Атомдағы электрондардың қозғалысы Заттардың формулалары және химиялық реакция теңдеулері



бет1/21
Дата14.10.2023
өлшемі2,13 Mb.
#113877
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

8 сынып
Мазмұны

  1. Атомдағы электрондардың қозғалысы

  2. Заттардың формулалары және химиялық реакция теңдеулері

  3. Металдар белсенділігін салыстыру

  4. Зат мөлшері, Стехиометриялық есептеулер

  5. Химиялық реакциядағы энергиямен танысу

  6. Сутек. Оттек және озон

  7. Химиялық элементтердің периодтық жүйесі

  8. Химиялық байланыс түрлері

  9. Ерітінділер және ерігіштік

  10. Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары. Генетикалық байланыс

  11. Көміртек және оның қосылыстары

  12. Су

  13. Спирттер

  14. ІІ А топша сілтілік жер металдар

  15. ІІІ А топша

1. Атомдардағы электрондардың қозғалысы


1911 жылы ағылшын ғалымы Э.Резерфорд атомның ортасында оң зарядталған ядросы бар екенін тәжірибе жүзінде анықтады. Сөйтіп, атомның планетарлық моделін ұсынды (1-сурет). Бұл модель бойынша атом оң зарядталған ядродан және оны айнала қозғалатын теріс зарядталған электрондардан (е) тұрады. Электронның массасы, протон мен нейтрон массаларымен салыстырғанда, өте аз шама. Оны ескермеуге де болады. Слайд бетінде көрсетілгендей атомның бүкіл массасы ядрода шоғырланған.
Ядро құрамына протондар және нейтрондар деп аталатын бөлшектер кіреді. Осы бөлшектер слайдтың негізгі тарауында көрсетіледі. Протондардың заряды электрондардың зарядына тең, бірақ заряды оң (+1), протонның массасы сутек атомының массасына тең. Нейтрондардың массасы жоқ,олар электр-бейтарап, массалары протондардың массасына тең, яғни 1-ге тең. Атомдағы протондар мен нейтрондардың қосындысы массалық саны деп аталады. Табиғатта массалары әртүрлі бір элемент атомдарының түрлері болатынын зерттеулер нәтижелері көрсетті. Мысалы, массасы 12, 13 және 14-ке тең көміртек атомдары, сондай-ақ массасы 16, 17 және 18-ге тең оттек атомдары кездеседі. Бұл атомдардың ядросында протон сандары бірдей, бірақ нейтрон сандары әртүрлі.

Тапсырма № 1.
Қалай ойлайсыз?
1. Ядроның заряды қандай?
2. Неліктен атомның массасын есептегенде электрон массасы ескерілмейді?
3. Атом мен молекуланы қалай ажыратуға болады?


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет