46-ғылыми-әдiстемелiк конференция материалдары



жүктеу 8.28 Mb.
Pdf просмотр
бет33/44
Дата22.12.2016
өлшемі8.28 Mb.
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   44

Список литературы 
1.  Сысоев  П.В.,  Евстигнеев  М.Н.  Использование  современных  учебных  Интернет-ресурсов  в 
обучении иностранному языку и культуре//Журнал, Язык и Культура №4, 2008 г. – стр. 100-110   
2.  Толстиков,  А.,  Потахин,  М.,  Богданова,  М. Computer visualization in ecological education. In. 
Proceedings of the 7th International  Scientific and PracticalConference (25-27.06.2009) “Environment. 
Technology.Resources, Vol. II, p. 108-112 
3.  Yarinovsky B., Kangro L. Mathematical modeling with use information communication 
technologies in course studying Ecological toxicology//Problems of education in the 21st century, Volume 16, 
2009 – pp. 59-65 
4.  Лутковская  С.М.  Веб-квест  в  экологическом  образовании//Сборник  докладов  Междуна-
родной  интернет-конференции  «Информационно-технологическое  обеспечение  образовательного  про-
цесса современного университета», Минск, 2013 – стр. 265-279 
5.  Андреева М. В. Технологии веб-квест в формировании коммуникативной и социокультурной 
компетенции//Информационно-коммуникационные технологии в обучении иностранным языкам. Тезисы 
докладов I Международной научно-практической конференции. М., 2004.  
 
 
 
 

244 
 
Абдигалиева Г.К., Шәбден М.Б. 
 
САЯСАТТАНУШЫ-СТУДЕНТТЕРДІ  ОҚЫТУДА ІСКЕРЛІК ОЙЫНДАРДЫ  
ПАЙДАЛАНУ ТӘЖІРИБЕСІ 
 
Қазіргі таңдағы жоғарғы мектеп мамандарын даярлаудағы жағдай ЖОО түлегінің басты 
сипаттары  кәсіби  дайындығы  мен  алған  теориялық  білімін  тәжірибеде  қолдана  білу  қабілеті 
болып  саналатын  әрдайым  өзгеріп  отыратын  мына  әлемге  сай  оқыту  процесінің  де  үздіксіз 
жетілдіріліп  отыруынталап  етеді.  Осы  мақсатқа  табысты  қол  жеткізу  оқуға  ұсынылған 
материалға  ғана  емес,  сонымен  қатар  студенттің  материалды  қаншалықты  игергендігіне  де 
байланысты.  Соңғы  кездері  оқу  процесінде  неғұрлым  белсенді  оқыту  әдістері,  атап  айтқанда, 
іскерлік  ойындар  жиі  пайдаланылады.  Олардың  мазмұны  практикалық  іс-әрекеттерді 
қайталауда  болса,  ал  ол  өз  кезегінде  кәсіби  қызметте  қажетті  дағдыларды  оқыту  және 
қалыптастыруда  өте  тиімді  құрал  болып  табылады.  Тәжірибе  барысында  байқайтынымыздай, 
бұл  мақсатқа  жету  үшін  оқу  процесіне  түрлі  оқытудың  интерактивті  технологияларын  енгізу 
тікелей ықпал етеді. 
Іскерлік  ойындар  білім  беру  қызметін  жақсартатын,  басқарушылық,  экономикалық, 
психологиялық, саяси, педагогикалық жағдайларды модельдеу, оларды талдау және болашақта 
оптималды шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін педагогикалық құрал және белсенді оқыту 
формасы болып табылады.Мысалы, іскерлік ойындар барысында студенттер теориялық оқуды 
тәжірибеге жақындадатын, студенттерден өзара іс-қимыл, шығармашылық және тың ойларды 
талап  ететін  менеджер,  банкирлер,  саясаткерлер,  сарапшылар  рөліне  енеді.  Оқу 
материалдарыныңойын  арқылы  жүзеге  асуы  студенттердің  оқытылатын  курстың  мазмұнына 
жоғары қызығушылық танытып, өз бетімен белсенді жұмыс жасауын арттырып,   тәжірибелік 
дағдыларын нығайтады. 
Іскерлік  ойын - бұл  кәсіби  шығармашылық  ойлауды  дамытудың  құралы,  оның 
барысында  адамерекше  жағдайды  талдау  және  өзі  үшін  жаңа  кәсіби  мәселелерді  шешу 
қабілетіне  ие  болады.  Іскерлік  ойын  оқытудыңүздік  әрі  белсенді  әдістерінің  бірі  болып 
табылады.  Іскерлік  ойындардың  оқытудың  басқа  да  дәстүрлі  әдістерін  айырмашылығы, 
практикалық  іс-әрекет  жасау,  оның  проблемалары  мен  шығу  себептерін  анықтау, 
проблемаларды шешу нұсқаларын дайындап, оңтайлы шешім қабылдауға, сыни бағалауға және 
оны  іске  асыру  механизмін  анықтауға  мүмкіндік  береді.Іскерлік  ойынның  артықшылықтары 
бұл:  айтарлықтай  қысқа  уақыт  аралығында  нақты  проблеманы  анықтауға;  нақты 
проблемаларды талдау және шешу дағдыларын меңгеру; стандартты емес жағдайларда топтық 
әдіспен  шешім  дайындау  және  қабылдау;қатысушылардың  назарын  мәселенің  негізгі 
аспектілері  мен  себеп-салдарлық  байланыс  орнатуға  аудару;  ойынға  қатысушылар  арасында 
өзара  түсіністікті  дамыту  болып  табылады.  Бұл  әдіс  басқа  да  көптеген  оқыту  әдістермен 
салыстырғанда  айтарлықтай  басымдықтарға  ие.Іскерлік  ойындарға  қатысу  білім  ғана  емес, 
сондай-ақ  жылдар  бойы  қажеттілігі  тұрғысынан  баға  жетпес  тәжірибе  бере  алады.  Сонымен 
қатар,  іскерлік  ойындар  көмегімен  қалай  және  неліктен  жұмыс  істейтінімізге  үйрету  және 
үйрену  ғана  емес,  қызмет  ету  барысында  қажетті  қарым-қатынас,  көшбасшылық,  жылдам 
өзгеретін  жағдайда  бағдар  таба  алатындай  қабілеттерді  жетілдіруге  болады.  Стресстік  және 
сыни  жағдайларды,  жеке  тұлғаларды  ғана  емес,  сондай-ақ  топта  да  ойнатып,  жаттықтыруға 
болады.  
Іскерлік ойындар қазір әр түрлі қырларынан қарастырылады: 
біріншіден, қызмет саласы ретінде; 
екіншіден, ғылыми-техникалық білім саласы ретінде; 
үшіншіден, имитациялық эксперимент ретінде; 
төртіншіден, оқыту әдісі ретінде; 
бесіншіден, зерттеу әдісі ретінде; 
алтыншыдан, практикалық тапсырмаларды шешу әдісі ретінде.  
Осылайша,  іскерлік  ойынды  адамдардың  оқу,  шешім  қабылдау,  жоспарлау  және 
зерттеуде  қолданылатын  бірлескен  іс-әрекеттік  әдісі  ретінде  анықтауға  болады  [1, 148 б.]. 
Басқаша  айтқанда,  іскерлік  ойындар  маманның  болашақ  кәсіби  қызметінің  мазмұндық 
құрылымын  жасап,  сондай-ақ  белгілі  бір  кәсіпке  тән  кәсіби  және  жеке  жағдайларды 
жобалайды. Кез келген іскерлік ойынның мәні оқу қызметін тікелей кәсіби қызметке барынша 
жақындастыратынкешенді  әртүрлі  ұйымдастырушылық  процесстерді  құрастыру  мен  ойнату 

245 
 
болып табылады. Сонымен қатар, іскерлік ойындар, олардың дайындалу қағидаттарына сәйкес 
оқу  ұйымдарының  уақыттық  шығындарын  үнемдейді,  қысқа  мерзімді  оқыту  шеңберінен 
шығып  кетпейді.Іскерлік  ойында  тіл  құралдары  сөйлеу,  графика,  кестелер  және  әр  түрлі 
құжаттар арқылы қандай да бір сала маманының практикалық қызметінің параметрлеріне ұқсас 
келетін кәсіби орта пайда болады. 
Сондай ақ, әдетте, іскерлік ойында негізінен типтік және жалпылама жағдайларды қайта 
құрастыру болатынын атап өткен жөн. Сонымен қатар, іскерлік ойын бизнес әрқашан уақыты 
бойынша шектеулі болып табылады. Іскерлік ойынның білім берушілік қызметі өте маңызды, 
өйткені «іскерлік ойын  болашақ кәсіби қызметінің әлеуметтік және пәндік контекстінде және 
де  маманның  тұлғалық  қалыптасу  жағдайында  дәстүрлі  оқытумен  салыстырғанда  жаңашыл 
жобалар жасауға мүмкіндік жасайды [2, 128 б.]».   Іскерлік  ойында  «қатысушыларды  оқыту 
бірлескен іс-әрекет процесінде жүргізіледі.  
Осылайша  әркім  өз  рөлі  мен  функциясына  сәйкес  нақты  тапсырманы  шешеді.  Іскерлік 
ойындағы  байланыс - бұл  жай  ғана  білім  алу  барысында  бірлескен  қарым-қатынастық 
байланыс  емес, ең  алдымен,  ол  нақты  оқытылатын  қызмет   процесіндегі  адамдар  арасындағы 
байланысты  жаңғыртатын,  қарым-қатынасты  имитацияландыратын  байланыс.  [3, 58 б.]. 
Іскерлік 
ойындардың 
жекелеген 
түрлері 
ретінде 
рөлдік 
ойындарды 
атауға 
болады.Саясаттанушы-студенттер  үшін – қандай  да  бір  саяси  жағдайдың  шешімін  табудың, 
қандай  да  бір  мемлекеттегі  оқиғаның  ықтимал  өрбитін  нұсқаларын  жобалаудың,  экономика, 
режим  немесе  билік  өзгергендегі  бір  мемлекеттің  даму  перспективаларын  көрсетудің  тиімді 
әдісі. Бұл әрбір қатысушыға қандай да бір тапсырма немесе тапсырмаға сәйкес орындауы тиіс 
нақты бір рөл берілетін ойын.   
Іскерлік ойындарды  жіктеу үшін әр түрлі негіздер пайдаланылуы мүмкін.Ойынды ойын 
процесінің  жасалуына  қарай  немесе  ойын  сценарийінде  конфликт  элементтерінің  болуы 
бойынша  ажыратады  (мысалы,  мұндай  іскерлік  ойындарға  кооперативтік  жағдайларда, 
конфликтілік  жағдайларда  бәсең  бәсекелестікпен,  конфликтілік  жағдайларда  қатаң  бәсекелі 
ойындарды  жатқызады). Сондай-ақ,  іскерлік  ойындарды  ойын  жағдайының  проблемалылық 
деңгейіне  қарай  жіктеуге  болады:  бірінші  деңгей  нақты  ойын  жағдай  талдау  барысында 
шешімін  талап  ететін  проблеманы  анықтау  және  күн  тәртібіне  шығару;  екінші  деңгей 
студенттерді  бірлесе  ойланып,  қойылған  мәселелердің  шешімін  табатын  белсенді  жолдарды 
іздеуге тартумен сипатталады [4, с. 52].  
«Демократия  теориясы  мен  практикасы»  курсы  барысында  іскерлік  ойындарды  қолдана 
отырып қандай әдістемелік жұмыстар қолдануға болатынын қарастырайық. 
Міне, осы пән бойынша іскерлік ойын үлгілеріне мысал келтірейік. Іскерлік ойынды дәл 
бұл курста қолданудың басымдықтары айқын. Біріншіден, бұл үшінші курс және олар іскерлік 
ойын барысында пайдасы тиетін мағлұматтарға бай көптеген пәндерді оқыған,  екіншіден, курс 
мазмұны  демократия  теориясын  зерттеуді  көздейді  және  оны  тәжірибе  жүзінде  іске  асыруға 
қолайлылығымен сипатталады.Іскерлік ойынды студенттер курстың жартысын өткеннен кейін  
жүргізген  жөн,  себебі,  олар  курстың  негізгі  тақырыптары  бойынша  білімдері  бар, 
демократияның  әр  түрлі  формаларының  ерекшеліктері  мен  айырмашылықтары  жайлы 
мағлұматтарға ие болады. Талқылауға ұсынылатын тақырып: «Қазіргі заманғы мемлекеттердегі 
демократия түрлері мен қоғамның түрлі салаларындағы олардың ерекшеліктерінің көріністері». 
Мақсаты:  белгілі  бір  мемлекеттің  демократиясының  негізгі  принциптерін  тұжырымдау, 
демократиялық  қағидаттарды  практикалық  іске  асырудың  оң  және  теріс  тұстарын  анықтау, 
демократиялық  институттарды  жетілдіру  жолдары  мен  тәсілдерін  анықтау,  ойын  кезінде 
оңтайлы шешімдерді жасау үшін модель құру. 
Міндеттері: 
1.  Мемлекеттің  саяси  жүйесін  талдау  мен  салыстыру негізінде  осы  елге  тән  демократия 
түрін анықтау. Аналитикалық және болжамдық қабілеттерін дамыту. 
2.  Инновациялық  және  ғылыми  құзыреттілікті  қалыптастыру,  яғни,  шығармашылық, 
дәстүрлі  емес  ойлау,талдай  білу  қабілеттерін  демократиялық  процесстерді  басқару 
ерекшеліктері. 
Күтілетін  нәтиже:  қатысушылар  ұсынатын  жобаларды  бағалау  және  де  студенттерде 
ойын  міндеттерінде  көрсетілген  құзыреттіліктерді  дамыту.  Ал  оқытушы  үшін  іскерлік 
ойынның  нәтижесі  болып  ойынның  жаңа  кезеңі  немесе  жаңа  ойын  әзірлеуге  жинаған 
тәжірибесі және материалдары болып табылады.  
 

246 
 
Ойынның мазмұндық мақсаттары 
Қатысушылар («әртүрлі  демократия  түрлері  бар  бірнеше  елдердің  өкілдері»  және 
«тәуелсіз сарапшылар») осы мемлекеттердің, үкімет, партия лауазымдарынанегізделе отырып, 
осы елдегі демократияның дәстүрлі түрін анықтау. Елдегі қолданыстағы заңнама, саяси жүйе, 
экономика, идеология,  мәдениетті  зерттегеннен  кейін,  елде  демократия  заңдары  қалай  жұмыс 
жасайтынын,  нақты  мысалдармен  көрсетеді.  Қатысушылар  түрлі  мәселелерге  өз  шешімдерін 
ұсына  алады.Шешім  бірнеше  болуы  мүмкін,  мұндай  жағдайда    қатысушылар  алдағы 
оқиғалардың ықтималды дамуы нұсқаларын ұсынады. Содан кейін алынған нәтижелер жайлы 
пікірлер  тыңдалып,  тексеріледі.Түзетулер.  Содан  соң  ойынға  сарапшылар  қосылады.  Эксперт 
қатысушлармен  бірлесе  ұсыналған  шешімдерді  талқылап,  оның  жобаланған  жағдайдың 
(сценарийге сәйкес) дамуына әсерін көрсетеді. Әдетте,  қойылған мәселе бойынша ең оңтайлы 
нәтиже  шығару  үшін  қатысушылардың  шешімдері  түзетулерді  қажет  етеді.  Сонымен  қатар, 
қатысушылар  қандай  да  бір  мемлекет  жайлы  нақты  әрі  сенімді  ақпарат  алуы  тиіс:  олардың 
тарихи  және  саяси  дамуы,  діни  және  мәдени  дәстүрлері,  саяси  даму  ерекшеліктері,  геосаяси 
орналасуы, мемлекетте қандай қоғамдық бірлестіктер және саяси партиялар бар және олардың 
мәні,  қандай  саяси  партиялар  белсенді  және  олардың  негізгі  бағадарламалары  неге  сүйенеді, 
бұл елде қандай демократиялық дәстүрлер қалыптасқан және т.б.  
Тәрбиелік және дамытушылық мақсаттары 
Жалпы,  ойынның  мақсаты  студенттердің    бойында  қазіргі  әлемнің  проблемаларын 
шешуге,  белсенді  азаматтық  қатысу  үшін  қажетті  саяси  және  құқықтық  мәдениетті  арттыру, 
белсенді  азаматтық  позицияларын  дамыту  ретінде  тұжырымдауға  болады.  Құзыреттіліктерді, 
сондай-ақ саяси сауаттылығын дамыту, яғни әлемдегі демократияландыру рөлін анықтау және 
түсіну, сондай-ақ негізделген саяси пікір айтуға, демократия мен демократиялық саяси режим 
тарихи концепциялары мен негіздері жайлы білімдерін көрсету, сыни ойлау, жобалық қызмет 
элементтерін  оқыту,  талқылау  мәдениетін  арттыру,  топтағыұжымдық  және  ұйымдастыру-
шылық қабілетті дамытуға бағытталады. 
Осылайша, іскерлік ойын барысында студенттер демократия модельдері,  концепция мен 
негізгі түсініктерін, тәжірибе жүзінде формалары мен ерекшеліктерін нақты әрі анық ажырата 
алатын  болады.  Егерде  оқу  іскерлік  ойындарын  қазіргі  теориялық  қызмет  тұрғысынан 
қарастырсақ, біз студент үшін  айқын және анық негізгі адам қызметтерінің - білім беру және 
ойынның    қосылуын  байқаймыз.  Сонымен  қатар,  қатысушылар  нақты  кәсіби  қызметті 
ойнайды.  Бұл  студент  үшін  көптеген  тиімді  әсерлер  (құрылымдық  әсерлер)  туғызатынын 
байқауға болады. 
  Егерде іскерлік ойынға тән нақты әсерін қарастырсақ, онда олардың кейбіреулері тізуге 
болады: 
- Оқыту үдерісіндегі таным, студенттер нақты бір қызметке негізделген үлкен көлемдегі 
ақпараттпен  жұмыс  жасайды  және  оны  меңгереді,  ойын  қатысушалары  шешім  қабылдау 
дағдысын меңгереді; 
- оқу пәндеріне және ойын барысында қарастырылатын мәселеге жоғары қызығушылық 
пайда болады; 
-  іскерлік  ойындардың  зерттеу  пәні  болған  мәселеге,  нақты  бір  жағдайға,  өздері  ойын 
барысында болған персонаждарға деген көзқарасы жиі әрі айтарлықтай өзгереді; 
-  студенттердің  өзін-өзі  бағалауы  өзгеріп,  олар  неғұрлым  объективті  болуға,  сондай-ақ, 
кейбір  жағдайларда  адам  мүмкіншіліктерінің  факторының  бағалау  мүмкіндіктерін  өзгерту 
(ойын мазмұны мен сипатына байланысты); 
-  іскерлік  ойын  кезінде  жинақталған  тәжірибе  өз  ісіңде  және  қазіргі  жағдайдағы 
мүмкіндіктерді бағалауға мүмкіндік береді. 
 
Қолданылған әдебиеттер 
1.  Яруллина Л.Р. Использование активных методов обучения в высшей школе // Вестник ТИСБИ. 
– 2010. - № 1. – С. 12-19 
2.  Вербицкий А.А. Активное обучение в высшей школе: контекстный подход: Метод. Пособие.— 
М.: Высш. шк., 2011.— 207 с. 
3.  Андреев  В.И.  Педагогика:  Учебный  курс  для  творческого  саморазвития. 2-е  изд. - Казань: 
Центр инновационных технологий, 2007. – 371 
4.  Дудченко В.С. Инновационные игры. Практика, методология, теория. - М.: Кватро-Принт, 
2012. - 110 с. 
5.  Савицкая Е.В. Уроки экономики в школе. Пособие для учителя. – М.: Вита-пресс. 2000. – 448 с. 

247 
 
Абылайханова Н.Т., Аблайханова Н.Т., Уршеева Б.И., Тусупбекова Г.А. 
 
ЖЕКЕ ТҰЛҒАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ТЕХНОЛОГИЯНЫ ПАЙДАЛАНЫП ОҚЫТУДЫҢ 
ПРАКТИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ 
 
Білім  беру  жүйесіндегі  өзгерістер  тек  педагогикалық  технология  теориясына  ғана  емес, 
практикасына  да  түзету  енгізеді.  Теория  практикасыз  ешнәрсені  өзгерте  алмайды.  Теорияның 
практикалық  күшімен  энергиясы  болады,  алайда  ол  практика  жүзінде  пайдалана  алатын 
адамдардың  санасымен  қабылданғанда  ғана  материалдық  көрініс  береді.  Сонда  ғана  теория 
адамдардың  қажеттіліктерін  қанағаттандыратын,  практиканың  бағыттаушысы  мен  реттеушісі 
рөліне ие бола алады. Ал теория практикаға технологиялық процесстер арқылы ғана ене алады. 
Технологиялық  процестер  нәтижесінде  ғылыми  теория  мақсатты    түрде  практикалық  жүйеге 
ене алады. Міне, сондықтан дәстүрлі жүйедегі теория мен практика алшақты нақты теория мен 
технологияның  қолданбалы  маңызға  ие  болмауынан  орын  алады.  Осы  алшақтықты  жою 
мақсатында қазіргі кезде педагогикада технологияландыру процесінде қызығушылық туындап 
отыр.  Жаңа  мазмұн,  жаңа  әдіс,  жаңа  қарым-қатынас  негізінде  білім  беру  ісі  жаңа  мәнге  ие 
болады.  Осылайша  өмірге  білім  берудің  жаңа  парадигмасы  лайықты  ауқымда  және  деңгейде 
іске асырылатын болады. 
Осылайша  елімізде  педагогика  ғылымның  теориясы  мен  практикасында  оқыту  мен 
тәрбиелеу процесіндегі жаппай біркелкі біртіндеп өзгеріп әртүрлі нысандардағы мектептермен 
авторлық  жобалар  пайда  бола  бастады  солардың  ішінде  жаңа  педагогикалық  технологиялар 
қазіргі заман талабын қанағаттандырылатын бағытқа қарай өзгереді.  
Білім  беру  жүйесіндегі  өзгерістер  ондағы  әдістермен  тәсілдерді  өзгертуге  алып  келсе 
олар  өз  ретінде  оқу  мазмұнын  өзгертуді  талап  етті.  Осы  ретте  мемлекеттік  жалпыға  міндетті 
орта білім берудің жаңа стандарты жасалынды. Онда вартивті оқу жоспарлары жасалды. Білім 
беру  мазмұны  өзгертудегі  негізгі  мақсат-оқытудың  жаңа  педагогикалық  технологиялар 
негізінде  ұйымдастырылуы.  педагогикалық  технология  негізінде  оқыту  жаңа  заманғы  өмір 
талаптарына  сай  жас  ұрпақты  тәрбиелеуге  мүмкіндік  береді.  Педагогикалық  технология 
арқылы  оқытуды  оқушы  белсене  субъект  ретінде  қарастырылады.  Педагогикалық  технология 
оқушыға  өзінің  еркіндігін  сақтай  отырып,  өз  мүмкіндігін,  қабілетін  іске  асыруға  тырысатын 
жеке тұлға ретінде қарайды. Оқыту технологияларын пайдалану арқылы білім беру тек белгілі 
бір пән бойынша білік пен тағды қалыптастыруға бағытталған дәстүрлі жүйеден ерекшеленеді. 
Қазіргі қоғам өз мүшелеріне тек тапсырманы орындаушы ғана емес, олардан бәсекеге қабілетті 
белсенді  өмір  өзгерістеріне  тез  бейімделе  алатын,  дұрыс  шешім  қабылдай  алатын  маман 
болуды  талап етеді.  Ол  үшін  бүгінгі мектеп  оқушысын осындай  өмір  өзгерістеріне  дайындап, 
әртүрлі  жоба  жасай  алатын,  әртүрлі  жағдайды,  қиында  болса,  дұрыс  шешім  қабылдай 
алатындай етіп дайындау керек. Соңғы кезде практикаға жаңа идеялармен жаңа технологиялар, 
әртүрлі  педагогикалық  жүйелер  жасалынып-енгізілуде.  Білім  беру  жүйесінде  балама 
бағдарламалар  жасалынуда.  Педагогикалық  технологияның  толығымен  жан-жақты  игерген 
мұғалім  ғана  алдына  қойған  мақсатқа  жете  алады.  Соңғы  кездегі  оқыту  процесін  техноло-
гияландыру бағытында көптеген ғалымдар еңбек етуде. Ал біздің ойымызша, оқыту процесіне 
жаңа  педагогикалық  технологияны  енгізу  оқытудың  тиімділігін  арттыруға  оқытуды  ғылыми 
негізге қоюға, бұл қызметті ізгілік бағытында ұйымдастыруға мүмкіндік береді. 
Қазіргі  кездегі  әдістемелік,  педагогикалық  және  ғылыми  еңбектерде  «педагогикалық 
технология»  ұғымына  анықтама  берілген,  оның  түрлері  топтастырылған,  пайдалану  мүм-
кіндіктері  жайлы  жарық  көптеген  еңбектер  бар  (М.В.  Кларин,  В.М.  Монахов,  В.П.  Беспелко, 
Г.К. Селевко, В.Гузеев және т.б.)[8,9,17,10]. 
Қазіргі  заманғы  педагогикалық  технология  мектеп  практикасында  да  енгізілуде  
(Ж.А.  Қараев,  Ж.У.  Кобдикова,  М.Н.  Жанпеисова,  Н.Н.  Нұрахметов  және  т.б.)[12.13]. 
Дегенмен,  оқыту  технологияларын  таңдау  мен  дұрыс  пайдалануды,  әдетте,  қиындықтар 
туындайтындығы-шындық.  
Сондықтан  да  оқыту  технлогиясын  педагогикалық  процеске  тиімді  енгізу  үшін  қазіргі 
кездегі  барлық  педагогикалық  технологияларды  зерттеп,  оларды  жүйелеп,  ғылыми  негіздерін 
анық  білу  қажет.  Әр  мұғалім  қазіргі  кездегі  оқыту  технологияларын  пайдалану  арқылы 
өткізілетін  сабақтың  оқушының  білім  алуына  тиімді  екендігін  түсіну  тиіс.  Бүкіл  материалды 
толық  білгізіп  шығарудың  мүмкін  еместігін  түсініп,  оны  игерудің  жолдарын  көрсетудің 
қажеттілігіне көңіл аудару-аса маңызды. 

248 
 
Оқыту  мазмұнының,  әдістері  мен  тәсілдерінің  оқышының  білімге  деген  қатынасының 
өзгеруіне  алып  келіп  отыр.  Білім  берудегі  жаңа  білім  беру  парадигмасына  байланысып 
педагогика  ғылымымен  мектеп  практикасында  негізгі  орынды  жеке  тұлға  бағытталған  бағыт 
маңызға  ие  болуда,  оның  негізгі  идеясы  оқушының  өзін-өзі  дамытуға,  жеке  тұлға  болып 
қалыптасуына бағытталады. 
Қазіргі кездегі жаңа педагогикалық технологияны пайдалануды көптеген педагогтар мен 
психологтар  оқу  процесінде  баланың  өз  бетінше  ақыл-ойының  дамытуы  деп  қарастырады. 
Баланың білімді саналы түрде қабылдауына мүмкіндік беретін жол деп түсінеді. Міне, мұндай 
жағдайда  оқушы  алға  қойған  жалпы  мақсатқа  жетуде  белсенділік  танытатын,  топпен 
ынтымақтастықта қызмет ету арқылы белсенді түрде оқу процесіне араласатын, онда бір-бірін 
тексеру, талдау арқылы білім-білікті игеруге деген ішкі қажеттілік сезімі-түрткі пайда болады. 
Оқыту  технологияларының  пайда  болуыныңда  себебі  де,  оның  артықшылығы  да, 
бұрынғы өзінің белсенді араласуынсыз өткізілетін дәстүрлі оқыту әдісінен де айырмашылығы-
осында.  Дәстүрлі  оқыту  кезінде  өз  бетінше  шешім  қабылданбайды,  проблеманың  шешу 
жолдары  іздестірілмейді.  Онда  білім  дайын  түрде  беріледі.  Бұл  қазіргі  кездегі  нарықтық 
жағдайдағы  қажеттілікті  қанағаттандырмайды.  Сондықтанда  педагогикалық  технологиялар 
түрлерінің  көп  болуы,  оларға  қойылатын  талаптардың  да  сан  түрлі  болуы  өмір  сұранысынан 
туындаған заңдылық болып отыр. 
Оқыту технологияларының оқу процесіне енуін тарихында келесі кезеңдерді бөледі: 
1.1960- жылдары «оқыту технологиялары» деген ұғым пайда болады. Ол бағдарламалап 
оқыту әдістемесінің енгізілуіне байланысты болады. 
2.1970- жылдары «оқытудың ақпараттық технологиясы» пайда болды. 
3.1980- жылдары «термин педагогикалық технологиялар» деп тұжырымдалады. 
4.1990-жылдары  педагогикалық  технологиялар  оқу  процесінде  ұйымдастыруы  мен 
басқаруы үшін пайдаланылатын әдістер, тәсілдер мен құралдар жүйесі ретінде оқыту процесіне 
енді. Педагогикалық технологиялар түрлері қалыптаса бастады. 
5.Қазіргі  кезең-оқытудағы  технологиялық  бағыт  дәстүрлі  әдістерден  тиімді  екендігін 
көрсетті. Оқытуды педагогикалық технологияның пайдалану қажеттілік екені дәлелденді. 
Сонымен,  оқыту  технологияларын  оқыту  процесінде  пайдалану  салыстырмалы  түрде 
жаңа бағыт болып саналады. Әртүрлі ғалымдар бұл ұғымға әртүрлі анықтама береді. Олардың 
кейбіреулерін қарастырайық. 
Педагогикалық  технологияның  әдістемелік  негізін  қалыптастырған  В.П.  Беспалько 
болып саналды. Ол педагогикалық жүйені екі жүйеден тұрады деп есептейді: 1) дидактикалық 
мақсат және 2) мақсатты шешуге арналған технология [17].  
В.П.  Беспальконың  ойы  бойынша,  әр  мақсатқа  белгілі  бір  технология  арқылы  жетуге 
болады.  Мұның  негізінде  бір-бірімен  байланысқан  біртұтас  компоненттен  тұратын  жүйе 
түзіледі: ұйымдастыруы нысаны, дидактикалық процесс және мұғалімнің шеберлігі. 
Мұндағы негізгі идея оқу-тәрбие процесін белгілі бір мақсатқа бағыттаған жұмыстардың 
жүйесіне  айландыру  қажет.  Педагогикалық  процес  алдымен  жобаланып,  содан  соң  жоба 
бойынша  сыныпта  жүргізілуі  қажет.  Педагогикалық  технология  негізінде  жан-жақты  білімді 
жеке  тұлғаны  қалыптастыруға  бағытталған  жұмыс  жүйелі,  мақсатты  жүзеге  асырылуға  тиіс. 
Міне,  осындай  жұмыс  нәтижесінде  мектептегі  оқыту  процесін  өзгертуге,  оның  жаңартуға 
болады.  
ЮНЕСКО  берген  анықтама:  педагогикалық  оқыту  технологияға  барлық  оқыту  процесі 
мен  білімді  игеру  процесінде  адам  мүмкінділіктерін  үйлесімді  пайдалануы  мен  анықтаудың 
жүйелі әдісін қалыптастыру [9]. 
В.М. Монахов: педагогикалық оқыту технология бірлескен іс-әрекеттің барлық жағынан 
ойластырылған мұғалімге де, оқушыға да ыңғайлы жобасы [9]. 
В.М.  Монаховтың  ойынша,  педагогикалық  оқыту  технологиясын  пайдаланудың  негізгі 
идеясы-оқушының  іс-әрекетке  бағыттайтын  жұмысын  қарастыруы.  Ғалым  педагогикалық 
технологияны  оқу  мазмұнын  игеруге  бағытталған  белгілі  тәсіл,  әдістердің  жинақтығы  деп 
санайды.  Бұл  әдістемелік  технология  жүйелік,  тиімділік,  оқу  сапасын  жоғарылату  мен  оқу 
мазмұнын толық игеруге бағытталған талаптарға сай құрастырылады. 
Ал,  енді  бір  ғалымдар  тобы  (Г.К.  Селевко,  В.С.  Кукушкин,  т.б.),  педагогикалық  техно-
логияны ғылымның жаңа бір бағыты ретінде қарастырады: 
-педагогикалық технология-оқыту процесінің тиімді жолдарын зерттейтін ғылым; 

249 
 
-педагогикалық  технология  оқыту  жүйелерімен  оқыту  процесін  құрастырумен  айналы-
сатын педагогикалық ғылымның жаңа (50-жылдан бастап) бағытты; 
-педагогикалық  технология  оқу  процесі  кезінде  қойылған  мақсаттарды  шешумен  оқу 
процесінің тиімділігін іске асыруға бағыттаған педагогика ғылымының қолданбалы бағыты. 
Міне,  осы  сияқты  педагогикалық  технологияларды  әртүрлі  мазмұнды,  әралуан  тұрғыда 
түсіну педагогикалық технология мазмұнының күрделі, әлі де болса, қалыптасып келе жатқан 
жаңа бағыт деп тұжырымдауға мүмкінділік береді. Жаңа білім беру парадигмасында мұғалім-
тек  бағалаушы  ғана  емес  ол  оқушы  іс-әрекеті  кезінде  кездесетін  қиындықтарды  уақтылы 
анықтауға,  оларды  жеңуге  көмектесетін  кеңесші  маман.  Бұл  мұғалім  мен  біліктілік  пен  қатар 
кәсіби шеберлілікті де қажет етеді. 
Жаңа тұлға бағытталған оқыту кезінде оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру жеке оқушыға, 
оның  ойлау  қабілетіне,  жеке  пән  бойынша  дайындағанына  байланысты  қарастырылады.  Бұл 
қазіргі заманның талабы. Осындай талап барлық дамыған елдерде қатаң қойылады. Осыншама 
«оқушы»  не  «студент»  оқу  процесінің  орталығына  шығарылады.  Оқушының  талап  білуге 
арналған  іс-әрекеті  бүкіл  білім  беру  ісін  ұйымдастыратын  адамдардың  бағдарлама,  оқулық, 
оқу-әдістемелік кешендерінің, зерттеушілердің ең шешуші мәніне ие болуы керек. 
Бұл  кезде  жеке  тұлғаға  бағытталған  оқыту  оқушының  жан-жақты  тұлға  болып 
қалыптасуына  мүмкіндік  туғызуды  ұмытпауымыз  қажет.  Адамның  ақыл-ойының  дамуымен 
қатар  оның  дене,  эмоционалдық,  әлеуметтік,  эстетикалық,  шығармашылық,  ақыл-ой,  рухани, 
кәсіби  шеберлігіне  бағытталған  дағдыларын  да  дамыту  керек.  Міне  осындай  жан-жақты  өмір 
сүруге  бейім  адам,  өз  бетінше  шешім  абылдай  алады,  белсенді  іс-әрекет  жасайды,  өмірдің 
өзгеруіне бейімделе алады. 
Осы  мақсаттарды  шешу  жолдары  қарастырылып,  әртүрлі  нәтижелерге  қол  жеткізуге 
мүмкіндік  береді.  Бұл  мақсаттарға  негізінде  жеке  тұлға  бағытталған    арқылы  қол  жеткізудің 
бірнеше мүмкінділіктері бар, атап айтқанда: 
-өзінің алған білімін практикада қайда, қалай, қандай мақсатта пайдалануға әр оқушының 
білуі үшін белсенді іс-әрекетке қатынасу; 
-  әртүрлі  проблемаларды  шешуге,  қарым-қатынаста  адамдармен  жұмыс  істей  алу 
дағдыларының қалыптасуы; 
-өз сыныбының, мектебінің және басқа адамдармен кеңінен қарым-қатынас жасау; 
-қажетті ақпаратты алу, өзінің ойын қорытындылау, оны жан-жақты зерттеу; 
-әртүрлі  нақты  жағдайдың  туындауына  байланысты  әралуан  ролдерде,  кейде  топпен 
бірге  шешу  де  өзінің  үнемі  ақыл-ой  қабілетін,  дене  және  адамгершілік  дамуының  жағдайын 
тексеру мүмкіндігі.  
Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Сайын мұратбеков
2016 -> Мектептің педагогикалық тақырыбы: Оқу және тәрбие қызметіндегі білікті
2016 -> Арнаулы бiлiм министрлiгi
2016 -> Филология кафедрасы
2016 -> «Европа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы» пәнінен
2016 -> Бірінші межелік бақлауға арналған тапсырма
2016 -> Пәннің мақсаты мен міндеттері
2016 -> Ә. Е. Жұмабаева, М. Н. Оспанбекова Алматы «Атамұра» 2016
2016 -> «Тарихты оқыту әдістемесі» пәні бойынша дәрістер конспекті Тақырып№1: Кіріспе


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   44


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет