Антика тарихнамасы



бет6/7
Дата18.10.2022
өлшемі46,26 Kb.
#43749
1   2   3   4   5   6   7
Публий Корнелий Тацит (б.э. 50–120 жылдар аралығы) атақты шешен болды. Оның негізгі тарихи еңбектері «Тарих» (14 кітаптан 1–4 кі­таптар және 5 кітаптың басы сақталынған) және «Анналдар» (16 кітаптан бізге 1–6, 11–16 кітаптар жетті) деп аталды. Бұлардан басқа «Агри́кола», «Германия», «Ше­ше­н­­дер туралы диалог» еңбектері бар.
Жас уақытында әртүрлі мемлекеттік қызметтерді атқарған. Сот ісіне ара­­ласып, сенатор болып, мемлекеттік қызметтің ең жоғарғы деңгейі кон­сул­дыққа дейін өскен. Өз заманындағы саяси құбылыстарға көңілі тол­май, көрген–білген­дерін, санасына тоқығандарын қағазға түсіріп ке­туге тырыс­қан.
Осындай мақсат қойған Тацит деректерді мұқият қарастырып, келе­шек­тегі кітабы үшін материал жинай бастайды. Әсіресе соңғы он жылдың оқиғаларын ол жіпке тізген моншақтай етіп, түсінікті, жинақы фразаларды пайдалана отыр­ып, шығармасын латынның классикалық әдебиетінің жақ­сы дәстүрінде жазып шығады.
Антикалық тарихшылардың ішінде Тацит деректерді пайдалануда шебер­лігімен көзге түскендердің бірі. Өкініштісі, ол өз дерек көздерін қайдан алғандығын айтпайды. Зерттеушілердің пайымдауынша ол саяси памфлеттерді, заңнамалық актлерді, Рим қайраткерлерінің естеліктерін кеңінен пайдаланған. Өткен тарихи оқиғаларға қатынасқан тұлғалармен кездесіп, олардан ақпарат алған. Тацит деректерді сол күйінде өз шы­ғар­­масына кіргізбейді. Реті келсе ол­ар­ды бір–бірімен салыстыру әдісін пайда­ла­нады. Қорыта айтқанда Тацит тек өз за­манының ғана белгілі тарихшысы емес, оның шығармалары осы күнге дей­ін өз маңызын жой­ған жоқ.
Рим тарихнамасының соңғы өкілі – Аммиан Марцеллин. Шамамен 330–395 жылдар аралығында өмір сүрген. Оның өмірбаяны жөніндегі мәлімет тым мардымсыз. Тегі жағынан Кіші Азиядағы гректер отба­сы­нан болуы керек. Рим–парсы соғыстарына қатынасқан, Рим империя­сы­ның батыс бөлігінде мемлекет­тік қызметте болған.
Оның жалғыз еңбегі «Әрекет» (Деяния) латын тілінде жазылған. Кей­де кітаптың аты «Рим тарихы» деп те аталады. Француз, итальян тіл­­дер­індегі нұс­қалары да қазақшаға аударғанда «тарих» деген мағы­на­ны біл­­ді­реді. Бізге дейін жеткен бөлігі Рим тарихының 353–378 жылдар ара­сын қамтиды.
Алғашқыда еңбек 30 кітаптан тұрған. 96–378 жылдардағы Рим та­рихы баяндалған. Бірақ бізге жеткені тек 18 кітабы ғана. Автор оқи­ға­ның хроно­логиясын сақтай отыра, аналитикалық әдісті пайдалана отыра баяндайды.
Бірақ, Аммиан антикалық авторлардың дәстүріндегі тарихи экскурс әдісін де ұмыт­пайды. Кітаптың тақырыбына байланысы жоқ Рим импе­рия­сының гео­графиялық, этнографиялық сипаттамасын береді. Жер сіл­кі­­ні­­сі, күннің, айдың тұ­тылуы сияқты табғат құбылыстарына тоқталады, әс­ке­­ри машиналар, мерует тастар, діни–философиялық ойлар, тағдыр ту­ра­лы, келешекті болжау мүмкін­шіліктері т.б. с.с. мәселелер сөз бо­лады.
Аммиан Марцеллин антика дәуірінің соңғы авторы. Сондықтан ол өзіне дейінгі авторлардың еңбектерін толығынан пайдаланды. Бірақ ол көбіне өзі пай­даланған дерек көздеріне сілтеме жасамайды. Оның шы­ғар­­масына негіз болған авторларды шартты түрде екі топқа бөлуге болады. Бірінші топқа аты атал­ған авторлар, екіншісіне аты шығармада көрсетіл­мегендер кіреді.
Дәстүр бойынша ол өз шығармасына белгілі қайраткерлердің сөй­ле­ген сөз­дерімен хаттарын да пайдаланған. Олардың саны – 3 хат, 12 сөз. (Парсы пат­шасы II Шапур менимператор Констанци арасындағы хат­тар, Констанци мен Юлианның жазысқан хаттары, Констанци, Юлианның сөздері).
Осыған қарамай, антика заманының тарихшылары нақтылы мате­риал­­дар жинап, оларды талдаудан, сараптаудан өткізіп тарихты білім­нен ғы­лым­ға айна­луына жақындады. Грек–Рим авторларының еңбек­те­рін­де Қа­зақ жеріндегі саяси–экономикалық жағдай жөнінде де деректер кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет