Агглютинация



бет7/15
Дата18.04.2023
өлшемі50,27 Kb.
#83801
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
Галлюцинация - перцептивтік іс-әрекеттің патологиялық бұзылуы; берілген сәтте тиісті сезім органдарына әсер етпейтін объектілерді қабылдауға саяды.
Генетикалық психология - әдетте, даму психологиясы деп аталатын
терминнің жақын синонимі ретінде қолданылады. Генетикалық психология көбінесе ересек организм мысалында қарастырылатын құбылыстарға негіз болатын даму процестерін зерттейді.
Геронтология - қартаю процесін және қарт адамдарды зерттеу.
Гуманистік психология – психологияның ең басты пәні бірегей біртұтас жүйе болып табылатын тұлға болуға тиіс деп есептейтін бағыт.
Ғарышкерлік психологиясы - адамның салмақсыздық пен әуе кеңістігінің айдынында бағдарсыз жағдайда жұмыс істеу кезіндегі қиыншылық жағдайдағы психологиясын, адамның көңіл-күйімен төзімділік көрсету шараларын зерттейді.
Дағды - алғашқыда саналы орындауды қажет ететін әрекеттің жаттыға беру нәтижесінде автоматты қалыптасуы.
Данышпандық - бүкіл адамзаттың игілігі үшін өшпес, өлшеусіз еңбек етіп, ұлы мәселелерді парасаттылықпен шеше алатын адамға тән психологиялық қасиет.
Дарындылық – үлкен нышаннан туындайтын қабілеттіліктің түрі. Дарындылық адамның сәби кезінен байқалатын ерекше қабілетілігі, өнердің бір түріне туа бейімділігі.
Дедукция - жалпыдан жекеге қарай жүргізілетін ой қорытындысы.
Дефектология - аномалиялы балалардың дамуының психологиялық- физиологиялық ерекшеліктері, оларды оқыту мен тәрбиелеу заңдылықтары туралы ғылым.
Джеймстің - Лангенің эмоциялар теориясы - америкалық философ және психолог У. Джеймс пен неміс психологі Г. Лангенің XIX ғасырдың 80 - 90-жылдарында бір-бірінен бөлек ұсынған теориясы. Бұл теория бойынша эмоциялардың пайда болуы еріксіз қозғалу саласындағы, сондай-ақ жүрек, қантамыр, секреторлық қызметтің саласындағы өзгерістердің сыртқы әсерлерінен туындайды. Эмоциялық күйініш-сүйініштер осы өзгерістермен байланысты түйсіктердің жиынтығы болып шығады. Джеймстің ойынша,
«жылағандықтан мұңданамыз, дірілдегендіктен қорқамыз, күлетіндіктен қуанамыз». Джеймс эмоцияларды перифериялық өзгерістердің кең тобымен байланытырса, Ланге қантамыр-қозғалу жүйесімен - иннервация күйімен және тамырлардың саңылауымен байланыстырды. Осылайша, әдетте, эмоцияның салдары деп қарастырылатын перифериялык, органикалық өзгерістер олардың себебі деп жарияланды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет