6-сынып Тас дәуірі Ежелгі тас дәуірі(Палеолит) б з. б. 2,6млн жылдан –б з. б 12мың жыл аралығы



Pdf көрінісі
бет281/305
Дата26.09.2022
өлшемі1,65 Mb.
#40235
1   ...   277   278   279   280   281   282   283   284   ...   305
Унитарлық мемлекет – федерациядан өзгеше, өз құрамында федерациялық бірліктер (штаттар, жерлер, 
автономиялар, автономиялық республикалар мен округтер) болмайтын, тек әкімшілік-аумақтық бірліктерге 
(аудан,облыс т.б.) бөлінетін мемлекеттік құрылымының формасы. 
Урбанизация – қала тұрғындарының өсуі. 
Утилизация – пайдаға асырып қолдану. 
Учредительное собрание – мемлекеттік мәселелер қарастырылатын үлкен жиын.
Уық – шаңырақ пен керегені жалғастырып тұратын иінді ағаш. 
Ұжымдастыру – 1) қоғамдастыру. Социалистік елдердегі ауыл шаруашылығын ұжымдавстыру – ұсақ шаруа 
шаруашылықтарын біріктірудің негізінде ірі социалистік ауыл шаруашылық кәсіпорны, ауыл шаруашылық 
артельдері т.б. етіп қайта құру: 2) КСРо-дағы 20-жылдардың соңы – 30-жылдардың басындағы ауыл 
шаруашылығын өкіметтің қысым жасауымен жаппай ұжымдық шаруашылықтар (колхоздар) етіп құру. 
Ұлттық мүдде – үкімет белгілейтін мемлекет мүддесі. 


Ұлтшылдық – ұлтты қоғамдық бірліктің жоғарғы формасы ретінде қарастыратын идеология мен саясат. 
Ұлы Жібек жолы – сауда-керуен жолдарының жалпы атауы; б.з.б. ІІ ғасырдан ХVІ ғасырға дейін Орта Азия 
арқылы Қытайдағы Алдыңғы Азиямен байланыстырады. 
Ұлыс – бірнеше арыстың жері. 
Ұмай ана – ежелгі түрік тайпасының құты (тотемі). 
Үндеу – белгілі ұрандар, іс-қимыл төңірегінде халыққа мәлімдеу. 
Үшір – еңбекке жарамды адамдар табысының алынатын салық. 
Федеративтік республика – дербес мемлекеттердің біртұтас болып өзара біріккеннен құрылған мемлекет. 
Фискаль – іс-әрекеттің, негізінен алғанда қаржының жұмсалу заңдылығын қадағалайтын шенеунік. 
Флора – белгілі бір аумақта өсетін өсімдіктер түрі. 
Фольклор – қазақ халқының бұқаралық көркемсөз шығармашылығы. 
Форум – алқалы жиын, мәслихат. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   277   278   279   280   281   282   283   284   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет