А мәтіні: ғаламтор мақаласынан үзінді Театр – адамдарды туыстыратын шығармашылық отбасы



бет1/4
Дата02.05.2023
өлшемі27,87 Kb.
#89138
  1   2   3   4

Төменде берілген екі мәтінді оқып, тапсырманы орындаңыз.
А мәтіні: ғаламтор мақаласынан үзінді

Театр – адамдарды туыстыратын шығармашылық отбасы
Ағылшын халқы ерлерінің басым бөлігі театрға барған уақытта биік қалпақ (цилиндр) киіп барады. Олар таксиге отырғанда бас киімі төбеге тиіп қалмай, ыңғайлы отыруы керек. Сол үшін таксилердің төбесін биіктеткен. Міне, қызық. Былай қарасаң, машинаның төбесін аласартып, адамдарға бас киімін шеше салған немесе баскиімді қысқарта салған – қандай тұрғыда болмасын тиімді емес пе? Жоқ, бірақ ағылшындар олай жасамаған. Себебі, театрға баратын өздерінің қалыптасқан мəдениеті бар. Сол үшін арнайы автомобильдер құрастырған. Яғни, театр өнері, театр мəдениеті бүкіл халықты, экономиканы, өндірісті, саясатты, дизайнды толықтай өзіне бағындырып отыр деген сөз емес пе бұл? Қазір биік қалпақты (цилиндр) күнделікті киіп жүретін дəуір емес. Бұл бас киім оларда көбіне театрға барғанда ғана киіледі. Осындай күшке ие болып отырған бұл театр деген қандай өнер? Қайдан шыққан? Ол адамға не береді?
Театр – грек тілінен аударғанда «көрініс» деген мағынаны береді. Аймауытов айтқандай, «...театр деген нәрсе ермек емес, көңіл көтеру де емес, ол – үлгі, ол – тәрбие, өнер орны». Иə, рас, себебі онда ізгілік пен махаббат, зұлымдық пен қиянат секілді қасиеттердің ара қашықтығын, олардың айырмасын көрсетеді. Зұлымдықтарды сынай отырып, адамдарға ізгілік жолын, имандылық жолын көрсетеді. Театр өнерін жинақтаушы əртістер мен режиссерлер, суретшілер, драматургтар, композиторлар ғана емес, сонымен қатар көрерменмен диалог тудырушы өнер ретінде тану керек. Бұл – өте маңызды. Жалпы театр өнері көрерменді ғана емес, сол өнер адамының өзін, тіпті əлемді өзгертеді. Мүмкін, өнердің мақсаты да осы шығар: адамды өзгерту жəне əлемді тану...
(220 сөз)



Ә мәтіні: ғаламтор мақаласынан үзінді

Сәния Қабдиева, Театр өнерінің тарихы мен теориясы кафедрасының меңгерушісі, профессор:
– Қазіргі қазақ театры өнерінде буын алмасу мәселесі аса маңызды бо­лып тұр.
Театр қашан да өз кезеңінің асқақ рухын көрсетуі тиіс. Ал сахнадан өзекті тақырыптарды арқау еткен елеулі дүние қою үшін заманауи драматургиялық материал қажет. Бірақ жас режиссерлер пьеса жазып жүрген авторлар арасынан өздерімен мүдделес, әрі кәсіби деңгейде жұмыс істейтін дра­матургтерді таппайды.
Бүгінде пьеса жазумен шұғылданып жүргендерді драма­тург деп айтуға да келмейді, себебі олардың жазғандары кә­сіби өлшемдерге сай емес. Авторлар көрерменді толған­ды­ратын күрделі мәселелерді айтып, өздерінің шығар­ма­шылық келбетін табудың орнына жағымды және жағымсыз бо­лып бөлінген, бір бояумен әрленген кейіпкерлері бар, қа­рабайыр ашық тартысқа құрылған шындыққа жанаспайтын оқиғаларды ойдан шығарып жүр. Олар өздері бейнелеген кейіпкерлерінің тағдырына, мінез ерекшелігіне, тіпті көңіл бөлмейді. Соның салдарынан үзік-үзік көріністерді бей­берекет біріктіре салған сапасыз драматургиялық шы­ғармалар көбейіп кетті. Ондай қойылымдарда өнер көр­сеткен актерлер өз қаһармандарының ішкі тебіреністері мен толғаныстарын ашып көрсете алмайды. Бұл күнде спек­такльдерде астарлы мағына, екінші план деген ұғымдар мүлде көрінбейді.
«Жақсы» деп баға беруге татымайтын қойылымдардың көбеюі актерлік және режиссерлік кәсібиліктің ғана емес, жал­пы сахналық мәдениеттің деңгейін төмендетті. Ре­жис­сер­лер жаңа жазылған сапалы пьеса таппағандықтан про­залық шығармаларды сахнаға лайықтап немесе классикалық дүниелерді интерпретациялаумен шектеледі.
Қазақстандағы театр өнерін дамытуда маңызды фак­тордың бірі – шеттен шақырылған режиссерлермен жұмыс істеу. Бұл біріншіден, кәсіби тәжірибе алмасу болса, екін­шіден, театрлық мәдениеттер байланысын нығайтуға ық­пал етеді.
(204 сөз)



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет