Алғашқы қоңырау қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын жүргізуші



Дата25.09.2023
өлшемі20,25 Kb.
#110210

Алғашқы қоңырау 1 - қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын

1 - жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, қонақтар, ата - аналар, оқушылар. Арайлы жаздың үш айын мазмұнды да, мәнді өткізіп, сағынышпен алтын ұя мектебімізге оралып отырған оқушыларды құттықтаймыз.
Мектеп деген білім күні, жыр күні
Мектеп деген ғылымның ең үлкені
Мектеп деген тәрбиеші адамға
Мектеп деген даналардың мекені

2 - жүргізуші: Өмір бойы мектебімді жыр етем,
Бір өзіңде бақыт, білім, берекем.
Шәкірттерің өрістесін, өрлесін,
Құтты болсын «Білім күнің»- мерекең!
Құрметті ұстаздар, қонақтар, ата - аналар, аяулы оқушылар! Бүгінгі сағынышқа, шатыққа толы «Алғашқы қоңырау» мерекелеріңіз құтты болсын!
1 - жүргізуші: Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,
Болсын солай әрбір күнің, әр айың.
Мерекеңіз құтты болсын ата - ана,
Мерекеңіз құтты болсын ағайын! – деп бүгінгі мереке мектеп табалдырығын аттайын деп отырған 1 - сынып бүлдіршіндеріне арналады.

2 - жүргізуші: Бүгінгі салтанатты жиын – 2023-2024 оқу жылындағы 1–сынып оқушылары үшін аса салтанатты күн. Бүгін 1– сынып оқушылары үшін өмірлеріндегі алғашқы қоңырау соғылады. Мектеп табалдырығын алғаш рет аттағалы отырған бүлдіршіндерді алғашқы ұстазы Жаймагамбетова Арайлым Қуанышқызымен шақырамыз.
(Сынып жетекшілерімен 1-сынып оқушылары алаңға өтеді. Оқушылар алаңға өтіп жатқан кезде әуен қосылады)
1 - жүргізуші:Бүлдіршіндер ертеңгі ел мамандары, Құтты болсын алғашқы қадамдары. Құтты болсын, болашақ баспалдағы, Құтты болсын басталған оқу жылы!
2 – жүргізуші: Мазмұнына өрнегі жарасқан, тәуелсіздіктің қасиетті туы мәңгі желбіресін, - дей отырып ҚР-ның мемлекеттік туына сап түзелсін!
Әскери жетекші: Мектеп, түзулен, тік тұр!
ҚР Мемлекеттік туы әкелінсін!
Әнұран


1-жүрг: Бүгінгі салтанатты жиын қонақтарымен таныстыруға рұқсат етіңіздер: (келген қонақтармен таныстырады
1)Қопа ауылдық округінің әкімі Бусурманова Айгуль Мирамбаевна
2)Қопа орта мектебінің ардагер ұстазы Есенгалиева Ақсара Иманғазықызы
3)Қопа орта мектебінің қамқоршылық кеңесінің мүшесі Нұрлыбаева Жанагүл Қасқырбаевана
4)
5) 6)

2-жүрг: Абзал жан, биік тұлға байсалды, Құшақ жая шәкірттерін қарсы алды. Бүгінгі салтанатты шақта бір, Құттықтайды мектеп басшысы баршаңды, дей келе, құттықтау сөз мектеп директоры Бахтыбаев Кенжегүл Жарасовнаға беріледі.
2-жүрг: Келесі сөз кезегін Қопа ауылдық округінің Әкімі Бусурманова Айгуль Мирамбаевнаға береміз
1 - жүргізуші: Бүгінгі салтанатты мерекеміздің мәртебелі қонағы Қопа орта мектебінің ардагер ұстазы Есенгалиева Ақсара Иманғазықызына сөз кезегін береміз.
Келесі сөз кезегі Қопа орта мектебінің қамқоршылық кеңесінің мүшесі Нұрлыбаева Жанагүл Қасқырбаеванаға береміз
2 - жүргізуші: Қадамыңа гүл бітсін деп ал халқым,
Қол соғып бір қошеметтеп тұр жалпың.

1 - жүргізуші:
Ортаға 1 - сыныпқа қадам тастаған бүлдіршіндер келеді,
Жүрек жарды тақпақтарын сіздерге айтып береді.
( 1 сынып тақпақтарын айтады)
2 - жүргізуші: Келесі кезекті 1-сынып оқушыларының орындауында «Оқып, біліп үйренеміз» әні
1 - жүргізуші: Құттықтап білім күнімен, Сыйлаймыз сізге «Әліппе». Бар білімнің бастауы, Қадірле оны дәріпте – дей келе кезекті «Әліппе» табыстау рәсіміне береміз
(Әліппе табыстау)
2 - жүргізуші:
2022 - 2023 оқу жылына арналған мектеп бұйрығын таныстыру үшін сөз кезегін директордың тәрбие - оқу ісінің меңгерушісі Бакытжанова Ляззат Рысбековнаға беріледі.
(Бұйрықпен таныстыру)


1 - жүргізуші: Қағылмақ міне әуенге бөлеп, Қағылмақ алғаш қоңырау, Нұр толқып жүзің, гүл толып құшақ, Шаттыққа толсын омырау. Алғашқы қоңырау соғу үшін құрметпен ортаға 1-сыныпқа қадам басқан шәкірттерді алғашқы ұстазымен шақырамыз.
(Қоңырау соғылады)
Әскери жетекші: Мектеп, түзулен, тік тұр! ҚР Мемлекеттік туы түсірілсін!
1 - жүргізуші: Құрметті оқушылар, баршаңызды Білім күніне арналған «Мектебім- мейірім мекені » атты алғашқы сабаққа шақырамыз.
2 - жүргізуші: Осымен «Білім күніне» арналған салтанатты жиынды «жабық» деп жариялаймыз!




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет