Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ



Pdf көрінісі
бет80/221
Дата31.12.2021
өлшемі3,61 Mb.
#21839
түріБағдарламасы
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   221
16 наурыз – Жайлау күні. Айнала табиғатпен біте қайнасып өмір сүру 
көшпелі  қазақ  дүниетанымының  бір  бөлігін  құраған.  Сол  себепті  ұлық 
мерекеде  жаратылысты  аялау  мақсатында  табиғат  аясында  бір  күн  өткізу 
маңызды.  Бұл  өскелең  ұрпақтың  экологиялық,  зияткерлік  санасын  дамытуға 
септігін  тигізеді  және  денсаулығын  жақсартады.  Адамдар  табиғат  аясында 
серуен құрып қана қоймай, сонымен қатар ондағы қоқысты тазартып,  тал егіп, 
көшет отырғызады.  
17 наурыз – Волонтерлердің қатысуымен игі істер күні/дархандық 
күні.  Бұл  күні  әр  адам  мүмкіндігі  келетін  бір  жақсы  іс  жасайды. 
Волонтерлердің  қатысуымен  түрлі  іс-шаралар  өтеді.  Жаппай  халықтың 
қатысуымен тазалықтар өткізіледі.  
Сонымен  қатар,  наурызды  тойлау  апталығының  бұл  күні  жоқ-жітімге, 
жарлы-жақыбайға  қол  ұшын  беруге  арналады.  Дәулеті  мүмкіншілік  беретін 
адамдар әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға «наурыз дастархан» ретінде 
азық-түлік  үлестіреді.  Сонымен  қатар  жомарт  жүректі  азаматтар  қоғамдық 
маңызы  бар  объектілер  салуға,  жөндеуге  атсалысады.  Осы  күні  жергілікті 
әкімдіктер түрлі қайырымдылық акцияларын ұйымдастырады. 


57 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   221




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет