Қан. Қан құрамы, қызметі. Қанның формалық элементтері, олардың қызметі, саны. Қан топтары, резус-фактор. Гемостаз Мазмұны



Pdf көрінісі
бет1/12
Дата02.12.2023
өлшемі362,23 Kb.
#131742
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


Қан. Қан құрамы, қызметі. Қанның формалық элементтері,
олардың қызметі, саны. Қан топтары, резус-фактор. Гемостаз 
Мазмұны: 
1.
Қан. Қанның реттеу, тасымалдау, қорғаныс қызметі 
2.
Қан құрамы. Плазма құрамы. Физико-химиялық көрсеткіштері. Осмотикалық және 
онкотикалық қысымы. 
3.
Қанның негізгі функциялары. Қанның формалық элементтері, олардың қызметі, саны 
4.
Қанның клинико-физиологиялық тексеру әдістері. Қан топтары, резус-факторы. 
Гемостаз. 
Білуіңіз қажет: 
1.
Қанның құрамын. Эритроциттерге, лейкоциттерге, тромбоциттерге сипаттама білу. 
2.
Плазма құрамын 
3.
Қанның клинико-физиологиялық тексеру әдістерін 
4.
Қан топтарын, резус-факторын, ЭТЖ-ны
5.
Гемостаз, оның кезеңдерін 
Игеруіңіз қажет:
Түсті таблицалардан, қанның микропрепараттарынан 
1.
Қанның эритроциттерін, лейкоциттерін, оның түрлерін, тромбоциттерін табу, ажырату 
2.
Қанның лейкоцитарлық формуласын білу, жазып беру және клиникада қолдануын білу 
3.
Қан топтарын, резус-факторын анықтау. Қан құюдың заңдылығын білу. 
Қан жүйесі физиологиясы 
Қан, лимфа және жасушааралық сұйықтық организмнің ішкі ортасын құрайды. Жасуша тіршілігі
үшін осы ішкі ортаның оның ішінде қан құрамының физикалық, химиялық, биологиялық 
қасиеттері тұрақты болуы шарт, тек осы тұрақтылықтың арқасында организм сырттағы 
құбылмалы да күрделі өзгерістерге төтеп бере алады. Адамның солтүстік полюс суығында да, 
онтүстік шыжыған ыстығында да өмір сүре беретіні осы тұрақтылыққа байланысты. Ішкі 
тұрақтылықтың өмір үшін аса қажет шарт екеніне тұңғыш көңіл бөлген француз физиологі Клод 
Бернар еді. Организмнің ішкі сұйықтық ортасының салыстырмалы тұрақтылығы тіршілікті 
сақтауда өте қажет деп мәлімдеді ол 1878жылы. 1929ж. Америка физиологі В.Кэннон ішкі 
ортаның, организмнің басты биологиялық көрсеткіштерінің тұрақтылық дәрежесін белгілеу үшін 
гомеостаз деген жана термин ұсынады. 
 Гомеостаз 
деп қан көлемі мен құрамының және оның физикалық, химиялық, биологиялық 
қасиеттерінің тұрақтылығы, яғни барлық биологиялық константаларды (артериялық қан қысымы, 
дене температурасы т.б.) айтады. Жасушалардың тіршілігіне байланысты және олардың 
айналадағы табиғи құбылыстарымен ойдағыдай қарым-қатынас жасауы әрдайым гомеостаздың 
сақталуына қауіп төндіретін жағдай болып саналады. Бірақ бүйрек, тер бездері, өкпе сияқты 
көптеген ағзалардың қызметі арқасында, сондай-ақ денедегі арнайы механизмдердің қатысуымен 
гомеостаз әдетте бұзылмайды. Қан тіршілік етуіне аса қажет сұйықтық. Жарақаттану салдарынан 
қанның 25-30% сыртқа ағып кетсе, тіршілікке қауіп төнеді, 50% ағып кетсе өледі. Қан тамырда 
жылжымай тоқтап қалса не қан ағысы тым бояуласа адам өлуі мүмкін. Мысалы, денедегі кейбір 


жасушалар, әсіресе ми қыртысының нейрондары уақытында келетін қан мөлшері азайса, 5-6 
минуттан кейін бұзыла бастайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет