7 Зертханалық жұмыс. Автоматты басқару жүйелердің сапа көрсеткіштерін зерттеу



бет1/3
Дата06.11.2022
өлшемі434,85 Kb.
#47803
  1   2   3

Ғ.ДӘУКЕЕВ АТЫНДАҒЫ АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
«Автоматтандыру және басқару» кафедрасы
№ 7 Зертханалық жұмыс.
Автоматты жүйелердің сапа көрсеткіштерін зерттеу
Пәні: Сызықты автоматты реттеу жүйелері
Мамандығы: 5В070200 – «Автоматтандыру және басқару»
Орындаған: Сериков Махамбет-Али
Тобы: АУ(АИСУ)к-18-1 Нұсқа: 23
Қабылдаған: доцент Абжанова Л. К.

__________ ____________ «_____» _______2020 ж.


(баға) (қолы)

Алматы 2020


7 Зертханалық жұмыс. Автоматты басқару жүйелердің сапа көрсеткіштерін зерттеу
Жұмыс мақсаты: тәжірибе түрінде автоматты жүйелердің сапа көрсеткіштерін зерттеу, жүйе параметрлерінің өзгеру әсерінен өтпелі үрдістердің сапасы мен орнықтылығына анализ жасау.


7.1 Тура және жанама сапа бағалары
АБЖ орнықтылығы оның негізі, бірақжеткілікті емес қасиеті болып табылады. Орнықты жүйе әр түрлі әсерлер мен жұмыс жасауында нақты болмауы да мүмкін, өтпелі басқару үрдістері тым ақырын өшуі мүмкін, демек жүйе автоматты басқаруды жақсы жүзеге асыра алмайды. Басқару үрдісінің сапасы ретінде автоматты басқарудың жеткілікті дәлдікпен басқарылатын параметрдің шамасын белгіленген өзгеріс заңы бойынша ұстап отыру қабілетін айтуға болады. Басқару үрдісінің сапа көрсеткіші ретінде:

  • орнатылған режимдегі нақты бағалары;

  • өтпелі үрдістегі сапа бағалары.

Бұл зертханалық жұмыста өтпелі үрдістердің тура және жанама сапа бағалары көрсетілген.

7.1.1 Тура сапа бағалары
Жүйе тура сапа бағаларын қисық өтпелі сипаттама арқылы h(t) алады. Басқару үрдісінің сапасын көрсететін негізгі көрсеткіштер ретінде келесілер берілген (сурет 9.1)

а) тербелмелі үрдіс б) бір қалыпты үрдіс монотонды
сурет 7.1 – Өтпелі үрдістің сапа көрсеткіштері

1. Реттеу уақыты tp жүйенің тез жұмыс қабілеті мен өтпелі үрдістің ұзақтылығын анықтайды.Реттеу уақыты tp деп берілген бір уақыт аралығын айтады, бұл уақыт аяқталысымен өтпелі сипаттаманың h ауытқуы орнатылған мән жіберілетін мәннен аспауы керек:


< ∆, .
мәнің hуст бастап 5% тең болған жағдайды таңдайды. Кей жағдайда ∆ = 2% hуст , ∆ = 1% hуст.

  1. Асыра реттеу  - өтпелі сипаттаманың орнатылған мәнінен hуст максималды ауытқуы hmax1. Жүйенің тербеліске жақындығын сипаттайды және % беріледі:


Көп жағдайларда асыра реттеу 10-30% сирек 70% аспауы керек. Бірақ кейде асыра реттеу мүлдем жоқ болуы талап етіледі және үрдіс бір қалыпты болады яғни, = 0.
3.Тербеліс саны М, реттеу уақыты кезінде h(t) өтпелі сипаттама ие болтын тербеліс саны. Тербеліс саны 1-2, кейде 3-4 тербеліс болуы мүмкін, бірақ кейбір жағдайларда тербеліс жүйеде боллмауы мүмкін.
4. Өтпелі үрдістің тербелмелігі (пайызда)

Өшпейтін тербелістер 100% тербеліске тең келеді. Тербеліс нөлге ұмтылады өтпелі сипаттаманың екінші максимумына нөлге дейін кішірею яғни, бірқалыпты монотонды үрдіс =0.
5. Тербеліс жиілігі , мұндағы Т – тербелмелі өтпелі сипаттамалар үшін тербеліс периоды.
6. Орныққан қателік, жүйенің статикалық нақтылығын анықтайды
,
Мұндағы g0 – реттелетін көлемнін берілген мәні; - реттеу қателігінің абсолютті мәні.
Қосымша сапа бағалары:
7. Бірінші максимумға жеті уақыты tmax.
8. Өтпелі үрдістің өсу уақыты tн.
9. Өшу декременті ,
.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет