«Белгілі бір дүниетанымы бар, қоғамдағы өз орнын, өмірдегі мақсатын білетін, сол мақсатты жүзеге асыру үшін, өз бетімен әрекет ете алатын, саналы адамды, жан-жақты, толық қалыптасқан адамды тұлға дейміз». Эмоция – адамның айналадағы құбылыстар мен оқиғаларға қатысты сезімдері».

«Сезім – бұл адамның қоршаған болмыс заттары және құбылыстарымен қатынас жасауынан туындаған, әрқилы формада көрініс беретін толғаныс, күйзелістері. Ерік – адамның мақсатты жұмыс орындау барысында кезіккен, сыртқы және ішкі кедергілерді жеңуімен байланысты , өз қылық әрекеттерін қолдап, реттей білу қасиеті».

Ақыл-ойы кем балалардың жеке-тұлғалық дамуы мен эмоционалды-ерікті саласының ерекшеліктері
Баланың тұлға ретінде дамуына, қоғамдық және отбасылық тәрбие жағдайлары, ол дамитын нақты тарихи орта, ортаның өмір сүру бейнесі әсер етеді. Ақыл-ойы кем балалардың тұлғалық дамуына, бұл факторлардан басқа, оның өзіндік биологиялық ерекшеліктері ықпал етеді. Ақыл-ойы кем балалар, өздерінің ойлау қабілеттерінің кемшілігіне байланысты, жалпы ұғымдар мен заңдылықтарды, адамгершілік, өнегелілік ұғымдары мен қоғамдық құрылым мәселелерін, өздерінің сау құрбыларына қарағанда, анағұрлым кеш меңгереді.
Бастауыш сыныптарда, олардың жақсы және жаман туралы түсініктеріне үстірттік, терең бойламау сипаттары тән. Олар өнегелілік туралы ережелерді мұғалімнен, ата-аналарынан, кітаптардан оқып үйренеді, бірақ, күнделікті өмірлік ситуацияларда, ол ережелерге сәйкес, ойланып әрекет ете алмайды. Ақыл-ойы кем балалар өнегелілік ұғымдарын жете түсінбегендіктен, көп жағдайда әртүрлі кері әсерлерге ұрынады, қателеседі. Кейбір елдерде, ақыл-ойы кем балаларды оқыту, міндетті болып саналмайды, ауқатты ата-аналар ғана, мұндай балаларын оқытуы мүмкін.