6-практикалық тапсырма Сөздің грамматикалық құрылымын қалыптастырудың мақсаты мен міндеттері



бет1/7
Дата18.05.2023
өлшемі1,45 Mb.
#94256
  1   2   3   4   5   6   7

6-практикалық тапсырма Сөздің грамматикалық құрылымын қалыптастырудың мақсаты мен міндеттері

Орындаған: ПМНО 2/1 курс студенті Жумагүл Ақерке

Мазмұны:

Кіріспе

1. Сөздің грамматикалық құрылымын қалыптастырудың мақсаты

2. Сөздің грамматикалық құрылымын қалыптастырудың міндеттері, оларға сипаттама

3. Сөздің грамматикалық құрылымын қалыптастыру жаттығулары

Қорытынды

«Сөз - сөзден туады, сөйлемесе қайдан туады?» демекші. Қазіргі уақытта балалардың сөйлеу тілі кеш шығып, түсініксіз болуда. Сонымен бірге, отбасында екі тілде сөйлеуде бұл баланың сөйлеу тілін бұрмалап, кешеуілдеп шығуына әсер етеді. Баланың сөйлеу тілі оның психикасына да әсер етеді. Өзінің достарының арасында тұйықталып, аз сөйлеуге тырысады. Қоғамда өзін қолайсыз сезініп шеттетіліп қала береді. Сондықтан да ерте жастан бастап сөйлеу тілін түзету ұтымды болады. Неғұрлым түсінікті, еркін сөйлесе белсенді, ашық мінезді, көпшіл болады. Көбінесе балалардың сөйлеу тілі грамматикалық жағынан толық жетілмеген болып келеді. Осы ауқымды мәселеге байланысты болашақ бастауыш сынып ұстазы ретінде сөздің грамматикалық құрылымын қалыптастырудың мақсаты мен міндеттерін қарастырамыз.

"Грамматика" термині тіл білімінде екі мағынада қолданылады. Біріншіден, бұл тілдің грамматикалық құрылымын, екіншіден, ғылымды, сөздерді өзгерту және олардың сөйлемдегі тіркесімі туралы ережелер жиынтығын білдіреді.

"Грамматика" термині тіл білімінде екі мағынада қолданылады. Біріншіден, бұл тілдің грамматикалық құрылымын, екіншіден, ғылымды, сөздерді өзгерту және олардың сөйлемдегі тіркесімі туралы ережелер жиынтығын білдіреді.

Сөйлеуді дамыту әдістемесі балалардың тілдің грамматикалық құрылымын меңгеруін қамтиды. Тілдің грамматикалық құрылымы-морфология, сөзжасам және синтаксис саласындағы бірліктер жүйесі және олардың қызмет ету ережелері.

Морфология - сөздің грамматикалық қасиеттерін және оның формаларын, сондай-ақ сөз ішіндегі грамматикалық мағыналарды зерттейді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет