Абай атындағы №31 жалпы орта мектеп. Тарих пәнінің мұғалімі Г. Смаилова алғАШҚЫ Қауымдық діни сенім түрлері



бет1/4
Дата01.03.2023
өлшемі29,18 Kb.
#70596
  1   2   3   4



Абай атындағы №31 жалпы орта мектеп.
Тарих пәнінің мұғалімі Г.Смаилова


АЛҒАШҚЫ ҚАУЫМДЫҚ ДІНИ СЕНІМ ТҮРЛЕРІ

Көне дәуірлерде пайда болған сенім-нанымдар, ғұрыптар және рәсімдердің қайсысының алғашқы қауымдық діни сенімдердің жеке, дербес түрі екендігі туралы мәселе ғылыми әдебиеттерде әлі шешімін таппаған. Олардың барлығы кең таралған және әмбебап, себебі ежелгі қоғамдардың барлығында кездеседі.


Зерттеушілердің көпшілігі көне діни сенім түрлеріне төмендегідей ерекшеліктер тән екендігіне келіседі:
1. Құдіретті, жаратушы, әлемді басқарушы «Құдай» деген сенімінің жоқтығы. Оның орнына материалды заттар, табиғат құбылыстарына, жануарлар мен өсімдіктерге ерекше тылсым қасиетке ие деп табыну.
2. Өмір мен ғұрыптың араласып кетуі (ажырамауы): ежелдегі адамның өмірі, оның діни құлшылығы деп айтса болады. Оның әрбір іс-әрекеті мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан дәстүрлері рәсімдер мен қағидаларға сәйкес жасалынған, оның өзі моралдық және жүріс-тұрыс қағидаларын, қоршаған орта туралы қарапайым білімдер мен дағдыларды жинақтау, сақтау және ұрпақтан ұрпаққа жеткізуде маңызы зор еді.
3. Діни табынушылықтың ру-тайпалық сипатта болуы, әрбір тайпаның өзінің табынатын обьектісі болған: біреулері белгілі бір аңға сыйынса, басқалары өлген адамның рухына сиынған[8, 102б].
Ғалымдар алғашқы қауымдық діндердің пайда болуын адамның ойлау жүйесінің ерекшелігінен, олар қоршаған дүниені сезімі, эмоциясы және еркі бар жанды тіршілік ретінде сезінген деп жорамалдайды.
Исламдық тұрғыдан алғашқы діни сенім түрлерінің пайда болуының себебі адамдардың таухид сенімінен ажырап, адасуынан деп түсіндіріледі.


Фетиштік
Фетишизм (португал тілінде - сиқыр заты) керемет әсер ететін, қасиеттері бар деп саналатын жансыз заттарға табыну. Бұл термин ғылыми айналымға 18 ғасырдың аяғында кірді, алғашқыда Франсуз ғалымы Шарл Деброс, кейін О. Конт (19ғ.) кеңінен қолданды.
Фетишке сенім негізінде затты адам сияқты сезімі, эмоциясы т.б. қасиеттері бар деп қабылдау жатыр. Фетиш ретінде – ағаш, тас, сүйек, үй заттары, жануарлардың тісі, мүйізі т.б. нәрселер алынған. Ежелгі адамдар фетишке арнайы орын дайындап, оған сиынған. Кейінгі дәуірлерде адамдар фетиштерді жануар және адам кескінінде жасап, оларға тылсым құдірет күші ретінде сиынатын болған. Алғашқы қауымдық құрылыстың соңғы дәуірлерінде қарапайым фетиштіктің жаңа түрі пұтқа табынушылық қалыптасты. Енді құдайларды, рухтарды кескіндеп табына бастады. Мұны пұтқа табынушылық дейді.
Фетиштіктің тағы бір түрі тұмар (амулет, талисман) – тылсым күш. Төтеннен болатын жағдайлардан қорғайды деген сенім-наным. Сонымен қатар тұмар тіршілікте бақыт, сәттілік әкеледі деп сенген. Фетиштіктің сарқыншақтары барлық діндерде кездеседі, бірақ оның мазмұны әр түрлі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет