Алимхан Жунисбек verstka 19 06 18 indd indd


- дауысты (тербелмелі) дыбыс



Pdf көрінісі
бет22/221
Дата13.02.2023
өлшемі10,2 Mb.
#67422
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   221
- дауысты (тербелмелі) дыбыс – 1) Өкпеден шыққан ауаның 
ауыз қуысында еркін өтуінен пайда болатын дыбыстар. 2) Дауыс жел-
безегінің толық тербелімі арқылы жасалады. 3) Дауыстылар буын 
құрайды. Дауыстылар жүйесі лингвистика ғылымында вокализм деп 
аталады.
- қатаң (тербеліссіз) дыбыс – дауыс желбезегінің қатысынсыз 
жасалатын дауыссыз дыбыс;
- ұяң (тербеліңкі) дыбыс – дауыс желбезегінің жартылай тер-
белімі арқылы жасалатын дауыссыз дыбыс;
- үнді (тербелімді) дыбыс – дауыс желбезегінің мол тербелімі 
арқылы жасалатын дауыссыз дыбыс;
- сингема – түркі тілдеріндегі сөз мағынасын түрлендіре алатын 
ең кіші фонетикалық бірлік;
- аллосингема – сингеманың фонетикалық варианты;
- тонема – буын тілдердегі сөз мағынасын түрлендіре алатын ең 
кіші фонетикалық бірлік;
- аллотонема тонеманың фонетикалық варианты;
- фонема – үнді-еуропа тілдеріндегі сөз мағыналарын түрлендіре 
алатын ең кіші фонетикалық бірлік;
- аллофон – фонеманың фонетикалық варианты;
- транскрипция – сөйлеу үстіндегі дыбыстардың түрленім үл-
гілерін белгілейтін таңбалар;


34
- фонетикалық транскрипция – сөйлеу үстіндегі дыбыстардың 
барлық айтылым үлгілерін белгілейтін таңбалар; 
- фонологиялық транскрипция – сөйлеу үстіндегі мағыналық 
мәні бар дыбыс түрленімін белгілейтін таңбалар;
- халықаралық фонетикалық әліпби – әлемдегі тілдердің ды-
быстары мен дыбыс түрленімін белгілейтін тіл-тілдің бәріне ортақ таң-
балар жиынтығы.
4. ҚАЗАҚ ТІЛІ ДЫБЫСТАРЫ
Қазақ тілі дыбыстарының талдану жолдары мен жіктелімі жаңаша 
қарастырылды.
Фонетикалық талдау:
- дыбыстың жасалымы (артикуляциясы), дыбыстың жасалымына 
қатысты сөйлеу мүшелері мен олардың қалпын анықтайды;
- дыбыстың айтылымы (акустикасы), дыбыстың айтылымына қа-
тысты ауыз қуысы мен көмей қуысының өзара жүйесін (резонаторлар 
немесе жаңғыртқылардың қалпын) анықтайды;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   221




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет