А. Б. Рахимбаев Маркетинг теориясы жəне практикасы Оқу құралы Алматы



Pdf көрінісі
бет118/165
Дата15.11.2022
өлшемі2,27 Mb.
#50338
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   165
7. Ішкі байланыс аудиториялары. Фирманың ішкі байланыс 
аудиторияларына оның өз жұмысшылары, қызметкерлері, ерікті 
көмекшілері, басқарушылар, директорлар кеңесінің мүшелері 
жатады. Ірі фирмалар өзінің ішкі байланыс аудиторияларының 
мүшелерін хабардар ету жəне ынталандыру үшін, ақпараттық
бюллетендерді шығарып, коммуникацияның басқа да формаларын 
пайдаланады. Жұмысшылар мен қызметшілердің өз фирмаларына 
деген көзқарастары жақсы болса, олардың жағымды қатынастары 
басқа да байланыс аудиторияларына таралады. 
7.3. Фирманың қызметіндегі макроортаның негізгі 
факторлары
Демографиялық орта. Демография — тұрғындарды саны жəне 
тығыздығы жағынан жəне т.б. зерттейтін ғылым. Маркетингпен 
айналысатындар үшін, демографиялық орта нарық адамдардан 
құралатын болғандықтан, үлкен қызығушылық тудырады.
Əлемдік демографиялық дүмпу. Адам мұқтаждықтары халық 
санының өсуімен қатар жүреді. Бизнес бұл мұқтаждықтарды 
қанағаттандыруға тиісті. Демек, мұндай жағдайда жеткілікті 
сатып алу қабілеті бар нарықтар саны өседі. Алайда, сатып алу 
қабілеттілігі жеткіліксіз болса, сатып алу төмендеп, нарықтардың 
тарылуы орын алады. 
Бала туудың төмендеуі. Туудың құлдырауы — қызметтің 
кейбір салаларына қауіп төндірсе, екіншілері үшін игілік болып 
Қаржылық
топт
ар
Ақпара
т 
құра
лдарының
байланыс
ау
ди
-
ториялары
Азаматтық 
əрекетшіл 
топтар
Көпшік
Ішкі
байла
-
ныс
ау
дит
о-
риялары
Фирма
Мемлек
еттік
мек
емелер
дің
байланыс
ауд
и-
ториялары
Ж
ергілік
ті 
байланыс
ау
-
дит
ориялары


188
189
саналады. Мұндай жағдай балалар ойыншығын, киім, жиһаз, 
балалар тағамын өндіретін кəсіпорын басшыларын алаңдатып 
отыр. 
Сонымен бірге, қонақүйлер, əуе жолдары, мейрамханалар жас 
жұптардың бос уақыттарының көптігі есебінен табыс табуда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет