Агглютинация



бет1/15
Дата18.04.2023
өлшемі50,27 Kb.
#83801
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Абулия - ми патологиясында пайда болатын iс-әрекетке итермелегiш күштiң болмауы, шешiмдi қабылдап әрекет ету немесе оны орындау керектiгiн түсiнуiндегi қабiлетсiздiгi.
Агглютинация - алғашқы ойдың сақталуында, әртүрлі сөздердің мифологиялық құрылымдары мен түрлі механизмдердің құрастырылуы.
Агрессия - адамның басқа адамдарға қатынасындағы, оларға зиян немесе нұсқан келтіруге бағытталған мінез-құлық, әрекет.
Агрессивтік мінез-құлық - адам әрекетінің ерекше формасы, мұндай мінез-құлық субъектің нұқсан келтіру мақсатымен өзінен басқа адамға немесе адамдар тобына өз артықшылығын білдіріп, қыр көрсетуі немесе күш қолдануға тырысуымен сипатталады.
Аккомодация - көздің әр түрлі қашықтықтан көруге бейімделуі, үйренуі.
Антропогенез - адамның (Ноmо sаріеns) шығу процесі, оның физикалық типінің қалыптасуындағы тарихи-эволюциялық процесс.
Антропология - адамзатты зерттеу, адамның шығу тегі және эволюциясы туралы ғылым. Антропологияның негізгі бөлімдері: адам морфологиясы, антропогенез, нәсілтану туралы ілім.
Апатия - сылбырлық, көңілдің еш нәрсеге соқпауы, ұнжырғаның түсуі. Өмірге немқұрайлы қараудан, көңіл-күйдің басылып, көмескіленуінен болады. Апатияға салынған адам туған-туысқандарына, жақын дос-жаранына селқос қарайды, идеялық мүдделерден, мәдени дағдылардан айырылады, эмоциялық сергектігі бәсеңдеп, сөне бастайды.
Апперцепция - адам психикасының дүниені қабылдау процесі, сыртқы дүниенің әсер етуіне, басынан кешкен тәжірибесіне, біліміне, мақсат-мүддесіне, әдет-ғұрпына байланысты болатын адам психикасындағы маңызды қасиеттерінің бірі.
Аралық ми - барлық омыртқалы жануарлар мен адам миының бір бөлігі. Ол алдыңғы ми көпіршіктерінің артқы бөлігінен дамиды. Аралық ми орта мидың алдында тұрады. Оған: иіс сезу, көру, есту, дәм сезу, тері, ет және сіңір рецепторларынан импульстер келіп, одан әрі мидың басқа бөліктеріне тарайды.
Арман - психологияда: адамның келешекке бағытталған қиялы. Жетсем деген мақсат, мұратын, орындалу барысын ойша елестетуі, көксеуі. Іс-әрекетпен тікелей байланысып жатпағандықтан, оны шығармашылық қиялдың дайындық сатысы деуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет