Алғашқы қазақ басылымдар



бет1/4
Дата01.11.2023
өлшемі461,13 Kb.
#121344
  1   2   3   4

Алғашқы қазақ басылымдар

Қазақ ұлттық баспасөзінің дамуы. Ресми емес қазақ мерзімді баспасөзінің қалыптасуы XX ғасырдың басындағы жалпы азаттық қозғалыспен тығыз байланысты. Ол 1905–1907 жылдардағы революциның арқасында ғана туды. Алайда бұл басылымдар дүниеге едәуір қиындықпен келді. 1907 жылғы 28 наурызда II Мемлекеттік Думаның депутаты Шаймерден Қосшығұловтың бастамасымен «Улфат» газетіне қосымша ретінде «Серке» газетінің бірінші нөмірі шықты. Ш. Қосшығұловтың айтуынша, небәрі 3–4 нөмірі шығарылған. Цензура оны қауіпті деп тауып, газет жабылып қалған. 1907 жылғы наурызда Троицкіде «Қазақ» газетінің бірінші (әрі соңғы) нөмірі шықты. Қазақ қоғамы демократияшыл жұртшылығының ұлттық баспасөз ұйымын құру жөніндегі ынтасы күшейе берді. 1911 жылғы 16 наурызда Орал қаласында қазақ және орыс тілдерінде шағын көлемді «Қазақстан» газеті шықты. 1913 жылы қыркүйектен желтоқсанға дейін Петропавлда «Ешім даласы» газеті шығып тұрды. Алайда таралымы шектеулі бұл газеттер орасан үлкен аймақтың түрлі топтарының өскелең талаптілегін қанағаттандыра алмады. Жалпыұлттық көлемде мерзімді баспасөз құру бұрынғысынша жалпыұлттық проблема болып қала берді.

Шәймерден Қосшығұлов

Қазақ баспасөзі XIX- ғасырдың екінші жартысында, яғни Қазақстанның Россияға қосылуының нәтижесінде пайда болды. Оның даму тарихы әлі толық зерттеліп, бір жүйеге келтірілген жоқ. Бұл саладағы ең алғашқы сөз, бізге белгілі дерек бойынша 1925 жылы айтылған екен. Осы жылы жазғы тұрым Ташкентте «Ақжол» газетінің ұйымдастырумен жалпы қазақстандық баспасөз тілшілерінің съезі өткізілген. Съезде Байтасұлы «Қазақ баспасөзінің тарихы туралы» деген тақырыпта баяндама жасаған. С. Сейфуллиннің айтуына қарағанда, ол «Баяндамасында алғашқы революция кезінде шыққан газеттердің қандай болғанын өзінше бұза, шала-пұла айтқан» көрінеді. Қазақ баспасөзінің бағыт-бағдарына алғаш баға бергендердің бірі жазушы-академик С. Мұқанов. Ол өзінің 1932 жылғы «XX ғасырдағы қазақ әдебиеті» деген кітабында қазақ баспасөзіне біраз талдау жасайды. Сол сияқты профессор Қ. Жумалиев пен профессор Е. Исмайыловтың 1941 жылғы «Қазақ әдебиеті» деген оқу құралында, «Қазақ ССР тарихында»., Қ.Бисембиевтің 1961 жылғы «Қазақсанда XIX ғасырдың аяқ шенінде және XX ғасырдың басында болған саяси-идеялық ағымдар» деген кітабында қазақ баспасөзі туралы сөз болды. Қазақ баспасөзінің кешегі-бүгінгісін бірыңғай зерттеп, мол мұра қалдырған Х. Беккожиннің есімі ерекше аталуға тиіс. Аталған авторлардың еңбектері кезінде өз міндеттерін атқарады, өз қызметтерін көрсетті.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет