Қалымбек Аян Советұлы



бет36/69
Дата06.01.2022
өлшемі1,85 Mb.
#12214
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   69
Романтик жан еді ол
Романтик жан еді ол,

Мені қатты сүйеттін.

Бауырыма басқанда,

Мырс - мырс етіп күлетін.


Жаны жайсаң күледі,

Сенімді асқақ қоятын.

Көгертетін көсемді,

Өзі сыршыл болатын.


Махаббаттың бал күнін,

Асқақ етіп барыңнан.

Аямайтын еді ол,

Қолдағысын жарынан.


Мені қатты сүйетін,

Сүю үшін жаралған.

Ибалы да арлы еді,

Туылғандай жаңадан.


Қатты сүйдім мен оны,

Ол әйтеуір тәтті адам.

Өмір бойы өшпейтін,

Жүрегіме сақталған.


Менсіз ғұмыр кешпейтін,

Жаралғандай ұрқымнан.

Мен де онсыз кешпеймін,

Жырлар жазып бұлқынған.


Романтик жан еді ол,

Менің сол бір сәулелім.

Аяқталған сияқты,

Онсыз менің дәуренім.



Думанқызы Нұржар -

2001 жылы 9 - қыркүйекте

Зайсан ауданы, Қаратал ауылында дүниеге келген. Екі шет тілі мамандығының 1-курс студенті.

Қияли өлең
Менің ойым шарлады қия бақты,

Сәулелер нұрландырып қиялатты.

Бүгін маған тіл қатып мен күткен жан

Жүрегіме бір сәуле ұялатты.


Шығарсам деп даусымды жер бетіне,

Тырысамын сезімімді селдетуге.

Ғашықпын қиялынан бөлек оның

Дауысына, көзіне, келбетіне!


Жүректерге ыстық лебіз құйылсын ,

Жан дүниесіне жылы шырай жиылсын.

Ақша, байлық керек емес, тек маған

Жақсы жанмен бірге болу бұйырсын!




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет