8-нұсқа «Бұқаралық ақпарат құралдары» бөлімі



Дата05.06.2023
өлшемі14,78 Kb.
#98681

8-нұсқа
«Бұқаралық ақпарат құралдары» бөлімі

Төменде берілген екі мәтінді оқып, тапсырманы орындаңыз.


А мәтіні:газет мақаласынан үзінді

Бұқаралық ақпарат құралдарының жастардың отбасы туралы ұғымына тигізетін әсері
Қоғамда болып жатқан бетбұрыстардың (тенденция), ғылым мен техника жетістігінің, тұлға психикасына әсері күшті болып отырғаны белгілі. Осындай өмір ағысына қарай тез бейімделіп кететін жастардың психологиялық теңдігін сақтау үшін отбасылық қарым-қатынастың, қоғамдық күштің, оның ішінде этностық құндылықтардың рөлі ерекше.
Қатыгез бағдарламалар, ойындар мен кинолар, жарнамалар адамның рухы мен жанына кері әсер етеді. Бұл қоғамдағы адамдардың тұрмысының өзгеруіне әкеп соғады. Осындай ақпараттар адамның адамгершілік құндылықтарының жойылуына себепші болады.
Отбасы бұқаралық ақпарат құралдарының отбасы мүшелеріне тигізетін ықпалынан көп зардап шегеді. Теледидар жастардың отбасын құру туралы түсінігіне, отбасында қарым-қатынас құруына, жас ұрпақты тәрбиелеу сапасына әсер етеді. Бала санының азаюы, әйелдердің қоғамдағы рөлінің өзгеруі және тағы басқа әлеуметтік факторлар отбасы құрылымын өзгерткен. Түрлі телебағдарламалар, әлеуметтік желілер мінез-құлық үлгілерін, кино, телехикая және жарнама түрінде ұсынады. Мәселен, осы қалыптар әйелдердің еркекке ұқсауы, ер адамның әйелге үстемдігі түрінде, ерлі-зайыптылар арасындағы ұрыс-керістер, ата-ана мен бала арасындағы жағымсыз байланыс түрінде көрініс табады. Жасөспірімдер осындай жағымсыз кейіпкерден үлгі алуы әбден мүмкін.
Ерекше тоқталып өтетін тағы бір ортақ мәселе бар. Ол – жастардың интернетке тәуелділігі, ойынқұмарлығы. Барлық бос уақытын осы ойынның алдында өткізетін адамдар бар. Бұл адамның әлеуметтік өмірден, мәдениеттен алшақтауына әкеп соғады, ондай адам үшін компьютер ойындарынан басқа қасиетті ештеңе қалмайды. (200 сөз)
http://ife.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=1043:b-araly-a-parat-raldaryny




Ә мәтіні:

БАҚ-тың бала тәрбиесіне әсері жөнінде айтылған тұста, оның тәрбиелік ықпалына көбірек көңіл бөліп, керісінше зиянды саналатын бағдарламаларға тосқауыл қою керек. Ондай мысалдарды дамыған елдердің тәжірибесінен де кездестіруге болады. Мысалы, АҚШ, Ұлыбритания, Франция сияқты мемлекеттерде балаларға қатысты бағдарламаларды сараптаудан өткізіп, олардың дамуына кері әсерін тигізетін хабарлар қатаң түрде шектеу салынады. Сонымен қатар жеткіншектердің тұлға ретінде дамыту мақсатында ақпараттық өнім жасаушылармен тығыз байланыс орнату жағы да қарастырылған. Ондай қарым-қатынасты жүзеге асыру тікелей мемлекеттік дәрежеде жүргізіледі.
Әлеуметтік желілер соңғы кезде БАҚ-тың орнын басады деген сөздер жиі айтылады. Тағы бірде белгілі әнші Сәкен Майғазиев «Твиттерде менің 5 мың оқырманым бар, ал елімізде 5 мың оқырманы бар газеттер көп, сондықтан да мен бір газеттің бас редакторы секілді жүк арқалаймын» дегені бар еді. Тіпті, бұл тақырыпқа орай таусылмас пікірталастар жүргізе беруге болатындай.
Мәселен, БАҚ зерттеушісі Джоанна Блэкли: «Әлеуметтік желілер соңғы уақыттарда дәстүрлі БАҚ құралын басып озды», - дейді. Әлеуметтік желілердің феномені ХХІ ғасырдың бірінші он жылдығында-ақ танылып үлгерді және көптеген БАҚ электронды нұсқаға өтіп, әлеуметтік желілердегі маркетинг қарқын алды. Бүгінде газет-журналдар мен электронды басылымдар Facebook, Twitter және Вконтакте секілді желілерді ақпарат алу мен таратуда пайдаланып отырғаны анық. (192 сөз)
Екі мәтіндегі ақпарат пен өз пікіріңізді пайдаланып, «Әлеуметтік желілер БАҚ-тың даму құралы ма, әлде бәсекелесі ме?" деген тақырыпта эссе жазыңыз. Эсседегі сөз көлемі 170-200 сөз болуы қажет. [20]


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет