Қант диабеті БӨж орындаған: Тағанбек Динара Нарбекқызы



бет1/11
Дата01.03.2023
өлшемі1,25 Mb.
#71000
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Қант диабеті
БӨЖ
Орындаған: Тағанбек Динара Нарбекқызы
Қабылдаған: Джубанишбаева Т.Н.
Тобы:ЖМ-22-22
Шымкент 2023 жыл
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Шымкент кампусы
Жоспар
Кіріспе бөлім
Негізгі бөлім
  • Классификациясы
  • Этиологиясы
  • Патогенезі
  • Клиникасы
  • Диагностикасы
  • Емі

  • Қорытынды бөлім
    Пайданылған әдебиеттер

Зерттеу сұрағы:
  • Қант диабеті жайлы ақпарат беру.
  • Жіктелуі , клиникасы, диагностикалау және емдеу тәсілдері қалай жүзеге асырылады?

Зерттеу мақсаты:
Бүгінгі күнде қант диабетінің ҚР ДСМ заңнамаларына сәйкес жіктелуі, диагностикасы және амбулаторлы жағдайда емдеу принциптері жайлы ғаламтордағы соңғы мәліметтерді, бұйрықтарды, хаттамаларды сараптап, әріптестерге ұсыну.
Қант диабеті – метаболиттік (айырбас) зақымданулардың тобы, ол инсулин секрециясының бұзылуы, инсулин ықпалы немесе осы екі фактордың бұзылуы нәтижесінде пайда болатын созылмалы гипергликемиямен сипатталады.
Инсулин- бұл ұйқы безінің лангерханс аралшасының бетта клеткасынан өндіріліп тікелей қанға сорылатын қалыпты жағдайда қандағы қант денгейін жоғарлатпай бір денгейде ұстап тұратын гормон болып табылады
Негізгі фактілер
  • 1980-2014 жылдар аралығында қант диабетімен ауыратын адамдардың саны 108 миллионнан 422 миллионға дейін өсті. Табысы төмен және орташа елдерде қант диабетінің таралуы табысы жоғары елдерге қарағанда тез өсуде.
  • Қант диабеті соқырлықтың, бүйрек жеткіліксіздігінің, инфаркттың, инсульттің және төменгі аяқтың ампутациясының жетекші себептерінің бірі болып табылады.
  • 2000 жылдан бастап 2016 жылға дейін қант диабетінен болатын мезгілсіз өлім-жітім 5% - ға ұлғайды.
  • 2019 жылы қант диабеті әлемдегі өлімнің тоғызыншы жетекші себебі болды және шамамен 1,5 миллион адамның өліміне тікелей себеп болды.
  • Дұрыс тамақтану, үнемі физикалық белсенділік, дене салмағын дұрыс ұстау және темекі шегуден бас тарту 2 типті қант диабетінің алдын алады немесе кешіктіреді.
  • Қант диабетін емдеуге болады, ал диета, физикалық белсенділік, дәрі-дәрмекпен емдеу және асқынуларды үнемі бақылау және емдеу оның салдарының басталуын болдырмауға немесе кешіктіруге көмектеседі.

Классификациясы

1 типті ҚД

Ұйқы безінің β-жасушаларының деструкциясы, әдетте толық инсулиндік жетіспеушілікке алып келеді

2 типті ҚД

Инсулинорезисторлықтың аясындағы инсулин секрециясының ілгері бұзылуы

ҚД-нің өзге айрықша типтері

− β-жасушалары функцияларының генетикалық ақаулары; − инсулин әрекетінің генетикалық ақаулары; − ұйқы безінің экзокринді бөлігінің ауруы; − дәрілік препараттар және химиялық заттармен индуцирленген (АИТВ/ЖИТС емдеу кезінде немесе органдар трансплантациясынан кейін); − эндокринопатии; − инфекции; − ҚД-мен сәйкес келетін өзге де генетикалық синдромдар. СД.

Гестационды ҚД

Жүктілік кезінде пайда болады



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет