», деді Н.Назарбаев. Президент əлем -

дік экономикада тұрақсыздық орын алып

отырғанын, əрі біраз уақыт оның сақталуы

мүмкін екендігін де баса айтты.

«Сондықтан əрбір мекеме, шағын

бизнес, жақында іске қосылған зауыт пен

фабри ка жұ мыс істеулері қажет. Кей бі реу -

лері 50 пайызға, 30 пайызға дейін гі өзінің

қуатына жеткен жоқ. Солар дың əрқайсысы,

əр облыс та резервте тұруы керек», деді

Мемлекет басшысы.

Ə.Исекешев өзінің есебінде мем  лекеттік

энергетикалық реес тр дің құрылуы туралы

да мəлімдеген болатын. Онда электр

қуатын тұтынатын ірі қолданушылар кір ген.

«Бүгінгі таңда 11 мың тұ тынушы енгізілді.

Олар энергоаудит жүргізуге, энергия

үнемдеудің бес 

жылдық бағдарламасын

əзірлеуге міндетті. Еліміздің энер гети калық

ресурстарының 40 пайы зын тұтынатын 50

өнер кəсіп кəсіпорнына баса назар ау дар -

дық. Олар бойынша жеке жұ 

мыс

жүргізіледі», деді ол. Ə.Исе 



кешевтің

айтуынша, Қазақ станда тұтынылатын элек -

тр энер 

гия сының 70 пайызы өнер 

кəсіп

секторына тиесілі. «Мəселен, еліміздегі



барлық энергия ресурстарының 12

пайызын халық, 5 пайызын көлік тұтынса,

50 ірі кəсіпорынға 40 пайыз энергия кетеді.

Біз олармен бірлесіп жұмыс істеудеміз»,

деді Ə.Исекешев.

Осы ретте Елбасы əрбір өнеркəсіп

кəсіпорнымен өндірісті жаңғырту жəне

электр энергия сын үнемдеуге бағытталған

жұмыстарды жүр гізу қажеттігін баса айтты.

«Бізде электр энер гиясы тариф тері тым

арзан. Сондықтан да өнер 

кəсіп кəсіп 

-

орындары үнем деу туралы ойланбайды



да», деді Н.Назарбаев. Мемлекет басшы -

сының сөзіне қарағанда, бұл кəсіп орындар

əлі күнге дейін ескі құрал-жабдықтармен

жұ мыс істеуде. Ал олар электр энер гия сын

үнемдемейді. «Егер қарай 

тын болсақ,

əлемдік стандарт 

тар деңгейінде жұмыс

істей тін облыстар бар. Біз бұған көңіл

аудармай келдік. Егер əр кəсіп орынмен

жұмыс жасайтын болсақ, егер электр

энергиясы осы лай қолданылатын болса,

демек, оның өнімі бəсекеге қабілет 

сіз,


ешкімге керек емес. Бізде Еуропалық

банктің бағдарла масы бар. Кəсіпорындар

тауарды  шығарып қана қоймай, олар 

ға

құрал-жабдықтарын жаңар туға көмектесуі



керек», деді Н.Назарбаев.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Эконо-

мика жəне бюд жет тік жоспарлау министрі

Ербо лат Досаев та баяндама жаса 

ды.

«Ағымдағы жылы əлем дік экономиканың



дамуы біркел 

кі болмады, Қазақстан

экономикасы осы жағдайда дамыды. Бір

жағынан, ағымдағы жыл 

дың бірінші

тоқсанында Еуро одақ экономикасының 1,4

пайыз ға өсуі аясында дамыған елдерде

экономикалық белсен ділік байқалды», деді

ол. Министр дің айтуынша, екінші жа ғынан,

Украинада жалғасып жатқан дағдарыс пен

бірін ші жартыжылдықтың қорытын ды лары

бойынша Ресей эконо ми касындағы өсімнің

1 пайызға дейін баяулауы қазақстандық

өнімдерге деген сұранысқа теріс ықпалын

тигізуде. Мəселен, ағымдағы жылдың

қаңтар -- ма мыр айларында тауарларды

Ресейге экспорттау 21,7 жəне Украинаға

экспорттау 31,1 пайызға төмендеген. Бұл

ретте Қазақстанның ағымдағы жылдың 6

айы ішіндегі ІЖӨ өсімі 3,9 пайызды құраған.

Сонымен қатар, жартыжылдықтың қоры-

тындысы бойынша өнеркəсіптегі өндірістің

0,4 пайызға төмендегені бай қалады. Мұнай

өндіру 1,6 пай ызға, түсті металл өндіру 13,5

пайызға азайған. Бұл ең алдымен,

Қашағандағы мұнайды өндіруді кейінге

шегерумен, Теңізшевройлдағы жоспарлы

жөндеу жұмыстарын жүргізумен, сонымен

қатар, Жезқазған мыс балқыту зауытының

жабылуымен байланысты. Сондай-ақ,

биыл қара металлургия саласындағы

көрсеткіш 12,9 пайызға артып отыр.

«Нақтырақ айтсақ, құрыш өндіру 300 мың

тоннаға артып, 1905 мың тоннаға жетті,

құрылыс материалдарының өндірісі 8,1

пайызға, түсті металл кендерін өндіру 7,2

пайызға артты», деді министр.

ІЖӨ-нің артуы ішкі сұ ра ныс тың арқа-

сында қамтамасыз етілген, оның ішінде

инвес ти циялық белсенділік артқан. Нəти -

жесінде, негізгі капиталға құйылатын

инвестиция 5,3 пайыз 

ға артыпты.

Экономиканың негізгі салаларын қолдау

мақса тында «Арсе лор Миттал» АҚ, «CNPC»

АҚ, «Қа зақстан алю минийі» АҚ-қа теміржол

көліктері арқылы жүктерді тасымалау

тарифтерінің уақытша төмендетілген

коэффициенттерін ұсыну тетігі енгізілген.

Кен өндірудің ауыр жағдайы мен тиімділігі

төмен Жезқазған аймағындағы «Қазақмыс»

жəне Маңғыстаудағы «Қаражанбас» кен

орындары үшін Үкімет алғаш рет пайдалы

қазбаларды өндіру салығын төмендетілген

мөлшерлемемен бе-

кіткен. Ал Қа 

зақ-

станның халықара-



лық ре 

зервтері 104

млрд. доллардан ас-

ып түсті. Сонымен

қатар, жал пы халық-

аралық резервтер

27,7 млрд. долларды,

ал Ұлттық қор 

дың

активі 76,3 млрд. АҚШ



долларын құраған.

Ресейге қарсы санк-

циялар жалғаса бе-

ретін болса, əрі

Украинадағы жағдай

ушығатын болса деген

болжаммен Қазақстан

қабылданатын шара-

лар жоспарын əзір-

леді. Оны 2014 жыл-

дың қыркүйегінде іске

қосуға дайын, деді

Экономика жəне бюд-

жеттік жоспарлау ми-

нистрі. «Жұмыстың

негізгі бағыттарының бірі – Еуразиялық

экономикалық одақтағы жағдайларға

экономика мен бизнестің бейімделу

шараларын əзірлеу жəне жүзеге асыру.

Əлемдік экономиканың қатерлерінің артып

келе жат 

қандығын ескере отырып,

министр лік бүгінде жүйелі түрде ішкі жəне

сыртқы экономикалық көрсеткіштерге,

олардың эконо микаға əсеріне мониторинг

жасайды», деді Е.Досаев.

Осы ретте Мемлекет басшысы əлемдік

экономиканың бүгінгі жағдайы мен ТМД

кеңістігіндегі жағдайларға тоқтала келе,

олар дың өңірлік қана емес, жаһан 

дық

сипатқа ие екенін, оған Қа зақстан да мұқият



назар аударуы керектігін тағы бір атап өтті.

«Əрбір басшы, мейлі ол жергілікті жерде

болсын, мейлі орталық органда болсын,

енді не істеу керектігін мұқият білуі керек.

Ал алдағы уақытта Үкіметтің экономикалық

саясаты бүгінгі тап болған тəуекелдерді

шешуге негізделуі тиіс. Сондықтан да біз

бүгін ең алдымен, ағымдағы экономикалық

саясатты саралап, жаңа жағдайларды

ескере келе, жаңа шараларды қабылдауға

тиіспіз», деді Н.Назарбаев.

Кеңейтілген отырыста бұ 

дан соң сөз

алған Премьер-Ми 

нистрдің орынбасары

Гүлшара Əбдіхалықова «Қазақстан-2050»

Стратегиясында адами капиталды дамыту

бойынша Елбасы белгілеп берген

міндеттерге сəйкес, Үкімет əлеуметтік

саланы жетілдіру шараларын жүргізіп

жатқанына тоқталды. Оның айтуынша,

өткен жарты жылдықпен салыстырғанда,

елімізде оң демо 

графиялық өзгеріс

байқалып отыр. Адамдардың өлім-жітімі 8,7

пайызға азайған. Халықтың табиғи өсімі 5

пайызды құрайды. Өмір сүрудің күтілетін

ұзақтығы 69,6 жастан 70,5 жасқа дейін

өскен. Ал халық саны 17 миллионнан 17

миллион 265 мыңға дейін көбейген.

Г.Əбдіхалықова халықтың əлеуметтік

жағдайын жақсарту мақсатында Үкімет

тарапынан жасалып жатқан жұмыстарды

тізбектей келе, көші-қон мəселесіне де

тоқталды.

«Жыл басынан бері елімізге 7 мың

отбасы немесе 135 мың оралман көшіп

келді. Оларға «Жол картасы» бағдар-

ламасы аясында жағдай жасап жатырмыз.

Қазіргі күні жұмысқа орналастыру

мəселелері шешілуде. Күзде Парламенттің

сессиясына жаңа заң ұсынып, олардың

жағдайын көтере түсеміз», деді Г.Əбді-

халықова. Вице-пре мьердің баяндамасын

тыңдаған Мем 

лекет басшысы Үкіметке

орал мандардың жағдайын жақ сар ту үшін

бірқатар тапсырмалар берді.



9-тамыз 2014 жыл

Ò¼ëåáè òóû




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет